Дене шынықтырусабағы үрдісінде оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру

Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. “Экология сөзін Естественная история происхождения” (Natural History of Creation) атты өзінің кітабында ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнст Геккель (1968). Экология «ойкос» деген грек сөзі, «үй баспана» ұғымын білдіреді. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізің, салушы англия ғалымы Чарльз Дарвин.

Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы.

Экология-тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.

Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзкарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер, теңіздер адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи біраз аймақтарда өнеркәсіптері (химия, мұнай, көмір, АЭС т.б) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығаратын заттардың, өнімнің, яғни азық-түлік, ет-сүт тағамдарының қалдық-қоқыстары іріп-шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.

Қоршаған ортаға зарарлы әсер ететін екі факторды атауға болады. Жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның өндірістік іс-әрекеті.

Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз өсіп көбеюде. 1990 жылы біздің планетамызда 5,3 млрд. адам болса, ал 2000-ші жылы жер бетінде тұрушылардың саны 6 млрд. шамада болады. М. Пантелеевтің болжамы бойынша халықтың өсіп көбеюі онан әрі жалғасады, ХХI ғасырдың орта кезінде 10 млрд. деңгейінде жетіп тұрақтана бастайды.

Соңғы жылдары Қазақстан және Өзбекстан аймақтарында 3 млн. гектар жерде өсірілетін мақта және күріш дақылдарын Арал теңізін пайдаланып суландырып апаттық жағдайға соқтырды. Осының нәтижесінде суат бетіндегі су азайып тартылды, айналадағы жер құрғады. Сыр-Дарья өзенінің топырағы сортаңданды, мал жайылым өрісі тарылып кетті. Экологиялық жағдайдың азуы тұрғындардың денсаулығына, күнделікті тұрмысына үлкен әсер етті. Сондықтан халық қоныс аударуға мәжбүр болды.

Адамның өндірістік іс-әрекеті. Қазіргі кезенде ең көкейтесті мәселелердің бірі-бұл адамның өндірістік іс-әрекетінің негізінде қоршаған ортаның ыластануы, бұзылуы. Жер бетінде зиянды, әсіресе улағыш заттардың қалдықтары өте көп. Олар ауада да, су орталығында да таралған. Осының бәрі қоршаған ортаға әсер ететін өндірістік қалдықтар.

Атомдық өнеркәсіптің қалдығы және атомдық копарылыстың радиоактивтік тұнбасы бірте-бірте адам организмінде жиналып, қатері ісік ауруына (рак) ұшыратады.

26 сәуір 1986 ж. Украинадағы Чернобыль АЭС-ның ядролық реакторы жарылуынан бүкіл тұрғын халықтар үлкен экологиялық апатқа ұшырады. Украина және Белоруссия тұрғындары туған мекенін тастап, сол мемлекеттердің басқа аудандарына орналасты. Чернобыль 30 жыл бойында жабық зона болып қалды. Тағы да еске түсіретін нәрсе, ол тсшздер жонс мухиттар тубінде көп жылдардан бері жаткан ядролық реакторлар, снарядтар, миналар, октар бір кезеңдерде су астынлағы жер сілкінуініц әсерінен қоларылып су ішіндегі жер бетінлегі букіл тіршіліктің радиоактивті көзі болуы мүмкін.

Біз бәрімізде табиғатты корғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақтың алдында, тарих алдында жауаптымыз

  1. Оќушыларѓа экологиялыќ білім берудіњ маќсаттары.
  2. Экологиялық нормалардың, ережелердіқ қажеттілігін жастардың мінез-құлкында тәрбиелеу.
  3. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.
  4. Жастардың бойында экологиялық, мәдениет дағдысын қалыптастыру.

а) тұлғапың мінез-құлқында;

ә) қоғамдық пайдалы еңбек және еңбектәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;

б) экологиялық білімді насихаттауда;

в) ең алғашқы кәсіби еңбекте.

Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімсн байланысты. Өйткені өндірістік іс-әрекетінің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.

Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие мазмұны әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.

Оқушыларға табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еқбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам т. б. жасайтын табиғат заттарын қалай пайдалануымен танысады.

Оқушыларды төмендегі іскерлікті, дағдыны қалыптастырура бағытталған; өсімдіктердің даму кезеңінде фенологиялық бақылау жургізу: мектеп және Қоғамдың мүлікті ұқыптылықпен күту;тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.

Орта және жоғары сыныптар-оқушыдарын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру кажет.

Оқушылар табиғи ортаны күтуде, корғауда орман-тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды баскаратын қызметкерлерге көмектеседі, жабайы аңдарды, өсімдіктерді корғау жұмысына қатысады.

Оқушылар ауыл шаруашылык өдірісінің әр алуан жұмыстарына қатысады. Сондықтан олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі мәселелермен таныс болуы қажет: жерді пайдалану негіздерін, топыракты эрозиядан қоргауды игеру, дакылдарды суару мөлшерін, минералдык тықайтқыштарды, ұлы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарга сәйкес есепке алып отыру.

  1. Оќушыларѓа экологиялыќ тєрбие берудіњ мєні, мазм±ны, т‰рлері, міндеттері.

Мектепте экологиялық тәрбиенің міндеттері, мазмұныжәне оны ұйымдастыру түрлері

Оқушылар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі-бұл экологиялық білім және тәрбие.

Ең басты міндеттердің бірі — табиғатты корғау мәселелерімен окушыларды ғылым негізінде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру. Бұл үшін экологиялық білімнің негізгі көздері химия, физика, биология, география, астрономия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жүмыстарда тиімді колдана білуге окушыларды үйрету және дағдыландыру.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін кейбір теориялық және практикалық мәні бар экологиялық мәліметтерді бағдар-ламаға кіргізу қажет. Оқушылар олармен лекциялар, практикалық жүмыстар, кештер, саяхаттар аркылы танысады.

Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:

  1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе учаскесінде бағалы ағаштар тұкымының көшеттерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық жерлерді көгалдандыруға пайдалану.
  2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардыдың негізгі істейтін жүмыстарының түрлері:

— көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан корғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу;

— дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-кұлақ т. б. жемістерді жинау;

— пайдалы хайуандарды қорғау және ссебін алып отыру;

— фенологиялық бақылау жүргізу

  1. Оқушылар ауыл шаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің жергілікті ғалымдардың басшылығымен жүргізіледі.

Қазақстанның Оңтүстік және Терістік облыстарының топырағы мен ауа райы жағдайында оқушылар ауыл шаруашылык тәжірибе жүмыстарын эр түрлі тақьірыптарға жүргізіледі: «Кубань-3», «Дубовский-129» Күріш сорттарының өніміне минералдық және кең қосылған минералдық тыңайтқыштардыңәсер етуін анықтау, «Күріш егісінде өсетін арамшөп — балдырларды (сһагаlis,Spigira) мыс купоросымен жою»; «Сәбіз егісінлегі арамшөптердІ керосиң және соляр майымен тазалау» т. б.

Қазақстанның Терістік облыстарында мектеп окушылары сгістік дала жағдайында ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын зсрттеу максатымсіт тожірибе жұмысын мынаидай такырыптарға жұргізеді: «Ишимский-100» бидайы, «Днепровский-438 жүгерісі», «Сібірдің тез пісетін помидоры» т. б.

  1. Оқушылар түрлі табиғатка зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтагы ережсні бұзушыларды аныктайды, химиялық улы заттарды, минералдық тыңайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерелейді.
  2. Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кепітер, лекциялар, әнгімолер, кермелер, сайыстар, окушылардың шығармалары, рефераттары, баяндамалары, табиғатты корғау тақырыптарына арналған плакаттар т. б.

Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:

  1. Өмірде және нақты еңбек іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу.
  2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
  3. Әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру. Қоғамның мақсаты; қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
  4. Қоғам мүшелері мектептсгі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар кұрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады.

  1. Экологиялыќ ќауіптен ќорѓану жолдары.

Бүкіл жер бетіндегі адамзаттн қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселслердің бірі — табиғи ортаны корғау, адам баласына ұтымды жағдай жасау.

Жер жүзіндегі ғалымдардың болжамына қарағанда, адамзаттың экологиялық апатқа ұшырауының әр түрлі себептері бар.

Таяудағы он жылдың ішінде ауада көмірқышқыл газының, үлесі ұдайы көтеріледі. Бұл бүгінгі күнге карағанда Жерді күн экергиясын айырықша көбірек сіңіретін жылы жайға айналдыруы мүмкін деп айтушыларда бар. Сондықтан планета температурасы көтеріліп, құнарлы топырақты аудандар қуақ жерге айналады, мұздардың еру есебінен мұхиттардағы судың деңгейі көтеріледі, жағалауындағы жерді, калаларды су басады.

Антарктида мен Арктиканың, үстінде озон тесіктері пайда болды деген болжамы бар.

Озон тесіктері Оңтүстік полюстық үстінде Америка Кұрамы Штаттары жері көлемінен артығырақ кеқіген. Ал Терістік полюс үстінде де тесіктер табылған.

2100 жылғы озонның жамылғы қорғанышы жоқ болып кетсін, ультракүлгін сәулелер Жерді кептіреді, жануарлар мен өсімдіктер, яғни бүкіл тіршілік апатқа ұшырауы мүмкін.

Егер озон қабаты қазіргі қарқынмен одан әрі бұзыла бастаса XXI ғ. да біздің ұрпағымыз не күтеді.

50-ші жылдардыц бірінші жартысында ауада озонын мөлшері бірнеше проценттей кебейді. 60-шы жылдардық басында төмендеді, ал 10 жылдан кейін оның мөлшері қайтадан есті, 70-ші жылдардың екінші жартысынан төмендеп кетті.

Қазіргі кезде озон қабығы жаңадан 3% шамасында «жүдеді».

Озонды негізгі жоюшылар кұрамында галогсн элементтері бар заттар фреондар.

Бүкіл дүние жүзінде 1 мли. тонна шамасында фреондар өндіріледі. Олар лактар мен сырларды тозаңдату, тоңазытқыштарды суыту үшін қолданылады. Осы уакытта фреондардың 40% Америка Құрама Штаттарында, 35% БЭС елдерінде, 10% бұрынғы КСРО мен Жапонияда өндіріледі.

Осы химиялық заттар туралы қандай шаралар қолданылуда:

  1. 1985 ж. озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы қабылданды.
  2. 50-ден астам мемлекеттердің өкілдері Монреаль конференциясында шешім қабылдады. Онда әрбір мемлекет озонды бұзушы заттарды ендіру кысқартылсын деп жазылған.
  3. Фреондар өдіруді 1993 ж-20%, ал 1998 ж. 50%-тей азайту керек деп белгіленді.

Қазіргі уақытта қауыпты жағдайдыц бірі — бұл «ядерлік қыс». Бұл терминніц мәні атомдық соққыиың нәтижесінде өрт-пайда болып, қалың түтін қабаты планетаны жабады да ауаны сөзсіз қараңғылайды, күн сәулесінің жер бетіне жетуі тоқталады. Оның әсерінен жер беті суынады. Барлық тірі мақлұқ жер бетінің мұздауымен — «Ядерлік қыспен» соқтығысады.

Бұлардан басқа да қатерлі болжамдар аз емес.

Экология — бул әлеуметтік проблема, оның қоғамдық өте терең әлеуметтік өзгеруі және халықаралық ынтымақтастық негізінде шешілуі ықтимал.

Жана аймақтарды экономикалық игеру жағдайында табиғи ортаны қорғаудың бір түрі мемлекеттік қорыктарды жасау. Мұндай корықтардыц саны бұрынғн КСРО да 156 болды. Олар 11 млң. гектар жерден орын алдь. Корыктардьш өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың маңызы өте зор.

Жыл сайын қоршаған ортаның күйі төмендеуде. Сондықтан оны сақтау күресінің негізі бағыттары:

  1. Ядерлік соғысты болдырмау, өйткені оның салдарынан экологиялық апат болады.
  2. Кез келген қару-жарақпен жабдықталған егесу қоршаған ортаға келтіреді.
  3. Өндіріс, әр түрлі қару-жарақтардың түрлерін қоймалау, тасымалдау, әскери объектілерді салу, әскери оқуларды өткізу, қоршаған айналаға тікелей зиянды әсер тетеді.
  4. Ядерлік сынаулардың жалғасы, химиялық қарудың үлкен қоры оны пайдалану, зиянды химиялық заттарды одан әрі өндіру, ойда болмаған оқиғаға ұшыратуы мүмкін.
  5. Қару-жарақты космос кеңістігіне жаппай тарату, оны бейбітшілік жағдайда қолдануға теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе әрдайым барлық мемлекеттердің бақылауында болу керек.
  6. Биологиялық бактерияларды өрбіту, оларды қару есебінде қолдану халықтың өміріне, тіршілігіне үлкен қауып туғызады.

Осындай ауыр жағдайдан құтылу үшін табиғатты қорғауда бүкіл дүние жүзілік білестікті күшейту, халықаралық ынтымақтастықтың негізінде экологиялық қауысыздіктің тұжырымдамасын жасау және іске асыру.