М.Херсковицтің «мәдени-релятивизм» теориясына қосқан үлесіШетелдік этнопсихологияның қазіргі жағдайы

Ұлттық психологияның құрылымдық күрделі элементтерінің бірі – ұлттық сана сезім. Ұлттық сана сезім дегеніміз өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын, мақтанышын бағалай білу.

Ұлттық сана сезім – ұлттық психология ұғымынан гөрі шағындау түсінік. Ол ұлттарды бір-бірінен ажыратып тұратын айрықша белгі емес, тек әлеуметтік этникалық мәнін түсіну, ұларалық қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлеін барын ұғыну, әрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүруін т.б. жағдайларда жете түсіну болып табылады.

Ұлттық сана сезімнің пайда болуы халықтардың тарихи дамуының ерекше кездерімен байланысты. Кейбір халықтар үшін феодалдық шашыраңқылықты жою үшін күрескен, басқа біреулерінде ұлт азаттық қозғалыстары т.б. құбылыстармен сипатталады.

Мәселен, Ф.Энгелс Европа халықтарының Наполеон қарсы күресі тукралы айта келіп, былай деп жазады: «Халықтардың Напалеонға қарсы жаппай соғыс ашуы ұлттық сезімнің қарсы әрекеті болды. Наполеон барлық халықтардың сезімін аяққа басқан еді.»

Ұлттық сана сезімнің қалыптасуы мен өрбуі мен ұлт азаттық күресімен байланысты. Ұлт азаттық қозғалыстары ұлттық сана сезімнің салдарынан бола тұра, оның әрі қарай дамуына ықпал етеді. Ұл азаттық қозғалыстар ұлттарда жалпы патриоттық көңіл күйдің, эмоцияның қалыптасуына себепкер болады.

Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездерінің қатарына: Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, борышын және жауапкершілігін түсіну, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық т.б. жатқызуға болады.

Американың мәдени антрополог және шетелдегі белгілі «Модели культуры», «хризамтема и меч», «Роса: Наука и политика» деген еңбектің авторы Р. Бенедикт (1887-1948) көптеген жылдар бойы Солтүстік Америкадағы үнді халқында тұрған ұлттық туа біткен этноцентризмді азайтуға әкелген «трансмәдениетінің» алғышарттарын зерттеуді ұйымдастырды. Ол мәдениетті белгілі бір этникалық ортақтылықтың өкілдері үшін талап норма және олардың ұлттық мінезде, яғни іс-әрекетте және мінез-құлықта көрінетін процесс ретінде қарастырды.

Бенедикт, әрбір мәдениеттің өзі қайталанбас конфигурация, ал оның құралған бөлімдері бірлікке біріктірілген, бірақ бүтінділігімен ерекшеленеді. Әрбір адамдық қоғамның бір уақытта белгілі бір мәдени бағдарлары болады деп жазды ол. Бенедикт сол уақытта ұлттық мәдениеттің нақты қоғамға берілетін мінез-құлық түрлерінің жиынтығы жеткілікті дәрежеде шекті және оның нақтырақ білу оңай деп дәлелдеді.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Бенедикт жапондықтардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін және мәдениетін зерттеп таныды. Бенедикт шығыс еврейліктердің және Россиядағы революцияға дейінгі Қытаи, Сирия, Польша, Чехославакия, Франция елдерінің мәдениетін салыстыра отырып зерттеп таныды.

Этнопсихологиялық мектеп, тарихи мектептер сияқты басқа да Американдық этнография бағыттарынан ерекшеленеді, айырмашылық «тұлға» және «мәдениет» деген түсінік категорияларында болды. Әрбір халықтың мәдениетін зерттеу үшін ең бірінші тұлғаны, индивидті танып білу қажет.

Сондықтан да бірінші Американдық этнопсихолотар «тұлға» түсінігін белгілі бір құрылымның негізгі компоненті ретінде көп көңіл бөлді. Екіншіден, олар тұлғаның қалыптасуына көп көңіл бөлді. Үшіншіден, Фрейдтің ғылымына яғни сексуалды сфераға да ерекше көңіл бөлді. Төртіншіден, кейбір этнопсихологтар психологиялық факторды әлеуметтік-экономикалықпен салыстыра отырып, оның рөлін асыра айтты.

Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістеді.