Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері

Жоғарғы оқу орындарын — халық шаруашылығын, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылыми және педагогтік мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми жұмыстар жүргізілетін, жоғары және арнаулы орта білім беретін мектеп оқушыларын даярлайтын, өндірістен қол үзбей еңбек ететін мамандардың білім деңгейін жетілдіретін оқу орыны.

Жоғары оқу орындарындағы оқыту процесінің құрлымы және ұйымдастырылу формалары – мақсаттық бағыттағы құрылған оқытушы мен студеттер арасындағы қарым – қатынасқа негізделген білім беру мен тәрбие процесі.

Университет тыңдаушыларына қоғамның жоғары санатына енетін ғылымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері әмбебап білім беруге ұмтылды. Сонымен қатар «жиынтық» мағынасына университеттік білім беруді ұйымдастыру принциптеріде енді. Бірінші кезекте, бұл принцип үздіксіз ғылыми шығармашылық қамтамасыз ету: танымдық процестердің, ғылыми негіздері мен әдістерімен, студенттерді қаруландырып зерттеу жұмыстарына араластыру еді. Мұндағы басты принцип: унсверситет беретін ғылыми білім толықтығын; оқытушылық және оқыту процесінде шығармашылық еркіндігі, университет оқушылар мен ғылымдарды өздері дайындай отырып толықтыру еді. Аталған принциптерді барлық университетте орын алады. Университеттің өзін — өзі басқару мен еркіндігі ғылымдағы жетістіктері тарихи өзгерістерге ұшырады деуге болады.

Университет беретін білімнің жетістігін қалай түсінуге болады? Ғылымның өркендеуі бүкіл дүние жүзіндегі ғылыми саланың өзара тығыз байланысы ынтымақтастығының нәтижесі деп түсінген жөн. Университеттегі ғылымның толыққандылығы, бір жағынан, болашақ маманның көзқарасын қалыптастырып, екіншіден, жеке білім салаларын дамытуға негіз жасау. Ғылымның өркендеуі унивеситет курстарының мазмұнының кеңеюуімен, теориялық дамудағы ғылымның қолданбалы және тәжірибелік бағыттарының оқу пәндерінің ғылыми негізі болуында.

Университет жағдайында ғылымның толықтылығы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының: табиғат, адам және қоғам жөніндегі білімдер мен жалпы білім және арнайы мамандық шеңберінде терең теориялық білімдер арқылы сипаталады.

Университетте зерттеу және дәріс беру бірлігі шеңберінде оқушылардың еркіндігі қалай жүзеге асады? Университеттік курс, оқу немесе ғылыми курс бола ала ма? – деген сұрақтарға жеке университет тәжірибесі жауап береді. Кейбір университеттерде профессор пән бойынша «Дәріс емес» ашық түрде өзінің ғылыми көзқарастары жайлы баяндайды. Нәтижесінде ғылыми – оқу курстары саны ғылыми бағыттағы тікелей байланыс жасалынады. Сонымен қатар әрбір профессор өзінің таңдаған стилді және дәріс беру әдісі оның шығармашылығы сипатында орын алды. Десекте, ғылыми іс — әрекет әр кезде түрлі теориялық және ғылыми дамудағы ойлардың бағыт бойынша жүйелі білімді керек еткендіктен, қазіргі заманғы унивеситеттерде оқыту еркіндігімен, әртүрлі ғылыми бағдарламаларды пәндік және мамандыққы байланысты дәрістер оқыту қолға алынған.

Университеттегі дәріс берудің еркіндігі жөніндегі дүние жүзі ғалымдары арасында, әр түрлі пікірлер орын алып келеді. Дүние жүзіндегі университеттердің басты идеясы қоғамды дамытуға бағытталған университетте ғылыми және интелектуалдық орталыққа айналуы тиіс деп біледі.