Баланың дамуындағы жас және дара ерекшеліктер, оларды оқу – тәрбие процесінде ескеру.

  1. Тәрбие және балалардың жас ерекшеліктері.

Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріні сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістеріоқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.

Мектеп жасындағы баланың салмағы бір жылда 2 – 2,7 кг. өседі. Алты жастан он екі жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есеге артады, бала миының көлемі ұлғаяды, нерв жүйесінің жетілуі жалғасады.

Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.

Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетті. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады.

Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дүниеәлелдегісі келеді. Бірақ ол балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.

Біздің елдің ғылымдары – педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындғы балалар т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.

1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында бүкіл дүние жүзілік симпозум болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.

  1. Жаңа туған бала 1күннен 10 күнге дейін
  2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін
  3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін
  4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін
  5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар)

8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар)

  1. Жеткіншектік жас 13 — тен 16 жасқа дейін (ер балалар)

12- ден 15 жасқа дейін (қыз балалар)

  1. Жасөспірімдік шақ 17 – ден 21 жасқа дейін (ер балалар)

16 – дан 20 жасқа дейін (қыз балалар)

  1. Кәмелеттік жастың бірінші кезеңі 22 – ден 35 жасқа дейін (ерлер)

21 – ден 35 жасқа дейін (әйелдер)

  1. Кәмелеттік жастың екінші кезеңі 36 – дан 60 жасқа дейін (ерлер)

36 – дан 50 жасқа дейін (әйелдер)

  1. Кексе жас 60 – дан 74 – ке дейін (ерлер)

56 – дан 74 – ке дейін (әйелдер)

  1. Қарттық жас 75 – тен 90 – ға дейін
  2. Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдантұрады.

  1. Жаңа туғавн бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін).
  2. Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).
  3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).
  4. Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).
  5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін).
  6. Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін).
  7. Жасөспіроімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін).

Мектепке балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт , бес, алты және жетісатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс — әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.

Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері өседі, дамиды. Бойы 90 сантиметрден 114 снтиметрге дейін өседі де, слмағы 14 килограмнан 22 килогамға дейін артады. Бұл кезде балалар күнгделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті көтермейді. Сондықтан ата – аналар балалардың күш – қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте – бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.

Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс — әрекеті ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалімде, ата – аналардың өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталы, сөз қоры мен тіл дамуының дүниеәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білу, дененің жетілуі т.б.

Мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер бапйқалады. Олардың бұлшықеттері күші ртады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарықшарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі, салмағы 32 – 35 кг. Шамасында болады. Бұл жастығы балалардың іс — әрекеті — оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н.К.Крупская және А.С Макаренко 7 – 12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды ереітілікке-, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесіне үшін әрекет жаауға тәрбиелейді.

Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды бірте – бірте еңбекке баулу, жанұя, ұжым және қоғамға пайдалы еңбектің (үй шаруашылығына қатысу, сынып бөлмесін жинау, сая бақта бақша өсіру, үй жанындағы бау -бақша учаскесінде, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т.б түрлерін істей білуге үйрету қажет) 7 –12 жастағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болады. Сондықтан бұл жағдайдың ойын, дене еңбектерінің барысында еске алынғаны жөн.

Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмаын орындаудан қашушылық т.б. балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу, тәрбиешілердің, ата – аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.

Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудың жеркену сезімі туады; үлкен адапмдардың жібергшен қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады т.б.

Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылдайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата – аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.

Жеткіншектік шақта балалардың бойының ұзындығы 134 – 155 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшықеттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді.Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Н.К. Крупская бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба жас деп атап көрсетеді.

Жасөспірімділік шақта жастардың организмі – қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшықеттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғамалдында тұрған әлеуметтік – саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын санылы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамндыққа ықыласының бірте – бірте қалыптасуы түрлі іс — әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.

  1. Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері.

Әрбір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез – құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез – құлығының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады. Әр бір адамның өзіне тән қасиетерін қалыптастыру мен дербес енрекшеліктерін дамытудыжан – жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ықпал жасап қана қоймайды, ол үнемі даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің міндеті “ең таяу даму зонасы” жасап, оның келешекте “көкейткті даму зонасына ” айналуын қамтамсыз етеді.

Мұғалім күнделікті оқу – тәрбие жұмысының процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап, есепке ала отырады. Осындай нақты зерттеу жұмысының нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әр – түрлі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерді байқайды. Оларға : кейбір баланың оқу материлын тез ұғуы немесе баяу ұғуы, берілген тапсырманы мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе түрлі сылтауларды айтып бас тартуы, іс — әрекеттерінің барысынгдағы белсенділік немесе енжарлық, бр баланың байсалды, ұстамды болуы, неесе ұжымнан өзін оқшау ұстауы т.б. Осы сияқта әр түрлі дара айырмашылықтарды мұғалім тәрбие жұмысын жоспардауда еске алады, оларды іске асыру үшін қажетті жағдайла жасап, нақты шаралар белгілейді.

Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез – құлқына сәйкес жете білуі қажет. Мәселен, нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып іс – жүзінде аыру мүмкін емес. Жеке авдамның дүниенің сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.

Темперамент деп – жеке адамның қылығы мен түрлі іс — әрекетерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды. Халерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, тұрақты болады. Ол белсенді, іске шапшаң кірісіп, аяқтап шығады. Бірпақ сезім жүйелері ауықтап тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашуланғыш болып келеді. Сангвиник – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті бірақ көп тұрақтанбайды. Ол қызулы, жеңлтек келеді, бір немесғе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оның орындаудан бас тартады. Меланхолик- эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстаиды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе аяқтап шығады. Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске өте баяу кірісекді, бірақ тиянақты орындайды. Темперамент типтері психология курсында толық қарастырылады.

Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында балалардың мінез – құлықтарын ескеріп темпераментін тәрбиелейді. Мыслы, сангвиник баланың іс — әрекетін үнемі бақылап, берген тапсырмны негізінде орындалуын қадағалап отыруы керек болса, ал меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу қажет.

Оқушылрдың түрлі іс — әрекеттерін жүзеге асыру үшін, олардың барлық ықтимал мүмкіндіктерін іске қосу керек. Осыған орай, тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет:

кейбір баланың өз мүддесін ғана ойлауын ғана болдырмау, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра білуге үйрету; баланы әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету, т.б.