Қазақстан Республикасындағы этнопсихологияның дамуы (Қ.Жарықбаев, Н.Елікбаев, К.Жүкеш, С.Жақыпов т.б.)

Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихы көне ғасырлар қойнауынан басталады. Халқымыздың жалпы дамуы тарихына сүйене отырып біз психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуын басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші кезең – психологиялық ой-пікірлердің ілкі бастау, түп –төркіндері, басы VI-VII ғасырлардан басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық психология-Орхон Енисей жазба ескерткіштері , Қорқыт-ата, Әл Фараби., Ж. Баласағұни т.б. ғұламалардың тағлымдары.

Екінші кезең— Қазақ хандығы дәуірінен басталып, Қазан төңкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің даму жағдайаты.

Үшінші кезең –психологиялық ғылымның Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы.

XI-XIIғ. Түркі ғұламаларының психологиялық идеялары.

XI-XIIғ Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, Шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі кең өлкеде екі ғасыр бойына түрік тайпасының Қарахан мемелекеті өмір сүрді (астанасы Баласағұн қаласы) Алғашқы –феодалдық түрік мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік , саяси мәдени, ғылым білім мәселелері жақсы жолға қойылған еді. Мұнда ақын жазушылар , ғұлама ғалымдар сәулетші құрылысшы лар сол кездегі түрік мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.Осылардың арқасында бұрынғы Кеңес одағын мекендеген түркі тектес халықтардың тәлім- тәрбиелік пікірлерінің ілкі бастауы, түп төркіні болып табылатын рухани мұралардың ішіндегі қомақтысы-Жүсіп Баласағұнидің “құдатғу білік” атты шығармасы. Баласағұндық Жүсіптің моральдық этикалық психологиялық қағидалары ибн Сина мен Әл Фараби ілімімен сабақтасып жатады.

Осы кезеңдегі ұлы ойшылдардың көзқарастарына қысқаша шолу жасай келіп түйіндейтініміз: бүкіл Шығыс сондай ақ түркілік қоғамдық ой-пікір даму тарихына ежелден қалыптасқан дәстүр – бұл адамның ішкі жан дүниесін зерттеуге үңілу оның психологиялық мінез-құлықтық , адамгершілік , имандылық өнегелік қасиеттеріне ерекше назар аудару , моральдық жағынан тазарту, “тәубә”, “обал” “сауап”, “қанағат”секілді түсініктердің негізгі құндылықтар деп есептелетін, бұлардағы жұртты руханилыққа жетелейтін , яғни кезінде Шәкәрім қажы айтқан “ Мен жетелеп келемін ,өрге қарай қазақты” дегендей, бұл күні бүгінге дейін іргетасты мәселе болып жатыр.

XV-XIX бірінші жартысы қазақ халқының өз алдына хандық құрып , тайпалар бірлестігі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі еді. Осы кездері қазақтың өзіне тән рухани мәдениетінің өзіндік беті де айқындала бастады. Ол, әсіресе, халықтың тілімен жол- жоралғысы, салт-дәстүрінен айқын сезіледі . Мәселен , кейбір жазба ескерткіштердің де осы кезде таза қазақ тілінде жазылуы осының жақсы айғағы. Қазақтың кең өлкесі сол бір кездерде жасақ пен жортуылдың шаңына мықтап булыққан еді. Халқымыз жүздеген жылдар бойы жоңғарлар шабуылына тойтарыс беріп отырды. Осы кезеңде қазақ мәдениетінің біршама тоқырап , тірнектеп жинаған рухани байлығының біразынан айырылып қалуына да осы айтылған қиян-кескі соғыстар, жойқын шабуылдар мен жорықтар себеп болғаны хақ. Бұл айтылғандар жайсаң психологиямызға қолайсыз әсер етіп , жұртты мықты жан күйзелісіне ұшыратқаны белгілі.

Қазақстанда этнопсихологиялық идеялардың дамуы.

Психология тарихы жайлы сөз қозғағанда еске алар бір жәйт: жалпы әлемдік психологияның дамуында екі тарихтың бар екендігі . Оның бірі – басы Аристотельден басталатын психологиялық ой- пікірлер мен ілім білімдердің тарихы.; екіншісі өткен ғасырдың екінші жартысынан басталатын эскпирименттік психологияныңтарихы. Оның біріншісі –2400 жылдай уақытқа созылса, екіншісінің бар жоғы –115 жылдай ғана. Халқымыз осы тарихтың біріншісіне өлшеусіз үлес қосқан да , екінші кезеңінде ( мұның біразы кеңестік дәуірде) айтарлықтай іс бітіре алмаған. Әрине , мұның да түрлі себептері бар. Ежелгі ата бабаларымыздың күмбірлеген күміс көмейімен , сыбызғы үнімен , асқақтата салған әнімен ғашықтық , лироэпостық жырымен , мақал- мәтелімен , шешендік сөз, айтыс жырларымен сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы , бір сырлы , өнегелі де өнерлі , имандылық – адамгершілік ар- ожданы жоғары , намысқор азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.

Шығыс Аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр тәліми мұра қалдырып кеткен ін бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады. Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ өшпес рухани мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Жүйенки, Иассауи шығармалары, сондай ақ Алтын Орда дәуірінің ойшылдары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы, т.б. еңбектерінің қазіргі ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше.