Қазақстандағы этнопсихологиялық көзқарастардың дамуы

VI ғасырда Жетісу, Алтай, Орта Азияны мекен еткен ру тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша «түрік» деген халықтың аты 542 жылдан белгілі болса керек. Түрік қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері жауапкершілік дәстүр маңызды орын алады.

Соңғы кездері қазақ психологиялық ой-пікір тарихы жаңа ғылыми деректермен толысып отыр Осыдан 500 жылдай бұрын ортағасырлық ғұлама-ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты үлкен еңбек жазыпты. Мұнда шипагерлік (дәрігрлік) мәселесімен қатар қазақ тарихы, тіл, әдебиет, этнография, анатомия, фихиология, медицина, философия ғылымдарынан да мағлұмат берілді. Осынау еңбекте психология саласынан да көптегн қызықты деректер мол. XVIII ғасырда өмір сүрген Тауасарұлы Қазыбек бектің « Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты еңбгі тек сол кездің рухани өмірін ашатын төл туынды ғана емес, ол сондай-ақ халқымыздың ұлттық психологиясынан көптегн тың мағлұматтар бертін кемел дүние. Бұл айтылғандарды зерттеп, жұртшылық кәдесіне жарату алдағы жердегі зерттеу жұмыстарының басты міндеттері болып отыр.

Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар Шал, Дулат, Мұрат,Махамбет т,б. Қазақтың күміс көмей, жез таңдай ақын-жырауларының әр түрлі өмір құбылыстары, адам мен қоғап, жан мен тән, өмірдің сан алуан қыр сыры туралы толғаныстарының, ақыл кеңес, өсиеттерінің қазіргі жастарымызға тәрбие беру үшін маңызы зор.

Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ғұлама ойшылдардың адамның жан-жүйесі жайлы мұраларының қазіргі ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі өз алдына бір төбе. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірмен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Жүсіпбек, Мыржақыптардың ұлттық дәстүр, салт-сананы, өз туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең дүниелер.

Халқымыздың жан сыры жайлы ұғым-түсініктері түрлі кезде жазылған ғылыми трактаттарда, діни қисындар, ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінде (мақал-мәтел, айтыс, терме, жұмбақ, т.б) поэзия мен халық медицинасын қосарласа дамып келген.

Ұлттардың психологиясын өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды. Қоғамдық дамуға, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты дамып, белгілі қасиеттерг жаңаланып отырады.. Оған мысал ретінде социализм құрылысы жылдарындағы қазақ халқының өміріндегі ұлттық психологияның өзгерісін айтсақ та жеткілікті.

Ғылыми әдебиеттерде ұлттық психологияның табиғаты мен таптық мәні туралы түрлі пікір таластар жеткілікті. Осындай пікір айырмашылықтары оның анықтамасын беруде де кездеседі. Ұлттық психологияның ерекшеліктері дегеніміз-халықтардың тарихи дамуының өзгешілігі мен әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірінің алғы шарттарына байланысты қалыптасатын және мәдениет пен тұрмыста, дәстүрлер мен әдет ғұрыптардан байқалатын ұлттық сезім-әрекеттің көрінісі.

Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихы көне ғасырлар қойнауынан басталады. Халқымыздың жалпы дамуы тарихына сүйене отырып біз психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуын басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші кезең – психологиялық ой-пікірлердің ілкі бастау, түп –төркіндері, басы VI-VII ғасырлардан басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық психология-Орхон Енисей жазба ескерткіштері , Қорқыт-ата, Әл Фараби., Ж. Баласағұни т.б. ғұламалардың тағлымдары.

Екінші кезең— Қазақ хандығы дәуірінен басталып, Қазан төңкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің даму жағдайаты.

Үшінші кезең –психологиялық ғылымның Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы.

XI-XIIғ. Түркі ғұламаларының психологиялық идеялары.

XI-XIIғ Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, Шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі кең өлкеде екі ғасыр бойына түрік тайпасының Қарахан мемелекеті өмір сүрді (астанасы Баласағұн қаласы) Алғашқы –феодалдық түрік мемлекетінде экономикалық , әлеуметтік , саяси мәдени, ғылым білім мәселелері жақсы жолға қойылған еді. Мұнда ақын жазушылар , ғұлама ғалымдар сәулетші құрылысшы лар сол кездегі түрік мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.Осылардың арқасында бұрынғы Кеңес одағын мекендеген түркі тектес халықтардың тәлім- тәрбиелік пікірлерінің ілкі бастауы, түп төркіні болып табылатын рухани мұралардың ішіндегі қомақтысы-Жүсіп Баласағұнидің “құдатғу білік” атты шығармасы. Баласағұндық Жүсіптің моральдық этикалық психологиялық қағидалары ибн Сина мен Әл Фараби ілімімен сабақтасып жатады.

Осы кезеңдегі ұлы ойшылдардың көзқарастарына қысқаша шолу жасай келіп түйіндейтініміз: бүкіл Шығыс сондай ақ түркілік қоғамдық ой-пікір даму тарихына ежелден қалыптасқан дәстүр – бұл адамның ішкі жан дүниесін зерттеуге үңілу оның психологиялық мінез-құлықтық , адамгершілік , имандылық өнегелік қасиеттеріне ерекше назар аудару , моральдық жағынан тазарту, “тәубә”, “обал” “сауап”, “қанағат”секілді түсініктердің негізгі құндылықтар деп есептелетін, бұлардағы жұртты руханилыққа жетелейтін , яғни кезінде Шәкәрім қажы айтқан “ Мен жетелеп келемін ,өрге қарай қазақты” дегендей, бұл күні бүгінге дейін іргетасты мәселе болып жатыр.

XV-XIX бірінші жартысы қазақ халқының өз алдына хандық құрып , тайпалар бірлестігі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі еді. Осы кездері қазақтың өзіне тән рухани мәдениетінің өзіндік беті де айқындала бастады. Ол, әсіресе, халықтың тілімен жол- жоралғысы, салт-дәстүрінен айқын сезіледі . Мәселен , кейбір жазба ескерткіштердің де осы кезде таза қазақ тілінде жазылуы осының жақсы айғағы. Қазақтың кең өлкесі сол бір кездерде жасақ пен жортуылдың шаңына мықтап булыққан еді. Халқымыз жүздеген жылдар бойы жоңғарлар шабуылына тойтарыс беріп отырды. Осы кезеңде қазақ мәдениетінің біршама тоқырап , тірнектеп жинаған рухани байлығының біразынан айырылып қалуына да осы айтылған қиян-кескі соғыстар, жойқын шабуылдар мен жорықтар себеп болғаны хақ. Бұл айтылғандар жайсаң психологиямызға қолайсыз әсер етіп, жұртты мықты жан күйзелісіне ұшыратқаны белгілі.