Еуропаның кейбір халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері

Неміс физигі Ф. Боас біршама уақытта америкалық этнографияда ұлттық мәдениетке қызыға отырып жаңа бағыттар ашты. Оның ойы бойынша, адамдардың психологиясын танып білмей, олардың мәдениетін, салт-дәстүрін, мінез-құлқын танып білу мүмкін емес және ол этнографиялық методологияның құралған анализі ретінде қарастырды.

Сөйте тұра Ф. Боас аккультурацияның қорытындысы деп, «психологияның динамикалық» мәдеиеті және «психологиялық өзгерістерді» зерттеу керектігін айтты.

Аккультурация – белгілі-бір өзара әсерлі, сонымен қатар көптеген мәдениеттердің бірі, алайда аз дамыған жаңа мәдини феномендердің пайда болуы немес басқа мәдениет элементтерін қабылдауы.

«Аккультурация» түсінігі этнопсихологияда мынадай белгілер бойынша қолданылады.

Бір этникалық ортақтыққа, яғни басқа мәдениетке, өмір үлгісіне, әдеттерге және салт-дәстүрлерге әлеуметтік-психологиялық бейімделу.

Ұлттық психологияның ерекшеліктерін басқа да ұлттық психологиялық мәдениетке әсер етуі.

Боас әрбір мәдениетті оның өзінің психологиялық және тарихи толық жүйе контексінде қарастырады. Ол тарихи дамудың негізі ретінде санай отырып, қалайда ол мәдениетті қандайда бір құрылымды құрайма, әлде жоқ па екеніне ешқандайда жауап іздемейді.

Боастың еңбектері американдық мектептің жалғастырушысы психиатр және мәдениеттанушы «Индивид и общество» (1945) деген еңбектің авторы А. Кардинер (1898-1962) болады. Ол батыстағы танымал концепцияны өңдеді, яғни ұлттық мәдениет этникалық топтарға, мінез-құлыққа, қарым-қатынас формасына, құндылықтар иерархиясына әсер ететініне келісті.

Кардинер айтқандай тұлғаның қалыптасуында шешуші рөл «проективті жүйелер» деп аталынатын механизім басты орынды алады. Кардинер «сыртқы шындық» жүйесі деп аталатын «проективті жүйелер» екеуінің өзара қарым-қатынас дәрежесінде мәдени орталықтың арасындағы айырмашылықтарын көрді.

Ол тұлғаның дамуына европалық мәдениеттің әсер ететіндігін зерттей отырып, ол мынадай қорытындығы келді: анасының ұзақ уақытылы эмоционалды қамқоры, оның табиғи және әлеуметтік ортада бейімделуіне қабілетсіздігін, немқұрайлылық және адекватты белсенсіздікті көрді. Кардинер соңғы қорытынды жасай отырып, мәдени ревмативизім идеясына келді, яғни психологиялық мәдени бірлеспеу, ортақтаспау.

Американың мәдени антрополог және шетелдегі белгілі «Модели культуры», «хризамтема и меч», «Роса: Наука и политика» деген еңбектің авторы Р. Бенедикт (1887-1948) көптеген жылдар бойы Солтүстік Америкадағы үнді халқында тұрған ұлттық туа біткен этноцентризмді азайтуға әкелген «трансмәдениетінің» алғышарттарын зерттеуді ұйымдастырды. Ол мәдениетті белгілі бір этникалық ортақтылықтың өкілдері үшін талап норма және олардың ұлттық мінезде, яғни іс-әрекетте және мінез-құлықта көрінетін процесс ретінде қарастырды.

Бенедикт, әрбір мәдениеттің өзі қайталанбас конфигурация, ал оның құралған бөлімдері бірлікке біріктірілген, бірақ бүтінділігімен ерекшеленеді. Әрбір адамдық қоғамның бір уақытта белгілі бір мәдени бағдарлары болады деп жазды ол. Бенедикт сол уақытта ұлттық мәдениеттің нақты қоғамға берілетін мінез-құлық түрлерінің жиынтығы жеткілікті дәрежеде шекті және оның нақтырақ білу оңай деп дәлелдеді.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Бенедикт жапондықтардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін және мәдениетін зерттеп таныды. Бенедикт шығыс еврейліктердің және Россиядағы революцияға дейінгі Қытаи, Сирия, Польша, Чехославакия, Франция елдерінің мәдениетін салыстыра отырып зерттеп таныды.

Этнопсихологиялық мектеп, тарихи мектептер сияқты басқа да Американдық этнография бағыттарынан ерекшеленеді, айырмашылық «тұлға» және «мәдениет» деген түсінік категорияларында болды. Әрбір халықтың мәдениетін зерттеу үшін ең бірінші тұлғаны, индивидті танып білу қажет.

Сондықтан да бірінші Американдық этнопсихолотар «тұлға» түсінігін белгілі бір құрылымның негізгі компоненті ретінде көп көңіл бөлді. Екіншіден, олар тұлғаның қалыптасуына көп көңіл бөлді. Үшіншіден, Фрейдтің ғылымына яғни сексуалды сфераға да ерекше көңіл бөлді. Төртіншіден, кейбір этнопсихологтар психологиялық факторды әлеуметтік-экономикалықпен салыстыра отырып, оның рөлін асыра айтты.

XX ғасырдың 70-80 жылдарында АҚШ-та көптеген орталықтар этнопсихологиямен айналысы бастады. Эмори және Калифорниялық универистетінде жаңа университеттік орталықтар пайда болды. Жаңа әдістемелердің дамуына қарай этнопсихологиядағы дәстүрлік зерттеуде парадигмалар өзгерді.

Дж. Уайтинг тұлғаны биологиялық және әлеуметтік потенциал ретінде зерттеді. Осы уақытта «тұлға» мәдени жүйені ашып пассивті емес мәдениеттің «активті агенті» ретінде қарастырды. «Әлеуметтік әрекет» категориясына «тұлға» категориясының өтуі, «мотивация» түсінігі арқылы түсіндіріледі.

Т.Шварцтың ойы бойынша тұлғаны мәдениеттің түсінігінсіз оның психологиясын түсіну мүмкін емес деді. Т.Шварц мәдениетті процесс ретінде, индивид оны қоршаған әлеммен бірге тек қана бір-біріне әсер етіп қоймай, сонымен бірге, ол өзіне мәдени тәжірибені сіңіреді. Сол уақытта ол өзі де мәдени элементтерді өндіреді.

Сонымен Т.Шварц орталықтандырылған мәдени дәстүрлер бағытын дамытса, ал Дж. Уайтнг тұлғалық бағдарланған келістің негізгі идеясын дамытты.

XX ғасырда этнопсихологияның шетелде дамуына көптеген ғалымдардың, антропологтардың, мәдениет танушылардың, этнопсихологтардың және де т.б. ат салысқанын көрдік.

Шетелде этникалық мінез-құлықтың, әрекеттің, қарым-қатынасының көрінуі яғни тұлғаның балалық шағына байланысты екендігін кейбір этнопсихологтар айтып өтті.

Ал кейбіреуі «мәдениет» және «тұлға» деген екі категориясын байланыстыра отырып, тұлғаның дамуы оның қарым-қатынасы, мінез-құлқы, сол өзінің мәдени орталығына байланысты деді.

Қорытындылайтын болсақ, осы айтылған көзқарастарға келісуге. Шыныменде, адамның этникалық мінез-құлқы, іс-әрекеті оның бала кезінен бастап, қабылдаумен түсіндіріледі.

Антикалық заманнан бастап, әр заманның философтардың, тарихшылардың, қолбасшылардың, саясаткерлердің көптеген еңбектерінен әр түрлі халықтардың психологиялық ерекшеліктерін кездестіруге болады. Бірақ ғылыми этнопсихологияның пайда болуы екі неміс ғалымдарынан бастау алды: философ Мориц Лацарус (1824-1903) және тіл зерттеуші Химан Штейнталь (1823-1899). Шетел этнопсихологиясы – антропология, этнография, психология, әлеуметтану ғылымдарының түйіскен жерінен пайда болды, бұл Батыстағы ғылымның пән аралық тармағы.

Батыстағы ерте заманның ғылымдары Геродот пен Тациттен бастап алыстағы мемлекеттер және сол мемлекетте тұратын халықтар туралы жазған, олардың мәдениеттеріне, өмір сүру барысын, әдет-ғұрыптарын, салттарын, әдеттерін бейнелеуде көп көңіл бөлді. Әр түрлі этностардың өкілдерінің сыртқы бейнесіндегі, мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі айырмашылықтарды көрсетіп, ерте грек ойшылдары осы айырмашылықтардың табиғатын анықтамақшы болды. Мысалы, Гипократ әртүрлі халықтардың физиологиялық және психологиялық өзгешеліктерін, олардың гографиялық орналасуымен және климаттық жағдайымен түсіндірді. Ең алғаш рет халықты психологиялық бақылаудың пәні ретінде қабылдауды XVIII талаптанды. Француз ғалымдары «халық рухы» деген түсінікті енгізді және оның географиялық факторы мен байланысынң мәселесін шешуге әрекеттенді. «Халық рухы» ойы неміс философиясында XVIII ғасырда енді. Неміс философиясының өкілдерінің бірі И.Г. Гердер халық рухын тәнсіз нәрсе ретінде қарастырған жоқ, ол «халық рухы» және «халық мінезі» түсініктерін білген жоқ, халық рухын оның сезімі, сөйлеу мәндігі, ісі, яғни бүкіл өмірін зерттегеннен кейін ғана тануға болады. Бірақ бірінші орынға ауызша халықтың шығармашылығын қояды, өйткені оның ойынша қиял әлемі халық мінезін бейнелейді деген. XIX ғасырдың 50 жылдарының аяғында «халық рухы» термині этнопсихологияның ерекшелігін анықтау үшін негізгі түсінік болып табылды. Ол Фихте мен Гегель еңбектерінде жарық көрді.

Фихте «Адамның қызметі» еңбегінде жалпы адамзат бірлігі ойын дамытты. «Адамзат тұқымының қызметі – барлық бөліктері бірдей құрылып, бір денеге қосылу…» деп айтқан. Табиғат ең басынан бастап адамзатты осы мақсатқа әкеледі. Осы мақсатқа жетпегенше бір ұлт басқа ұлтты тосу керек, жалпыға бір жолда әлемнің бір бөлігі келесісін тосу керек. Осы мақсатқа жеткеннен кейін ғана адамзат бірігіп бір күшпен көтеріліп, бір қадаммен тоқтаусыз біз түсінбейтін білім шыңына жетеді.

Этнопсихологиялық зерттеулер үшін Гегелдің нәсілдік айырмашылықтар және адамзаттың пайда болуы жайлы ойлары ерекше орын алды. Гегелдің ойынша адамдар бір жұптан немесе бірнеше жұптан пайда болған ба, ол ешқандай мәнге ие емес. Бұл тезис, Гегелдің айтуы бойынша, бір халықтардың басқалардан жоғары екенін көрсетуге түсіндіреді. «Адам өз бетімен ақылды болып есептелінеді»; адамдардың бәрі тең құқылы. Артық дәрежелі және құқығы жоқ адамзат түрлерін табанды қорғау түкке «тұрғысыз»,-дейді Гегель.

Гегель жазған ағылшындардың, немістердің, италяндықтардың, испандықтардың ұлттық психологиялық қырларының мінездемесі ерекше орын алады.

Гегелдің ойынша, индивидуалдылық италяндықтар мен испандықтардың мінездерінің негізгі қыры. Бірақ италяндықтарда өзіндік қозғалғыштығы басымырақ, ал испандықтарда – ойлаудың тұрақтылығы.

Франзцуздардың ұлттық психологиясын бейнелеген кезде Гегель Кантқа жақын келді. Оның ойынша француздықтарға қулық, жұғушылық ары қарай энтузиазмге айналады, ал бір жағынын – ақылдылық тән.

Немістерді алатын болсақ оларда ақылдылыққа, төзімділікке, парасаттылыққа, ұқыптылыққа қарағанда сезім көбірек дамыған. Сонымен қатар өмірлерінде жиі көрінетін формализм, педантизм тән.

Гегелдің ойынша ұлттық айырмашылықтар нәсілдік айырмашылықтар сияқты өзгермейтін және себепті. Дәлелдеу ретінде арабтардың ұлттық мінезінің ерекшеліктерін көрсетті. Ұлттың психикалық күйде және мінезді анықтайтын негізгі факторлар, ғалымның ойынша климат және табиғат жағдайларының өзгермейтіндігімен Гегель ұлттық рухтың тұрақты табиғатын түсіндіреді.

Сонымен Гегель ұлттық мінезге қарсы шығады. Ол ұлттық мінезді географиялық, табиғи, әлеуметтік-мәдениет әсеріне ұшыраған әлеуметтік құбылыс деп анықтайды.

XIX ғасырдың екінші жартысында ұлттық психология мәселесіндегі теориялар және методология аймағында жаңа құрылыммен байланысты этнопсихологиялық ойдың дамуында жаңа кезең басталды. Осы кезеңнен бастап этнопсихологиялық ойдың дамуында жаңа кезең басталды. Этнопсихлогиялық ой ғылыми пән статусына ие болады, өзінің зерттеу пәнін анықтайды, өзінің міндеті мен әдіснамасын анықтайды.

Жаңа ғылымның қалыптасу және даму кезеңдері Г.Штейнталь, М.Лацарус, В.Вунд және Г.Лебон есімімен байланысты.

1859 жалпы Берлин университетінің профессоры Г.Штейнталь философ М.Лацаруспен бірге «Этникалық психология және тіл білімі журналын» шығара бастайды. Г.Штейнталь – неміс философы және тіл танушы, тіл психологиясы мен оның негізі жайлы жұмыстармен танылады. М.Лацарус – швейцар ғалымы, «ұлттар психологиясы» теориясының негізін қалады. Олар «жан» және «рух» түсініктері талдауға және зерттеуге берілетінін дәлелдеді. Штейнталь тілдік талдау материалдарымен дәлелдеді, Лацарус – әр түрлі ұлттардың діндерін, салттарын, аңыздарын, ойлауын зерттеу тәжірибесімен дәлелдеді.

Олардың ойынша этнопсихология адамзаттың рухани табиғатын зерттеп қоймай, адамзат рухының заңдылықтарын ашу керек.

«Ұлт рухы» – ішкі рухани іс-әрекеттің дамуы және заңды қозғаушы болып табылады. Оның құрамындағы ядро тек қана мінезді анықтап қоймай, ұлттың тағдырын да анықтайды. Салттарды, дінді, тілді, аңыздарды, өнерді ұлттық рухтың өнімдерін зерттеу арқылы ұлттық рухты танып, оның қозғалу заңдылықтарын ашуға болады.

Штейнталь мен Лацарус этнопсихология ғылым ретінде екі бөліктен тұру керек деген.

Бірінші – дерексіз, ұлттық рух не деген сұраққа жауап береді, қандай жағдайда ол өмір сүреді және қалай әрекет жасайды, заңдары мен элементтері қандай деген сұраққа жауап береді. Екінші бөлім – нақты ұлттын ұлттық рухтарын зерттейді. «Біріншісі – барлық ұлттарға керекті заңдылықтарды қояды, екіншісі – бөлек ұлттардың іс-әрекет барысындағы заңдылықтардың көрінуін, ұлттарды бейнелейді», – дейді олар.

Сонымен Г.Штейнталь мен М.Лацарус ұлттық психологияның ғылым ретінде қалыптасуына бүкіл жүйесін құруға әрекет жасады. Бірақ олардың ойлары іске аспады. Олардың концепциялы модельдері нақты психологиялық зерттеулерде іске аспады, қозғаған ойлары түсіндіруші кесте деңгейінде қалды.

Неміс психологы В.Вундтың этнопсихологиялық концепциясы маңызды болып есептелінеді. Оның ойынша психология екі бөлімнен тұруы керек: физиологиялық психология және ұлттар психологиясы. Физиологиялық, оның ойынша, эксперименталды бөлім, бірақ ол сөйлеуді және ойлауды зерттей алмады. Осы жерден ұлттар психологиясы басталды.

В.Вунд «ұлттық психологияны» дамытып және жүйелендірді. Ол неміс психологы, физиологы, философ, 1879 жылы ең алғаш рет әлемде психологиялық лабараторияны ашты. 1881 жылы әлемде алғаш рет психологиялық журнал «Психологиялық зерттеулер» шықты.

Вундтың ойынша ұлт жаны – ол тек қана индивидтер жинағы ғана емес, сонымен қатар олардың байланысы және өзара іс-әрекеті, осылар ұлттық психология обьектісіне әсер етеді.

Ұлттық жан – ол көп индивидтердің бірге өмір сүруінде пайда болатын психологиялық процесс. Сонымен, ұлттық жан психологиялық құбылыстың байланысы болып табылады, жан уайымдауларын, талпыныстардың, сезімдердің мазмұнын жиынтығы.

Психологиялық процестер, В.Вунд бойынша апперцепция ретінде немесе ұжымның шығармашылық іс-әрекетінен анықталып, жан белсенділігімен түсіндірілді.

«Ұлттық рухтың» концепциясын ары қарай француз әлеуметтанушысы Г.Лебон жалғастырды.

Лебон ұлттар психологиясын зерттеумен айналысқан кезде оның негізгі мақсаты нәсілдіктің жан дүниесін бейнелеу. Әрбір халық өзінің индивидуалды жан құрылысына ие, ол анатомиялық ерекшеліктер сияқты тұрақты.

Лебонның ойынша ұлттың сезімі, ойы, өнері, сезімі жан құрылымынан пайда болады.

Лебон өзінің бақылауларына негізделіп мынадай шешімге келеді: ұлттық мінезді құрайтын, бір нәсілдіктің индивидтері бірдей психологиялық ерекшеліктерге ие болады.Негізгі бөлімнің бірінші жартысында XIX ғасырдың шетел этнопсихологиясының өкілдерінің ішінен В.Вундттың концепциясын қолдауға болады. Ол этнопсихологияның ғылым ретінде қалыптасуына көп үлес қосты. Ол халықтар психологиясы мен индивидуалды психология арасынан нақты шекара жүргізіп өтті

Ал Лебонды алатын болсақ нәсілдік теориясын негізін қалаған француз әлеуметтік философ Гобинонның ізін басты. Батыс ғылымы Лебон ойларын ұлттық төтеше жағдайлар туралы тезисін құруға қолданды. Брақ бұл ұлтты басқа ұлтқа қарсы қоюға ұмтылады. Олардың негізгі мақсаты жақындау емес бөлу. Осы ай отарлық соғыстың пайда болуына әкелді.