Дене шынықтыру сабағы үрдісінде оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Оқушыларды әсемдікті көре, түсіне, жасай білуге тәрбиелеу, олардың рухани өмірін байытады, оған ең жоғары рухани ләззатануға мүмкіндік береді. Оқушының әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен ренішті т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу-тәрбие барысының зеиін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жағы ықпал етеді.

Оқушыларға еңбек әсемдігін қабылдауды үиретіп, қоғамдық іс — әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңеитуге дем береді.

Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін , шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын, бөліп қарайды. Еңбек іс -әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс — әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс -әрекеті барысында оқушыларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды.

Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.

Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.

Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өмірінеәдемілік элементтерін енгізе алады.

Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті — өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту.

2.Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары , олардың эстетикаллық дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы-өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көз қарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады.Балалардың ақыл – ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез – құлықты тәрбиелеу мүмкін емес.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары — әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік рөл атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі бір көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте — проза, поэзия; кескіндемеде – жанр, пейзаж; мүсінде – бюст, т.б; музыкада – симфония, ән енгізіледі). Белгілі орыс суретшілері П. А. Федотовтың, В.Г. Перовтың, И.Е Репиннің, И.И. Шишкиннің, И.Н. Левинтанның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың т.б. шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.

М. Горький, Н.А. Островский, А.А Фадеев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұханов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақұыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шартарының бірі болып табылады.

Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс — әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

 

  1. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың

ұлттық ерекшеліктері.

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асыралады.

Эстетикалық білімнің негізі- оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әртүрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс- әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға , қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.

Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыка шығармаларды таңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді. Бастауыш мектеп мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болуы керек немесе музыка сабақтарына тікелей қатынасып, ол пәнді жүргізушімен тығыз байланыса отырып, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнер шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс- әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.

Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелеу өнері сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді.

Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген формалар бар.

Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі – көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.

Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың негізгі объектілері, көркем галереия, мұражай, табиғат, театр, кинотаетр, түрлі көрмелер.

Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады.

Үйірмеге ән салуға, билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті оқушылар қабылданады.

Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітапханасының көп мүмкіншіліктері бар. Кітапхана бейнелеу өнері, кескіндеме, музыка және өнердің басқа түрлеріне байланысты кітаптар көрмесін ұйымдастырады, әдебиет тізімдерін дайындайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірігіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференциясын өткізеді, басшылық жасайды.

Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.

Мектепте оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторлар әсер етеді. Мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемі мектеп мебельдері, демалыс бөлмелері, қолайлы жұмыс орны оқушылардың эстетикалық танымын белсенділігін көрсететі.

Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру оқушылардың эстетикалық дүниетанымынның негізгі көзі болады.

Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай (домбыра, шертер, асатаяқ, шаң қобыз, ұран, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл,т.т.). Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі.

Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халықымыздың бүкіл өмір тәжірбиесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын , қажеттігін билейді.