Ұйымдастырушылық біліктілігі

Білік — әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.білікті әрекет іс — әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерін таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді. Біліктің қалыптасуының және дамуының ең тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы шарттары:

  • тұжырымдалған ережені түсіну;
  • орындайтын, қажет әрекет бейнесін қалыптастыру;
  • жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті орындаудың нәтижелілігі жөнінде хабар алып отыру болады. Бұлар педагог, суреттердің т.б. оқу – тәрбие процесіндегі біліктілігі негіздерін құрайды.

Күрделі біліктіліктер қатарына педагогтің тек атақаратын негізгі функциясына қарасты іс — әрекеттерден де басқа әр түрлі іс – шараларды ұйымдастырушылығы да жатады.

Қандай да болмасын іс – шаралар жоспарлы, күн тәртібінде негізделеді. Сондықтанда мұндай іс – шаралардың күн – тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы, босқа уақыт өткізуден, жалаңдықтан, формалдықтан сақтандырады. Мұндай іс – шараларда сөз өнерінің, тілдің маңызы зор. “Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашпас” үшін, сөз сөйлей білушілікті алдымен саналыққа бастайтынын, тіршілікке өмірлік мән әкелетінін, өзара қарым – қатынысымыздың жанды көпірі, — деп түсінген жөн.

Дәмді сөйлеп, дәйекті, бол! – дейтін қағиданың да астарында қарапайым өмірлік сыр –сабақ жатыр. Сөзінің қадір қасиетінің мәнін жоймау себебін адам жаратылысының ұдайы саналыққа ұмтылумен ғана түсінуге болады. Ал сөзбен іс сана мен ақылдан нәр алады.

Мұндайда тіл тазалыған мән берген дұрыс. Өйткені, тіл- халықтың сонау ғасырлық санасы мен зіденісінен сүзіліп өтіп, шыңдалудан танбаған, тарихтың жауындары мен дауылдарынан да желкенін жықпай өтіп, халықпен бірге жасасып кележатқан құдіретті құбылыс, талайды тақымына басып, талайды шыңына көмген тарихтың өзі тәнті боларлық киелі қасиет.