Кредиттік технология бойынша оқыту процесін ұйымдастыру

Ұлттық білім беру бағдарламалаын, халықаралық деңгейде танып – білу, студенттер мен оқушы – профессорлардың жылжымалығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының жоғары оқу жүйесіне кредиттік оқыту технологиясы ендірілуде.

Кредиттік оқыту технологиясы – оқыту процесі шеңберінде білім аймағын таңдау, өзіндік білім алу деңгейін арттыру және білімді шығармашылықпен индивидуализациялау негізінде, білім көлемін кредит есепке алумен байлансыты оқыту технологиясы.

Кредит студенттің оқу әрекетінің көлемінің ықшамдалған бірлігі.

Бакалавр дәрежесін алу үшін студентке 120 – 130 кредит қажет.

Кредит – сағат: 1 кредит, сағат = аптада 3 жұмыс сағаты болып есептеледі. 1 сағат лекция + 2 сағат студентердің оқытушы жетекшілігінде орындайтын өзбетінше жұмыс (СОӨЖ).

2 сағат СОӨЖ = 1 сағат СОӨЖ + 1 сағат СӨЖ (студенттердің өзбетінше жқмысы).

1 сағат СОӨЖ деп, студенттердің, графикте көрсетілген уақыт бойынша оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзбетінше жұмыстары.

1 сағат СӨЖ студенттердің, оқытушылардың және аудиториялардың бос уақыттарына сәйкес графикпен жасайтын өзбетінше жұмыстары.

Студенттерге арналған кредит сағаты:

1 кредит сағат – апталық 3 жұмыс сағаты. Бұл 1 сағат лекция + 2 сағат оқу құралдарымен жұмыс, үйге берілген тапсырмаларды орындау, зерттеу жұмыстары мен оқытушылармен жұмыс.

Оқуды аяқтаудың міндетті шарты болып саны студенттердің белгіленген мөлшер кредит саны: міндетті және таңдау бойынша, кем дегенде 128 кредит барлық оқу мерзіміндегі теориялық оқу, оның ішінде кем дегенде 8 – шет тілін оқу компоненттерін құруы керек.

Студенттің міндеті мен құқығы.

Студент құралы:

а) оқыту процесінің ұйымдастырылуы ережесімен танысуға;

ә) өзінің жеке жоспарын құруға;

б) оқу жылына кем дегенде 32 кредит жазып алуға.

Студент міндетті:

а) қабылданған оқу пәндерінің санынан кем емес пәндерді және кредитті жазып алуы;

ә) жеке жосапары бойынша көрсетілген пәндерді қатаң түрде меңгеру;

б) аудиториялық сабақтарды және СОӨЖ жібермеуі.

Кредиттік оқыту технологиясының ерекшелігі, әр мамандық бойынша үш оқу: базалық, индивидуальдық (жеке) жұмысшы жоспарларында. Базалық жоспарда екі топ: міндетті және уақытқа сәйкес қатаң кезектен тұратын пәндер тобы. Студанттің өзінің таңдау бойынша оқылатын пәндерден тұрады. Алғашқы пәндер тобы студенттің оқу курсын (оқу жылы), академиялық оқу тобын анықтауда негізгі болып табылады.

Жеке оқу жоспары әрбір оқу жылына қабылданған формада тек студенттің, қажеттілігіне байланысты академиялық кеңесшінің көмегімен жасалады.

Жеке жоспарды қабылдауда студентке пәндер мен жоғары квалификациялық оқытушыларды таңдауына ерік беріледі.

Құрлымы жағынан кредиттік оқыту технологиясының оқу жоспарында өзгешелік бар. Оның құрамы төмендегідей.

Кредит бойынша студенттер білімін бағалау арнайы бағалау шкаласына сәйкес жасалады. Қорытынды балл, пән бойынша 100 балл. 100 %

Міндетті түрде лекцияға қатысу қорытынды баллдың 5 % (5 балл) СӨЖ қатысу және пікір таластыру 15 % (15 балл).

Актуальді тақырыптар бойынша жоспарланған студенттердің жұмыстары 5% (5 балл) құрайды.

2 – рет аралық бақылау қарастырылады: бірінші, аузшы формада, сұрау 20% (20 балл), екінші – бақылау жұмысы ретінде 20% (20 балл). Қорытынды бақылау жұмысы ретінде 20% (20 балл). Қорытынды бақылау – тест 35% (35 балл).