Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы

Педагог (грекше тәрбиеші) – дәрі беру және тәрбие жұмысымен айналысатын тұлға. Педагогтің мұндай іс — әрекетінің объектісі ол оқытатын және тәрбиелейтін адам болып табылады. Сондықтан оның іс — әрекетін өнер деп тани отырып оқыту мен тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижелерге жету үшін педагогикалық қызмет мұғалімнен жан — жақты білімді, табанды еңбектің талап етеді деген мағынада түсінген жөн.

Педагог тек ұстаз, оқытушы немесе белгілі пән мұғалімі ғана емес, ол оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, басшы, білім беру саласындағы мемлекеттік тұлға.

Төменде осы тұлғаның білімділік және біліктілік негіздері мазмұнына тоқталамыз.

Категория, бәрімізге белгілі, қарастырып отырған ғылымның негзгі фундаментальді ұғымдары.

Ондай категорияға педагогика даралық, тұлға, білім беру, тәрбие, дамыту, оқыту, өзін — өзі тәрбиелеу, әлеуметтану, қалыптастыру, педагогикалық іс — әрекет, оқу іс — әрекеті, педагогикалық өзара қатынас, педагогикалық жүйе, білім беру процесі, педагогикалық процесс жатады.

Бәрімізге мәлім адам үш жағынан: биологиялық негізімен (жеке тұлға) және әлеуметтік (тұлға); үшіншісі – адамдағы адамшылдық (даралық) көрнісімен белгілі. Осыған байланысты және үш ұғым: жеке тұлға, тұлға және даралық пайда болады. Яғни, онда жануарлық бастама (организм), әлеуметтік (тұлға) және таза адами сапа (даралық) орын алады.

Жеке тұлға (индивид) өкілдеріне қатысты айтылады. Бұл филогенетикалық және онтогенетикалық даму өкілі, туа біткен және жүре пайда болғандар бірлігі. Индивид адамның жануарға тән екенінің айғағы.

Тұлға – адамдағы қоғамдық бастаманың көрнісі оның әлеуметтік өмірге қатыстылығы. Бұл өз кезегінде қоғамдық қарым – қатынастар арқылы анықталатын достық, сүйіспеншілік, отбасылық, өндірістік, саяси және т.б. жүйелердің қарым – қатынысы.

Даралық – бұл, адамды жануардан және әлеуметтік ортадан даралайтын, ерікті, тәуелсіз тірі организм ретінде танылуы. Мұнда оның іс — әрекеті жасырған. Даралық дамыған сайын бөлек тұлға түгелімен өзінің күшіне сенеді, сондықтан ол тек қана еркін емес және де өзбетінше адам.

Бұл ұғым тұлғаның басқа адамдарға ұқсамайтын мінез – құлқы, ой — өрісі, тәлім – тәрбиесі т.т. арқылы айқындалады. Сондықтан педагог, тұлғаның психологиялық құрлымы жайлы терең білімі, соынмен қатар ойлау заңдылытарын, ес, тұлғаның қалыптасу аймағына тиімді тәрбие әсерімен қөамтамасыз ету, әрбір адамның қабілеттіліктерін мүмкіндігінше ашу, пайдалану, қоғам өміріне және жеке тұлға үшін де керек екнін білуі тиіс.

Даралық негізінен оның интеллектуальдылығы мотивациялық, эмоционалдық ырық, пәндік – практикалық, өзін — өзі реттеушілік, экзистенциалдық (ғылымға объективті сенім) сфералары арқылы анықталады.

Интеллектуальдық сфера бәрімізге белгілі, ойлау түрлері (танымдық, шығармашылық) ойлау стилі (аналитикалық, образдық ойлау), ақыл сапасы (түйсіктілік), танымдық процестері (зейін, ес, қиялы, ұғынуы), ой операциялары (есептеу, даралау, талдау, жинақтау, жүйелеу, абстракциялау, дәйектеу).

Мотивациялық сфера бүкіл өмір бойы мотиві мен мақсатын қалыптастыратын және дамытатын барлық тұтынушылығы жиынтығын құрайды.

Эмоционалбдық сфера тек қана эмоция мен сезім арқылы ғана сипатталмайды, ол сонымен қатар өзін — өзі бағалау және беректсіздену арқылы сипатталады.

Ерік сферасы адамдарды біле, ұға тұра мақсат, артық міндет қою арқылы сипат алады. Жігерлі адамға алға ұмтылушылық, ішкі және сыртқы бөгеттерді өту, нервтік және бұлшық еттің қысымын жеңу, өзін — өзі меңгертуге қатысты.

Өзін — өзі реттеу сферасы мақсат таңдай және оған жету құралдарын еркін таңдау, оларды таңдаудағы ырық, өз ойын реттеу, көңіл күй, қарым – қатынас, әрекет арқылы сипатталады.

Пәндік – практикалық сфера әртүрлі іс — әрекет және қарым – қатынас барысындағы икемделегі арқылы сипатталады.

Экзистенциальдық сфера – адамдардың өзін және өзгені бағалай білуі, басқа адамдармен қарым – қатынасқа түсу, ұяллшақтық, сыпайылылық, жан – жақтылық және әрекетін ойлап жасау, өз әрекетінде басқалармен санаса білу, тәртіптілік арқылы таңдау функциясын атақарды.