Ресейдегі революцияға дейінгі психодиагностика. Психодиагностиканың қазіргі жағдайы

  1. Жаңа кеңес мектебінің қалыптасу жағдайында педагогикалық процеске психологиялық – педагогикалық диагностика қажет болды. РСФСР Наркомпростың «Педагогикалық жұмысының мақсаты мен жағдайы туралы» ( 7 мамыр,1933ж) мәжілісінің шешімінде педагогикалық диагностика мен психологияның әрі қарай даму жолдары белгіленген болатын. Бұл қаулыда мектептегі педагогика үшін аса маңызды психологиялық қызметінің негізгі мәселелері анықталған. Біріншісі, үйрету табиғаты(мәнісі), оның құрылымы, механизмі және факторы, оларды басқару нәтижесінде әртүрлі іс- қимылдарға үйретудің белгіленген режимінің құрылуы мүмкін. Екінші мәселе- индивидтің қалыптасуы; адам онтогенезінің заңдылықтарын анықтау.

Бұл қаулымен төмендегі мақсаттар анықталған:

  1. Білім беру мен тәрбие жұмысының сапасын жоғарылату мақсатында, сапалы тәртіпті нығайту үшін оқушыларды зерттеу.
  2. Қиын балалармен жұмыс жүргізу.
  3. Педагогтарды, вожатыйларды, атааналарды педалогия негіздерімен таныстыру жұмысы.
  4. Үгітнасихат жұмысы.

Диагностикалық әрекетті жалпы бастауыш оқыту жағдайында оқутәрбие процесін ұйымдастыруға педологтардың қатысуымен тығыз байланыстыру керек. «Зерттеу» мәселесін шешу үшін педологтар тәжірибесі жоқ адам да қолдана алып және оны мұғалімге өткізу мүмкін болатын оқыту әдісін негіздеу керек еді. Бастауыш сыныптағы оқушылардың оқуға дайындығы және ақыл есі даму деңгейінің негізінде комплектация жасауын қамтамасыз етуінде, дәрістерді рационализациялау үшін практикалық іс- шараларға қатысуында, жас ерекшелігіне сәйкес, оқу жұмысына талдау – жасауында педологияның басқа мәселелері тұрған.

2.ЦК ВКП(Б)- ның қаулысы «Оқу бағдарламалары және бастауыш пен орта мектебінің режимі туралы» ( 25авг. 1932ж) бір жағынан мектеп мамандарынан әр оқушыны зерттеуді талап еткен, екінші жағынан – түрлі қиын схемаларды,есептердің формаларына тиым салған. Бұл педологтарды оқу- тәрбиелік мекемелердің өтініштері бойынша қиын балаларды зерттеудің эпизодикалық диагностикалық- коррекциялық жұмысына дейінгі оқу- тәрбиелік процесіне қатысуды шектейді.

Сонымен, Наркомпрос педологтардың оқу процесіне қатысуды қамтамасыз ету үшін барлық педологиялық қызметтің күшін салып, олардың құрылымын жетілдірген.

Педологиялық қызметтің үш деңгейлік құрылымы төмендегідей түрде болған:

а) РСФСР Наркомпростың құрамындағы мекеме аралық педологиялық комиссия мен педологиялық топ түріндегі негізгі институт

б) ОБЛОНО, ГОРОНО, РОНО құрамындағы педологиялық көмектің ғылыми-әдістемелік орталықтары болып саналатын педологиялық кабинеттер мен лабораториялар.

в) Педологтың немесе мектеп комиссиясының ұяшықтың, бригаданың мектептің педологиялық бөлімінің жұмысы.

Жалпы басқару барысында негізгі мәселе жергілікті педологиялық қызметтің педология бойынша жаңа әдебиеттерді алуды, нұсқаулар, тесттерді, баланың ішкі дүниесін әсерлейтін әдістемелерді алуды көздейді. Педологиялық кабинеттер негізінен аудандық, қалалық, ауылдық бірлестіктерде жұмысын жүргізді. Олар мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, мұғалімдерге, ата-аналарға және баларға негізгі ғылыми-әдістемелік және консультациялық орталықтар ретінде көмек берді.

Педологиялық кабинеттің жұмысы үш бағыт бойынша құрылған:

1) Профилактикалық, интеллекттің бұзылуын уақытылы анықтау мақсатында, оқушылар мен ата-аналарда педологиялық культураның қалыптасу мақсатында баланың жан-жақты дамуының зерттеуіне бағытталған.

2) Диагностикалық, балалар дамуының ерекшеліктерін зерттеуіне бағытталған, кейбір ауытқуларына, солардың себебін анықтауына бағытталған.

3) Коррекциялық жұмыс диагностикалық жұмыстан шығып анықталған ауытқуларының педагогикалық коррекциясын көздеген.

Аудандық педологиялық кабинеттердің жұмысының негізгі бағыты балалардың мектепке дайындығының деңгейін анықтау болып табылады.

Уақытша жұмыс топтар мамандар болмауынан қиындықтарға тап болды.

1924-25 оқу жылдарында кейбір жоғары оқу орындарының оқу жоспарына экспериментальдық педагогиканың және психологияның, рефлексологияның курстары кіргізілген болатын. Ал 1927-28 оқу жылдарында педология барлық педогогикалық оқу орындарының оқу жоспарына кіретін болған.

  1. Педологиялық съезд өткізілді , « Педология » журналы шығарылды , мектеп педологтардың дайындау проблемасы шешіле басталды. Педологтың мамандығын 4 педогогикалық жоғары оқу орында , 10 педтехникумда , 2 наркоматта және ғылыми – зерттеу центрлерде алуға мүмкін еді.

1967 жылы Берлинде өткізілген халықаралық конферениядан кейін неформалдық тесттер дами бастады. Осы кезде педогогикалық әдебиетте педогогикалық диагностика деген термин пайда болды. Бұл ұғымды 1968 жылы К.Ингенкамп деген неміс педагог ұсынған еді (бір ғылыми проект барысында медициналық диагностикалық аналогиясы бойынша) Бұл кездейсоқ емес. 1970 жылы неміс тілінде сөйлейтіндердің барлығында 122 тест пен анкета болды. Анкеталар оқу үлгерімін , балалардың мектепке дайындығын , ақыл қабілетін , мамандық алуға жарамдылығын , шоғырлану қабілеттілігін анықтады. Бұл тесттер жоғарыда аталған салаларда , эксперименттік мектептерде қолданылды. Екінші сатыдағы мектептерде , гимназияларда тесттер өте сирек қолданылды. Сонымен қатар объективтік әдістер оқыту процесін зерттеу жұмысында өте сәтті қолданылды.

1980 ж. Мектептерге арналған тест пен анкеталардың саны 222 көтерілді, бірақ қолдану жиілігі төмен түсіп кетті. Өйткені тест жүйесі сынға алынды және бастауыш мектептерде балалар саны азайып кетті. 1970 жылдарында жалпы мектептерде ориентациялық сатыларда әдіс ретінде диагностикалық анкеталар қолданылды. Бірақ олар кең өріс алалмады. Отандық педагогикалық әдебиетте «педагогикалық диагностика» ұғымын А.С.Белкин ( 1970 ), А.И.Кочетов( 1981), Н.К.Голубев( 1988), В.П.Беспалько( 1989), Б.П.Битинас пен Л.И.Катаева( 1993), В.Г.Максимов ( 1993) және т.б. зерттеген. Соңғы жылдары әртүрлі мамандықтардың мұғалімдерінің диагностикалық іс- әрекетінің ерекшеліктеріне арналған, мектептегі информациялық – диагностикалық орталықтарға мұғалімдерді кәсіби- диагностикалық әрекеттеріне оқу – тәрбиелік процестің диагностикасымен болжамдарына арналған теоретикалық және әдістемелік жұмыстар пайда болған. Бүгінгі таңда негізгі бағыттар болып басқару диагностикасы мен өзіндік диагностика есептелінеді. Педагогиканың теоретикалық функциясын сипаттау барысында В.А. Сластенин екінші деңгейін анықтады диагностикалық (1997), И.П.Подласый «Педагогика» оқулығында студенттерге даму, оқыту, тәрбие алу диагностика туралы оқу материалын ұсынған.( 2000ж). Педагогикалық диагностика жаңа бағыт ретінде тиянақты зерттеуді талап етеді. Қазіргі кезеңдегі оның барысын, маңызын, мазмұнын, әдістерін, ерекшеліктерін және жағдайларын анықтау негізгі мақсаты болып табылады. Қазіргі педагогикалық диагностиканың мақсаттарымен қатар нағыз дидактикалық, мектептегі оқу тәрбие процесінің оптимизациясына бағытталған, педагогикалық кадрларды дайындау процесін және кәсіби куәліктерін беру процесін реттеуіне арналған мақсаттар анықталған.

  1. Психодиагностиканың жағдайы(мәселелері) және олардың шешілуі.

Қазіргі таңда психодиагностика ғылыми және практикалық психологиялық білімнің жеке саласы болып бөлінді. Көптеген психодиагностикалық әдістемелер пайда болып, тез арада көбейіп кетті. Математика мен физиканың қазіргі әдістері, электрондық психодиагностиканың құралдары яғни ЭВМ кеңінен қолданылуда.Көптеген елдерде, мысалы АҚШ та, Германияда көптеген ғылыми және практикалық баспаларда жүйелі түрде психологиялық әдістерді сипаттаған. Соңғы жылдары мұндай әрекеттер Ресейде де жасалынған. Бірақ оның ешқандай тұжырымдамасы мен ғылыми негізі жоқ еді. Бұл жағдайда тұжырымдама дегеніміз негізделген , психодиагностикалық әдістемелердің классификациялау негізіне салынған жүйе. Ғылыми негіз ретінде психодиагностикалық әдістер , олардың ауқаттылығын , күшті және әлсіз жақтарын айтамыз. Баспаларда шығатын әдістемелер ешқандай керек мәліметтермен толықтырылмаған.

Бұл формальдық талап емес. Көптеген психодиагностикалық әдістемелер белгілі психологтармен баспаға шығарылған болса да, жоғарыда аталған талаптарға сай келмейді.

Педагогикалық іс – әрекетте өзінің мақсаттары, мазмұны, формасы, әдістері және нәтижелері бар.

Педагогикалық диагностика мұғалімнің кәсіби жұмысының бір бөлігі ретінде мектепке дейінгі, бастауыш сыныптағы оқушыны,жеткіншекті және жоғары сыныптағы оқушыны , оның дамып жатқан жеке тұлғасын зерттейді.

Сондықтан кәсіби диагностикалық жұмыстың практикасы мен теориясын білем деушілер жеке тұлға ұғымының қазіргі түсінігімен таныс болу керек. Социологиялық , психологиялық зерттеу ешқандай өзінің педагогикалық талдауын ауыстыра алмайды. Кешендік зерттеу тұлғаны зерттеу барысында әлеуметтік , психологиялық және педагогикалық зерттеудің бірлігін қамтамасыз етеді. Жүелілік жағынан педагогика тұлғаны жүйелі ұйымдастырудың спецификалық денгейін басқа ғылымдардың адам туралы алынған нәтижелері мен біргелікте қарастырады. Тұлға дегеніміз үнемі өзгеріп дамитын жүйе , ол белгілі әлеуметтік түрде қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы саналы өзін – өзі басқаруына қабілетінің дамуымен ғана сипатталып қоймайды, ол керекті тәртібін қамтамасыз ететін сәйкес мотивацияны қалыптастырумен сипатталады. Мотивация (себеп) ішкі конфликттерді жеңіп шығуды қамтамасыз етеді. Адам тұлға болып тек өзінің тәртібі мен іс – әрекетін басқаруға қабілетті ететін психологиялық дамуының денгейіне жеткен кезде ғана қалыптасады. (Л.И.Божович)

Психикалық іс-әрекеттің дамуы динамикалық пен тұрақсыздан тұрақтыға қарай жүреді. Сыртқы әсерлер психикалық процестер мен жағдайларды тұрақты қасиеттерге айналдырады. Жағдайлардың фонында психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттері пайда болады. Қасиеттер белсенділіктің белгілі бір адамға қатысты тұрақты және орнықты денгейін сипаттайды. Бұл денгей тұлғаның әлеуметтік құндылығын анықтайды және оның әрі қарай дамуына субъективтік жағдай жасайды. Қалыптасқан жүйе ситуациялық әсерлер мен өзгерістердің тәртіптің егеменділігін қамтамасыз етеді. Бұл егеменділік тұлғаның анықтығы мен жетілуінің көрсеткіші болып табылады.(А.Г.Ковалев).

Педагогикада оқушы тұлғасын талдаудың негізгі бағыттары анықталған:

  1. Кішкентай кезіндегі баланы тәрбиелеу бірыңғай процесс болып табылады.Ал оқушы тұлғасының қалыптасуы, тәрбиелеу функцияларының(стимулдық, іс әрекетінің сәйкестігімен, тәрбиелеу процесінің бөліктерінің біртұтастығымен, В.С.Ильин) жүзеге асуымен қамтамасыз етіледі.
  2. Тұлғаның қалыптасуындағы даму, тәрбиелеу, оқу потенциалы.(Ю.К.Бабанский, В.В.Давыдов, А.А.Кирсанов, И.Я.Лернер,М.И.Махмутов және т.б.). Оқу іс -әрекеті жеке белсенділіктің спецификалық формасы ретінде тұлғаны өзгертуге бағытталған. Мысалы, оқу процесінде өнегелік сана- сезім дамиды,ал танылатын ортаның дамуы, нормалық өнегеліліктің талаптары туралы спецификалық балалық көзқарасының қалыптасуына әкеледі.

3.Оқушының басқалармен араласу қарым- қатынасы субьектінің болу процесі ретінде. Оқушының тәртібі араласу субьектісі ретінде әлеуметтік жағдайларды анықтайды. Оның негізгісі- «Мен» деген бейне. Оның негізін тұлғаның өзін- өзі сыйлауы құрайды. Әлеуметтік жағдайларға: қарым- қатынас жағдайы, басқа адамға бағытталған жағдай, эмпатияға дайындық яғни жанашырлыққа, мейірімділікке және т.б.(А.В.Мудрин).

4.Оқушы тұлғасының өзін-өзі тәрбиелеуі. Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның белсенділігімен анықталады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі тұлғаның дамуының ең жоғарғы формасында. Оқушының өзін-өзі тәрбиелеу мазмұнын жігерлілік пен өнегелік, жаман қасиеттерді жеңу.(А.А.Арет, А.Г.Ковалев,Л.И.Рувинский және т.б.).

5.Түлғаның тәртібі мен дамуындағы ауытқуларды жеңу.

Қиын балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесінің негізгі өлшемі тұлғаның белсенділігімен бағытталуы, жетекші іс-әрекеттерге көзқарасы, жеке психологиялық ерекшеліктер мен қасиеттер болып табылады. Тәрбиесінің ауытқулары бар балалар – қиын тәрбиеленетін балалар, заң бұзушы жасөспірімдер және кәмелетке толмаған қылмыскерлер.(М.А.Алемаскин, А.С.Белкин, И.А.Невский, Б.Ф.Райский және т.б.).

Қорытынды:

  1. Тұлғаның тәртібі мен іс- әрекетінің негізгі факторы- әлеуметтілік болып саналады.
  2. Тұлға деп қарым-қатынасы өзінше ретімен дамитын жүйені айтамыз.
  3. Тұлғаның қалыптасуы- бірыңғайлық үрдіс.

Сонымен тұлға дегеніміз- қоғамның әлеуметтік дамуының нәтижесі және әлеуметтік сапасы болып табылады. Тұлғаның әлеуметтілігі көп жоспарлы болып саналады.Әлеуметтік сапа ретінде тұлға тәрбиеленеді. Педагогикалық ұғым ретінде тұлға өзінше іс-жүзіне асатын, өзінше дамитын қарым- қатынастардың жүйесі болып саналады. Бұл жүйе тұрақты құрылымның(білім алу, жағдай, сапа) динамикалық бірегейліктің біртұтастығын құрайды.

Тұлғаның жеке дамуы оның сапалық жағдайларының кезекті ауысымында көрсетілген бөліктердің тұрақтылығының дамуы болып саналады. Бұл адамның даму деңгейінің динамикасының психосоматикалық бағыттың зерттеу нәтижелерімен расталады. Жеке сана-сезімнің қалыптасуы оның онтогенетикалық дамуының процесінде кезекті деңгейлерімен іске асырылады. Тұлға сана-сезімі деңгейлерінің ауысымының кезектілігін А.А.Меграбен төмендегідей көрсеткен:

1.Сенсорно-процептивтік;

2.Ойлау – логикалық;

3.Практикалық іс- әрекеттерін және қимылдау функцияларын меңгеру деңгейі;

4.Витальдық(өмірлік) құштарлықты меңгеруінің деңгейі;

5.Тәртіптің сана- сезімдік өзін – өзі басқарудың деңгейі;

Өмірдің әр кезеңінде адам әртүрлі қиындықтарды басынан өткізеді. Әр кезеңде тұлға белгілі бір қиын құбылысты меңгереді. Бірінші деңгейде сезімнің жинақы еместігінің құбылысын бағындырады. Екінші деңгейде ойлау танудың сезімдік көлемінің шектеулігін жеңіп шығады. Үшінші деңгейде-өзінің қызыққан нәрселерінің қиын құбылысын меңгереді, аффектілері мен құмарлықтарының құбылыстарын меңгеріп, оларды жылудың көзіне айналдырады. Төртінші деңгейде-сана-сезім мен тәртібінің зоологиялық жекешелендірудің белгілерін жеңіп шығады, ой өнегеліктің шыңына көтеріледі. Тұлғаны тәрбиелеу жүйке жұмысының физиологиялық көзқарасы тұрғысынан қарағанда динамикалық стереотиптер тұрақты жүйені құру болып есептелінеді.(И.С.Марьенко). Бас миының қабығының қасиеті болып саналатын жаңа әсерлерді қабылдау және байланыстарды құру, бұзу тенденциясы немесе бұрынғы байланыстарды қайта құрайды. Сонымен қатар ескі динамикалық стереотип тұрақтылықты меңгерген, сондықтан қайта құруға қарсы тұрады.