Ж.Баласағұни, М.Қашқари, А.Жүйнеки, К.А. Яссауилардың педагогикалық ойлары

Х – ХІІ ғғ Амудария мен Сырдарияның төменгі асғысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқариға дейінгі кең өлкеде екі ғасыр бойына түрік тайпаларының Қарахан мемлекеті өмір сүрді. (Астанасы Баласағұн қаласы). Алғашқы феодалдық түрік мемілекетінде эканомикалық, әлеуметтік, саяси мәдени, ғылым- білім мәселелері жақсы жолға қоиылған еді.

Ж. Баласағұнидің “Құдатқу білік” атты шығармасы. Бұл дидактикалық және этикалық жанрда жазылған шығарма. “Құдатғу білік” – түркі сөздері. Мұндағы “Құдатғу білік” сөзі “құт , бақыт, құтты” деген мағынаны, екіншісі – “білік” яғни “білім”, “кітап” деген мағынаны білдіреді. Олай болса “Құдатғу білік” қазақша “Құтты білік”, “білімді, құтайтушы кітап” немесе “бақытқа жету ғылымы” деуге болады. Дастан 85 тараудан, 6645 өлең жолынан тұрады. Шығарма оқтиғсына қатысатын төрт кейіпкер төрт қисеттің (әділет, дәулет, парасат, қанағат) иесі болып табылады да, осы төртеудің асасырдағы бақыт туралы сөздің жартысы диалогқа құрылған. Шығарма көшпелі қазақтарда айтыс жанрының тууы жайында да қызықты деректер береді.

1072 – 1074 жж. “Диуан лұғат ат түрік”, сондай – ақ Жамал Қарши (1230 – 1305) “Мулкамат ел Сұрах” атты кітаптар жазған. “Құдатқу білік” авторы Жүсіптің туып өсіп, тәрбие алған жері — Баласағұн қаласы. Ол қазіргі Шу өзенінің бойындағы Тоқмақ қаласынан онша қашық емес, кейініректе қаңлы тайпасының астанасы болған.

Дастанның мазмұнын ұғыну қиынға соқпайды, ол көркем, қарапайым тілмен жазылған. Жазылу ститі жағынан ол араб – парсы поэзисы мен, әсіресе Фирдаусидің атақты “Шахнамасымен” үндес.

Басағұндық Жүсіптің моральдық – этикалық, психологиялық қағидалары Ибн Сина мен Әл – Фараби ілімдері мен сабақтасын жатады.

Ілкі орта ғасырлық Қазақстанда “Құтты білікке” тәлім – тәрбиелік мағынасы жағынан үндес басқа туындыларда болған. Олардың қатарына М.Қашқари, А.Жүинеки, Қожа Ахмет Яссауилардың шығармаларын жатқызуға болады. Мәселен, Қашқар ақаласының тұрғыны ғұлама ғалым М.Қашқаридың “Диуан лұғат ат түрік” атты сөздінгіде екі жүзден астам өлең, 300 ге тарта мақал – мәтелдер сондай – ақ Орта Азия, Шығыс Түркістан, Қазақстанды мекендеген халықтардың әлеуметтік және мәдение өмірінің әр алуан салалары туралы қызғылықты деректер көптеп кездеседі. “Сөздіктегі ғылыми – білім, әдеп, тәлім — тәрбие моральдық – психологиялық сиппаттағы ой – пікірлер Әл – Фараби, Ж.баласағұни идеяларымен астарласып жатады.”

Қазіргі Түркістан маңындағы Жүйнек қыстағынан шыққан Ахмет Жүйнекидің “Хибатул хакайык” атты барлық түркі тәлдес халықтарға отақ дүние болып табылоатын осы шығарма бұрынғы дастандар мен салыстырғанда өзінің бұқұаралық, кедей кепшіктің мұң – мұқтажын көрсетуі мен ерекшеленеді.