К.Д.Ушинский орыстың ұлы педагогы

  1. К.Д. Ушинскийдің педагогикасындағы тәрбиенің халықтық идеясы.

К.Д. Ушинский педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушы. Оның “Балалар әлемі”, “Ана тілі”, “Педагогикалық антропология” – атты еңбектері орыс педагогикалық әдебиетіннің баға жетпес классикалық болып есептеледі.

“Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру – менің өмірімнің бірден – бір мақсаты”, – деп жазды К.Д. Ушинский.

К.Д. Ушинский 1824 жылы 18 ақпанда Тула қаласында туды. К.Д. Ушинский орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алды. 1840 жылы Москва университетінің заң факультетіне түсіп, 1844 жылы бітіріп шығады.

Оқудың тиімді әдістері мен жолдарын сабаққа енгізіп, осы өзгерістердің нәтижесін зерттеді.

К.Д. Ушинский халық тұрмысын жақсартудың негізгі жолы мен құралы білімді тарату, халық ағарту ісін кеңінен дамыту деп ұғынды.

Қоғам дамуы жөнінде К.Д. Ушинский идеялист – ойшыл еді, қоғам дамуында заң мен ақылдың дамуына ерекше мән берді. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің негізгі мәні әрбір елде халықтың мақсат – мүддесіне, мұхтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идеясында еді.

  1. Баланың іс- әрекеті мен белсенділігі.

К.Д. Ушинский өзінің білім беру жүйелерде әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірі мен тұрмысын, талапары мен мұң- мұқтажына байланыстылығын көрсетті.

Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді, халықтың өмірін жөндеуге, оның санасындамытуға көмектеседі деп есептеді К.Д. Ушинский. Ол: “Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс”, – деді. К.Д. Ушинский “Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні” деген мақаласында еңбек тәртібін қарастырады, ол “Балар әлемі”, “Ана тілі” оқулықтарында тәрбие жөнінен баларға арнап материалдар жазды.

К.Д. Ушинский “Адам өзінің жеке басының еңбегінсіз бір адым да алға ілгерілей алмайды, бір жерге тұрақтап трып қалуға да тиісті емес, ол адам қайта кері кетеді” – деген.

К.Д. Ушинскийдің педагогикалық талаптарының бірі – еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу.

Орыс мұғалімдерінің ұстазы К.Д. Ушинский өзінің педагогикалық педагогикалық жүйеін ең озық ғылым дәрежесіне көтерді. К.Д. Ушинский өзінің шығармаларында педагогиканың әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрбие мақсасты мен тәрбиеленудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы, мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педаггиканың күрделі мәселелерін ғылыми негізде шешті. ХІХ ғасырдың ІІ жартысымен ХХ ғасырдың басында Ресейде К.Д. Ушинскийдің теориясы мен жүйесін қолдаушы, ұлы педагогтың жолын ұстанған педагогтармен халық ағарту қайраткерлерінің тобы қалыптасты. К.Д. Ушинский жазған “Балар әлемі”, “Ана тілі” оқулықтары 60 жыл бойына Ресейдегі ең құнды оқулық болды.

  1. Бастауышта оқытудың әдістемесі.

Дидактика және әдістеме мәселелері К.Д. Ушинскийдің педагогикалық еңбектерінен көрнекті орын алды, бұл мәселелер оның “Адам тәрбиесі”, “Н.И. Пироговтың шығармалары”, “Ана тілін оқытуға бас/қ”, “Швейцарияға педагогикалық саяхат” деген шығармаларында кең түрде баяндалды.

К.Д. Ушинский әр пәнді оқушының шамасы жететіндей, ол еркін игеріп кете алатындай ғана бағытта оқыту керек деді.

К.Д. Ушинский орта мектебі мен педагогиканың тәжірибесіне сүйене отырып, дидактиканың негізгі принциптерін анықтады.

К.Д. Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болупринципіне ерекше мән берді. Оқуды “тәрбиенің негізгі құралы” деп бағалады. К.Д. Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл – ойын да, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастыруды талап етті.

К.Д. Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне талдау жасаған, бұл принципті жаңа жаңа сатыға көтерген. Көрнекілік әдісімен оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді. К.Д. Ушинскийдің айтуынша бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады, сондықтан көрнекі құралменоқытуды баланың ерте жасынан бастау керек деген.

  1. Сабақ және оқшыту әдістері, мұғалімнің дайындығы

К.Д. Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолы сыныптағы сабақ жүйесі деп білді. К.Д. Ушинский дұрыс ұйымдастырылатын жақсы сабақтың негізгі белгілерін анықтады. Олар:

а) сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру.

ә) бұрыңғы меңгерілген білімдерге жаңа ойларды, ұғымдар мен

деректерді ендіріп отыру.

б) білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа

ынтасы мен белсенділігін артыру.

в) өтіліп жатқан сабақты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б.

К.Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеді. К.Д. Ушинский мынандай негізгі оқыту әдістерін ұсынды:

а) түсіндіріп оқыту;

ә) оқытушының әңгімесі;

б) бақылай әңгімелесу;

в) әртүрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша)

К.Д. Ушинский м ектептегі қоғамдық тәрбиенің орталығы, ал мұның ең маңызды тұлғасы мұғалім деп бағалады.

К.Д. Ушинский мұғалімдер алдына қойған бірінші талабы – балаларды жан – жақты зерттеп білу. “Кімде кім оқытамын десе – ол оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек” – деді К.Д. Ушинский. К.Д. Ушинский мұғалімдер алдына қойған маңызды екінші талабы – олардың үнемі қаламдастарының, алдыңғы қатарлы оқушылардың тәрбие тәжірибесінен туатын и деяларды қабылдап, өз ісіне пайдаланып отыруы.