Н.И. Пироговтың педагогикалық қызметі

Н.И.Пирогов-орыс ғалымы, атақты хирург, XIX-ғасырдың 2-ші жартысындағы халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, ірі педагог.

Н.И.Пирогов Мәскеу университетін бітіргеннен кейін Дерпт университетінде медицина ғылымының докторы дәрежесіне диссертация қорғайды. Н.И.Пирогов 26-жасында Дерпт университетінде хирургия профессоры, содан кейін Петербургтегі медициналық-хирургия академиясында пролфессор атағын алады. 1854 жылы Н.И.Пирогов өз еркімен Севастопольге Қырым соғысына аттанады. Ол бар күшін соғыста жарақаттанғандарды емдеуге арнайды. Оның хирургия саласындағы еңбектері мен қызметі ғалым дәрежесіне көтерілуіне себепші болды. Н.И.Пироговтың “Өмір мәселелері” атты еңбегі 1856 жылы шықты. Ол осы мақала арқылы жұртшылықтың назарына ілігіп, жалпы адамгершілік тәрбие туралы идеяларымен белгілі бола бастады.

1856 жылы Н.И.Пирогов Одесса оқу округының попечителі болып тағайындалды. Александр II Пироговты бұл жұмысқа тағайындағанмен, оған сенімсіздікпен қарады.

Пирогов Одесса оқу округын басқарғанда, гимназиялардың педагогикалық кеңесінің маңызын көтеруге күш салды, оқу орындарының директорлары мен мұғалімдеріне балаларға адамгершілікпен қарауға бағыт берді.

Кейіннен ол Киев округының попедителі қызметіне ауыстырылды. Ол онда мұғалімдердің әдістемелік білімін жетілдіруге, гимназия практикасына сыныптан тыс әдеби әңгімелерді енгізуге көмектесті. Кеивте Ресейдің ең бірінші ерлер үшін жексенбілік мектептердің бірін ашуға көп жұмыс жасады.

Пирогов Одесса мен Криев оқу округтарында жұмыс істеп жүргенінде гимназияларддың педагогикалыоқ кеңесінің жұмысына өзгертулер енгізіп, оны жақсартуға көп еңбек сіңірді. Ол талқыланатын мәселелердің мазмұнын кеңейтті, әдістемелік жағынан мұғалімдердің жұмыстарын жақсартты, мұғалімдердің сабақтарына өзара қатысып атыруын талап етті. Гимназия және прогимназия мұғалімдері мен басшыларынан оқушылар мен олардың сабаққа үлгерімін жан-жақты зерттеуді талап ете отырып, Пирогов бір сыныптан екінші сыныпқа оқушылардың жылдық үлгеріміне қарай бағалап көшіруді ұсынды. Н.И.Пирогов 1861 жылы попечительдің қызметімен шығарылды, оны Киевтің прогресшіл халқы салтанатты түрде шығарып салды. Герцен “Колоколда”- деген журналға Пироговты жұмыстан шығару – бұл”ақымақтар Ресейдің дамып келе жатқан Ресейге қарсы жексұрын істерінің бірі болды”-деп жазды.

Пирогов реформалар арқылы, халықтың өмірін жақсартуға болады деп түсінді, бірақ оның көзқарасындағы негізгі қайшылығы осы еді.

  1. Жалпы азаматтық тәрбие идеясы және сославиялық кәсіби білім беруді сынауы.

Н.И.Пирогов “Өмір мәселелері” – мақаласындағы 60-жылдардағы қоамдышқ қозғалыста мектептерге жалаң білім беруге қарсы болды. Ол мұндай білім беруге жалпы адамзаттық тәрбие идеясын қарсы қойды. Ондай тәрбие қоғамдық өмірге жоғары адамгершілікті, ой-өрісі жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеуге тиісті деді.

Пирогов мектеп жүйесін бірнеше сатылы болу керек деп есептеді:

1-ші сатысы 2-жылдық бастауыш мектеп.

2-ші сатысы екі типті 4-жылдық прогимназия.

3-ші сатысы екі типті 3-5 жылдық гимназия.

4-ші сатысы жоғары мектеп (университеттер, жоғары оқу орындары).

Пирогов орта мектепте негізгі пәндер латын және грек тілдері, орыс тілі мен әдебиеті, математика, таридх болуға тиісті деді.

Пирогов ұсынған мектеп жүйесі көп пәндікті жоюға жол ашты. Жаңа мектеп жүйесі бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдарын жасау жұмысында жеңілдіктер туғызды, мұғалімдер даярлау мен мектептердді бақылау, басқару жұмыстарын жеңілдеті.

Пирогов оқушылардың тәртібіне жете маңыз бере келіп, саналы тәртіп оқыту мен адамгершілік тәрбиесін жақсартудың бірден-бір қажетті шарты деп білді.

1858 жылы “Балаларды ұрып соғу қажет пе?”- деген мақаласында Пирогов балаларды ұрып-соғу, жазалауға қарсы болды.

1859 ж Пирогов Киев оқу округы бойынша жарияланған бір нұсқауында жазалауды қолданбай болмайды, оны гимназия жиі қолданбай, педагогокалық кеңестің шешімі бойынша қолдануға болады деді.

Н.А. Добролюбов өзінің “Дүремен қиратылғанбүкіл Россиялық иллюзиялар”-деген мақаласында Пирогов пікірінің екі жақтылығын қатты сынады. 1860 ж Пирогов өзінің бір жауабында Добролюбовтың сын ескертпелеріне қарсы шығып, өзін ақтамақшы болды. Добролюбов “Талшыдан теңізге” – деген мақаласымен Пироговтың бұрынғы ұстаған принциптерінен бас тартқандығын қатты сынады. Пироговтың жоғары мектеп мәселесі бойынша көзқарасның ішінде ерекше роль алатыны – университеттер туралы айтқаны.

  1. Келесі сыныпқа көшудегі емтихандарды жою.

Пирогов өзінің оқу округтары бойынша шығарған нұсқауларында мұғалімдердің ескі, догматикалық оқу тәсілін алып тастап, жаңа әдістерді баса қолдануға назар аударды. Пирогов балалардың ойын, қабілетін дамытуға, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруға көңіл аударды. Негізгі дидактикалық принциптерді Пирогов саналық, көрнекілік, оқушылардың белсенділігімен дербестігі деп санады. Ол әдістемлік шеңбердің негізі көрнекілік пен сөзді орынды қолдана білу деді. “Көрнекіліктің – негізгі мақсаты оқушылардың сыртқы сезім мүшелеріне әсер ету деп жазды Пирогов. Сөз де сырттан ықпал жасай отырып, адамдардың ең негізгі, ең қажетті қабілеттілігіне әсер етеді”- деді. Сөздің маңызын жоғары бағалау мен байланысты Пирогов орта мектептегі әдістердің ролі мен маңызын да дұрыс бағалады.

  1. Н.И.Пироговтың оқушылардың тәртібі мәселелеріндегі, тәртіпсіздігі үшін жазалаудағы ұстамы.

Бастауыш мектеп балаларын оқыту мен тәрбиелеу де ойын әдістерін пайдалануды ұсынды. Сонымен қатар бастауыш мектеп балаларының музыкалық, ән-күймен, басқада көркем өнердің түрлерімен шұғылданулары қажет деп есептеді. Көркем өнер балалардың рухын көтереді, ойлау процесі мен талғамын дамытады деп есептеді.