Педагогикалық технологиямен педагогикалық шеберліктің өзара байланысы.

Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен XVII ғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негізделген және қазіргі дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданылатын оқытуды сынып – сабақтық ұымдастыру деп түсінеді. Сынып – сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырылған дайындау қажеттілігіне байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтала бастады.

Соңғы жүз жылдықта класс –сабақ жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірнеше зерттеулер жүргізілген. Олар оқу жұмысының ұйымдастырудың мынадай формаларын іздестірумен байланысты болады. Ол сабақтың кемшіліктеріне, айталық оның орта оқушыға бағытталуын, оқудағы алға басушылық қорытындыларының мазмұнының біркелкілгі мен орташа шамасы, құрылымының өзгермейтіндігі: үйге берген тапсырманы сұрау, жаңа сабақты баяндау, үйге тапсырма беру. Дәстүрлі сабақтың кемшілігінің нәтижесі, ол оқушылардың танымдық белсенділігіне, дамуы мен және оның дербестігіне тежеу болатындығында.

Дәстүрлі класс – сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол: біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте (расписание) мұғалімнің басқарушылық ролі және с.с.

Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл класс сабақ жүйесінің белгілері.

Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А. Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, саналылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.

Оқыту дегеніміз ересек үлкен ұрпақтардан өсіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларды, әлеуметтік тәжірибені алып беруін айтамыз. Бұл тұтас процестің құрамына мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдар кіреді.

Оқытудың мақсаттары бірқатар жағдайларға байланысты тиісті бір құрамдас бөліктен кіргізетін ойнақы өзгерткіш категория болады. Мақсаттың ерекшелігіне сай дәстүрлі оқыту дегеніміз тұлғаны белгіленген қасиеттермен тәрбиелеу болып табылады. Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға (жан – жақты дамыту тек қана мәлімдеме ғана) емес көбіне білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қазіргі кездегі жалпы мектепте мақсат біршама өзгерген, айталық идеологияландыру шығарылып тасталған, жан – жақты үндестірілген даму ұраны алып тасталған, адамгершілік тәрбиесінің құрамы да өзгерістерге ұшыраған, бірақ мақсатты жоспарланған қасиеттер, сапалар (оқыту стандарттары) жиынтығы ретінде қарастыру парадигмасы бұрынғы сияқты қалып отыр.

Білім берудің дәстүрі, жалпы мектептің мазмұны бұрынғы кеңес үкіметі жылдарында қалыптасқан, ол елді индустриазациялау міндеттері мен дамыған капиталистік елдердің техникалық деңгейіне қиыншылықпен, жалпы ғылыми–техникалық прогрестің ролімен және ол осы күнге шейін технократиялылығымен анықталады.

Дәстүрлі технология ең алдымен авторитарлық педагогиканың талаптарына оқуңшының ішкі өмірімен өте нашар білім болып табылады, ал ол әр түрлі сауалдар мен мұқтаждардан тұрады, онда тұлғаның өзіне тән қабілеттерін көрсету үшін жағдайлары мен творчестволық көріністері болмайды. Оқыту процесінің авторитарлығы іс–әрекетті реглментациялаудан көрінеді: оқыуды атқару тәртібінің ықтиярсыз істелінетіндігі (“мектеп талаптарды даралайды”); бақылауды бір орталықтандыру; орташа оқушыға бағыттанушылық (“мектеп талаптарды өшіруде”). Онда оқушы позициясы ықпал етуге оқыту объектісіне бағынған, оқушы “тиісті” оқушы әлі толықќанды тұлға емес, ухсыз “винт” ретінде көрінеді. Ал мұғалімнің позициясы – ол командир, жалғыз инциативті адам, төрешісі (“әрқашанда ол дұрыс айтады”) жасы үлкен адам (ата–ана) оқытады; пәнмен балаға, “жазалаушы оқ” стилі.

Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға негізделеді. Оқыту белгілі бір үлгілермен, индуктивтік логикамен жеке даралықтан жалпылыққа, механикалық есте сақтауға, көзбен көргенніњ мазмұнын айқын беру, репродуктивтік еске түсіру, елестету.

Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:

  1. Иллюстративті–түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурсиялар және т.б): мұғалім түсіндіреді және оқу материялын көрнекті түрде көрсетеді.
  2. Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс–әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді (сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады және с.с.), сонымен “білім көшірмелерін қалыптастырады”.

Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: ерекшеліктердің жүйелілігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білу, ұйымдастырудың анықтылығы; мұғалім тұлғасының оқушыларға тұрақты әсерлі эмоция ,сезімдік ықпалы, жалпы оқу барысында қаржыны орынды жұмсау. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушылардың бір–бірімен қатынастардан изоляциялау, оқшаулау, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық немесе көзбоярлықтағы белсенділік); оқушылардың сөз іс–әрекетінің нашарлығы; оқушыларға орташа өшеммен қарау, индивидуальді оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабақтарда материалдан тек қана хабардар болуы қамтамасыз етіледі, ал ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қолданылады.

Сабақ негізгі форма ретінде оқыту–тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың басқа формаларымен толықтырылуы мүмкін. Олардың бір бөліктері сабақты параллелді дамытады; яғни класс–сабақ жүйесі шеңберінде (экскурсиялар, консультациялар, үй жұмысы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар.) Жоғары оқу орындарында қолданылатын лекция–семинар жүйесінен алынып пайланған. Олар оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге бейімделген (лекциялар, семинарлар, практикумдар, сынаќтар, емтихандар). Мысалы, лекция–семинар–сынаќ оқу жүйесінде (формасында) алдымен класқа оқу материалы лекциялық әдіспен беріледі, содан соң семинар, практикалық және лабораторияалық сабақтарда талқыланады (меңгеріледі, қолданылады) және меңгеру нәтижесі сынаќтыќ формада тексеріледі.

  1. Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар.

ХХ ғасырдың 80–шы жылдары Россияда жаңашыл–мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болды. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс–әрекетті (сүйеніш схемалар, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу және т.б. аса айрықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясын бағытын авторитарлықтан демократиялыққа гумандыққа ауыстырға деген ұмытушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын береді.