Психодиагностиканың ғылыми — теориялық негіздері

  1. Психодиагностика — психологиялық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық психологияның негізгі формасы болып табылады. Практикалық психология адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін жасауы және қолданылуымен байланысты. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Сондықтан, психодиагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер,яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Әртүрлі қасиеттерді зерттеуден ғылыми психодиагностиканың диагностикалық қорытындыға өту үшін белгілі бір әдістерді, тесттерді, эксперттік шкалаларды қолдануды талап етеді. Сондықтан, психодиагностиканың негізгі түсініктеріне диагностикалық қасиеттер және диагностикалық категорияларды жатқызамыз. Қасиеттерді зерттеп, тіркеуге болады. Ал категориялар негізгі зерттеуден жасырын, олар латентті (латентные переменные) болып келеді. Психодиагностиканың қиындығы қасиеттер мен категориялардың арасында қатаң байланыстың жоқтығында. Бір қорытынды жасау үшін бір қасиеттің өзі жетіспейді, ол үшін бірнеше қасиетті тесттер арқылы талдау жасау керек. Психодиагностикадағы тест деп, біз сыналатын адамға көрсететін бірнеше стандарттық қысқа сындарды айтамыз. Тесттік тапсырмалар сыналатын адамның әртүрлі жасырын факторларды анықтауға көмектеседі. Осы қысқа сынаулардың нәтижелері өлшенетін фактордың деңгейін көрсетеді. Сонымен «психодиагностика» ұғымы- психологиялық тестпен тығыз байланысты. Психологиялық тесттен басқа эксперттік(клиникалық) психодиагностикалық әдістер қолданылады.Стандарттық сандық тесттер бір топ адамдар туралы қысқа уақытта мәліметтер алу үшін және қатаң альтернативті шешім қабылдау үшін керек.( мысалы: жұмысқа қабылдау- қабылдамау, демалыс беру немесе кезектікке қою).Бұл тесттер әртүрлі әдістемелік қателерді болдырмайды. Эксперттік әдістерді көбінесе тәжірибелі мамандар психологтар қолданады. Олар белгілі бір адамның бірден — бір өмірлік жағдайына енуді көздейді, бірақ бұған ұзақ уақыт талап етеді. Бұл әдістердің тиімділігі психолог диагносттың өзі психологиялық көмек көрсетіп, психокоррекцияны, психотерапияны, тренинг және психологиялық араласудың басқа түрлерін пайдаланғандығында. Психологиялық диагноз -бір ғана сөзден тұрмайды, кең мағынада жүйелі түрде болады. Қазіргі психодиагностикада психологиялық диагноз — ауруды анықтамайды, сонымен қатар психологиялық ауруларға болжам жасамайды. Психодиагноз кез — келген сау адамға қойылып, сонымен қатар психикалық қасиеттердің комплекстік бейнесін береді,- қабілеттілігін, стилін және адамның өзіне байланысты себептерін, Мысалы,бір адамда бір уақытта бірден бірнеше қабілеттер анықталады: креативтік дамуының жоғары деңгейі, вербальдық(ауызша) интеллекттің орташа деңгейі, социалдық табысқа жетуінің негізі, себептердің негізінде зейінді концентрациялау қабілеттілігінің төмен деңгейі. Белгілі бір адамның кейбір қасиеттері мен қабілеттері кейбір жағдайларда өзара конфликтке ұшырап, әртүрлі қимылдарға итермелеуі мүмкін. Психодиагностиканың мақсаты — адамның қайсы психикалық қасиеттері өзара қайшылықтарға ұшырағанын анықтау. Бүл ішкі конфликтті шешуге көмектеседі.Психодиагностикада норма деген ұғымның үлкен маңызы бар. Норманың екі түрі болады: статистикалық және социокультуралық. Бірінші түрі- стильдік және мотивациялық қасиеттерді бағалау үшін пайдаланады. Екіншісі — қабілеттерді және жетістіктерді бағалау үшін. Статистикалық норма — өлшенетін қасиеттің орта диапазоны.

Социокультуралық норма — қоғамда қажет қасиеттің деңгейі.

Барлық жағдайда ғылыми және практикалық психодиагностика өзіне тән бірнеше міндеттерді шешеді. Олар мыналар:

1.Адамдағы белгілі бір психологиялық сапалар мен мінез — құлық ерекшеліктерінің бастамасын анықтау.

2.Бұл сапаның даму деңгейін анықтау, оның белгілі бір сапалық және сандық көрсеткіштерінде көрініс табуын анықтау.

3.Қажет болған жағдайда адамның (мінез- құлық) диагностикаланған мінез құлық және психологиялық ерекшеліктерін сипаттау.

4.Әр түрлі адамдардағы бұл сапалардың даму деңгейін салыстыру.

  1. Практикалық психодиагностикада бұл міндеттердің барлығы бөлек — бөлек шешіледі немесе жүргізілетін зерттеулердің мақсатына байланысты комплексті түрде шешілуі мүмкін. Барлық жағдайда нәтижелерді сапалы сипаттаудан басқа, сандық талдау әдістерін меңгеру де талап етіледі. Сонымен психодиагностика арнайы дайындықты талап ететін психологтың кәсіби қызметінің күрделі аймағы болып табылады. Психолог диагносттың(меңгеруге тиісті болған дағды мен икемділік,білімнің жиынтығы) меңгеруіне тиісті барлық білімдер жиынтығы, дағды мен икемділіктері соншалықты аумақты,ал білім, дағды мен икемділіктері соншалықты күрделі, психодиагностика психолог кәсібіндегі арнайы сапа ретінде қарастырылады. Шынында да, мысалы, АҚШ- та практикалық психологтарды дайындау XIX – ғасырдың соңынан бастап жүргізіліп келеді, бұл жерде мамандарды арнайы екі жылдық факультетте жоғары психологиялық, қосымша педагогикалық салада дайындайды.Бұл факультет түлектері мынадай кәсіптердің бірін меңгеріп шығады: психодиагностика, психологиялық консультация және психокоррекция(түзету). Бұл жерде дипломдарының артықшылығы оларға практикалық психодиагностикамен де шұғылдануға құқық береді. Әрине, бүл салаларда психодиагностика бірінші орында тұр. Психологияның бұл саласынсыз бірде бір психолог маманы жұмыс істей алмайды. Кәсіби дайындықта мамандарды іріктеу практикалық психологтар арасындағы еңбекті іріктеумен сәйкес келеді. Олардың біріпсиходиагностикамен айналысса, екіншілері психологиялық кеңес берумен шұғылданады, ал үшіншілері психологиялық коррекциямен айналысады. Әсіресе, психодиагностика аумағында мұндай еңбектің нақты бөлінуі мен өз сапасын терең меңгеру кәсіби біліктіліктің ең жоғарғы деңгейіне жетуіне көмектеседі. Психодиагностикадағы кәсіби қателіктердің салдарынан эксперименталды нәтижелермен қатар, консультациялық, психокоррекциялық жұмыстар да жоққа шығарылады. Осыған орай психодиагностқа және оның психодиагностикалық әдістеріне бірнеше қатаң талаптар қойылады. Психодиагносттың ғылыми білімдері қолданылатын психодиагностикалық әдістер мен соған негізделіп жасалынатын нәтижелердің анализі мен интерпретацияларына негізделіп жинақталады. Егер де мысалы, мұндай әдістерге проективті тұлғалық тесттер жататын болса, оларды кәсіби және дұрыс қолдану қажет. Егер де бұл тесттер адамның тұлғалық белгілерін бағалау мен өлшейтін болса, онда оларды кәсіби тұрғыдан қолдану үшін тұлға белгілерінің жалпы психологиялық теорияларын білу қажет. Тек қана әдістердің бір бөлігін меңгеру психодиагностикадағы кәсіби жұмысқа жеткіліксіз болып табылады. Психодиагностикадағы ғылыми жалпы білім негізін білмеу, өте үлкен қателіктерге әкелуі мүмкін. Мысалы, әйгілі Миннесоталық көпфакторлы тұлғалық сауалнама( қысқ. — МКТС) әртүрлі психологиялық ауытқулары бар адамдарды іріктеу барысында тіркеліп, реттелініп жасалынды, іс — тәжірибеде бұл әдістеме тұлғаның клиникалық диагностикасында жиі қолданылады яғни адамды медициналық тұрғыдан нормадан ауытқу дәрежесін анықтау мақсатында қолданылады. Бірақта бұл ерекшеліктер тесттің өзінде жоқ кәсіби тұрғыдан дайындалмаған адам бұл тестті жалпы психологиялық тұлғалық тест деп қабылдап, оны адамның кез — келген сапаларының деңгейін анықтауға көмектеседі деп ойлауы мүмкін. Осыған орай, бұл тестті адамның кәсіби жарамдылығын яғни басқарушылық қабілетін анықтауға пайдалану идеясы туындап отыр. Басқарушылар мен бұл орынға үміттенушілер тобын зерттеу үшін ММРІ тесті қолданылады, алынған нәтижелері нормамен салыстырылады, егерде нормадан ауытқыса немесе нормада болатын болса, сонда зерттелінуші адамның кәсіби жарамдылығы туралы қорытынды жасалынады. Негізінен кәсіби психодиагностқа қойылатын негізгі талап — бұл адамдардың сенімінен шыға білу, адамдарды өзіне тарта білу және жауаптарының шынайы болуына қол жеткізу.
  2. Арнайы теориялық білімсіз практикалық психодиагнстиканың жоғарғы деңгейге көтерілуі мүмкін емес. Біріншіден, психодиагностикалық тесттердің көпшілігі бланкілік әдістемелер болып табылады,яғни адамның санасына қатысты бірнеше сұрақтар жинағын құрайды. Егер де зерттелінуші психологиялық тұрғыдан ашылып, психологқа сенім білдірмесе, онда берілетін сұрақтарға шынайы жауап бермейді. Келесі талаптың бірі – психодиагностикалық әдістер мен оларды дұрыс қолдану жағдайы туралы білімдерді нақты меңгеру болып табылады. Бұл талапқа көбіне көңіл бөлмейді, әдістерді терең меңгеру мен оның апробацияларына назар аудармайды. Көбіне кәсіби психологтар жаңа тесттерді қолдану кезінде оларды меңгеру мен кәсіби деңгейде өткізуі үшін апталап, айлап қарқынды түрде жұмыс істеуге тура келеді. Негізгі талаптардың ішінен валидтілікті, бірізділікті, дәлдікті, беріктілікті атап кетуге болады. Психодиагностикалық мақсатта белгілі бір тәжірибелік әдістемені қолдану үшін психолог таңдалған әдістеменің қандай талаптарға жауап беретінін білуі тиіс. Мұндай ұғымдар жинағынсыз психолог жұмыс бағдарын меңгере алмайды
  3. Психодиагностиканың әдістемелік негіздері.

Психодиагностика практикалық психологияның бағыты ғана емес, ол теориялық пән болып табылады. Теориялық пән ретінде психодиогностика адамның ішкі дүниесін сипаттайтын тұрақты және тұрақсыз шамалармен жұмыс істейді. Бұл шамаларды анықтап,сипаттап, тіркеу үшін фактілерді қорытындылап, анализдің теориялық жұмысы жүргізіледі. Осы фактілер арнаулы әдістерімен тексерілетін теориялық құрылымдары мен гипотезалардың негізін құрайды. Сондықтан психодиогностика бір жағынан теориялық құрылымдарын тексеру әдісі , екінші жағынан абстрактық теориядан жылжу әдісі болып табылады. Мысалы, жеке тұлғаны зерттеу барысында тұлғаның қорғау механизмдері деген ұғымға көп жүгінген. Теориялық диагностикамен айналысатын психологтар үшін мына сұрақтар қызықтыруы мүмкін.

  1. Қорғау механизмдері адамның іс — қимылдары фактілерінің деңгейінде

қалай көрінеді.

  1. Қалай, қандай әдістермен оларды тіркеу керек.

Теориялық психодиагностика жалпы психологияның мәліметтерін пайдаланады.( оның салаларының, психометриканың, психологиялық білімді пайдаланып практиканың мәліметтерін ) т.б.

Психодиагностика психологияның негізгі әдістеріне сүенеді:

  1. Кескіндеу принципі( қоршаған дүниенің адекваттық кескіндеу адамға оның іс қимылдарының тиімді регуляциясын қамтамасыз етеді).
  2. Даму принципі(психикалық құбылыстардың пайда болу жағдайын зерттеуге бағытталған жобалау(ориентация), олардың өзгеруінің тенденциясы,сол өзгеруінің сапалық және сандық мінездемелерінің тенденциялары).
  3. Құбылыс пен мәннің диалектикалық байланысының принципі ( осы философиялық категориялардың өзара қамтамасыз етілуі )
  4. Іс-қимылдарының және сананың бірлік принципі (сана мен психика адам іс-қимылдарында қалыптасады).

Психологтың осы салада жинаған нәтижесі психологиялық информацияны алудың әдістері болып табылады. Ол әдістерді өзінің әріптестеріне беру мүмкіншілігі бар.

Психодиагностикалық методика – шешілген психологиялық есеп. Бұл есепте психологиялық информацияны алудың әдістері бар , әртүрлі варианттары , сол варианттардың мәні. Психологияда көптеген әдістер өзінің авторларының есімімен аталған – Роршахтың тесті, Розенцвейгтің тесті , Вартеннің тесті , Косстың кубиктері , Равенттің тесті және т.б.

  1. Компьютерлік психодиагностика.

Экспериментальды психодиагностикалық әдістердің дамуында психодиагностикалық хабар алудың стимуляциясын тіркеуде және өңдеуде техникалық құралдар негізгі орын алады. Компьютерді қолдану практикалық психодиагностика тұрғысынан қарағанда бірнеше тиімділіктерге қол жеткізеді:

  1. Дәстүрлі психодиагностикалық эксперименттің ескішіл тәсілдерін жеделдету (автоматизациялау). Оларға зерттелетін адамның жауаптарын тіркеу , хаттама жүргізу , нәтижелерді шығарып беру және т.б. жатады. Мұндай жеделдетудің арқасында психодиагностиканың стандарттық деңгейі жоғарылайды , диагностикалық мәліметтерді алудың жылдамдығы мен нақтылығы жоғарылайды.
  2. Көпшілік психодиагностикалық зерттеуде қысқа мерзімде өткізу.
  3. Психодиагностикалық зерттеулердің жаңа түрлерін реализациялау :

жаңа стимулдарды генерирация өткізу мүмкіншілігі;

стимулдық жүйелікті ұйымдастыру;

зерттелетіндердің реакция параметрлерін тіркеу;

психодиагностикалық әдістемелерін копьютер ойындары ретінде бейнелеу;

статикалық стимулдарды (мәтіндерді, суреттерді) жылжымалы динамикалық объектілерге өзгерту және т.б.

  1. Психодиагностикадағы жаңа бейнелерді ажырата білу, алгоритімдердің жаңа түрін шығару, жасанды интелекттердің әдістерін шығару.

Жоғарыда аталған тиімділіктер тек қана компьютерлік технологияларды қолданғанда пайда болады. Компьютерлік зерттеулерді барлық жағынан жақсы деп айтуға болмайды. Зерттелетін адамда компьютермен жұмыс істегенде «психологиялық тосқауыл» эффекті пайда болуы мүмкін. Сондықтан психологиялық зерттеулердің жеделдетілген жүйесі ресстандартизациядан өту керек.

Компьютерлік психодиагностиканың дамуының үш негізгі бағытын анықтауға болады.

  1. Психодиагностикалық мәліметтердің даму базасын құру;
  2. Психодиагностикалық информация анализінің тиімді әдістерін құру;
  3. Интеллектуалдық психодиагностикалық жүйесін құру;

Психодиагностикалық мәліметтердің базасы:

Мәліметтер базасының негізгі мақсаты информацияны қайталауды эою және әртүрлі информацияның ішкі түсінігін информациялау болып табылады. Біріншіден, мәліметтер базалары шексіз информацияны және мәліметтерді жинап, сақтауды мүмкіншілік береді. Екіншіден, мәліметтер базалары зерттелетін контингенттердің статистикалық мінездемелерінің оперативті анықтауларды жүргізуге мүмкіншілік береді.

Психодиагностикалық мәліметтердің анализінің компьютерлік әдістері.

Мәліметтердің компьютерлік анализі информацияны шығарудың әдістерінің жиынтығынан тұратын кең сала.

Қазіргі заманның компьютерлері психодиагностикалық информацияның күрделі құрылымын толық есепке алады.

Интеллектуалдық психодиагностикалық жүйелер.

Қазіргі компьютерлер бағдарламашылардың негізгі еңбегін өздері атқарып, басқа салаларды да тиімдін. Бұл бағыт жасанды интеллектті зерттеу негізінде 80-жылдары пайда болған. Бұл бағыттың аты интеллектуалдық жүйелердің өндірісі. Интеллектуалдық жүйелер интеллектуалдық есептерді шешуге арналған. Олар мәтінді түсініп құрастыру есептерін табиғи түрде шешіп тіл түсінуімен синтезі, бейнелеудің анализі, синтезі және өңдеуі болып табылады.

Мысалы отандық нұсқау 17ЛФ интеллектуалдық психодиагностикалық жүйе. Ол алдыңғы 16РҒ Р.Кеттелдің тестінен көптеген модернизациялауымен көзге түседі. Мұнда :

  1. Оригиналдық әдістің пункттері нақтыланған.
  2. Тесттің толық психометриялық бейімделуі атқарылған.
  3. Шкалалардың мықтылығы жоғарылаған.
  4. Кері байланыстың көмегімен зерттелетіннің стратегиясын меңгеру әдістері қолданылады.

Қорытынды.

Психодиагностика іс жүзінде қолданатын психология ғылымы ретінде әдістемелік қамтамасыз етілуден басқа психодиагносттың зерттелетін адаммен әр түрлі психодиагностикалық жағдайларда қарым-қатынас жасайды, зерттеулердің нәтижелерін тіркеу технологиясын, зерттеулер негізінде диагностикалық қорытынды жасалады. Клиентке нәтижелер туралы кері байланыс туғызады, диагностқа деген талаппен мамандық-этикалық стандарттар көрсетіледі. Сонымен мамандықты жете білуді, мамандық құпиясын сақтау және мамандар еместерді психодиагностикалық әдістерге жолатпау, алынған мәліметтерді құпия түрде сақтау талап етіледі.