Ш.Уәлихановтың қазақ этнопсихологиясын дамуына қосқан үлесі

Психология тарихы жайлы сөз қозғағанда еске алар бір жәйт: жалпы әлемдік психологияның дамуында екі тарихтың бар екендігі . Оның бірі – басы Аристотельден басталатын психологиялық ой- пікірлер мен ілім білімдердің тарихы.; екіншісі өткен ғасырдың екінші жартысынан басталатын эскпирименттік психологияныңтарихы. Оның біріншісі –2400 жылдай уақытқа созылса, екіншісінің бар жоғы –115 жылдай ғана. Халқымыз осы тарихтың біріншісіне өлшеусіз үлес қосқан да, екінші кезеңінде ( мұның біразы кеңестік дәуірде) айтарлықтай іс бітіре алмаған. Әрине , мұның да түрлі себептері бар. Ежелгі ата бабаларымыздың күмбірлеген күміс көмейімен , сыбызғы үнімен , асқақтата салған әнімен ғашықтық , лироэпостық жырымен , мақал- мәтелімен , шешендік сөз, айтыс жырларымен сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы , бір сырлы , өнегелі де өнерлі , имандылық – адамгершілік ар- ожданы жоғары , намысқор азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.Шығыс Аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр тәліми мұра қалдырып кеткен ін бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады. Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ өшпес рухани мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Жүйенки, Иассауи шығармалары, сондай ақ Алтын Орда дәуірінің ойшылдары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы, т.б. еңбектерінің қазіргі ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше.Дала халқының сана сезімі ояна түскен осынау кезеңде қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенттері- ұлы демократ ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин , А, Құнанбаев. Қазақ топырағында қоғамдық прогесс үшін ғылым- білімнің маңызын ерекше көре білген Ш. Уәлиханов бүкіл әлемдік өркениет қорынан мейлінше мол сусындаған , жан- жақты білімді озат ойлы , ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші , жалынды публицист, жан сырын ұққыш нәзік психолог ретінде көрсете білді. Небары отыз- ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз ғұмырының ішінде білім ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты. Шоқан туған әдет ғұрпының түрлі жақтарын талдай келіп , қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап , олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Шоқанның психологиялық пікірлері осы айтылғандармен шектелмейді, оның мол рухани мұрасында жан сырлары туралы басқа да түйінді ойлар баршылық. Ы.Алтынсарин де Шокан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Алтынсарин қазақ халқының аса малсақ , сонымен бірге мал бағу өнеріне аса жетік халық екенін айта келіп , оның ақыл ой парасыты да жоғары, және ежелгі мәдениеті бар ел екенін талай рет атап өтеді.Ыбырай қалың бұқараны , қазақ еңбекшілерін зор қадір тұтып , сыйлаушы еді. Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемі белгіленді, оның мәні сегіз қырлы, «бір сырлы» шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу еді. Міне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың бұйымтайын қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу, т.б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көзқарастың сәйкестігі кісілік қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндігін қалдырмаған, психологиялық жағынан «бірауызды қауымдасқан жандар» үнемі өзінің рулық одағында етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанады. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын айқындайтын факторлар болады. Дала халқының сана сезімі ояна түскен осынау кезеңде қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенттері- ұлы демократ ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин , А, Құнанбаев. Қазақ топырағында қоғамдық прогесс үшін ғылым- білімнің маңызын ерекше көре білген Ш. Уәлиханов бүкіл әлемдік өркениет қорынан мейлінше мол сусындаған , жан- жақты білімді озат ойлы , ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші , жалынды публицист, жан сырын ұққыш нәзік психолог ретінде көрсете білді. Небары отыз- ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз ғұмырының ішінде білім ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты.

Шоқан туған әдет ғұрпының түрлі жақтарын талдай келіп , қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап , олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Шоқанның психологиялық пікірлері осы айтылғандармен шектелмейді, оның мол рухани мұрасында жан сырлары туралы басқа да түйінді ойлар баршылық. Ы.Алтынсарин де Шокан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Алтынсарин қазақ халқының аса малсақ , сонымен бірге мал бағу өнеріне аса жетік халық екенін айта келіп , оның ақыл ой парасыты да жоғары, және ежелгі мәдениеті бар ел екенін талай рет атап өтеді.Ыбырай қалың бұқараны , қазақ еңбекшілерін зор қадір тұтып , сыйлаушы еді.

Әр ұлттың өзіне тән кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни-наным сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт – санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.

Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дарқан көңіл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті, философиялық ойлау жүйесінің негізі демекпіз.

Ол жөнінде орыс офицері А.Левшин өзінің «қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» (1832) атты кітабында: «…Деспотизмді көп көрмеген қырғыздар (қазақтар. — С.Қ.) басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да ақкөңіл, сенгіш… қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету — оның ең жақсы қасиеті. Қырғыз үшін меймандостық — қастерлі заң. Олар бар дәмді асын қонақтарға тосуды заң деп санайды.», — деп қазақтардың кішіпейілділігін, меймандостығын, қайырымдылығын, сенгіштігін сүйсіне паш етеді.

Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері (этнопедагогика) мен салт-дәстүр ерекшелігінде (этнографиясында) деп білеміз.

Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелігін сөз етсек, ол-тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.

Тұспалдап сөйлеу өнері, негізінен, билердің шешендік сөз өнерінен өзекті орын алған. Сондықтан қазақ билерінің шешендік сөз өнері Цицерон, Демосфен сияқты Еуропа шешендерінің сөз қолданыс түрлерінен мүлде өзгеше, өзіндік ұлттық мәнері бар сөз қолданыстары.

Халық педагогикасының негізгі мақсаты — өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл-аймақ, Отанның ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші, термеші, сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян. Әсіресе, ақын, жырау, термешілердің өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой жүгіртсек, онда дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненің жаман екенін сездіріп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсіруді мақсат етті. Ал ақыл-ойға, терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болады.

Жыраулардың поэзиясында келелі сөз болған мәселе — адам проблемасы. Қазақ ұғымындағы «Ердің құны жүз жылқы», «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Ерді намыс өлтіреді» деп, ерлікке ерекше баға беру, ердің құнын адамгершілікпен, ар-ожданмен өлшеу («Жаным-арымның садағасы», «Ер жігіттің ары — мың жылқы», «Жан сақтама, ар сақта» т.б.) «личность» ұғымнан көп жоғары. Сол сияқты «Ақын — елдің еркесі», «Өнерліге өлім жоқ», «Өнерлінің қолы алтын» деп қараған ата-бабамыздың өнерлі азамат, сал – сері жөніндегі ұғымы — «рыцарь» деген ұғымнан әлдеқайда ауқымды.

Қазақ философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі — ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде. «Өнер алды қызыл тіл» деп ұққан ата-бабамыз «от тілді, орақ ауызды» ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан мақал-мәтел афоризм сөздері мен ақындардың терме, толғауларын жазу-сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз қалпында біздің дәуірімізге жеткізген. Оның себебі – аталы сөздердің өміршеңдігінде, халықтың тіл құдіретін бағалай білуінде жатыр. Асыл сөздің қоғамдағы тәрбиелік мәніне ертеден назар аударып, «Ақылдың көзі – аталы сөз» деп ұққан бабаларымыз сөйлей білуді өлмес өнер, асыл мұра деп бағалаған. Осы пікірді «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген», «Сөз сүйектен өтеді», «Жақсы сөз- жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртеді» т.б. мақал-мәтелдерден байқауға болады.

Кешегі жоңғар қалмақтарымен кескілескен ұрыс кезінде Қонтажыда кеткен ел кегін алмас қылыштың ұшымен емес, сөз құдіретінің күшімен қайтарған Қаз дауысты Қазыбек бидің ақылды, тапқырлығын мадақтаған «Жарақты жауды жайратқан сөз», «Тіл қылыштан өткір» деген мәтелдердің шығуы да тегін емес.

Ақылдың көзілогикалық дұрыс ойда жатыр. Логикалық жүйемен ойлай білу — дұрыс жүйелеп сөйлей білуге жетектейтін жол, сөйлеу мәдениетінің алғашқы баспалдағы.

«Тіл мен ойлау – еңбектің жемісі . Тіл ойдың сыртқа шыққан көрінісі, — деп К.Маркс текке айтпаған. Адамның басында қандай ой туса да, егер оны жинақтап қорытып, жүйелеп, лайықты сөзбен дәл бере алмаса, ол айтушыға да, тыңдаушыға да түсініксіз, күңгірт, көлеңке болады. Сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, ақыл-ой парасаты қалыптаспайды. Яғни, дұрыс сөйлей білу дегеніміз – дұрыс ойлай білу, ал ол логика мен этнолингвистиканың бірлігінен туындайды. Тіл- мәдениетпен қатар өсіп, өркендейтін қоғамдық құбылыс.

Кемеңгер ойдың иелері — ұлы даналар кезінде сөз құдіретінің қоғамдағы тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөліп келген болатын. Мысалы, Шығыстың классик ақыны Ә.Науаи: «Ас – тұзбен дәмді, су- мұзбен дәмді, ал адамзат- салиқалы, саналы сөзімен сәнді», — десе, француздың данышпан жазушысы О.Бальзак: «Сөз өнері- өнер атаулының қиыны және құдыреттісі», — дейді. Осы ойды тереңдеткен ұлы ақын Абай: «Сөз өнері дертпен тең», -десе, Л.Н.Толстой: «Сөз ұлы нәрсе. Сөзбен адамдарды достастыруға да болады, жауластыруға да болады», — дейді.

Ал қарапайым қазақтың мақал-мәтелдерінен де осы идеялар өзекті орын алған. Мәселен, «Таппасаң сөздің жүйесін, отына өзің күйесің», «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Жүйелі сөз жүйесін табар» деп, дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей білудің үлкен өнер екенін ұрпақ біткенге үнемі ұқтырып келді. Осыны жастардың зердесіне ұялатуды қажет деп ұққан қариялар «Көп сөз-күміс, аз сөз- алтын», «Ақылдың сөзі қысқа, көпке болар нұсқа», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деп, философиялық ой топшылаған.

Сөзшең, өнерлі ақын, я әнші азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пар санаған. Жастарды шешендікке, сөз өнеріне үйрету үшін әке-шешелері, аталары мен әжелері оларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, терме, өлең-жыр жаттатып үйреткен. Ойын-тойда қыз бен жігіттер бір-екі ауыз өлеңмен қағысып, айтысуды әдетке айналдырған. Сол айтыс түрлерінен жеңіспен көзге түскен ақындарды көтермелеп, бүкіл ауылдың, рудың, елдің атынан ұлы дүбір тойларда сөз сайысына қосып, жеңген ақындарды көтермелеп, жорға мінгізіп, шапан жапқан. Немесе екі елдің дау-шарларын сөз тапқыш ақылды адамдарға жүгініп шешкізген. Сөйтіп, тапқыр ойлы шешендерге үлкен құрмет көрсеткен. «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, қас шешендер сөз айтар», «Көп ішінде сөйлеген шешендіктің белгісі», «Шешен сөз бастар, батыр қол бастар» т.б. деген мақал-мәтелдер осы ойды дәріптеуден шыққан.

Жалпы, шешендік қазақ халқының бойына біткен табиғи қасиет екенін шығысты зерттеуші ғалымдар да байқап білген. Мысалы, академик В.В.Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюркских племен» деген еңбегінің кіріспесінде ауыз әдебиетінің шығу тегіне, тәлімдік мәніне терең тоқтала келе: «Қазақтар нақтылы сөйлеуді бар өнердің алды деп білді, сондықтан да олардың поэзиясы дамудың жоғары сатысына жеткен», — десе, ал саяси сенімсіздігі үшін қазақ даласына жер ауып келген поляк офицері А.Янушкевичтің: «Қазақтардың ойлау қабілеттерінің кереметтілігіне менің барған сайын көзім жетті. Сөз дегенде ағып тұр. Бұл жағынан алғанда оларды Батыс Азияның француздары деуге болады. Өзіне жоғарыдан менсінбей қарайтын халықтар арасынан бұл көшпенділердің де құрметті орын алатын кезі келеді», — деп бұдан 150 жыл бұрын асқан сәуегейлік пікір айтуы бүгінде бізді таң қалдырды. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылар да, оны қастерлеп, жадында сақтаушылар да, келер ұрпақты тәрбиелеуде құрал ретінде жұмсаушылар да ақын-жыраулар болғанын, олар өздерінің жыр маржанымен жастардың сана-сезімін тәрбиелеп жетілдіруде қоғамдық тәрбиешілердің рөлін атқарғанын аңғарамыз.

Қазақтың ұлттық философиясының төртінші ерекшелігі- ұлттық базисі болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған.