Педагог – ұстаз, маман

Кез келген профессиограмма компоненті болып мәдениет табылады. Өндіріс күштері, ғылым мен экономика қажеттілгі, бүгінгі күні нақтылы жұмыс орнында қандай маман керек екендігін, оның ертеңгі күнгі деңгейінің қандай болуы туралы болжамдар жасауды қажет етеді.

Бүгінгі маман, қазіргі заманғы экономикалық ойлау, басқару және ұйымдастыру жұмыстары, іс — әрекетке байлансты ақпараттық техникаларды пайдалану, жоғары мәдениет, шет тілін білуі қажет.

Сонымен қатар ол инициативалы және жауапкершілігі сезінетін, ұдайы өз білімін жетілдіру, молайтуға ұмтылатын, жаңа шешімдерін білу, енгізу оны өмірге ендіру ептілігі бар болуы керек.

Осы тұрғыдан қарағанда педагог тек «бала жетектеуші» ғана емес, педагогика – гуманистік сапа кешенін түзетін өнерде. Ал осындай сапаның болмауы кәсіби іс — әрекеттің тиімді орындалуын болдыра алмайды. Мұндай сапаларға педагогтің позитивті адамгершілік тұрпаты, жоғары теориялық және әлеуметтік ойлау қабілеті, өмірге оптимистік көзқарасы, адамдардың гуманистік потенциалына сенімі жатады. Мұнадй мағынада педагог рухани азамат болуы тиіс. Ал бұл жаппай бола беруі мүмкін болмайды және көп нәрсеге міндеттейді.

Өкінішке орай, бүгінде педагог мамндығын көпшілік кәсәпке айналдыруда. Сондықтанда болар біздің қазіргі кезде оқу – тәрбие мәселесінде бір қатар олқылытарға жол беріп отырғанымыз.

Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогика тұлғаның жан – жақты дамуы жөніндегі мәселерді қамтығанмен негізінен аталған мәселе, әлеуметтік – экономикалық мәселе болып табылады. Өйткені, жеке адамның дамуы оның материалдық және рухани қажеттілігі арқылы шешіледі. Сондықтанда, келешек педагог мамнадарды дайындауда, педагогиканың дамуында тұлғалық – бағдарлық парадигманы алға тарту қажет. Ол тұлғаның педагогикалық қызығушылғына, өзінің шығармашылық потенциалын максимальді жүзеге асыруға қажетті білім және біліктілктермен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Тәрбиешіні – тәрбиелеу

Мұғалімнің іскерлік және жеке басының сапасына қойылатын талап, осы күнгі, нарық экономикасы кезеңінде артып отырғаны көрініп отыр. Адамды тәрбиелеу жөніндегі қазіргі заман талабынан туындайтын бірқатар сұрақтарға ғылыми дәйектелген жауаптар табу, олардың жауапкершілігін арттыру, әртүрлі психолгиялық, моральдық ауытқулармен күресу жолында мұғалім әркез нақтылы түрде кемшіліктер мен жетістіктерді бағалай білуі, өзінің пактикалық іс — әрекетіне пайдалы, тиімді тәжірибелерді саралау және оны қайта құру, даму қызметіне ендіру талап етіледі.

Мұғалімнің тәрбиелік іс — әрекетінің тиімділгі жөніндегі шешуші мәселе – мұғалімге терең педагогикалық мәдениеті болып оның ұйымдасытыру және тәрбиеліс іс — әрекетіне психолгиялық, педагогикалық дайындығы деңгейі иабылады. Және бұл оның жалпы мәдениетінің бір бөлігі сипатты орын алады.

Педагогикалық мәдениетке психологиялық негіздері (жалпы және әлеуметтік психология) педагогика, тәрбие және оқыту біліктілігі мен дағдысы, педагогикалық шеберлігі жатады. Педагогикалық мәдениет сананы қайта құруға көмектеседі. Педагогикалық мәдениетті меңгеру процесі мұғалімнің дүние танымын жандандыру, талдау және қазіогі заманғы ағысты бағалай білуге сүйенеді. Мұғалім тек қана оқушылармен емес, көпшілікпен бірге мұратқа сенімділігі жоғары, инициативалы, белсенді болу қажет. Саяси мәдениеті қалыптасып орныққан мұғалім, адамдармен қарым – қатынас барысында дұрыс топ таба біледі, адамның мәртебесін, қадір – қасиетін сыйлай және бағалай, өзінде өзгені де сыйлай білетін азамат.

Ақылы кем адамның әрекеті айналаға, ортаға, одан қоғамға әрі бүкіл халыққа жүк болатыны елене бермейді. Сондықтанда бұл бомасты өзгертетін, тәрбиелейтін, ізгілікке жетелейтін нәрсе оқумен, білімен ізденіс мәдениетпен келетін сана тазалығы деп түсінген жөн. Ендеше осы уақытқа дейін біз қанша сауттымыз десекте, әлі де шала сауатылығымызды мойындауымыз керек.

Өйткені, ой білімен жұрдай болған кезде жан дүниең жұтаң тардады. Жалқаулық басады. Жалқаулық ойланбай істеуге оңай жол іздеуге бейім тұрады.

Мұғалімге іс — әрекетіне, ой арманына, дүниеге көзқарасына талапшыл талғам, пікір түйуге бейімделу жиынтығы керек. Сондықтан дүниеге ойлы көзбен қарап, әр құбылыстың мәніне терең үңілу әр бір саналы педагогтың әдетіне айналуы тиіс.