Кіші мектеп оқушыларының ғылыми қөзқарысының негіздерін қалыптастыру

Дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен жәнеқұнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның , оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.

Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларына жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбігейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жастардың өздері үшін, сондай – ақ бүкіл қоғам үшін әлеуметтік – адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр. Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз — өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным – сенімдері, мақсат – мұраттары, таным мен қызмет принцптері, құндылық бағыттары. Дүниетанымды – қалыптастыру тек жеке тұлғаның ған емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс — әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принцптерінен тұрады.

Дүниетаным дегеніміз – дүние деген нақты – тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік – эканомикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғмдық – саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми – философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.

Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау – болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез — келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.

Тұтас – психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көп аспектілі құрылым. Оныңұйытқысы – теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік – жігердің дамыған қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар – адамның идеясы, білімдер, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдауы. Әрбір адамның дүние танымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет — әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның “Мен” деген сезімнің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар – ұятын анықтайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір “білетін” немесе “түсінетін”емес, ол – жеке тұлғаныңішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болулары керек. Сенімге айналған білімдер мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналады. Сенім жеке тұлғаныңқазіргі уақытта іс- әрекетінде басшылыққа алып, оның болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім — жеке тұлғаныңөз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі – оның дүниетаным көрінісі. Сезім – сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметттік оптимиз мен мақсаттылық сияқты интелектуалды сезімдермен байланысты.

Қажымас ерік–жігер – дүниетанымның маңызды элементі.Сенім адамды іс — әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық сана мен шектеліп қана қоймай тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау дегеніміз – адамның білімдерді ,болмыстың құбылыстарын

шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік- жігердісенімді іске асыруға бағыттаудың қаблеті.

Арман-мұрат өмірлік мақсаттар ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады. Адамның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. Әлеуметтік орта – адамды әлеуметтік өміріндегі қоршаған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі .Әлеуметтік орта қоғадық – экономикалық формация түрінде, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмыстық және кәсібіне тәуелді.

Қоғамдық – экономикалық формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және ұлттық нақтылығында, өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық амалдарын тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация — әлеуметтік орта-өмір салты –жеке тұлға — дүниетаным ұйытқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.

Жеке тұлғаның танымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.

Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстары, біздің еліміздегі шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оныңіс -әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында Отан, халық туралы, алдыңғы қатардағы адамдардың дүние жүзі халықтарының бейбітшілік және бақыты үшін күресі туралы оқушылардың түсінігі қалыптасады.

V-VIII сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу барысында дамиды, сонымен бірге олардың көзқарасы қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек туралы қалыптасады, құқықтық санасы, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Дүниетанымның қалыптасуы оқытудың өмірмен тығыз байланысы, оқушыларды еңбек іс — әрекетіне тарту, яғни бұл дидактикалық және тәрбиелік жағдайлардың бірі.

Оқушыларының өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың практикалық іс- әрекетіне үлкен ықпал жасайды. Өйткені осы ортада әрбір оқушы өмір сүреді, тіршілік етеді. Бұлардың бәрі оқушылардың еңбегі, қоғамдық пайдалы іс — әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру өмірлік тәжірибесі артады, іскерлігі және дағдысы дамиды. Жоғары сынып оқушыларының табиғат және қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңейеді, тереңдейді, диалектикалық ойлай білуі, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады.Олар жинақталған адамгершілік идеяға төселу үшін өздерінше жете түсінуге, шындық іздеуге, өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық істерде әділетті, адал болуға тырысады.

  1. Ғылыми көзқарастың негізгі түрлері.

Дүниетаным – философия, философия сияқты ол да бүтінге, жан – жақтыға, соңғыға, ақырғыға қарай бет алады, ол тек космос туралы білімдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан, субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір формаларынан тұрады. Философияның өзі де — дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дұниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы. Философия сияқты дүниетанымның басқа да формалары бар: мифологиялық, діни, көкемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формаларынан айырмашылығы — оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы.Ал оның ішінде, натуралимстік формадан өзгешілігі, ерекше категориялық аппараты бар, ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, адамзат дамуының біріңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді. Философияның мәні “дүние — адам” мәселелері туралы ойлар.
Философия екі құбылысқа негізделеді:
  • Философия – бүтін дүние және адамның осы дүниеге

қатынасы туралы ақпарат;

  • Философия – таным принцптерінің комплексі, таным іс –

әрекетінің жалпы әдісі.

Осыдан барып философияның көптеген қызметі екі топқа бөлінеді:

  • Дүниетанымдық
  • әдіснамалық.

Философияның адам мәселесінің маңыздылығына орай бірінші орында гуманистік қызметі тұр. Гумандылық (лат. humanus- адамгершілігі бар ) – адамгершілік деген мағынаны білдіреді, ол –гуманизмнің түрлі бағыттарының арман – мұраты. Оның басты мақсаты: адамға тән құндылық қабілеттілігінің, сезім мен парасаттың үйлесімді дамуы, адами мәдениеттің, өнегелік пен оған лайық адамдар мен тұтастай жаратылысқа қатысты мінез – құлықтың жоғары деңгейде дамуы.

Философияның келесі дүниетанымдық қызметі — әлеуметтік– аксиология. Оның өзі де бірнешеге бөлінеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары: құрылымдық – құндылықтың, интерпретаторлық және сыншылдық қызметтері.

Жеке тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажаттілік дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық – мазмұндық категория емес, ол, сондай-ақ психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды – жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Сенім мен арман-мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол – қызмет — әрекетінің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі – дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман – мұраттарға сәйкес қызмет — әрекет етуге деген эмоционалды – жігерлі әзірлік.

Философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін құрайды.

  1. Бастауыш мектептің негізгі тәрбиелеу міндеті.

Бастауыш мектептің негізгі тәрбиелеу міндеті жеке тұлғаның дүниетанымын – ақиқаттың жалпылама көрінісінің жоғары деңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің, интеллектуалды және эмоционалды – жігерлік сипаттарын топтастырған феномен. Осылайша, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған білімдер мен оларды пайдалану біліктілігі, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелігінедеген сенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман – мұраттар, қызмет-әрекетке деген әзірлік сияқты компоненттер өзара байланыста болып келеді.

Бастауыш мектептің құндылық бағыттары – жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы ара қатынасының түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаныңқоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ өзіндік “Мен” деген сезімінің мәнісін қғынудың ерекшк формалары; жеке тұлғаның дамуының когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелік саласының бірлігі мен ара қатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет. Құндылық бағыттары – адамгершілік санасының өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс- қылықтары мен себеп – салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелік ұстанымын іске асырады.

Д.Н.Узнадзе құндылық бағыттарды, бір жағынан, құбылыстардың белгілі бір семантикалық сипаттамасының, объектінің суъбект үшін маңыздылығыныңсанада көрініс тауып, санада бекемделу формалары ретінде қарастырса, екінші жағынан, іс-әрекетке әзірлік формасы ретінде, тиісті жағдайларда жүзеге асатын сана мен іс- әрекет процестерінің бірлігі ретінде қарастырады. Құндылық бағатттар адамның мінез – құлқының ең маңызды қорғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын аықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, оны “заттандыруға” , яғни қажетті объектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. А.Н. Леонтьевтің пайымдауынша, қажеттілік қанағаттандырылмайынша өзінің объектісн танымайды, ал ол объекті табылуы тиіс. Тек осындайда ғана қажеттілік заттық мағынаға ие болады, ал қабылданған зат қозғаушы және бағыттау іс-әрекетіне ие болып, мотивке айналады. Сонымен, адам үшін “жеке тұғалық мәні ”бар, яғни өз алдына құндылық болып келген зат қана оның іс-әрекетінің мотиві бола алады.

Құндылық бағыттары субъектінің іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді.

Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардыңжиынтығы ғана емес. Ол , сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар-өмірдегі мінез-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз-өзіне деген жауапкершілікті қатынасын анықтауы.

  1. Кіші мектеп оқушыларының ғылыми көзқарасына

әсер ететін факторлар.

Кіші мектеп оқушыларының дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушыларматириалистік диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игерулері қажет:дүниенің материалдығымен танымдылығы; қозғалыс – материаның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама – қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс – болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердіңмөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың толассыздығы мен толасуы; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс – мәндәліктің көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика – таным негізі, ақиқат критериі.

Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс — әрекетімен сипатталады, іс — әрекеттің мақсаты – оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс- әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.

Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.

Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдылардымеңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік – эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу –танымдық іс — әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс- әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерідің саналы мақсаты билеген кезде қызмет — әрекет ретінде жүзеге асады.

Оқу оқушылардың іс -әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс -әрекетінің психологиялық мазмұны – іс — әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады.

Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне жеке оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірбиесіне, әлеуметтік – психологиялықжағдайына сүйенеді.

Оқу мен еңбек қоғамдық іс -әрекет оқушылардың әлеуметтік,жан –жақты ақпаратпен, саяси қарым – қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол оқушының ішкі жан – дүниесіне, жеке тұлғаның белсендіжасампаздық қажеттілігін дамыту.