Мектепке дейінгі балалардың психодиагностикасы МДБ-дағы тұлғааралық қарым-қатынастардың және тұлғалық қасиеттердің психодиагностикасы

МДБ бірнеше психологиялық және әрекеттік ерекшеліктерге ие болады. Оларды білу психодиагностикалық зерттеу процесінде шын нәтижелерді алу үшін керек. Бұл ерекшеліктерге сананың төмен деңгейі қатысты.

Психодиагностика контекстінде сана туралы айтқан кезде, біз ішкі бақылау туралы, баланың негізгі тану процестерінің сөйлеу реттігін, оның қабылдау, зейін, жады, ойлау туралы айтамыз. Бұл процестер өте төмен даму деңгейде болады, өйткені бұл кезде когнитивтік даму әлі аяқталмаған. Баладағы тану процесінің еркіндігі 3-4 жастан басталып жасөспірім кезінің аяғына дейін барады. Сол үшін тест тапсырмалары баладан тану процестері жоғары дамыған және оны меңгеруді талап етеді. Бала жеткен даму деңгейі туралы дұрыс ой болу үшін тест тапсырмалары когнитивтік сфераның еркін және еріксіз деңгейге лайықты болу керек. Бұл нәрсе, бір жағынан, тану процестерінің еркіндік дәрежесін адекваттық бағалайды, екінші жағынан – егер олар әлі еркін болмаса, онда оларды реалдық деңгейін бағалайды.

3-6 жасар балалар туралы айтатын болсақ, онда оларда барлық тану процестерін меңгеруде еркіндік элементтері бар. Сонымен қатар, ондай балалардың үлкен бөлігінде еркінсіз тану процестері басым болады. Айналадағы нәрсені тану үшін, бала осы аталған процестерге сүйенеді. Осы жастағы балалардың психодиагностикасы екі жақты бағыттайды: табиғи(еркінсіз) тану процестерінің дамуының детальдық зерттеуіне және еркіндік когнитивті әрекеттер мен реакциялардың нақты сипаттауына және уақтылы оларды табуына.

МДБ-дың сана-сезімнің төмен деңгейі туралы айтқан кезде бізМДБ-дың , әсіресе 4 жасқа дейінгілер, өзінің тұлғалық қасиеттерін аз сезінеді және өздерінің тәртіптеріне дұрыс баға бере алмайды. Өздерінің жақсы жақтары мен кемшіліктері туралы ешнәрсе анық білмейді және өзін-өзі бағалау мен талап деңгейі әлі қалыптаспаған.

4 пен 6-ға дейінгілердің ондай мүмкіншіліктері бар, олар өздерін тұлға ретінде бағалайды, бірақ, көбінесе үлкен адамдар көңіл бөлген қасиеттерді.

Төрт жасқа дейінгі балалардың тұлғалық және әрекеттік психодиагностика әдістері баланың сана-сезіміне бағытталған тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Бұл ережені бұзу баланың қойылған сұрақтарға жауап бермеуге немесе сұрақтардың мағынасын түсінбей, жауап беруді көздейді.

Төрт-алты жасар балаларға адекваттық өзін-өзі бағалауға сүйенетін тұлғалық және әрекеттік сұраулықтарды ұсынуға болады. Бірақ юұл жастағы балалардың өзін-өзі бағалау мүмкіншіліктері шектеулі екенін есте сақтау керек.

МДБ-дың тұлғалық және әрекеттік психодиагностикасын өткізген кезде алынған баланы жақсы танитын, кәсіби дайындықтан өткен ересек адамдарды тәуелсіз эксперттер ретінде алып , сыртқы эксперттік бағалау әдісін қолдану керек. Мектепке дейінгі үлкен жастағыларға эксперттік бағаларға баланың өзі-өзіне беретін бағасын қ осуға болады, бірақ ол туралы үлкендердің тұжырымдамаларға көп көңіл бөлу керек.

Бұл жаста психодиагностика әдістемелерді қолдануға белгілі бір қиындықтар мен шектеулер бар. Бұлар үшін тұлғаулық сұраулықтар (тіке және жанама сұрақтары бар) жарамайды. Егер оларды қолдануға мәжбүр болсаңыз, онда әр сұрақты өте жақсы, қарапайым түрде балаға түсіндіру керек.

Тағы бір ерекшелік туралы айтайық. МДБ-лар тек егер психодиагностиканы өткізу уақыты бойы әдістемелер мен психодиагностикалық тапсырмалар оларды қызықтырса, сол кезде ғана олар өзінің қабілеттіліктерді, яғни психологиялық дамуының деңгейін дұрыс көрсететін нәтижелерді көрсетеді. Қалай қызығушылық өтеді, солай бала өзінің қабілеттерін көрсетпей қалады.

Балалардың психогендық факторларды еске алу керек. Ол үшін тест тапсырмаларды өте ұзақ етіп құруға болмайды. Оптималдық уақыт1 ден 5 минутқа дейін, баланың жасы не ғұрлым кіші болса, соғұрлым уақыт кем болу керек.

Жасына қарай МДБ-дың психодиагностикасының ерекшеліктерін айтып өтейік :

1.1 ден 3-ке дейін.

2.3 тен 5-ке дейін.

3.5 тен 6-ға дейін.

Ерте жастағы (1-3 жас) балалардың психодиагностикасы тек обьективті болу керек, яғни өзін-өзі бағалауға және анализге. Баланың сырттан бақылайтын әрекеттер мен реакциялардың эксперттік бағалаумен байланысты психодиагностикалық материал өте құнды болады. Балалар туралы мәлімет жинау құралы бақылау болады, ал негізгі психодиагностикалық әдіс – табиғи эксперимент болады. Бұл кезде балаға жақсы таныс өмірлік ситуация пайда бола бастайды. Психодиагностиканың ең, жақсы нәтижесін бір затпен ойнау барысын бақылығанда алуға болады.

3 тен 5-ке дейінгі жастағы балаларға психодиагностика өткізген кезде ойының түрін, әлеуметтік белсенділіктің жаңа түрінің пайда болуын ескеру керек.

Бұл жастағы балалар бірінші рет өзінің құрдастарына тұлға ретінде қарап, олармен бірге ойнай бастайды. Сол үшін психодиагностика әдістемелерді балаларды жеке ойын әрекетте және ұжымдық ойында бақылауға мүмкіншілік беретіндей құрастыру керек.

Бұл ойынға үлкендерге қатысуы мүмкін. Психологтың өзі де осы ойынды ұйымдастыра алады.

Бұл жаста балалардың санасезімнің мәліметтеріне және басқа балаларға , үлкендерге (ересектерге) беретін бағаларға негізделуге мүмкіншілік бар. Бұл әсіресе айналадағылармен қарым-қатынас жасауда әртүрлі жеке қасиеттерді көрсетуге қатысты.

5-7 жаста аталған әрекеттер түрлеріне ережелері бар ойындар қосылады, қарапайым рефлексивтік қабілеттер пайда болады. Бұл жастағы балалар білім алу немесе ойынмен қатар, өзінің іс-әрекетін анализ жасап, өзіне және айналадағыларға баға береді. Бұл нәрсе оқушылар мен ересектердің психологиясын зерттеуге қолданылатын психодиагностикалық әдістемелерін қолдануға мүмкіншілік береді. Ең бірінші бұл тану процестерін зерттеу әдістеріне қатысты.

Барлық ескертулер мен шектеулерді психодиагностикалық әдістемелердің стандарттық кешенінде көрсетілген.

  1. МДБ-дың тану процестерінің диагностика әдістері. Стандарттық кешен деп әдістемелердің жиынтығын айтамыз. Бұл кешен белгілі бір жастағы балалардың психологиясын барлық қасиеттер бойынша жан-жақты бағалайды «Стандарттық» дегеніміз барлық әдістемелерге бір бағалау шкаласын қолдануды айтамыз.

Бұл бөлімде сипатталатын әдістемелердің көбісі психологиялық дамудың стандарттық , 10 ұпайлық шкалада көрсетілген көрсеткіштерді алуға көмектеседі.

8 ден 10 ға дейінгі көрсеткіштер баланың қабілеттерінің жақсы дамуын көрсетеді.

0 ден 3 ұпайға дейін – баланың психологиялық дамуында оқаулықтар барын көрсетеді.

Егер 4-7 ұпай болса, онда баланың психологиялық дамуы басқа балалардікіне сәйкес болғаны. Әр ұсынылған әдістемелер кешенінде, оның сипаттамасынан кейін, алынған нәтижелерді бағалау әдісі, алынған мәліметтер негізіндегі бала дамуының деңгейі туралы қорытындылар шарттары мен процедурасы беріледі. Ең соңында баланың психологиялық дамуының жеке картасы беріледі. Онда баланы кешенді зерттеудің жеке психодиагностикалық әдістемелер бойынша алынған көрсеткіштер болады. Бұл картаға қайта өткізілген психодиагностикалық зерттеулерге қатысты әр жылғы мәліметтерді кіргізуге болады. Көрсеткіштер — 5-6 жасар балаға қатысты, олардың жеткен даму деңгейін кескіндейтін , сипатталған әдістемелерде қолданған ұпайлар мен мінездемелер. Егер бала 5-6 жаста болса онда алынған көрсеткіштер бойынша оның психологиялық дамуының деңгейі туралы қорытынды жасауға болады. Бұл көрсеткіштер одан да жас балаларға қатысты болады, бірақ бұл жерде олар 5-6 жастағылардың даму деңгейімен салыстырмалы түрде қарастырылады.

Мысалы. 5-6 жастағы бала «Суреттерге не жетпейді?» деген әдістеменің психодиагностикасы бойынша нәтижесінде 10 ұпай алды. Осыған сәйкес оның психологиялық дамуының деңгейі өте жоғары деп бағалануы керек.

Егер 2-3 ұпай алған болса – төмен деп бағаланады. Бірақ осы методика бойынша 3-4 жасар 2-3 ұпай алған болса – төмен деп бағаланады.

Бірақ осы методика бойынша 3-4 жасар 2-3 ұпай алған болса, оның деңгейін төмен деп айтуға болмайды. Олай деп 5-6 жастағы бала туралы айтуға болады. Ол өзінің құрдастарымен салыстырғанда- орта болады. Сол үшін қорытындыда міндетті түрде «5-6 жасар балалармен салыстырғанда» деп жазу керек.

Ұсынылатын психодиагностикалық әдістемелердің кешенінде әртүрлі психологиялық қасиеттер үшін бір емес бірнеше әдістемелер бар (қасиеттерді жан-жақтан бағалайтын).

  1. МДБ-дағы тұлғааралық қарым-қатынастардың және тұлғалық қасиеттердің психодиагностикасы.

Белгілі тұлғалық тесттердің көбісі ересектерге қатысты және балаға қиын болатын өзін-өзі анализ жасауға негізделген. Сол үшін МДБ-ның тұлғасын зерттеу өте қиын. Сонымен қатар, МДБ-лардың тұлғалық қасиеттер әлі қалыптаспаған, тұрақсыз. Сол үшін ересектердің тесттер балалардың психодиагностикасында қолдануға болмайды. Балалық психодиагностика жобалық тесттердің арнайы варианттарды қолданады. Мысалы эксперттердің әдісі, мұнда эксперт болып ересек адам болады, ол баланы өте жақсы танитын болу керек.

Бұл әдістеме баланың жетістікке жету мативінің даму деңгейін бағалауға керек. Мотив (себеп) ретінде баланың әртүрлі ситуацияларда әрекеттерде, әсіресе оған қызықты, маңызды, баланың белсенді талпынуын айтамыз.

Жетістіктерге жетуге талпынуы баладағы ерекше қажеттілікке байланысты және осы қажеттілікпен функцианалдық және генетикалық байланысты тұлғалық жеке қасиеттерден- талап деңгейі, өзін-өзі бағалау, күдік, өзіне сенімділік және т.б.

Жетістіктерге жету қажеттілігі тума болмайды, ол мектепке дейінгі балалық шақта пайда болып, қалыптасады. Мектепке барғанға дейін бұл тұлғаның тұрақты қасиеті болады. 5-6 жаста осы қажеттіліктің даму дәрежесі бойынша балалардың жеке айырмашылығы өте үлкен болу мүмкін. Бұл айырмашылықтардан баланың тұлға ретінде дамуы тәуелді.

Әдістеме 26. « Суретті еске сақтап, қайта сал ».

Балаға бірінен кейін бірін екі сурет көрсетеді (1 минуттан)

Экспозиция уақыттық ішінде бала суретті есіне сақтап, қайта салу керек (өлшемдері сақталу керек). Салған суреттер талдаудан өткізіліп ұпайлармен бағаланады. Баланың жетістікке жету қажеттілігінің дамуының сандық көрсеткішін алу талдау нәтижелері болып есептелінеді. Екі суретті салып жинаған ұпайлары осы қажеттіліктің көрсеткіші болады.