Советтік Қазақстандағы этнопсихологияның дамуы

Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде.Полиэтникалық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды. Этникалық сана сезімдердің құрылымы, этникалық эдентификация, өз «менің» бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық творчествосына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этно факторлардың мәнді өсуі этникалық сана сезімдерді күшейтеді. Этникалық сана сезімдер индивидуалды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларының орындайды, әрі реттейді. Этникалық басты объективті тасушысыболып табылатын «ұлттық мәдениеттің » әлсіреуі барысында өтетін этникалық сана сузімдердің күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық сана сезімдердің конпен сациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этникалық сана сезімнің объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.
Қазіргі жаңа этно психологияда өз бетінше дамып жатқан бақтардың бірі – психофизиологияның, когнетивті процестердің, естің эмоцияның, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы – мәдени зерттеулері жатады. Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Этносты құрайтын индивидтің қасиеті мен тұтастықты құрайтын ұлттық мәдениет қасиеттері бірдей емес, культуралогияның және психологияның зерттеулері арасында этнопсихологияға байланысты ылғида белгілі бір ажырау болады. Сондай-ақ этникалық ерекшеліктер жайлы бір қорытынды жасау үшін, қандай да бір салыстыру керек деген ой көлеңкелеп тұрады. Сондықтан да этноцентризм мәселесінен қашу үшін оны терең түсіну керек. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері жайлы абстартілі, негізделмеген қорытындылар ұлттық сезімдерді қорлауы мүмкін. Осы сұрақтарды талдауда пән аралық гуманитарлы ғылымдар атап айтқанда этнокультуралогиясы бізге көмектеседі. Мұнда индивидуалды сана сезімдер сол мәдениетте қабылданған адамның жалпы модулінен тәуелді болады және олардың құндылықты – нормативті аспектілері талданады /2/. Г.У.Кценова этникалық сана сезімдерді«Заманына қарай амалы» демекші, қоғам күнделікті дамуда. Техникалық прогресте қарыштауда. Сондықтан әлемдік мәдениеттен қалыспай, олармен бірге жылжып, Елбасы биылғы жолдауында айтқандайын, дамыған елу елдің қатарына қосыламыз десек, өркениетке зор мән бергенде жөн. Ол үшін ұлттық дәстүрді қазіргі дамумен ұштастыра отырып, бала тәрбиесіне де еңгізу керек. Жалпы жоғарыда сөз еткен, тәрбиенің бәрі білім мен ғылымнан бастау алады. Жатпай-тұрмай ендігі кезекте тек оқуға зер салғанымыз абзал. Бұл бүгін ғана күн тәртібіне қойылып отырған талап емес. Ес біліп, етек жиғалы алға қойылған басты мақсаттардың бірі де, бірегейі. Тәуелсіз ел болып, әлемдегі дамыған елдермен қатар терезе теңестіріп, өзге мемлекеттерге үлгі боларлық іс жасап жатырмыз. Бұның бәрі ел тізгінін ұстап отырған азаматтарымыздың абыройы. Саналы ұрпақтың өсіп келе жатқанынан хабар береді. Алайда жайбасарлық танытпаған абзал. Бүгінім мен ертеңім не болар? Болашақ қалай бет алмақ? Ертеңгі ел тағдыры не болмақ деген сауалдар үнемі көкейімізде жүруі шарт.Кемеңгер Абай атамыз айтқандай бар ынта-жігер білім жолына арналғаны дұрыс. Білімсіздің көрер қызығы мен асар асуы, жетер биігі, шығар шыңы болмайды. Саналы, білімді, көзі мен көкірегі ояу адам ғана армандаған армандар мен жоспарлаған мақсаттарға жете алады. Ұлы Абай айтқан бес асыл іске ғашық болған жан қай уақытта да өз дегеніне жетіп, мұратына кеңеледі. «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой». Міне, осы ойдың астарына үңіліп көріңізші? Адам болам, ата-анама, туған еліме, Отаныма пайда тигізем десеңіз, ең әуелі талаптан.Қазіргі батыстық кейбір менталитетке жат қылықтардан әлі де болса арылғанымыз жөн. Ол ертеңгі ұлт тағдырына, келешегіне кесел болады. Жамандықтың алдын дер шағында ауыздықтап отырғанымыз ләзім. Еліміз қашанда тыныштық туғызып, ұрпақтың ертеңі үшін аянбай қызмет қылуда. Ендігі жерде сол істің ары қарай жалғас табуына бәрімізде ат салысайық. Жиырма бірінші ғасырға лайық жоғары мәдениетпен өмір сүргеніміз кім-кімгеде жоғары мәртебе емес пе? Өз тағдырымыздың, өз болашағымыздың жарқын да, кемелді болуы тек өз қолымызда екенін ұмытпайық. Біз салатын әрбір ізбен келешек ұрпақ, яғни қазақ жастары жүретінін ескерейік. Ал сол жастар міне, бүгінгі алдарыңызда тұрған осы оқушылар. Бұлардың атар таңы арайланып атсын, батар күні тыныштықпен батсын десек, қазірден бастап, ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық тәлім-тәрбиеге, салт-санаға терең мән бергеніміз дұрыс. Бұл сіз бен біздердің мойнымыздағы аманат. Қазақ елінің шырқар биігі, шығар шыңы тек дара болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбіреп, рухы аспандай берсін.