Тәрбиенің түрлері

“Ел болу үшін, бесігіңді түзе” (М. Әуезов)-деген сөздің мән- мағынасына ой салсақ, ол- тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт –саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.

Тәрбиенің негізгі қағидаларының болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпіз.

  1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.

Жас нәрестенің дүниегі келуі ата-анаға, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі алғаш дүниеге келген күннен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат -тілекпен байланысты,туындайды.

Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы отанның елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі, ақылдыақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсін” деп, жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестереді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді.Үлкендерден бата алғызады.Халақтың балаға арналған ырым,бата-тілектерінде келешектен күткен алкен үміт, аңсау арман бар тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.

2.Баланы жастайынан еңбексүгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесід жыры мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын –су әзірлеуге , мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық (қамшы, шідер,жүген өру, тері илеу, қару-жарақ) т.б. жасауға әзірлеу, қора салу , киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық, зергерлік өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.

3.Халақ педагогикасында “Бірінші байлық -денсаулық”деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” депрухани, материалдықбайлықтың негізін жеке бастың , яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.

4.Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. “Жаным- арымның садағасы” деп, арды адамгершілік қасиеттің үлгісі санаған.

  1. Гуманизм мен патриотизм –халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. “Отан от басынан басталады” депұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп. бағалаған. “Атаның баласы болма, адамның баласы бол” “Жақсы-көпке ортақ”, “Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды” деген өсиет тәрбиеден өзекті орын алған.
  2. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет. Халық педагогикасында “шынықсаң шымыр боласың ” деп. ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету(аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу) т.б. арқылы дене тәрбиесіне баса көңіл бөлген.
  3. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп. түсінген халқымыз жастарға “Өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады”, “Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегенді насихаттап, ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.
  4. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке әлденеше жұмбақ, өлең-жыр ертегі аңыздар шығарған.

Ал бұл қағидалар сайып келгенде “сегіз қырлы, бір сырлы”, мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі-өнерлі, жан-жақты жетілген “толық адам” тәрбиелеуді көздеуден туған. “Сегіз қырлы , бір сырлы” азамат тәрбиелеудің ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап.Мысалы, орыстар ондай адамды “Кішкентай болса да өнегелі ақылды”, “Ақылды да сүйкімді”, “Қайырымды жігіт” деп санаса таулықтар “Нағыз жігіт” деп атайды. Ал чукчылар “Адал өмір сүретін азамат” дейді. Ол теңізде жүзгіш, соғыста батыр, ғылымыда терең ойлы, билікте-әділ, еңбекте-шебер, өмірде бірлікшіл, сөзде шешен, шет жерде отаншыл бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.

Нағыз шынайы азамат тәрбиелеудегі бр халықтың талап, тілегінің ұштасып келуі ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат бірлігінен туындап отыр.

Енді халақтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.

Халық педагогикасы тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, “Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдй бағала” деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына үлкендердің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен тәрбиедегі әсері жөнінде А.С. Макаренко, Н.К. Крупская, А.В. Сухомлинский, А. Құнанбаев,

Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

Тәрбие жөнінде XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пікірлер айтқан болатын.

И.Г. Песталоций: “Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасынан басталып, мектпте әрі қарай жалғастырылуы шарт” деген қағиданы ұсынды.

К.Д. Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің роліне де ерекше тоқталды. Ол: “Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы жән тамаша үлгілері.Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ”-дегенеді. Кешегі Кеңестік дәуірдегі ұлы педагог тар А.С. Макаренко адамды тәрбиелеп жетілдіруде еңбектің, әсіресе ұжымдық еңбектің маңызына ерекше мән берген болса, ал В.А.Сухомлинсий баланы ізгі жүректі азамат етіп тәрбиелеуде ойын түрлерін кеңінен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеуді, ертек айтуға, табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсіруге баса көңіл бөлді.

Халық баланы тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтар ойлап шығарған.

Бөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбысты айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі- жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.

Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді. Отбасында санамақтың әрбір түрін балаға жаттатып олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту- ата-ананың борышы. Ересек балаларға неғұрлым күрделі санамақтарды айтқызып, сол санамақтардың шешімін мүмкіндігінше, өлең ұйқасымдарымен айтуды талап ету керек.

Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден –ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.

Жұмбақтарды Аристотель “Жан-жақты жымдасқан метафора” дейді. Яғни затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне , аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші шешеді әрі заттарды салыстыра көз алдана елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады.

Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәні мен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы артады.