ЖОО оқыту процесін ұйымдастыру

Қазіргі жоғары оқу орындарында білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері және студанттердің білімін, біліктілігін бақылау уақыт талабына сай мамандыққа қойылатын талаптарға сай ұйымдастырылуы керек.

Мамандандырылған кәсіп иелерін жоғары оқу орындарында дайындау бірнеше факторларға байланысты, оның ішінде жалпы оқыту процесі және студенттердің жеке пәндер бойынша алатын білімдері мен біліктері маңызды рөл атқарады.

Осыған байланысты көптеген жоғары оқу орындарында модульді – рейтингілік (МРЖ) оқыту жүйесі және студенттер білімін бағалау және оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру, студенттердің білімін және біліктілігін үнемі қадағалап отыруы, семестр бойы оқыған пәні бойынша кәсіптік сапасын анықтайтын сандық көрсеткіш рейтінгілеу, көп деңгейлі білім беру кешенінің бір бөлігін сипаттайды.

МРЖ – оқыту жүйесінде студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарға қызығушылығын арттырады.

Оның орындалу сапасының жоғарылауы:

  • студенттерге өз білімдерінің объективті бағасын алуын;
  • рейтинг мәніне байланысты студенттердің білімдері деңгейін ранглеуге жіне осының негізінде оларды моралдық және материалдық мадақтауды;
  • көпдеңгейлі дайындау жүйесінде студенттер білімі мен біліктіліктері рейтингі әрбір студенттің келесі деңгейдегі бақылауға көшуіне объективті баға беруді қамтамасыз етеді.

Жоғарыдағы талаптарға сәйкес оқыту процесінде студенттердің білімі мен біліктіліктерін бақылау графигі түзіледі.

Білімді бақылау графигі (Б.Б.Г) семестр бойы өткізілетін барлық бақылауларды баллмен бағалау графигі болып табылады. Аралық бақылау балл жүйесімен бағаланады. Мұнда семестр апталықтарында жүргізілетін: алғашқы (кіріс) бақылау – бірінші, екінші апталығы аралығында, аралық бақылау модульдің (тарату көлемді материалдармен бітуіне байланысты) аяқталуына қарай және қорытынды бақылау емтихан сессиясында жүргізіледі.

График академиялық топқа алдын – ала, барлық пәндер бойынша беріліп қойылады.

Кіріс бақылау – лектор тарапынан оқылатын пәндерге қатысты, өтілген материалдар, оқылатын пәннің мазмұны ашатын сұрақтар бойынша студенттің дайындығын тексеруге арналады.

Модульдер және сабақтың түрлеріне бөлінетін балл лектордың еркі бойынша жасалады. Сондықтан пән бойынша студенттер білімін рейтінгілеу 100 баллдық жүйеге негізделеді, 60 балл кіріс, ағымдағы және аралық бақылауларға (барлық модуль бойынша) және 40 балл қортынды бақылауға (емтиханға) қойылады.

Шекералық бақылауға сәйкес 36 балл жинаған студент сынақ – емтихан сессиясына жіберіледі. Егерде оның жоспарында пән бойынша деферанциалды сынақ орын алса шекаралық бақылау нәтижесінде 45 – 50 балл аралығында «қанағаттанарлық» , 51…55 балл «жақсы», 56 – 60 балл аралығында «өте жақсы» баға қойылады.

Қорытынды бақылау – аралық бақылауларнәтижелері бойынша жинаған баллға емтиханға бөлінген баллмен жиынтығы аралық бағаланады. Мұнда 85 …100 балл «өте жақсы», 70 – 84 балл «жақсы», 56…69 балл «қанағаттанарлық» деп бағаланады.

Қорытынды бақылауға 20 баллдан төмен балл жинақтаған студан ағымдағы бақылау нәтижелеріне байланыссыз «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады.

Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 55 … 60 балл жинақтаған студанттер білімді бағалау бойынша, «өте жақсы» бағаға бағаланып қортылады бақылаусыз – ақ қойылады.