Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары

Ал 50-жылдардан бастап, осы бағыттағы зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Негізінде олар төрт бағыттың: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік және интеракционизм төңірегінде топтасты (Андреева, Богомолова, Петровская, 1978, Шихирев, 1979).

Аталған төрт бағыттың үшеуі психологиялық ойлардың әлеуметтік – психологиялық нұсқасы болса, ал төртінші бағыт – интеракционизм әлеуметтік негізде еді.

Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиористік бағытта дамуда. Негізінен топтағы процестер емес, екеу аралық (диадалық) қарым-қатынастар зерттеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Доллард, Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс). Зерттеулердің басым бөлігі тек жануарларда жүргізілуі (А.Бандура зерттеулерінің көбісі адамдарда жүргізілді) бұл бағъптың негізгі кемшілігі. Топтық процестерді талдаудың жеткіліксіздігінен, әлеуметтік психологияның «әлеуметтік» түрі аз көрініс береді.

Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған. Мұнда да әлеуметтік – психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.

Бүл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э.Фромм мен Дж.Салливан еңбектері аталынады. Дегенмен классикалық Фрейдизм идеяларын әлеуметтік психологияға тікелей енгізетін теориялар да бар. Ондай теорияларға мысал ретіңде топтық процестер теорияларын: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Шутц атауға болады. Бихевиористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гөрі көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта Т-топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне әсерінің әлеуметтік – психологиялық механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді әлеуметтік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, кейбір жағдайларын практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы тұрғыдан Т. Адорноның “Авторитарлы жеке түлға” еңбегін атауға болады (фашизмді тудыратын алғышарттар туралы).

Психоанализ психологиядағы жаңа ағымның гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс) туындауына себеп болды. Негізінен тренинг тобының теориясы мен практикасына сүйене отырып, түрліше тармақталған проблематикасы жасалынуда. Қазіргі кезде гуманистік психология жетекші ағымдардың біреуіне айналып келеді.

Когнитивизм гештальтпсихология мен К.Левиннің өрістер теориясынан бастау алады.

Бұл багыттағы көптеген теориялардың (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, Л.Фестингер Ч.Озгуд, П.Танненбаум, американ зерттеушілері Д.Креч, Р.Крачфилд, С Аш) негізі – жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіру. Адам санасында әлемнің тұтас, байланысқан идеалды көрінісін тұрғызу (қоршаған нақты әлемдегі қарама-қайшылықтарға байланыссыз) – бұл модельдің негізгі кемшілігі. Дегенмен бұл бағытта да іргелі проблемалар зерттелінуде (Трусов, 1983).

Интеракционизм әлеуметтік бағыттағы жалғыз теория ретінде Г.Мидтің символдық интеракционизм теориясынан бастау алады.

Қазіргі кезде бүл бағыт әлеуметтік психологияда Мидтің теориясынан басқа да теорияларды қамтиды: ролдер теориясы (Т.Сарбин), референтті топтар теориясы (Г.Хаймея, Р.Мертон). Э.Гофманның әлеуметтік драматургия теориясы. Бұл теорияда “өзара әсерлесу” ұғымы негізгі болғанымен де, қоғамдық қатынастардағы, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты индивидке әсер ететін әлеуметтік себептерді қарастыру мәселелері шешілмеген.

Осы төрт бағытгың өзіндік негіздері болғанымен де, көбінесе бір-біріне араласып отырады.

Қазіргі кездегі, әсіресе, американдық әлеуметтік психологиядағы эксперименттік зерттеулерде бірнеше теориялық бағыттар аралас көрінеді. Осы да және әлі де эксперименттік болмағандықтанәлеуметтік – психологиялықзерттеулерде табысты түрде пайдаланыла бермеуі мүмкін.