Ақыл — ойдың дамуының психологиялық — педагогикалық диагностикасы. Ақыл – ой деңгейіне әсер етуші факторлар. Қарастырылатын мәселелер

Адамның ақылы туралы біз өте аз білеміз. Соңғы жылдары ғана ғылымның қарқынды дамуының арқасында ақыл- ой мен психикаға байланысты зерттеулердің арқасында біз білімнің негізгі бөлігіне қол жеткіздік. Мысалы,IQ идеясы(ақыл- ойдың коэфициенті) ақыл- ойдың жан-жақты табиғатына сәйкес екенін білеміз. Бұл әдістеме ой қабілеттерінің белгілі бір ғана бөлігін, мәдени ортада, белгілі бір мақсатпен өлшейді. Қысқасы, ол әдістеме тілмен , логикамен, акамубен, академиялық біліммен байланысты «солдық – жартышарлық» функцияларды өлшейді , және ол интеллекттің қызығушылық қабілеттермен байланысты функцияларды өлшейді.

Интеллекттің бірнеше түрлері бар және олар өздерін әртүрлі әдістермен көрсетеді. Академиялық « милық » интеллектуал IQ жоғары деңгейімен, мысалыға, әлеуметтік мағынада мүлдем дамымаған болуы мүмкін яғни спорт, музыка, пометикалық ойлау т.б. қабілеттері жоқ болуы мүмкін. Кейбір он жасар бала,басқа ақыл- ой коэфициенті жоғары үлкен адамдарға қарағанда, өмірлік жағдайларда тез шешім қабылдауы мүмкін.

Көптеген психологтар интеллектті тума фактор етіп қарастырады. Интеллектті көздің түсі мен адамның бойы сияқты нәрселерді болжауға болады деп сенеді. Израильдік психолог доктор Ройвен Фойерштайн басқалармен қатар адамның миының функциясын кез- келген жаста жетілдіруге болатынын айтқан.

Егер біз интеллекттің түрлі анықтамаларын қарастыратын болсақ , онда ақылдың даму шегі туралы ой – пікірлер әртүрлі болып келетіні заңдылық. Барлық нәрсеге қол жеткізуге болады деген тұжырымдама дұрыс емес шығар, бірақ сіздің өз миыңыздың іске асырылмаған үлкен потенциялын меңгеруіңізге болады. Бұл нәрсені оптимизм деп айтуға болады.

Интеллект коэффициенті генетикалық факторлардың ең тәуелдісі ретінде білім беру саласында , коммерциялық іс-әрекеттерде және Батыстың барлық ресми жүйелерінде үлкен роль атқарады. Ол біздің өмірімізге жан-жақты ықпал етеді. Бірақ бұндай көзқарас маңызды шектеулерге тап болады және коммуникация қабілетіне , яғни әлеуметтік интеллектке негізгі зейін аудармайды.

Интеллекттің әр түрі адам үшін мәдениеттен немесе қоршаған ортаның тіке байланысынан тыс өзінің құндылығына ие болады. Мысалы, көптеген үйде отыратын әйелдер немесе көп балалы аналар бірден пайда болған бірнеше тапсырмаларды ойдағыдай шеше алады. Керісінше, бұл тапсырмаларды әлдеқайда ақылды адамдар, әсіресе еркектер, орындай алмайды. Интеллекттің әр түрінің құндылығы өзіңіздің өміріңіздегі ең маңызды нәрсеге тәуелді.

Ең басты, мақсатқа жету үшін дұрыс құрал таба білу . Интеллекттің түрін қалай ажырата аламыз, егер эксперттердің өздері бір шешімге келе алмай отыр? Оқытушы ма, оқушы ма? Жұмысқа қабылдаушы немесе кәсіпорын жұмысшысы ма? Студент немесе емтихан қабылдаушы ма? Менеджер – маман немесе тәуелсіз антерпренер? Интервьюер немесе интервью алушы ма? Ата – аналардан төмен интеллектуалды деңгейді алатын болсақ , онда біз не істеуіміз керек?

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп сіз интеллект туралы өзіңіздің тұжырымдамаңызға келесіз.

  • Сіз үшін « интеллект » ұғымы не білдіреді?
  • Сіздің табыстарыңызға, келешегіңізге ықпал ететін адамдар үшін – жұмыс берушіге, клиенттеріңізге, достарыңызға, мұғалімдеріңізге осы ұғым нені білдіреді.?
  • Егер сіз интеллектіңізді дамытсаңыз , қандай жетістіктерге жетуіңізді қалайсыз , кім болғыңыз келеді?
  • Интеллекттің қай түрлерін сіз бағалайсыз , ой іс-әрекеттердің қай саласында жетістіктерге жетуіңізді қалайсыз?
  • Жаңа жетілдірілген интеллектпен сіздің өміріңізде не өзгеруі мүмкін?
  • Өз интеллект потенциалды іске асырып , өмір сүру үшін сіздің қызығушылығыңыз неде?

Ақылдың дамуы қайта оқуды қажет етеді. Біз бәріміз әдетке беріліп , өзіміздің өмірімізді өзгертуге асықпаймыз , бұл өзгеріс жақсы өмірге әкелсе де. Ең қиыны — өзіңіздің тума интеллектті қабылдап әртүрлі формада оны қолдану. Егер сізге нейрохирургиялық операциялық жасалынбаған болса , онда « аппарат » және сіздің миыңыздың ресурстары аденваттық түрде жауап береді. Бұл нейрофизиологияның мәселесі. Егер миды дұрыс пайдаланбасақ, онда адамның миы атрофияға тап болады. Бұл нәрсе мәдени және әлеуметтік жағдайлардың ықпалымен болады. Осы кезде « қайта оқу » іске кіріседі, әсіресе бұл төмен өзі-өзін бағалауға қатысты. Барлық керек емес нәрселерден босатылып, сіз өз миыңызды дамытып, өзіңіздің потенциялыңызды ашасыз.

Интеллекттің әртүрлі типтері кейбір жалпы ережелерді талап етеді.

  1. Интеллектті өзгермейтін нәрсе деп қабылдауға болмайды. Әртүрлі жолдармен әртүрлі дәрежеде сіз оны жақсы жаққа қарай өзгертіп жаңа статус алуға мүмкін.
  2. Интеллект деңгейі сіздің өміріңізге , жұмысыңызға , қоғамдық және жанұялық қарым – қатынастарға ықпал етеді. Егер сіз интеллектті дамытсаңыз , оны айналадағылардың бәрі байқайды.
  3. Интеллект түрлері арасында абсолюттық шек қою мүмкін емес. Олар өзара тәуелді және белсенді. Интеллекттің барлық жағының бірегейлілігі – адам табиғатының терең тұлғалық көрінісі.

Кейбір анықтамалар.

Қабілеттерден өзгеше , жеке тәжірибе көмегімен пайда болған тума қасиеттер.

Британ энциклопедиясы.

Қабілеттерден өзгеше , оқу процесі барысында пайда болған тума қасиет.

Герберт Спенсер

Жалпы тума танымдық қабілеттер.

Сирил Берт

Ойдағыдай іс-әрекет жасау қабілеттілік , қоршаған ортаға қатысты тиімді әрекеттену және рационалды ойлай білу.

Д. Векслер

Интеллект – бағдарламалы түрде емес (шығармашылық түрде) проблемаларды шешу қабілеттілігі.

Стивен Дж. Тулд

Абстрактың ойлауға қабілеттілігі.

Л.У. Терман

Жоғары интеллекттің белгісі – сана-сезімінде, екі қарама – қарсы идеяны бір уақытта ұстап қалу қабілеттілігі және сол кезде әрекет жасау қабілеттілігі.

Ф.Скотт Фитцджеральд

Қоршаған ортаға байланысты , ситуацияға жауап беретін адекватты әдісті табу қабілеттілігі.

Роберт Франклин

Интеллект – жаңа проблеммаларын шешу үшін керекті білім алу қабілеттілігі; проблеманы шешетін интеллект деңгейі жылдамдылықпен өлшенеді.

Дональд Штерпер

Интеллект неге негізделген , неден құралады , оған мінездің қандай қасиеттері кіреді ?

Интеллект неден құралады ?

Бұл сұрақты шешу үшін көптеген принциптер бар. Британ психологтары Сирил Берт пен К.Е. Сперман бірінші орынға екі негізгі принципті қояды : біріншіден , интеллект біреулік өлшенетін объект , екіншіден , ол тума және өзгермейді. Чикаго университетінің психологы Л.Л.Тёрстон олармен келіспейді , жеті біріншілік ой қабілеттердің бәрін айтады.

  • сөйлеуді түсіну ;
  • сөйлеу қабілеттілігі ;
  • санауға қабілеттілігі ;
  • айналаны қабылдау ;
  • ассоциативті жады ;
  • қабылдау жылдамдылығы ;
  • логикалық ойлау .
  1. Интеллектің анық еместігі.

Психолог Джой П. Гилфорд 120-дан астам ой қабілеттерді анықтаған. Ал Гарвардтың психологы зерттеушісі Стивен Дж.Гулд интеллектті адекваттық өлшеуге болмайды дейді. Терстон 7 , ал Гилфорд 120 ой қабілеттіліктің анықтауларының өзі ақылдың негізгі қасиеттерінің нақты шеңберінің бары фантазияның нәтижесі деген фактты білдіреді. Интеллект анықталмаған болып қала береді.

1990 ж. Джон Б. Кэррол 70-тен астам әртүрлі қабілеттердің тізімін ұсынған. Оларды IQ-ға тест көмегімен анықтауға болады.

Көпшіліктің көзқарасы.

1994 ж. Wall Street Journal-да басылған 52 жетекші психологтың пікірін ұсынамыз :

– Интеллект жалпы ой қабілеттілік болып жасайды. Ол өзіне логикалық ойлауға, жоспарлауға , проблемаларды шешуге , абстракттық ойлауға , қиын идеяларды қабылдауға , тез білім алуға , тәжірибе негізінде білім алуға қабілеттіліктерден құралады.

– Интеллект IQ-ға тест көмегімен өлшенуі мүмкін. Вербальдық емес тесттер тек нақты қабілеттер тілмен байланысып тұрмаса ғана қолданылады.

– IQ-ға тесттер мәдени қалыптаспаған.

– Басқа өлшеу жүйелерге қарағанда IQ білім саласымен тығыз байланысты , экономикалық жағдайлармен , іс-әрекет түрлерімен және әлеуметтік ортамен. Сонымен қатар IQ-ға тесттер өлшеудің маңызды шкаласы болып табылады.

–Тума фактор қоршаған ортаға қарағанда интеллекттің құрылысына маңызды роль атқарады , бірақ орта қатты ықпал етеді.

– Тұлғалар IQ көрсеткіштен туылмайды , ол жастық шақта тұрақталып , кейін өзгеріске аздап тап болады.

Ешбір адам интеллекттің бір нақты анықтамасын бере алмайды.

  1. Ой деңгейін көтеру.

Ой-да стандартты , негізделген түрдегі тест болмайды. Сондықтан тестілеудің техникалық тәсілдерін меңгеріп алудың қажеті шамалы. Алайда эмоционалдық ақыл-ой өлшенетініне немесе өлшенбейтініне қарамастан жақсаруы мүмкін. Бұл жерде мынау маңыздырақ : эмоционалдық ақыл-ойдың (интеллект) өзгеруі сіздің бүкіл өміріңізге едәуір түрде ықпал етуі мүмкін.

Дэниел Гоулмэн өзінің әйгілі «эмоционалдық ақыл-ой» кітабында эмоционалдық ақыл-ойдың бес негізгі қасиетін сипаттайды. Олар эмоционалдық ақыл-ой ұғымын енгізген Мейер мен Салоуэй анықтаған бес « басымдыққа » негізделген. Олар:

– өз эмоцияларын білу;

– өз эмоцияларын басқару;

– өзінің бастапқы себептерін анықтау;

– өзге адамдардың эмоцияларын білу;

– өзара қарым-қатынастарды басқару;

Тұтастай бұл Говард Гарнердің классификациясы бойынша көп жақты ақыл–ойдың екі құрамдас бөлігі болып келетін ішкі және тұлғааралық ақыл–ой категорияларына сәйкес келеді. Алайда эмоционалдық ақыл–ойда өз эмоцияларын қарапайым түрде ұғынумен қатар оны басқару да болады. Бұл өз кезегінде тұлғаның ішкі ақыл– ойының маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады. ( Эмоционалдық сана–сезім ) Ол ерекше принципиалды маңызы бар дағды ретіндегі өзіндік жеке себептерден де тұрады.

Эмоционалдық ақыл–ойдың өзге элементтері де өте жиі пайдаланылады. Сондықтан ендігі сөз солар жайында болмақ. Олар :

  • стрессті жою ;
  • импульстерді бақылау ;
  • көңіл–күйді басқару ;

Стрессті жою.

Стресс, жұмыста, үйде және әлеуметтік жағдайларда ауыртпалықтарды сезініп жүрген қазіргі заманғы адамның көбірек тараған ауруы болып отыр. Шапшаң технологиялық даму, бәсекелестікпен байланысты болып келетін күнделікті қысым мен эмоционалдық ауыртпалық , жұмыстың тұрақсыздығы , ұйымдардың құрылым келбетінің әрдайым өзгеріп тұруы, өзгерістердің тұтастай үздіксіз кезекпе–кезек болуы – міне осының бәрі елеулі роль ойнайды. Көптеген кітап осы мәселе жайында жазылғандықтан қажетті кеңестерді тауып алу оншалықты қиын емес. « Стресске шыдамдылық » – бұл ерекше бір зиян көрмей–ақ қолайсыз жағдайлар мен стресстік жағдайларға төтеп беру қабілеті. Бұл дегеніміз стресстен оң әсер ала отырып, оны оңтайлы басқаруды білдіреді. Бұл мынаны білдіреді :

  • Стресстің сізге зиян тигізбестен бұрын оны жеңілдету мен жоюдың жолдарын іздестіру қорларына ие болу.
  • Тіптен жарақат алу секілді келеңсіз жағдайларға тап бола отырып, жұмыста, үйде және жеке өмірде тиімділікті сақтай білу.
  • Әрдайым « су бетінде қалқып тұру »
  • Өмірдегі қиындылықтарды жеңе білу қабілетіне ие болу.
  • Жеке өміріңізде стресстік жағдай қалай пайда болатынын ұғынып алу, және де оларды жоюды үйреніп олардың сізге әсерін реттеп тұру.
  • ЭГО қуаты немесе « эмоционалдық жинақылық » дегеннің болуы.
  • Өзгерістерде міндетті болуы тиіс құбылыс ретінде қабылдау, олардың сіздің өміріңізге әсерін игілікке қолдануды үйрену.

EQ-дың осы аспектісінің жоғары деңгейі, сіздің қиындықтармен бетпе–бет кездесіп, қуатты эмоциялардың өзіңізді жеңіп кетуіне мүмкіндік бермейді. Сіздің ақыл-ойыңыздың баға жетпес бұл қасиеті өмірлік тәжірибе барысында дамуы мүмкін. Қазіргі аумалы – төкпелі кезеңде мұндай қасиеттер жұмыста да отбасылық өмірде де аса қажет болады. Өзгерістер – бұл біздің көпшілігіміз үшін өмір шарты, ал олардың келтірер қысымы – болмай қоймайтын құбылыс.

Алайда, адамдардың стресске қалай жауап беретіні мен оның сол адамдар өміріне қалайша ықпал етуінің арасында едәуір айырмашылық бар. Бір адам үшін стресстік жағдай ретінде қабылданатын әсер өзге біреу үшін – рақаттанудың көзі, әсерлердіңалуан түрлілігі ретінде болуы мүмкін. Кейбір адамдар стресстік жағдайлар мен соған сәйкес мінез құлықты қажетсінумен болады. Біреулердің стресс жағдайында тасы өрге домалап , олардың жетістіктері тек сырттан жасалған қысымның әсері арқасында пайда болады.

Ақыл-ойдың осы аспектісі жоғары дәрежеде дамыған адамдар өмірдің қым-қуат тіршілігінен туындаған шиеленіскен жағдайдан қутыла біледі._

Олар өздеріне бағытталған ауыр соққыларды алаңсыз тосып алады. Олар жағдайды үнемі бақылауда ұстайды. Олар төмен қарай құлдырап құлағанымен , көп жатып қалмайды. Стресстің әсерін толық дәрежеде сезіне отырып (кейде олар өзгелерден гөрі ауыртпалықтарды көбірек қабылдайды). Олар өздерін толық күйреуге дейін жеткізбейді.

« Бұл – мен бе? » деп өзіңізге сұрақ қоя отырып , өзіңіздің стресстік жағдайға деген әсеріңізді тексеріп көріңіз. Сізге мынадай сұрақтар көмектесе алады.

– Сіз қолайсыз жағдайларға шыдай аласыз ба?

  • Сіз түсіп кеткен көңіл – күйіңізді тиімді түрде басқара аласыз ба?
  • Сіз өзіңізге артық ауыртпалықтарды болдырмай өмір сүре аласыз ба?
  • Сіз белгісіздік факторы үлкен роль ойнайтын жаңа жағдайға жақсы бейімдей аласыз ба?
  • Сіз жанжалды болдырмау үшін, өзіңіздің ашуыңызды баса аласыз ба?
  • Сіз әдеттегідей түнде жақсы ұйықтай аласыз ба?
  • Сіз стресстік қысымның өскенін сезе тұрып , өзіңіздің келіспейтініңізді айтпастан өзіңізді тежеп жүруге қабілеттісіз бе?
  • Сіз өзіңізді ашындырып жіберетін, күнделікті түрде жиі қайталанып тұратын құбылыстарға қалайша бейімделе аласыз ?
  • Достарыңызбен әріптестеріңіз сізге өзіңіздің ашу-ызаңызды тежей алатыныңызды айта ала ма ? Ал сіздің отбасыңыздың мүшелері де осыны айта ала ма?
  • Сіз өзгелердің өкпе-ренішін қабылдай аласыз ба?

Стресс – бұл біздің ішкі дүниемізде болып жататын бір құбылыс, оның тек сыртқы жағдайлар мен өмірдегі оқиғаларға қатысы болмайды. Бұл біз адамдардың бірдей жағдайларға қалайша әртүрлі жауап беретінін бақылағанда ғана айқын бола бастайды. Бұл жауап ойлаудың, әдеттің , қөзқарастардың , құндылықтар мен тұлғаның ішкі интеллектісінің компоненттеріне байланысты болып келеді. Біз стрессті оның тұрақты түрде бар екендігі мен келеңсіз әсерін сезінгеннен бастап басқаруға кірісе аламыз. Содан соң оны мақсат қою мен құндылықтарды бағалау жүйесіне енгізу қажет.

Көңіл – күйді басқару.

Эмоционалдық даму тыныштық сақтау қабілетінің болуын немесе ызаны, құлазуды немесе алаңдаушылықты болдырмауды көздейді. Демек, бұл өзіңізді эмоцияның жетегінен жібермеу дегенді білдіреді. Эмоцияналдық дамудың төмен денгейіндегі адамдар әрдайым жайбарақатсыздық пен өкініш сезімдеріне бейім болады. Ал жағымсыз сезімдерге берілмегендер өмірде көбірек табыстарға қол жеткізеді. Өз сезімдеріңді басқару – бұл өз эмоцияңды түсінуге негізделетін қабілет. Міне осылайша сана-сезім эмоционалдық интеллектінің шешуші сәтіне айналады.

Эмоцияны білдіру және оны басу.

Эмоцияны басқару дегеніміз сезімдерді бөлу дегенді білдірмейді. Мұндай басу психоаналитиктерге бай азық бере алады, алайда ол «емделушінің» асқан ақылдылығының көрінісі бола алмайды. Аристотель былай деген: «Әрбір адам ашулана алады – бұл оп-оңай. Алайда соған лайықты адамға , қажетті дәрежеде, және уақытында , ізгі мақсат үшін және лайықты түрде ашулану – бұл оңай шаруа емес ». Бірақ эмоцияларды басқару дегеніміз оларды үздіксіз білдіру дегенді білдірмейді. Мәселен «арқаға жасырып қою» деген сөз кейбір жекелеген жағдайларға сәйкес келгенімен , оның эмоционалдық интеллектінің көрінісі болуы екіталай. Керісінше көпшілік жағдайларда кері қауіпті эмоцияларды жасыруға тырысу түбінде жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Сезімдерді мүлдем басқаша түрде басқару қажет. Кейбіреулер ашу–ызадан арылу үшін, оны ашық түрде білдіру қажет дейді. Алайда тәжірибелер мен бақылаулар көрсеткендей , егер де сіз ашу–ызаға ерік берсеңіз , онда ол мұны күшейте түседі. Денені босаңсыту , медитация , терең тыныс алу, керек болса жай қарапайым онға дейін санау дағдылары тиімді әрі саналы эмоционалдарда да эмоциялар әмірші мен қожайын ретінде емес, қызметші ретінде пайдалы. Кейбір эмоционалдық жауаптар интенсивті болса да бір сәтте болады. Өзгелері көп жылдық әдетке ауысып, біздің кәдуілгі көңіл-күйіміз бен себептерімізді айқындайды. Көңіл-күй жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жақсы әрі қуат беруші көңіл-күй толыққанды өмір сүруге көмектеседі. Құлазыған көңіл-күй мен себептердің жетіспеушілігінің бізге тек қана зиянды әсері болуы мүмкін. Көңіл-күй бізге қалауымызға қол жеткізуге көмектесуі немесе керісінше кедергі келтіруі мүмкін. Ренішке де уақыт бар – үрей немесе жек көру үшін де орын табылуы мүмкін.

Өзінің сезімін өте әдемі білдіре алатын, бірақ оны басқара алмайтын үш жасар баланың даму деңгейі мен эмоциясын бақылауды сақтай отырып , өзіндік бір эмоционалдық жануар ретінде соған бола қалуға негіз жоқ. Интеллект адам психикасының осындай алғашқы міндетті қасиеттерін түсінуден, басқарудан және бақылаудан тұрады.

EQ-дың кең тараған анықтамасы әдеттегі өзіндік эмоциялардан тұрады. Мәселен олар «оптимизм» , «табандылық» , немесе «жылылық сезім» секілді жеке бастың қасиеттері бола алады. Жалпылама түрде , EQ жеке адамның JQ-ға қатысы жоқ параметрлерін сипаттайды, ал мұндай параметрлер өте көп. Мәселен Майер оң эмоциялардың бар болуын міндетті деп есептемейді. Ол адам депрессия жағдайында бола тұрса да, ( бұл адамның табиғи жағдайы, ол әрбір адамда бола береді.)

эмоционалдық интеллектінің жоғары деңгейін сақтай алады деп жауап береді. Ол (яғни еркек немесе әйел) өз жағдайының себептерін өте жақсы түсіне алады, ал өзін-өзі терең түсіну мен дамыған танымдылық қабілеттердің болуына қарай мұндай адамның ауыр психологиялық жағдайдан шығып кетуге мүмкіндігі болады. Осындай жағдайда өз қажетін дәл білу өте маңызды болып табылады. Біз өз ақыл-есімізді мақсатты қойып оған жету үшін пайдаланамыз. Соның ішінде оны «кері» эмоциялардан арылу үшін де пайдаланамыз (эмоцияларды бағалау әрқашан да оларды басынан кешіргендердің көзқарасы тұрғысынан жүргізіледі) – нәтижеде сіздің интеллектіңіздің сапасы артады әрі өсе түседі.

Өзіндік себептерді (мотивацияларды) анықтау.

Егер де сіз көңіл-күйді жинақтауға өз іс-әрекетіңіздің себептерін құруға және дағдыларды дамытуға, қол жеткізуге тырысып , шығарда өз мақсатыңызды қызметке қойсаңыз – ол жұмыстың қажетті бөлігі болып табылады. Өзін-өзі эмоционалдық тұрғыдан бақылау рахаттануды кейінге қалдыру мен артық сезімді (импульсивтілікті) тежеу қабілетінің болуын білдіреді, осыған орай кез келген жетістіктер баянды болып келеді. Ол сізге жағдайларға соңғы мақсат көзқарасы тұрғысынан қарауға мүмкіндік беретін, сізде қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге себептің болуына жағдай жасауы немесе кедергі болуы мүмкін. Яғни ол қабілет алға қойылған міндетті сәтті түрде шешу үшін ең лайықты болып табылатын эмоционалдық жағдайда болады. Осындай қасиеті бар адамдар әдеттегідей жоғары өнімділікке ие болып , іс-әрекеттің кез-келген түрін тиімді түрде жүзеге асыра алады. Эмоционалдың интеллектінің бұл ерекшелігі жоғарыда сөз болған жеке бастың ішкі интеллектісінің даму деңгейімен тығыз байланысты.

Өзін-өзі бақылау өзінің көңіл-күйін басқарудың амалы ретінде.

Сіз өзіңізге өзіңіздің көңіл-күйіңізді басқаруға дайындығыңыздың дәрежесін ұғынуға көмектесетін мынадай келесі сұрақтарды қойыңыз.

  • Сізге келеңсіз жағдайға, ауыр тәжірибені түсіндіруге деген көзқарасыңызды өзгерту қаншалықты оңайға түспек?
  • Сіз бас тартуды реттей аласыз ба?

— Сіз өмірде оның жарық жағын көре білуге бейімсіз бе?

-Сіз келеңсіз жағдайларға жақсы қарсы тұра аласыз ба?

– Сізді қоршаған адамдар сізді жақсы адам деп айта ала ма?

  • Сіз бұлттардың арасынан күнді ажырата аласыз ба?
  • Сіз көпшілігінде өз өміріңізге ризасыз ба?
  • Сіз өзіңізді бақыттымын деп айта аласыз ба?

— Сіз өзіңізге және өзгелерге жақсы сезімде бола аласыз ба?

–Сіздің өміріңіздің қазіргі сәтінде ермек болар бір нәрсе бар ма?

  • Сізге өзіңіздің оң (жақсы) сезімдеріңізді білдіру қаншалықты оңай?

— Сізді қоршаған адамдар сіз туралы өмірлік қуаты толы адам деп айта ала ма?

Көңіл-күйді басқару, Ой деңгейін тексеруге ұқсас емес. Мұнда дұрыс және дұрыс емес жауаптар жоқ. Эмоционалдық интеллект өмірлік мақсаттарға қолдану контексінде қабылданады. Мұндай жағдайларға қарай батыл түрде әрекет ете білу мен қойылған мақсаттың мүддесіне қарай әрекет ете білу қабілеті «ақылдың» көрінісі ретінде есептеледі. Сондай-ақ эмоционалдық жағдайды бақылау эмоционалдық интеллектінің өзіндік жеке параметрі ретінде оқшаулана алмайды. Кейбір адамдар өз ашу ызасын бақылауда ұстай алғанымен, өз үрейін ұстай алмайды. Басқалары тіптен қуана білмейді және т.б. Бұл жағдайда адамның жеке басының ерекшеліктері мен нақты жағдайларға қарай әрбір эмоция жайлы жеке әңгіме еткен дұрыс. Асқақтықтың шегі ретінде біздің нақты жағдайға және сол нақты сәтке қатысты эмоцияларды анықтап және бақылауға алу қабілетімізді айтуға болады.

Біздің эмоционалдық интеллектіміздің дамуы екінші кезектегі міндет ретінде көрінуі мүмкін, алайда шын мәнінде тұлғаның осы жағы біздің бүкіл өмірімізге маңызды түрде жиі әсер етеді.

Эмоционалдық интеллект деңгейін өлшеуге арналған ешқандай да бір сәттік «он бір жылдық» тест жоқ. Автомобильді жүргізуді үйренгендегідей , біз бір уақытта бір-екі жағдайды өз назарымыздың шегінде ұстап отыра аламыз. Біз эмоционалдық дағдыларға кезең кезеңімен асықпастан үйренеміз, бірақ өз көңіл-күйімізді бақылау шеберлігіне қол жеткізу – осы саладағы ең маңызды міндеттердің бірі. Және де бұл процесс сіздің оқып, ойлана бастауыңыздан басталады.