Үйлену салтына байланысты кейбip әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні мен сақталуы

Қазақ халқының үйлену салтына байланысты кейбір әдет-ғұрыптардың өзіне тән тәрбиелік мәні бар екендігін бүгінгі күнде жасырмай айтуымызға болады. Ceбeбi әйелдер бас бостандығы қолга тиген жайдары заманда жастарымыздың тұрмыс кұру жасында екі жақ құдалардың бipiн-бipi танып, біліп, ұл-кыздарының еркімен олардың басын косу келешектегі өмірлерінің мәнді болуына басты себеп болатындығы аньқ. Кыздың үйіне жаушылыққа бару салтыньң кейбір көріністерін байырғы әдеби мұраларымыздан көруімізге болады. Сондай-ақ олардын бүгінгі кундегі жалғасын тауып келе жаткандығын да өмірде кездестіріп отырмыз. Негізінде құдалардың құдалық сездері астарлы, жұмбақ, тұспалмен айтылады. Қызды аққуга, жігітті сұңқарга теңеген: eкeyi де аспанда жалғыз-жалғыз ұшып жүр, реті келсе, қанаттасып, бipiriп, биіктеп ұшса болар еді деген. Қыз бен ұлды аспандағы айга, жұлдызға, ұшкан құска теңеп сөйлеу қырғыз елінде де бар. Мәселен, Қараханның қызы Қанікейді айттыра барған Бақай Бұхар каласының хан сарайына барғанда сөзді былай деп бастайды:

Ырысы тар адамга,Әр күш даушы келмей ме?

Ырысы тасыған адамға ,

Күн сайын жаушы келмейме?

Құдалықпен келдім мен ,

Маңдайым жарық болса екен.

Менің асыл қыраным

Томағасын алмапты,

Дуадаққа топшы салмапты,

Сізде бір сұңқар бар екен,

Сары алтындай салмағы,

Қыз біткеннің саңлағы .

Соған «сырға » салсам деп,

Құлдық ұрып ,мал беріп,

Келін етіп алсам деп,

Қайырыла келдім еліңе.

Содан соңқалыңмал туралы әңгімелеседі.

1872 жылы Москва қаласында «Русский Туркестан. Сборник политехнической выставки. Стаьи по этнографии, техники сельскому хозяйству и естественной истории»деген көлемді кітап шыққан, сонда И.И.Ибрагимовтың қазақ халқының этнографиясы туралы очеркі жарияланған. Автор қазақтардың қалыңмал беру заңына байланысты ел арасында төрт топтың бар екенін айтады. Бірінші, хандар мен сұлтандар, олар қыздың қалыңмалына 57 бас мал берген. Кейде байлығымды, барлығымды көрсетемін деп, қалыңмалға кілең бір түсті (ақ, боз, қара) жылқылар өткізген. Екінші, байлар тобы қалыңмалға47 бас( құлынды бие, құнан, түйе, тай ) мал арнаған еді. Қазақтың мынандай шешендік сөзі бар; «Бай мен бай құда болса,арасында жорға жүреді,бай мен кедей құда болса, арасында зорға жүреді кедей мен кедей құда болса, арасында дорба жүреді.»Сол айтқандай, хандар мен хандар, сұлтандармен сұлтандар,баймен бай құда болуға ынта болған.

Сөйтіп, екі жақты құдалар қалың малдың ұзын ырғасына келіскен соң,

қыздың әкесіне «қарғыбау», анасына«сүтақысы»өткізіледі. Фатиха-бата сөздері айтылады. Құдалардың құрметіне кішігірім той ұйымдастырылады.Ұлттық ойындар болады,соның бірі -« Құдатартыс» Кешкі дастарханның соңында қонақтардың үйіне бір топ келіншектер келеді, құдалармен танысады, «құдалықтарыңыз құтты болсын» деген сөздер айтып, жастарды ойын-сауыққа шақырып, тойдың басталғанын хабарлайды.Бастаушы бір келіншек ел арасына көп тарамаған тың әнді бастайды, құдалар зейін қойып тыңдайды.Әннің бір-екі шумақ қайырмасы аяқталған соң:-Осы әнді енді сіз жалғастырыңыз!-деп,төрде отырған құданың біреуіне әлгі әлгі келіншек өтініш айтады . Әнді жалғастырып айтса,айтты,айтпаса ,қыздардың күлкісіне ұшырайды.Ара-арасында қыз –келіншектер құдаларға арнап көкке қалықтаған сұлу әндер айтады.Қыз бен жігіттің қара өлең, қайым өлең айтысы басталады.Айтыс қызы-қыза жұмбақ айтысына ұласады.Әзіл-қалжыңды одан әрі жандандыру үшін әйелдер сөз арасында бәдік өлеңдерді де араластырады. Егер құданың біреуі жұмбақты шешеалмаса немесе ән айтып, әзілге әзіл жауап бере аламаса, ондайда жігіттің басына келіншектің сәукелесін кигізеді.,бетіне қазанның күйесін жағады, қол аяғын байлап, киімін шешеді. Қыз-келіншектердің осы әрекетіне қарсылық көрсетілсе,келемеждеудің сорақысы әрі қарай үдей түседі.Ондайда құдалар сый-сияпат ,бағалы зат беріп ,әрең дегенде құтылады.

«Құдатартыс» ойынындағы кейбір басы артық тәйтіктікті үлкендер жағы мақұлдамаған .

Арада біраз уақыт өткен соң,жастар далаға шығып,айлы аспаннаың астына алтыбақан тебеді, ән айтады.Бұл халық театрының о замандағы алғашқы белгісі болып табылады. Ертеңіне құдалыққа келген қонақтарды бүкіл халық болп шығарып салады.

Енді,екінші кезекте, жігіттің әкесі қыз ауылына шақырушы жібереді, шақырылған 10-12 адам қонаққа келеді,тағы да кішігірім той болады.Қалыңмалдың үштен екісі өткізіледі, киіт кигізіледі.Қой,жылқы, түйе қалыңмалдың есебінде жүргенде,ірі қара (сиыр, өгіз)есепке алынбаған. Қалыңмал беру барысында«қосақ бау» , «құрық бау»деген ырымдар алынған.Мысалы,үй иесі құдасына түйе берсе, бұйда жібін, жылқы берсе, жүгенін алып қалған .Ондағы ойы- «ырысым бірге кетпесін»дегені.

Осылай құдалар бір-біріне сый алып жүргенде ,ұл мен қыз 13-15 жасқа толады.«Сен ер жеттің ,енді өзіңе айттырылған қалыңдығыңды көріп қайт» ұл әкесі баласының қасына 3 не 10 адам қосып, қыз ауылына жібереді. Мұны қазақтар «ұрынбару» немесе «ұрланып бару» деп айтады. Қазақтың осы көне салты жазба әдебиетке де әсерін тигізген. Мысалы Ұлы жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы » романын алалық. Соның «Өрде» деген тарауында Абайдың Ділдаға«ұрын бару » сапары шебер суреттелген Абайдың әкесі Құнанбай дәулеті өзімен теңдес Алшынбаймен құда болады: «Сондай ауылға бала қайындату ,әсіресе «ұрын жіберу »осал қам емес.Мал-дүниенің барлығына да көп үлес,мол шығын шығару керек деген сөз Баратын қар малды айтқанда : 70жылқы 30түйе аталды.

…Абай бірнеше күн қатты толғанып ,жапа-жалғыз ойланып жүрді.Қайындамай,үйленбей қалу мүмкін емес.Ата-анаңның әмірінде.Бармаймын деп айтарлық сылтауы жоқ -.Осындай іші бір жақты,сырты бір күйде болған,аса бір қиын енжер күйінде Абай қайнына аттанды.»,- деп суреттеледі романда Абайдың Алшынбай ауылында аттанардағы көңіл күйі. «Абайлар Алшынбай ауылының тұсында бір шақырымдай жер қалғанда,иіріле тоқтасты.Енді тобының ішінен Тәкежан, Мырзахан сияқты жас үлкенірек жолдастар бөлініп,хабар айта кетті.Абай мен Ербол және үш жігіт аттарынан түсіп ,қарсы алушы қыз келіншектерді тосып қалды», деп баяндалады романда.

Әдетте,«жасырын бару » «ұрын келуге » қатысқан адамдар қыз ауылына жақынырақ барғанда ,жігіт аттан түсіп,жалғыз қалады(не 1-2 адаммен), ал жолдастары қыздың ауылына барып,күйеу баланың келе жатқанын хабарлайды.Ұрын келе жатқан жігіттің сырт киімі қызылды-жасылды болады.,басына үкі тағады,үстіне қызыл манат шапан, биік өкше етік киеді. Осындай бақсы мен салға ұқсататын үкілі бөрік,қызыл шапанды кимеймін деп ,Абай аналарына қарсылық білдіреді. «Ата-бабам жолы осы! Барған елің сені кінәламайды. «Әкесі- күйеу, шешесі қалыңдық болмағанба ? » -деп ,бізді мінейді.Ки! »-деп ,Зере мен Айғыз Абайды зекіген тұстары романда айқын суреттелген .

Осындай салт-дәстүрлер негізінен ұлтымыздың қыз алып қашу салтынан гөрі ,құда болып келін алу салтында көбірек орын алады.Жоғарыда сөз болғандай салт-дәстүрлерді бүгінгі күнде қайта жаңғыртып , тұрмыс тіршілігімізде қолдана білсек, ұлттық болмысымыз бен мәнді әдет-ғұрыптарымызды сақтап қалып,елдігімізді ұлттық тұрғыдан жәнеде тереңірек таныта алған болар –ек .Сонда ғана болашақ ұрпақтарымыз ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын тек әдеби мұралардан ғана емес, өмірден көріп тереңірек танып білер еді.

Резюме

Рассматривал прогрессивные и отрицательные стороны традиций, обращал внимание воспитательной возможности и их смысла.Необходимо внедрить в сознание прогрессивные элементы в традиции молодежу,тем самым положительно влиятьна сознательностьподраситащего поколения.

Summary

This work considered progressine and negcetivesides of tradition,turn attention developing opporfunities and its meaning.

Пайданалылған әдебиеттер

  1. Ахметова З. Кәусар бұлақ. Алматы, 1993.
  2. Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1995.
  3. Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірме сөздігі. А., 1993.
  4. Кәмәләшұлы Б. Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары. А., 2005.
  5. Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері Антологиясы, 2 том, (құр. Қ. Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994.