Педагогикалық процесс бір қалыпсыздығы және қиыншылық себептері.

Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады. Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалымен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызға бейнелеуін түйсік деп атайды.

Білімді жан–жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау –бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қорытындылар жасауға тиіс. Бұл оқушылардың біліім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылды, дәлелденіледі және бекітіледі.

Ұғым, қарапайым және ғылыми ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп – білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.

Ұғымның қалыптасуы –өте күрделі процесс, ол – оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді. Ойлау – талдау /анализ/, синтез, дерексіздендіру /абстракция/, жалпылау сияқты операциялардан тұрады.

Оқушыларға ұғымды қалыптастыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын қолдауға үйретеді.

Абстракциялау деп заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылап қарауды айтады.

Білімді бекіту.

Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше.

Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді әдіс–тәсілі. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін, бекіту әр түрлі практикалық, лабораториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.

Бекітудің бұдан да басқа әдіс–тәсілдері бар. Өтілген оқу материалын бөліктерге бөліп қайталап отыру: күнделікті қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету т.с.с.

Білім мен дағдыны практикада қолдану

Білімді жан–жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағанынан, жете түсінбегенінен болады. Білімді практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші –білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі – жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен әрекет жасай алады.

Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.

Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады.

Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын және мүмкіндіктерін талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы ерекше. Мұғалім мен оқушы үшін мұндай жұмыс, кибернетикалық тілмен айтқанда, кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім оқытудың әрбір кезеңінде: жаңа білімді қабылдау, оны ұғыну, бекіту, практикада қолдану кездерінде іске асырады. Сонымен қатар бұл жұмыс оқыту процесінің белгілі кезеңіндегі /тоқсан және жыл аяғында/ дербес буын ретінде де қолданылады.

Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы ерекше: ол – оқуға деген стимул, мотив функцияларын атқаруы мүмкін.

Оқыту процесінің жоғарыда айтылған жеке буындарының маңызы мен орнын білумен қатар, олардың бір–бірімен өзара тығыз байланысты болатынын, біртұтас процесс екенін ұмытпау керек. Сондықтан оқушының білім мен дағдыны меңгеру жолын біртұтас процесс деп қараған жөн. Ол – қабылдау, түсіну, бекіту, қолдану сияқты өзара байланысты құрамнан тұрады.