Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімінің кәсіптік шеберлігі

Мұғалім — балаларға білім беруші ғана емес, сонымен бірге олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана — сезімін жоғары дәрежедегі рухани байлықтармен байытушы, балаларда қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, олады өз бетінше жаңалық ашуға, жаңалық жасуға үйретуші әлеуметтік белсенділігі бар жеке адамды тәрбиелеуші.

Мұғалімде педагогикалық қабілетпен бейімділіктің болуы — оның еңбегінің нәтижелі болуының кепілі. Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық, психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Педагогтік іс — әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзіндік құрылымдары бар:

1) Танымдылық іскерлік

2) Құрабілушілік іскерлігі (конструктивтік)

3) Коммуникативтік (қарым — қатынас)

4) Ұйымдастырушылық

5) Хабарлама және зерттеушілік іскерліктер мен дағдылар

Танымдық іскерлік – жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңібегінің негізі болып саналады.танымдық іскелікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес т.б. психикалық қасиеттерінің бірлікте дамуы қажет.

Құра білу (конструктивтік) іскерлігі оқу – тәрбие жұмысын жоспарлау, композициялық материалдардыіріктеп алумен сипатталады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық қасиет, қабілет қажет.Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық, логикалық ойлау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан құра білу іскерлігі танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет.

Қарым – қатынас іскерлігі – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым – қатынас жасауға үйренуі. Қарым – қатынас іскерлігі сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере біледен басталады. Қарым – қатынас іскерлігін тәрбиелеу үшін, адам ең алдымен басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі керек.

Ұйымдастырушылық іскерлігі – бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Бұл барлық педагогикалық іскерлікті бір – бірімен байланыстырып басқаратын іскерлік.

Ұйымдастырушылық іскерліктің белгілері мыналар:

жұмысты аяқтау, мақсатың белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, кездесетін кедергіні тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза білу, іске қызығушылық пен кірісу іс — әрекеттерінен құралады.

Хабарлама іскерлігі – жеке педагогикалықіскерлік болып бөлінеді:

Көбіне қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі қарым – қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес. Оқу – білім метериалын терең, жан – жақты білу, оқу әдістерін меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пайдалану дағдысының болуын талап етеді. Бұл іскерлік мұғалімнен дауысты үйлестіре білуді, көңіл – күй сезімімен сөйлеуді, сөздің құдіреттікүшін және дауыс үнін бет қимылды меңгере білуді талап етеді. Сөйлеу, әңгімелесу, көрсете отырып түсіндіру, пікірлеу, тыңдау, сұрақ – жауап айту тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін аудару – мұғалімнің педагогикалық іс — әрекетіне қажет іскерлік.

Зерттеушілік іскерлік — әр бір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргізуді жоспарлауды, мұғалім озат тәжірибені де өзінің тәжірибесінде жинақтауды, оларға теориялық – практиткалық негізде талдау жасауды және мектеп өміріне ендіруді қамтиды.

  1. Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімінің тіл мәдениеті

Оқушылар алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. «Сөйлей – сөйлей шешен болған» кісілерде кейде үлкенді кішілі аудиторияға келіп көпшілікке қарап ә деп тіл қатқанда, жүрегі алып – ұшып тұрады. Оның себебі айтайын деген ойымды қатесіз, дұрыс айта аламын ба, тыңдаушыларды менің сөзім қанағаттандырады ма деген уайым қыстайды оның үстіне аузына қадала қарап жәудіреген көп көздердің, әр сөзінді сынай қабылдайтыны белгілі. Ондай мәдениетті аудиторияның үнсіз сұсы сөйлеушіге әсер етпей қоймайды. Оқушылар алдында сөйлеп ысылмаған мұғалімдер ондайда асып – сасып, булығып, айтайын деген сөзінен жаңылысып қалады. Мұндай сәтсіздікке ұшырамау үшін оқушылар алдында өзіңе — өзін берік бол, қандайда бір қиыншылыққа кез болсаң да, сасқаламақтауға тырыс.

Аудиторияда ұстамдылықтың қамы – ерте бастан жүргізілген даярлық.

Оқушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған сөзіне аудара білу – мұғалімге жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.

Халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан жақсы дәстүрлерін сақтап оны әрі қарай дамытып сөз этикетін байытып, толықтырып, оны оқушылардың сөйлеу дағдысына айналдыру – оларды адамгершілікке, инабаттылыққа, сыпайыылылыққа баулуда септігін тигізері сөзсіз.