Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімі қызметінің стилі

Мектептің іс – әрекетін басқару әдістерін үйлесімді етіп шеберлікпен пайдалану жұмысты басқарудың СТИЛІН анықтайды. Басқару стилі- бұл жеке адамдарға және ұжымға әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

СТИЛЬ обьективтік және субьективті факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады.

Обьективтік фактор – ұжымның ұйымшылдығы , іс –қабілеті, басты міндеттерді шеше білуі, ұжым мүшелерінің сауаттылығы және сапалық деңгейі.

Субьективтік фактор – басшының жеке басының қасиеттері.

Мысалы: іскерлік, мінез, бедел т.б. Демек, педагогикалық және басқару ісін жете білушілік.

Басқару стилінің үш түрі бар: Өктемдік стиль, Демократиялық стиль, Ымырашылдық стиль.

Өктемдік стиль – бұл әкімдікке құмар, құрғақ беделге ие болу оқушылардың мүмкіншіліктерін бағаламау.

Демократиялық стиль – оқу – тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіруді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп оқушылар ұжымымен мүшелерімен мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдер қабылдайды.

Ымырашылдық стиль – бұл оқу – тәрбие процесінің мәніне жете түсіне бермейді, жұмыстағы кемшілікті байқамайды кейді болып жатқан іске де біле тұрып жол береді.

  1. Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімі қызметінің әр түрлі стиліне сипаттама.

Оқу – тәрбие жұмысының сапасын, тиімділігін жақсарту, жетілдіру әр бір мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, іс – тәжірибесіне , ынтымақтастығына, бірлігіне, біліктілігіне, біліміне, сауаттылығына байланысты.

Әр – бір мұғалім оқу тәрбие жұмысына жаңалық енгізу үшін педагогика және психология ғңылымдарының теориялықжәне практикалық мәселелерін, жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең оқып игерудің, оларды тұтас педагогикалық процесте шығармашылықпен пайдаланудың тәсілдерін іздестірулері қажет.

Білім мен тәрбие беру ісі жөніндегі егеменді Қазақстан Үкіметінің Қаулы – қарарлары мен шешімдерінің жетекші бағыттарына сүйене отырып тәлім – тәрбие, оқу, ғылыми және әдістемелік жұмыстарын ойдағыдай ұйымдастыра білуді қамтамасыз етуі керек.

  1. Мұғалімнің басты функциялары

Мұғалімнің жеке басын сипаттайтын қасиеттер мыналар: кәсіби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенімі, саяси – қоғамдық, азаматтық белсенділігі, адамгершілік – гуманистік қатынасы. Педагогикалық – кәсіптік қасиеттері мыналар: балаға деген ынта – ықылас, махаббат, педагогикалық байқағыштық, әділдік, талап қоя білушілік, табандылық, ұстамдылық, өзін – өзі басқара білу, қайырымдылық, мамандығын сүйе білу.

Мұғалімге қойылатын негізгі талаптар:

А) Қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;

Ә) Жан игеру;

Ә) Жан лық, өмірдің әр түрлі саласынан хабардар болуы;

Б) Педагогикамен байланысты пәндерден психологияны, физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білу керек;

В) Оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін жақсы білу;

Г) Оқыту, тәрбиелеу әдісін білу;

Д) Жұмысына шығармашылық көзқарас;

Е) Баланы жете білу, олардың жан – дүниесін түсіну педагогикалық сенім;

Ж) Педагогтік техниканы меігеру (мәнерлі, қисынды сөйлей білу).

З) Педагогтік әдептілікті меңгеру

И) Балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік.

Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп әсіре педагогтың ізденпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы оның өз жұмысында білімін ұлғайтып, тереңдетудегі айрықша педагогикалық бағыттаушылық қабілеті болып тыбылады.