Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың психодиагностикасының ерекшеліктері

Мектепке барғанға дейін балалардың психологиялық даму деңгейінің жеке айырмашылықтары жоғарылайды. Балалардың бір-бірінен интелектуалдық, моральдық, персонааралық даму жағынан айырмашылықтары болады. Олар әр психодиагностикалық жағдайларға әр түрлі әрекет жасайды, бірдей нұсқауларға әр түрлі қарай бастайды.

Мысалыға, бір балалар үлкен адамдарға арналған психодиагностикалық тесттерден жеңіл өтеді, басқалары -4-6 жасарларға арналған тесттерден қиналып өтеді. Бұл нәрсе әсіресе вербальдық өзін-өзі бағалау, рефлексия және қоршаған ортаның баланың саналық қиын бағалар қолданылатын психодиагностикалық әдістемелерге қатысты.

Баланың психологиялық дамуының шындық деңгейін бағалау үшін, психодиагностикалық әдістемені кіші мектеп жасындағы балаларға қолданудан бұрын,интеллектуалдық жағынан ол балаларға қиын емес пе, керісінше, тым оңай емес пе соны анықтау.

6-7 жасар балалардың психологиялық дайындығына қатысты белгілі эмпирикалық мәліметтер бойынша 50%-тен-80% ке дейін балалар мектепке дайын еместігін көрсетеді. Көбісі физиологиялық жасы жағынан дайын болғанымен оның психологиялық жасы 5-6 жасар баланікі сияқты болуы мүмкін. Егер ол балаға қиындау тестті ұсынса (тест баланы аз қызықтырып , одан да көп күш жігер, еркін зейін, жады, бейнелеуді талап етеді) , ол тапсырманы орындай алмауы мүмкін. Оның себебі тұлғалық – психологиялық дамуының деңгейінің төмен екенін көрсетеді, интеллектуалдық қабілеттіліктерінің жоқтығынан болмайды. Ал егер тест тапсырманы балаға ойын түрде ұсынса, онда нәтижелер әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Бұл жағдайды 1,2 сыныптағы балаларды психодиагностикасында ескеру керек.

3-4 сынып балаларына үлкендерге берілетін тесттер ұсынылады (тест тапсырмалары оларға түсінікті болу керек). Егер балалар өте қызығып отырса және мотивациясы өте күшті болса, онда тест нәтижелері жоғары болады. Үлкен адам жігерлік қасиеттер көмегімен кезінде өз-өзін меңгере алады, ал 1-2 сыныптағы мен 8-9 сыныпқа дейінгілер олай ете алмайды. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың психодиагностикасындағы үлкендерге арналған тесттерді қолдануға қатысты белгілі бір шектеулер бар. Бұл шектеулер көбінесе ойлау, тұлғалы және тұлғааралық қатынастарды зерттеу үшін қолданылатын тесттерге қатысты. Қазір пайдаланатын интеллектуалдық тесттердің көбісі (үлкендерге арналған) сөйлеу – логикалық ойлаудың даму деңгейін бағалайды. Бұл ойлаудың түрі балалардың басқа ойлаудың құнды түрлеріне қарағанда (бейнелі және образдық ойлау) кемдеу болады. Сонымен қатар үлкендерге арналған тесттерде интеллектуалдық тапсырмалар сөйлеу түрде тұжырымдалады, үлкендердің өмірлік тәжірибелерін бейнелейтін тілден және ұғым жүйелері қолданылады. Сондықтан бұл тесттерді балаларға бейімдеу керек. Кейде ол мүмкін болмайды, сол кезде жаңа варианты құрылады, мысалы, Векслердің интеллектуалдық тесттің , Кеттелдің тестін. Бірақ , бұл кезде бір проблема туындайды: бірдей психологиялық қасиеттің құрылымы мен мазмұны әртүрлі тесттердің көмегімен алынған тест нәтижелері ешқашан бірдей болмайды және сәйкестендіруді талап етеді. Тестаралық сәйкестендіруде өтпелі коэффициент анықталады. Өтпелі коэффициент бір әдістеменің сандық көрсеткіштердің басқа әдістеменің көрсеткіштеріне орта қатынасы ретінде анықталады.

Мысалы, Векслер тесттің үлкендердің де, кішілердің де нұсқалары түсінікті жеткіншектер кішілердің нұсқасы бойынша 100% көрсеткіш алады, ал үлкендердің -80% , онда өтпелі коэффициент кішіден үлкендерге қарай 1,25-ке тең болу керек. Бұл көрсеткішті 100% 80% ге бөлуден шығады.

Үлкендердің тұлғалық тесттердің шектеулері тек сандық айырмашылықтарға ғана әкеліп соқпайды. Үлкендердің тесті бағалайтын тұлға қасиеттері балада болмауы мүмкін. Және керісінше, балаларда жасы үлкейген сайын жоқ болып кететін тұлғалық ерекшеліктер үлкендерде мүлдем жоқ.

Бұл жағдайдың шешімі бар. Үлкендерге және кішілерге арналған тұлғалық тесттерді іс жүзінде қолданғанда жас ерекшеліктер психологиясы біліміне және тесттерді дұрыс құру үшін және алғашқы валидтықты қамтамасыз ету үшін керекті информация беретін адамның тұлғалық дамуының психологиялық теорияның біліміне сүйену керек.

Ұсынылатын психодиагностикалық әдістемелердің жүйесі мектепке енді баратын балалардың психологиялық даму деңгейінің кешендік бағалауы үшін арналған. Бұл жүйе бастауыш сыныптардың оқушыларына да арналған, олардың тану процестерінің сипаттамасына тұлғалық және тұлғааралық қатынастарына, олардың әзірге бар қабілеттердің бағасына да арналған.

Бұл жүйенің негізінде балалардың мектепке дайындығын , оқу кезінде психологиялық дамуын (1-4 сынып) бағалауға мүмкін болады.

Психодиагностикалық бағалауға төмендегілер жатады:

  1. Қоршаған ортада балалардың жалпы ориентациясы.
  2. Мектепке оқытуға баланың көзқарасы.
  3. Зейін.
  4. Жады.
  5. Ойлау.
  6. Сөйлеу.
  7. Көркемдік – бейнелеу қабілеті.
  8. Еңбекке қабілеттілігі.
  9. Жетістіктерге жету мотивациясы.
  10. Тұлғалық қасиеттер.
  11. Тұлғааралық қасиеттер.

Бұл кешенге 6-7 ден 10-11 жасар балаларды зерттеу үшін қолданылатын әдістемелер кіреді. Барлық әдістемелер бойынша алынған бағалар кіші жастағы балалардың жеке психологиялық даму картасына жазылады.

Балалар психологиялық жағынан дамитын үш негізгі сала бар – тану процестер, тұлғалық және тұлғааралық қатынастар. Олардың бәрі бағаланады және олар үшін арнайы әдістемелер бар.

Бұл әдістемелер кешенде психодиагностикалық бағалауға зейін, бейнелеу, жады, ойлау, сөйлеу, процестері жатады, сонымен қатар, оқу мотивациясы жетістіктерге жету, кейбір базистық тұлғалық қасиеттер, өзінің құрдастары және үлкендермен қарым-қатынасы.

Бұл әдістемелер кешенінің көмегімен өткізілетін балалар психодиагностикасы төмендегі мақсаттарға жетуге арналған:

  1. Баланың дамуы анықталады.
  2. Ондағы бар қабілеттер уақытылы анықталады.
  3. Баланың оқудан қалып кетудің себептері немесе нашар тәрбиенің себептері анықталады.
  4. Балаға, оқытушыға немесе ата-аналарға мамандықты таңдауға ғылыми негізделген нұсқауларды ұсыну.

Мүмкіншілік бар жерде жеке емес, топтық зерттеу өткізу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіншіліктер мен шерттарды орындау керек, олар туралы әрбір әдістемеге комментаршілерде айтылған. Егер ондай комментаршілер жоқ болса, онда бұл әдістемені жеке және топтық зерттеу үшін қолдануға болады.

Психодиагностикалық зерттеу өткізу үшін, төмендегі нәрселерді орындау керек:

  1. Әдістеме мәтінімен танысу.
  2. Берілген әдістеменің комментаршілерін оқу (егер бар болса).
  3. Әдістемеге керек материалдарды дайындау.
  4. Бұл әдістеменің көмегімен бір баланың алғашқы зерттеуді өткізіп, нәтижелерді өңдеу.
  5. Практикалық психологтардың жұмысында графикалық әдістерді қолдану.

Практикалық психологтар графикалық тесттер мен әдістерді жиі қолданады. Әсіресе балалармен қарым-қатынас жасау қиын болса, сол кезде бұл әдістің пайдасы тиеді. Бұл кезде сұраулықтар мен дәстүрлі әңгімелер тиімді болмайды.

Волгоградтық психолог Т.Ю.Андрущенко графикалық анықтаудың арнайы әдістерін құрастырған. Біріншіден, графикалық іс-әрекеттің нәтижелері бойынша баланың проблемеларын анықтап іске асырады, екіншіден, аяғына дейін сезінбеген, дифференцияланбаған уайымдарды , оларды тудырған себептермен қосу, үшіншіден, пайда болған қиындықтардың анализін жүргізу. «Менің араласатын ортам» – бұл әдіс баланың құрдастарымен, ата-аналармен, оқытушылармен іс-әрекеттің ортасымен сипатын анықтауға арналған.

Әңгімені бастағанда, консультант: «Мен білемін, әр адам бейтаныстың сұрақтарына жауап бергісі келмейді. Сол үшін сен өз өміріңді суретте бейнелеп бер, ал содан кейін біз сенің өміріңнің қызықты моменттерін талдаймыз», – деу керек. Мұндай ұсыныс баланы қызықтырып, күдігін жоққа шығарады.

1.Кіммен, қай жерде күні бойы қарым-қатынас жасайтыныңды елестетіп көрейік, бейнелеп бер, әр адамға орын тауып бер ( «үй» ).

Консультант шеңбер салады, баламен ақылдасып, екіге бөледі (қарым-қатынас сфералары). Екі сектор пайда болады: «мектеп», «мектептен тыс» . Горизонтальдық сызық «құрдастар» , «ата-ана» секторларын анықтайды.

Әңгіменің мақсатына байланысты әр қатынас сфераға белгілі бір кеңістік беру мынадай болуы мүмкін: Мысалы, мектепте: балалар, мұғалімдер; мектептен тыс: ауладағы балалар; үйде: туысқандар. Басқа жағдайларда жоғары және төмен жартышарлар көңілді қарым-қатынастардың сфералары болады (+) және көңілсіз қарым-қатынастар (–-).

  1. Енді әр «үйге» адамдарды «орналастыру» керек.

Ол жағымды және жағымсыз адамдар болуы мүмкін. Сен олармен орналасқың келмесе де, амал жоқ араласады. Әртүрлі себептерге байланысты.

белгі көмегімен консультант барлық балалар мен үлкендерді еңгізе бастайды. Олар туралы барлық мәліметтерді баланың өзі айтып береді.

  1. «Сенің араласатын адамдарыңның ішінен жақсы қарым-қатынастағы және нашар қарым-қатынастағы адамдарды белгіле. — көк пен немесе қызылмен штрихтау барысында консультант көп мәлімет алады.
  2. Үлкен шеңбердің ішінде екі шеңбер салайық: біреуі – ортада, екіншісі–кішкентайы , ортаға таман. Ортасына өзіңді қойып, есіміңді жаз. Енді екі түсті қарындашпен қара – «жағымсыз» , ақшыл түсті «жағымды» , кім кімге қалай қарайды, кім көбірек қуаныш әкеледі тағы да сол сияқты. Баламен бірге консультант түстерге қарай, симпатия мен антипатия өлшеуін анықтайды. Егер симпатия мен антипатия анық болса, онда ортадан ( «Мен» баланың ) және сыртқы шеңбердегі –- белгісімен ( басқа адам) сәйкес түсті сызықүш интервал етіп жүргізіледі. Егер керісінше болса стрелкамен қарым-қатынас шектері қойылады бірінші немесе екінші шеңберге дейін. Әр жағдайда баланың қарым-қатынас партнердің көзқарас туралы сипаттама анықталып, стрелкамен бағыты мен анықтық өлшеуі белгіленеді.

« Кім кінәлі? » –- бұл әдіс әр партнермен қарым-қатынас жасау барысындағы пайда болатын және конфликттерді шешу үшін жауапкершілік өлшеуін баламен сезінуін анықтауға бағытталған. «Араласу шеңберін» бала шкалаларда анықтайды.( әр қайсысы 10 бөлікте тұрады).

– конфликттің пайда болуындағы әр қатысушының инициатива өлшеуін.

– конфликтті шешу үшін әр қатысушының инициатива өлшеуі ( ашық түспен белгіленеді).

– конфликтті шешуде әр қатысушының қарсы тұру өлшеуі (қара түспен белгіленеді). Өзінің іс-әрекетін және партнердің әрекетіне комментарий бергенде конфликттердің пайда болуына, дамуына және шешілуіне керекті себептер анықталады: достасуға сенімсіздік , түсініспеушіліктің қорқынышы және т.б. проблеманы талқылау баланың агрессия дәрежесін , партнерға, өзіне көзқарасының өзгертуін анықтайды.

« Менің өмірімдегі қуанышпен реніштер » – бұл әдіс уайымдардың басымдылық модальдығын анықтауға бағытталған.

  1. Баланың туылғанынан қазірге дейінгі «өмір жолы» салынады, онда үйде болуы, бақшаға баруы, мектепке бару кезеңдері интервал ретінде бейнеленеді.
  2. Екі кеңістік – сызықтан жоғары, төмен. Жоғарыда өмірдің жақсы, көңілді кезеңдер; төменінде – мұңлы, ренішті кезеңдер. Жиі \ сирек штрихтар уайымдардың , интенсивтігін білдіреді.

Субъективтік бағаның уақыт шкаласы баланың өміріндегі болған жағдайлардың маңыздылығын «сол жерде, сол кезде» көруге көмектеседі, дәулеттілік дәрежесін.

Дәулеттілік дәрежесі қуанышты кезеңдердің санын ренішті кезеңдердің санына қатынасымен анықтаймыз.1 ден көп өлшеулер қуанышты кезеңдердің басымдылығының белгісі. Егер 1ден кем болса, онда ренішті кезеңдердің басымдылығын білдіреді. Мысалы , қуанышты кезеңдер бала магнитафон немесе велосипед және т.б. сатып алумен байланысты , жаңа статусты алумен (оқушы аталуы , жарыста лидер болуы ),басқа біреуде досы пайда болуымен байланысты. Ренішті кезеңдерді біреуі бір затты жоғалтуымен, аурумен, екінші – « нашар » адамның пайда болуымен байланыстырады, үйден қашып кетуімен.