Жұмыс істеу қабілеттілігімен темперамент арасындағы байланыс

  1. Психологияда темперамент дегеніміз психологтың іс-әрекет диагностикасының әртүрлі жақтарын сипаттайтын тұлғаның жеке ерекшеліктерінің заңдылық қатынастары. Өзара байланысты темперамент қасиеттерінің әртүрлі үйлесулері. Психологияда типтердің Гиппократтық классификациясы қолданылады:

а) сангвиник (белсенді, еті тірі, қиындықтарды жеңіл жеңетін)

б) флегматик (баяу, сабырлы, тұрақты талпынысты, тұрақты көңіл-күйі бар)

в) холерик (өте жылдам, іске шын көңілмен беріледі, бірақ тұрақсыз)

г) меланхолик (уайымшыл, айналадағы нәрсеге баяу реакция береді)

Мінез дегеніміз – белгілі бір субъекттің белгілі бір шарттардағы және жағдайлардағы іс-әрекетінің әдісіне негізделген адамның тұрақты психикалық қабілеттерінің жеке қасиеті. Мінез темпераментпен тығыз байланысты.

Стреляу тесті:

Нұсқау. «Сізге әртүрлі шарттардағы мен жағдайлардағы сіздің іс-әрекетінің ерекшеліктері туралы сұрақтар ұсынылады. Сіз бізге шынайы жауап бергеніңіз жөн болар еді. Сұрақтарға кезек-кезек жауап беру керек, «ия», «жоқ», «білмеймін» деген жауап беру керек. Ешқандай сұрақты тастап кетпеңіз. Бастаңыз.»

Сұраулықтың мәтіні.

  1. Сіз өзіңіздің адамдармен тез тіл табыса алатын адамдар қатарына жатасыз ба ?
  2. Бір іс-қимыл жасамай (бұйрық берілгенше) өз-өзіңізді ұстай аласыз ба ?
  3. Ұзақ жұмыстан кейін Сізге қысқа демалыс жетеді ма ?
  4. Жағдайы жоқ жерде жұмыс істей аласыз ба ?
  5. Дискуссия кезінде дәлелі жоқ аргументтерден өзіңізді аулақ ұстайсыз ба ?
  6. Ұзақ үзілістен (демалыс, каникул) кейін жұмысты оңай, жеңіл қайта бастай аласыз ба ?
  7. Жұмысқа қызып кетіп, шаршамағыңызды ұмытасызба ?
  8. Біреуге белгілі бір жұмыс тапсырып, оның нәтижесін күте аласыз ба
  9. Тәуліктің әр кезінде ұйықтай аласыз ба ?
  10. Егер сізге өтініш жасаса, құпияны сақтай аласыз ба ?
  11. Бірнеше апта немесе ай істемеген жұмысты қайта бастай аласыз ба
  12. Біреуге түсініксіз нәрсеге шыдаммен түсіндіре аласыз ба ?
  13. Ой жұмысы сізге ұнайды ма ?
  14. Бірқалыпты жұмыс сізге ұйқы келтіреді ме
  15. Қатта уайымдардан кейін сіз тез ұйықтай аласыз ба ?
  16. Өзіңіздің басымдылығыңызды керек кезде ұстап тұра аласыз ба?
  17. Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді бұрынғысынша ұстайсыз ба
  18. Ашуыңызды ұстауға қиналасыз ба ?
  19. Қиын сәттерде өз-өзіңізді ұстай аласыз ба ?
  20. Керек кезде өзіңіздің іс қимылыңызды айналадағылардікіне бейімдей аласыз ба ?
  21. Жауапты жұмыстарды істеуді ұнатасыз ба ?
  22. Айналадағылар сіздің көңіл күйіңізге ықпал ететі ме ?
  23. Қиындықтарды жеңе білесіз бе ?
  24. Тәуелді адамның көзінше сіз бұрынғыдай сөйлесесіз бе ?
  25. Күн тәртібіндегі өзгерістер сізді өзіңізден шығарады ма ?
  26. Барлық сұрақтарға дайын жауаптарыңыз бар ма ?
  27. Маңызды шешім күткен кезде өзіңізді сабырлы сезінесіз бе ?
  28. Демалыс күндеріңізді оңай ұйымдастыра аласыз ба ?
  29. Сіздің реакцияңыз жылдам ба ?
  30. Өзіңіздің жүрісіңізді сізден баяу адамдардың жүрісіне оңай бейімдей аласыз ба ?
  31. Жатқан кезде тез ұйықтайсыз ба ?
  32. Жиналыс, семинарларда сөйлеуді ұнатасыз ба ?
  33. Көңіл күйіңізді оңай бұзуға бола ма ?
  34. Істеп жатқан жұмысыңызды уақытша тез тастай аласыз ба ?
  35. Әңгіме басқаларға кедергі жасаса сіз одан оңай бас тартасыз ба?
  36. Сізді бір нәрсеге провокациялау оңай ма ?
  37. Біргелікте жұмыс істеп тұрып, әріптесіңізбен оңай тіл таба аласыз ба ?
  38. Маңызды істің алдында үнемі ойланасыз ба ?
  39. Бір тестті оқыған кезде автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалай аласыз ба ?
  40. Жолшыбай адамдармен оңай тіл таба аласыз ба ?
  41. Біреудің дұрыс еместігін көз жеткізе аласыз ба ?
  42. Қолыңыздың шеберлігін, жылдамдығын талап ететін жұмысты ұнатасыз ба ?
  43. Басқалардың пікірін тыңдап, шешім қабылдап қойған нәрсені өзгерте аласыз ба ?
  44. Жұмыстың жаңа жүйесіне тез үйрене аласыз ба ?
  45. Күні бойы жұмыстан кейін түнде жұмыс істей аласыз ба ?
  46. Беллетристинаны тез оқисыз ба ?
  47. Егер кедергілер пайда болса, өзіңіздің жоспарларыңыздан бас тарта аласыз ба ?
  48. Жағдайларда өзін-өзі ұстай аласыз ба ?
  49. Таңертең оңай тұрып кете аласыз ба ?
  50. Импульсивті реакциядан бас тарта аласыз ба ?
  51. У-шу жағдайда жұмыс істей аласыз ба ?
  52. Қажет кезде шындықты айтпай, өзіңізді ұстай аласыз ба ?
  53. Өзіңіздің толқуыңызды емтихан алдында, бастықпен кездесу алдында ұстай аласыз ба ?
  54. Жаңа ортаға тез үйренесіз бе ?
  55. Жай өзгерістер сізге ұнай ма ?
  56. Күндізгі қиын жұмыстан кейін түнімен өзі-өзіңізге келе аласыз ба ?
  57. Қысқа уақыт ішінде әртүрлі іс қимылдарды талап ететін дәрістерден бас тартасыз ба ?
  58. Пайда болған қиындықтармен өзіңіз күресесіз бе ?
  59. Біреу сөйлеген кезде оның сөзін аяқталуын күте аласыз ба ?
  60. Жүзе білсеңіз, батып бара жатқан адамды құтқаратын едіңіз бе?
  61. Қауырт жұмысқа, оқуға қабілеттісіз бе ?
  62. Орынсыз ескертулерден өзіңізді ұстай аласыз ба ?
  63. Тұрақты нәрселерге қатты көгіл бөлесіз бе ?
  64. Бір тапсырмадан екіншіге оңай көше аласыз ба ?
  65. Маңызды шешім қабылдағанда, бәрін таразыға саласыз ба ?
  66. Кедергілерді оңай өте аласыз ба ?
  67. Бөтен біреудің қағаздарын, заттарын қараудан бас тартасыз ба?
  68. Үнемі бірдей орындалатын іс әрекет сізді жалықтырады ма ?
  69. Қоғамдық орындарда мінтеттемелерді, тиындарды орындай сыз ба ?
  70. Сөйлеген кезде сіз қолыңыздың артық жестикуляциялаудан сақтайсыз ба ?
  71. Айналадағы өте көп қимыл сізге ұнайды ма ?
  72. Үлкен күш салуды талап ететін жұмыс сізге ұнайды ма ?
  73. Ұзақ уақыт бойы белгілі бір тапсырманы орындау үшін зейінді жоғарыландыра аласыз ба ?
  74. Тез қимыл талап ететін тапсырманы ұнатасыз ба ?
  75. Қиын өмірлік жағдайларда өзі-өзіңізді ұстай аласыз ба ?
  76. Қажет болса ұйқыдан тез тұра аласыз ба ?
  77. Өзіңіздің жұмысыңызды бітіріп, басқаларды күте аласыз ба?
  78. Ыңғайсыз жағдайдың куәсі болғаннан кейінде сіз бұрынғысынша нақты әрекет жасайсыз ба ?
  79. Газеттерді тез көріп шығасыз ба ?
  80. Түсініксіз, тез сөйлейсіз бе ?
  81. Басыңыз ауырып тұрсада, жұмыс істей бересіз бе ?
  82. Үзіліссіз ұзақ уақыт жұмыс істей аласыз ба ?
  83. Жұмыс сіздің көңіл күйіңізді өзгерте алады ма ?
  84. Егер сізді достарыңыз күтіп тұрса, сіз жұмысыңызды сабырлы түрде жалғастыра бересіз бе ?
  85. Тосын сұрақтарға тез жауап бересіз бе ?
  86. Тез сөйлейсіз бе ?
  87. Қонақ күтіп отырып, жұмыс істей аласыз ба ?
  88. Ақылды аргументтердің ықпалымен өз пікіріңізді тез ауыстыра аласыз ба ?
  89. Шыдамдысыз ба ?
  90. Өзіңізден баяу қимылдайтын адамның ритміне үйлесе аласыз ба?
  91. Өзіңізді жоспатыңызда бірден бірнеше істі атқару бар ма ?
  92. Көңілді достарыңыз сіздің көңілсіз күйіңізді сергете ала ма ?
  93. Ешқандай қиналмай бірнеше іс қимылды бірден атқара аласыз ба ?
  94. Көшедегі бір оқиғаның куәсі болып қалсаңыз, психикалық теңдікті сақтай аласыз ба ?
  95. Әртүрлі монипуляцияны талап ететін жұмысты ұнатасыз ба ?
  96. Жақындарыңыздың біреуі ауырып, немесе қатты уайымға ұшыраса, сіз өзіңізді сабырлы ұстайсыз ба ?
  97. Қиын ситуацияларда өзіңізді дұрыс ұстай аласыз ба ?
  98. Үлкен бейтаныс компанияда үзіңізді ұстай аласыз ба ?
  99. Қажет болса әңгімені бірден тоқтата аласыз ба ?
  100. Басқа адамдардың әдістеріне тез бейімдей аласыз ба ?
  101. Жұмыс түрлерін тез-тез ауыстыруды ұнатасыз ба ?
  102. Кезектен тыс бір нәрсе болып қалса, инициативаны өз қолыңызға ала аласыз ба ?
  103. Лайықты емес ситуацияларда күлкіңізді ұстай аласыз ба ?
  104. Бірден интенсивті жұмыс істеп кете аласыз ба ?
  105. Егер біреудің пікірімен келіспесеңіз оны айта аласызба
  106. Депрессия жағдайын жеңе аласыз ба ?
  107. Өте күшті ой жұмыстан кейін дұрыс ұйықтайсыз ба ?
  108. Мысалы, кезекте көп тұра аласыз ба ?
  109. Алдын ала бекер екенін біле тұра, біреудің ісіне араласа аласыз ба ?
  110. Қатты дискуссия кезінде өзіңіздің тұжырымдамаңызды дәлелдей аласыз ба ?
  111. Қызықты жағдайға бірден реакция бере аласыз ба ?
  112. Егер сізден өтінсе, өзіңізді өте тыныш ұстай аласыз ба ?
  113. Дәрігерлік процедураларды толқусыз қабылдайсыз ба ?
  114. Интенсивті жұмыс істей аласыз ба ?
  115. Демалыс орындарды тез ауыстырып тұрасыз ба ?
  116. Жаңа күн тәртібіне тез үйренесіз бе ?
  117. Тосын жағдайда жәрдем бере аласыз ба ?
  118. Жарыстарда айқайламай отыра аласыз ба ?
  119. Көп адамдармен әңгімелесуді талап ететін жұмысты ұнатасыз ба ?
  120. Мимикаңызды меңгере аласыз ба ?
  121. Энергиялық іс қимылды талап ететін істер ұнайды ма ?
  122. Өзіңізді батыр деп санайсыз ба ?
  123. Тосын жағдайда даусыңыз жықпай қалады ма ?
  124. Сәтсіздік моментінде сіз жұмыс істей бересіз бе ?
  125. Егер сізден өтінсе, сіз ұзақ уақыт тыныш тұрып, отырасыз ба ?
  126. Егер біреуге жақпаса қуанышыңызды бірден баса аласыз ба ?
  127. Мұңнан қуанышқа бірден өте аласыз ба ?
  128. Тез ашуланасыз ба ?
  129. Ортаға міндетті тәртіп ережелерін оңай сақтай аласыз ба ?
  130. Жұрттың алдында сөйлегенді ұнатасыз ба ?
  131. Жұмысқа бірден кірісе аласыз ба ?
  132. Өміріңізді тігіп біреуге көмекке келесіз бе ?
  133. Іс қимылыңыз жылдам ба ?
  134. Жауапты жұмысты орындауды ұнатасыз ба ?

Тест интерпретациясы.

Әр қасиеттің бағасы, сұраққа жауаптардың қосындысынан шығады. Егер жауабы кодпен сәйкес келсе, онда ол 2 ұпайға бағаланады, егер сәйкес келмесе = 0 ұпай, «білмеймін» деген -1 ұпай.

Код.

  1. Құштарлық процесінің күші.

«Ия» -3,4,7,13,15,16,19,21,23,24,32,39,45,56,60,61,66,72,73,78,81, 82,83,94,97,98,102,105,106,113,114,117,121,122,124,130,132,133,134, «жоқ» – 47,51,107,123.

  1. Тежеулік процестерінің күші.

«Ия» – 2,5,8,10,12,16,27,30,37,38,41,48,50,52,53,62,65,69,70,75,77,84,87, 89,90,96,99,103,108,109,ПО,112,П8,120,125,126,129, «жоқ» – 18,34,36,59,67, 128.

  1. Жүйке процестерінің ширақтығы.

«Ия» – 1,6,9,11,14,20,22,26,28,29,31,33,40,42,43,44,46,49,54,55,64,68,71, 74,76,79,80,85,86,88,91,92,93,95,100,101,107,111,115,116,119,127,131, «жоқ» – 25,57,63.

Диагноз: 42 ұпайға тең қосынды және одан жоғары әр қасиеті бойынша оның анықтығын жоғары дәрежесін білдіреді.

2 дәріс. Коммуникациялық қабілеттерін зерттеу әдістемесі.

Теоретикалық негізделу. Еңбек іс-әрекеті процесінде адамдар қарым-қатынаста болады, оның нәтижесі әлеуметтік – психологиялық климатына, араласудағы қадеттілігіне қанағаттанғанында көрінеді, оның әрекеттіліктің тиімділігінде.

Адамдардың коммуникациясы бірі-бірімен белгілі бір мақсатпен қарым-қатынасын айтамыз:

– мәлімет алу немесе беру, олар функционалдық және қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін керек.

– әсер ету, яғни Адам іс-қимылымен меңгеру, олардың жағдайларымен, мақсатқа қатынасымен, тапсырмаларға және мекеме өмірінің басқа ерекшеліктеріне.

– Адам араласуға қажеттілігінің қанағаттануы.

Коммуникация екі өзара тәуелді аспекттен тұрады: коммуникация жүйе ретінде және коммуникация процес ретінде, яғни қалыптасып қалған дәстүрлер, нормалар және стереотиптер ретінде.

Жүйе ретінде коммуникация өнім технологиясынан, сату, финанстық және мекеменің басқа ерекшеліктерінен тұрады. Динамикалық процес ретінде, адамдардың кәсіби іс-әрекетінің элементі ретінде – адамның айналамен үздіксіз қарым қатынасының технологиясы.

Коммуникациялық ерекшеліктерін зерттеу көрсетті, араласу құралдарының арасында коммуникациялық минимум бар. Негізгі коммуникациялық минимум теоретикалық білімге қойылатын талаптардың тізімі болып табылады. Төменде берілген коммуникациялық минимум стандарт сияқты анықталып коммуникативті компетенциясының балауының негізі болып табылады.

А.Теоретикалық білім (емтиханда тексеріледі).

  1. Комуникативті информацияның физиологиялық негізі мен этаптары.
  2. Адамдардың бір-бірін қабылдауының психофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктері.
  3. Коммуникация процесінде адамдардың вербальдық және вербальдық емес іс-әрекетінің ерекшеліктері.
  4. Коммуникация процесінде қарым қатынастарының түрлері.
  5. Коммуникатордың және рецепиенттің тәртібінің комплиментарлықтың ережесі.
  6. Субъективті қызығушылықтың, адамның психологиялық ерекшеліктерінің, оның тәжірибесінің, күтуінің ықпалдарының ерекшеліктері.
  7. Коммуникациядағы эмоциялардың ролі мен маңызы.
  8. Комуникативті акттің құрылымы мен функциялары.
  9. Диалог жүргізудің құрылымы, фазасы және есептері.
  10. Мекемедегі тұлға аралық коммуникацияның құрылымы.

Б.Коммуникация негізгі техниканың теоретикалық білімі. (Жазбаша бақылау жұмысымен тексеріледі).

  1. Активті және пассивті тыңдау.
  2. Синхронизация техникасы, яғни әңгімелесуші адамның жағдайының және тәртібінің есебі.
  3. Диалог жүргізудің әр түрлі стратегиясы.
  4. Әңгімелесуші адамдардың қайшылықтарды шешу техникасы: мағынасын түсіндіру ережелерін сипаттау және қолдану жағдайлары, үлгі беру.
  5. Эмоциялық шаршауды түсіру техникасы: //-//-//-//-//-//
  6. Тұжырымдау техникасы: //-//-//-//-//-//-
  7. Вербализация техникасы: //-//-//-//-//-//-
  8. Сұрақ техникасы: //-//-//-//-//-//-
  9. Интерпретация техникасы: //-//-//-//-//-//-
  10. Пауза техникасы: //-//-//-//-//-//-
  11. Тоқу техникасы: //-//-//-//-//-//-
  12. Кезектік мақұлдаудың техникасы: //-//-//-//-//-//-

В. Практикалық қабілеттер (анкета негізінде немесе араласудың бағалауы негізінде эксперттермен тексеріледі)

  1. Диалог бастау инициативасын өз қолына алу және оны жүргізу қабілеті.
  2. Адаммен контакт құрған кезде – түсінісу, өзін-өзі ұстай білу, кімге не айтатынын, әңгімеге жақсы көңіл күй туғызу.
  3. Адаммен әңгімелескен кезде – оның мәліметтерді тыңдап, оның вербальдық және вербальдық емес тәртібінің ерекшеліктерін бақылай білу.
  4. Әңгімелесуші адамның психологиялық ерекшеліктерін түсіну, оның тәртібінің конгруэнттігін анықтау, әңгімені жалғастыру – жалғастырмау ынтасы, оның өз порциясын өзгертуге дайындығы.
  5. Әңгіме барысында – айтылған нәрселерден ең маңыздысын анықтау, жасырын мақсаттарын түсіну қабілеттілігі.
  6. Өте агрессивті әңгімелесуші адамды өз қалпына келтіру қабілеттілігі.
  7. Диалогқа әсер ететін эмоцияналдың күштілікті түзету қабілеттілігі.
  8. Әңгімелесушіні бір нәрсеге көзін жеткізу – оның тақырыпқа көзқарасын білу, әңгіменің әр түрлі аспектілеріне порциясын білу; керекті аргументтерді таба білу.
  9. Әңгімелесушіге барлық аспекттер бойынша кері байланыс беру қабілеттілігі.

Мақсаты. Маманның коммуникативті біліктілігін бағалау.

Нұсқау. Зерттелетіндерге түсіндіреді, таблицада әртүрлі коммуникативті қабілеттер берілген оларға әріптестерді бағалау ұсынылады. Егер әріптестерінде осы қабілеттер бар болса онда 7 санын шеңберге алы керек, егер онша емес болса -6 саны, солай 1-ге дейін.

Тест материалы.

Таблица.

Сұрақтар              
1. Сіз әңгіменің нәтижесін жоспарлайсыз ба, оған жету әдістерін, кезеңдерін ? 7 6 5 4 3 2 1
2. Әңгіме үшін сіз адамға қатысты фактілерді, аргументтерді келтіресіз бе ? 7 6 5 4 3 2 1
3. Болатын әңгімеге адамды дұрыс бұра аласыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1
4. Мимика, қол қимылдарынан адамның әңгіме жалғастыруға ынтасын біле аласыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1
5. Егер әңгімелесушінің көңіл-күйі болмаса, сіз оған көмектесе аласыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1
6. Егер сіз өзіңіз сондай күйде болсаңыз, әңгімеге ықпал етпейтіндей, өзіңізді баса аласыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1
7. Ұсынылған тақырыпқа, проблемаға оның көзқарасын біле аласыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1
8. Дұрыс шешім қабылдау үшін қандай аргументтер келтіру керек екенін біле аласыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1
9. Анық, түсінікті етіп сөйлей аласыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1
10. Сіздіңқызықтыратын мәселе бойынша мақұлдау ала аласыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1
11. Диалог біткеннен кейін, өзіңіздің алған әсер, нәтижелер туралы айтасыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1
12. Сізге әңгімелесуші адамның әңгіме жүргізуі ұнаса, оған айтасыз ба № 7 6 5 4 3 2 1
13. Егер әңгімелесушінің әңгіме барысында аспектілер сізге жақпаса оған білдірпей, қалпына келтіре аласыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1
14. Диалог процесін меңгеріп, керек кезде бітіре аласыз ба ? 7 6 5 4 3 2 1

Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау. Нәтижелер шкаланы қолданумен өңделеді. Оның ішінде екі сұрақтардың орта мәні әр шкала бойынша анықталады.

  1. 30-ға дейін ұпай жиналса, онда әлеуметтік жұмыскерлердің коммуникациялық біліктілігі жоғары болғаны.
  2. 30-дан 60-қа дейін ұпай жиналса, онда кейбір аспектілер қанағаттанарлықсыз екеніне көңіл бөліңіз.
  3. 60-тан жоғары ұпай алса, онда жұмыскердің коммуникациялық қабілеті мүлдем жоқ деген сөз.