Туризм саласы экономикасын басқару жолдары

Туризм — демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.

Туризм халық шаруашылығында дербес сала екені айқын және бұл экономикалық құбылыс болып есептелінеді.

Туризм экономикасында алғашқыда «экономика» термині екі мағынада қаралды:

  1. Халық шаруашылығы және оған материалдық өндіріс саласын және өндіріс емес саланы қосқанда;
  2. Ғылыми пән ретінде қарау, оған елдің халық шаруашылығын және кейбір өлкелерін, сонымен қатар жеке секторлар мен өнеркәсіптің кейбір шарттары мен элементтерін зерттейді.

Туризм экономикасына экономикалық қатынастарды зерттейтін ілім ретінде қарау қажет. Туризм саласы өнеркәсіп үрдістері арасындағы пайда болуы мен дамуын, туристік өнімдер мен қызметті бөлу және пайдалану, сөйтіп тұтынушының сұранымын қанағаттандыру болып табылады.

Туризм экономикасы қазіргі ғылыми пән ретінде қаралып, экономикалық қатынастардың салалар арасындағы аспектілерді зерттеп қана қоймайды, сонымен қатар өндірісте болатын құбылыстар мен үрдістерді, туристік өнімдерді пайдалану мен алмастыруын қалыптастырады, сонымен қатар ішкі және сыртқы нарықта қызмет етеді.

Қазіргі қалыптасқан туризм экономикасы туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза деп қарауымыз қажет. Онда көптеген жекеменшік пен жұмыс істейтін субъектілер бар. Осы уақытқа дейін туризм шаруашылық саласы немесе салааралық кешен деген тақырыпта дискуссия жүріп жатыр.

Күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза өз кезегінде басқа салалардың дамуына ықпал етеді:

  • жекелеген экономикалық субъектіге (микроэкономика);
  • жалпы ұлттық экономикаға (макроэкономика);
  • ұлттық немесе халықшаруашылығының кейбір салаларына (мезоэкономика);
  • тұтастай әлемдік экономикаға (метаэкономика).

Қазіргі заманда туризмді және туристік өнімдерді өндіруді ұлттық экономикадан тыс өмір сүруші немесе дамушы, өз бетінше дамиды деп қарауға болмайды. Шынайы шаруашылық өмірде салалық өндірістік ұжымдастыруға сүйенеді, экономикалық түрлі салаларын қамти отырып, туризм оларды бір-бірімен байланыстырады. Транспортты ауылшаруашылығын, бір жағынан құрылысты, сонымен қатар туризмге қажетті құралдарды және өндірістің техникалық жағдайын ұсынады, былайша айтқанда туризмнің техникалық – материалдық жағдайын қалыптастырады, екінші жағынан өндірілген туристік өнімдерді тұтынушыға жеткізеді.

Түрлі салалардың бір-бірімен қатынаста болуының нәтижесінде көпсалалы функционалды туристік кешен пайда болады, өзі өндірген туристік өнімдер мен экономика салаларының өндірген туристік өнімдері, тауарлары, қызметі және сатуды бірлесіп атқарады.

Бүкіл ұлттық экономика тікелей немесе жанама түрде туристік кешеннің қызмет атқаруына қатысады, бірақ туристік табыстан түскен үлесті қазіргі заман құралдарымен дәл оның шекарасын ажырата алмайсың [1].

Саланың өсу кезеңі кейбір сыртқы күштердің бір дәрежеде әсер етуі кәсіпорынның 4 кезеңдік өсуден өтетінін квалификациялайды. Жалпы сырттан әсер ететін күштерді бақыламайды, дегенмен кейбір жағдайларда сыртқы күштің әсері болатынын жоққа шығармайды.

Саланың өсу кезеңі уақытында неше көлемде сатқаны, қаржының айналымы және жалпы өнеркәсіптің пайдасымен сипатталынады.

Саланың 4 кезеңдегі өсуіне келесідегідей сипаттама келтіруге болады:

  1. Туу. Бұл кезеңде сала жақында ғана пайда болған топтардың тұтынушыларға қажетті жаңа тауарлар мен қамтамасыз ете алмауынан жаңа технологиямен жасалған немесе оны бұрын тұтынушы пайдаланбаған тауарлармен қанағаттандыра алмауынан пайда болды. Осы кезеңнің ерекшілігі жаңа технологиямен өзгертілумен жаңа тұтынушыны белсене іздеуінен нарықта тез өзгерген ұсыныстармен сипатталады.
  2. Өсу. Бұл кезеңде сала өніміне көптеген сатып алушылардан сұраныс көп болады. Бәсекелестер арасында «табысты тоқаштан»үлестерін молырақ алып қалуға күрес жүргізеді. Өсу кезеңінде сатып алушылар үлес пен жаңа технологиялар жайында мәліметті көп біледі, ал саласына кіруге ұмтылған «ойыншылар» қиын жағдайда болады. Сату көлемі ұлғаяды, табыс көбейеді, оның көлемі тез өседі. Дегенмен бұл кезеңде нақты ақша ағымы теріс болуы мүмкін.
  3. Қартаю. Бұл кезеңде сатып алушылардың өнімге деген сұранысы, қызығушылығы азаяды, немесе сапалы жаңа өнімдер ескілерді ығыстырады, тұтынушылар басқа өнімге басымдық береді, болмаса көзқарасы өзгереді.

Саланың бір саладан екіншісіне өтерде абсолютті айқындайтын ереже болмайды. Жаңадан пайда болған сала (мысалы электронды өлшеу аппаратын өндіру) тез өсімімен және нарықтағы тұрақсыз өлшемімен ерекшеленеді. Жаңа өсіп келе жатқан сала (мысалы микрокомпьютерлерді өндіру) жылдам өсімімен, рыноктағы тұрақтылығымен және жүйеленген технологиямен сипатталады. Сонымен қатар, жаңадан пайда болған салаға нарыққа енуде кедергіде кездеседі [2]. Кемелденген салада ( мысалы шойын өнеркәсібі) рынокта тұрақты өлшемімен ерекшеленеді, үлесі де тұрақты, технологиясы да өзгермейді.

Әлем елдерінде өнеркәсіп саласындағы өсу темпіне қарағанда қызмет көрсету саласындағы өсім 2 есе артық. Соңғы бірнеше онжылдықта барлық елдерде экономика құрылымында терең өзгерістер болды.

Өнеркәсіпте жұмыс істеу нәтижесінде пайдалану және бөлісу үшін өнім пайда болады. Қоғамда тұтынушы үшін күрделі қозғалу жүйесі қалыптасады. Туристік қызмет көрсету саласында да басқа сфералар сияқты бөлісу басталды. Әдетте олар тура жүйе арқылы «өндіруші – пайдаланушы» немесе делдал арқылы іске асады. Қандай жағдай болса да, тұтынушының мұқтажын өтейтін мекеме болады.

Мекемелер өзінің өлшемімен, орналасуымен диверсификация дәрежесімен және интеграциясымен, ерекше сипаттамасымен ерекшеленеді. Оларжеке тұлғаның меншігінде болуы мүмкін, оның әрекеті табыс табатын не таппайтын мекеме болып табылады.

Мекеме нарықта құқықты дербес және тәуелсіз шаруашылық мекемесі болып жұмыс істейді, сөйтіп ол не өндіреді, қалай өндіреді, тапқан пайдасын қалай пайдаланатынын өзі шешеді. Егер мекеме коммерциялық болса, онда оның өмір сүруі сатқан өнімі мен оған жұмсалған шығындардың айырмасыарқылы қамтамасыз етіледі.

Туристік кешенді басқаруды ұйымдастырудың микроэкономикалық деңгейін туризм индустриясында жұмыс істейтін түрлі кәсіпорындар ұсынады.

Туристік кәсіпорындар – бұл ұйымдастыру-шаруашылық бірлігі, туристерге қызмет көрсетуді дайындау, орындау және ұсынуды жүзеге асыру үшін барлық қажетті өндірістік қаражаттарды, басқарудың барлық әдістерін пайдалана отырып жүзеге асырады.

Туризм экономикасы жалпы экономикалық теория мен микро және макроэкономикалық талдауға сүйенеді.

Мекеменің микроортасы табиғи экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және саяси факторлардың әскерінен қалыптасады. Мысалы Ресейдегі әлеуметтік саяси және экономикалық жағдай ел ішіндегі және сыртқы саяхаттауға халықты итермеледі. Интернет желісінің пайда болуы туризм индустриясында серіктестік қатынастарды өзгертіп жіберді. Макроэкономика экономиканы біртұтас ретінде зерттейді. Ол берілген сұрақтарға жауап береді, адамдарды толық жұмыспен қамтуды және экономикалық өсуді, жалпы бағаның өсу деңгейін көрсетеді. Тұрақты экономикалық өсуді жұмыспен толық қамту, инфляция деңгейін төмендету макроэкономикалық мәселеге жатады.

Бұл мәселеде Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне жататын жалпы ішкі өнімнің көлемін анықтауымыз қажет.

Бұл туризм саласы бойынша Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімді талдап, оның ішінде туризмнен түскен табыстың үлесін анықтауға болады.

1-диаграмма.

Диаграмма бойынша ЖІӨ 2005 жылы 7590,6 млрд. теңгені құраса, 2006 жылы 10213,7 млрд. теңгені, 2007 жылы 12849,8 млрд. теңгені, 2008 жылы 16052,9 млрд. теңге және 2009 жылы 17 007,6 млрд. теңгені құрап отыр. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2005 жылы 501,1 мың теңге, 2006 жылы 667,2 мың теңге, 2007 жылы 829,9 мың теңге, 2008 жылы 1 024,2 мың теңгені және 2009 жылы 1 070,4 мың теңге болды. Бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп келеді.

Мемлекетіміз табыстың көп бөлігін шикізатты сату арқылы табыс тауып отырғанымызды түсінуіміз керек. Енді келесі диаграммада Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің ішіндегі туризм саласы экономикасынан түскен үлесін қарастыруға болады. Ол үшін келесі диаграмма бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм саласынан түскен жалпы табысты көреміз.

2-диаграмма.

Екінші диаграммадан көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасындағы туризм саласынан түскен жалпы 2005 жылы 131,6 млрд. теңгені құраса, 2006 жылы 180,1 млрд. теңгені, 2007 жылы 211,8 млрд. теңгені, 2008 жылы 224,9 млрд. теңге және 2009 жылы 239,5 млрд. теңгені құрап отыр. Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің ішіндегі туризм саласы экономикасынан түскен үлесі 2007 жылы 1,6 пайыз, 2008 жылы 1,4 пайыз, 2009 жылы 1,41 пайызды құраған. Бұл әрине туристік мүмкіншілігі бар біздің мемлекет үшін төменгі көрсеткіш.

Жергілікті басқару органдарының қызметін мына төмендегіше жүзеге асыру қажет:

  • әлеуметтік туризмнің дамуының жергілікті бағдарламаларын жоспарлау мен жүзеге асыруда территориалдық туристік ұйымдармен әріптестікте;
  • жергілікті туристік ресурстарды экономикалық жағынан тұрақты пайдалану;
  • жергілікті бағыттар, туристік клубтар, балалар туристік станциялары мен саяхат және экскурсиялар бюросын;
  • туризм индустриясы ұйымдарындағы халықтың жұмыспен қамтылу саласын кеңейту;
  • мәдени және табиғи мұраны қалпына келтіру мен қорғау, туризмнің жергілікті инфрақұрылымын жақсарту мен дамыту, туристерге тартымды орындар құру.