Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік маңыздылығы

Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар.

Ең алдымен мұғалім жан – жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайдан жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені шеше алатын, әр түрлі сұраққа бере алатын адам болуға тиіс.

А.С.Макаренко өзін талантты педагогпын деп есептемеген, бірақ көп еңбектендім, сондықтан шеберлікті меңгердім деген.

Шеберліктің негізі еңбектену екен.

Мұғалімнің қандай да болмасын іс — әрекетінің заттық саласы білімдер жүйесінде көрінеді. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс — әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол “оқу — әдістемелік” құралдарының өзінде орныққан.

  1. Педагогикалық қарым – қатынас

Бір тұтас педагогикалық процесте мұғалімге негізгі орын беріледі. Өйткені мұғалім білім беруде мектептегі тұлға. Ол оқу – тәрбие жұмысының әр субьектісі әрі обьектісі қызметін атқарады. Сондықтан мектептегі негізгі тұлға ретінде мұғалім өзін қоршаған ортаның, өзі қызмет етіп үлгі көрсететін қауымның көз алдында үлгі — өнегесі ретінде мектепті ел танытатында мұғалім. Мұғалімнің алдына үлкен жауапкершілік жүктелінеді. Ол жауапкершілік ең алдымен мұғалімнен өзіне деген, өзінің біліміне деген талапшылдығы, жауапкершілігі, еңбекқорлығының көрінуі қажет.

Бүгінгі күні мұғалімнің алдында тұрған негізгі мәселе заманымыз алға тартып отырған өзекті проблемаларды одан жүйелі түрде оқып – үйренуін және зерттеуін талап етеді.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру екі жағдайды ескеруіне тура келеді.

Біріншісі – мұғалімнің өзінің білім көтеруіне арналған жоспарын сәйкес өз бетімен білім алу жолы,

екіншісі — әр түрлі ұжымдық жолмен білім алып, мамандығын жетілдіру.

Ұжымдық формалары: әдістемелік және теориялық семинарлар; білім проблемалары институтының қысқа мерзімді курстары, теория әдістемелік конференциялар.

Педагог оқу тәрбие процесінде оқушылармен тығыз қарым –қатынаста болып оқушылармен қалыпты, педагогикалық әдептілікті, тактиканы меңгеріп жұмыс істелуі керек.