Мүгедек балалардың өмірдегі алатын орны туралы

«2030- жылға дейінгі мемлекетіміздің дамуы стратегиясында» бірден-бір бағыттар қатарында балаға білім беру және олардың құқын қорғау туралы мәселе ешқашанда күн тәртібінен түспейтіні күмәнсіз.

Адам әлемі жұмбақ, күпиясы мол. Бірі — ашык-жарқын, аңқылдақ, ал екіншісі — томаға тұйық, ал кейбіреуі — тіпті өмірге өкпелі… Осылай әркайсысы әр қилы. Алайда, жастайынан ауруға шалдыққан, он екі де бір гүлі ашылмайі мүгедек болғандардын тағдыры ше?!. Мәліметке жүгінсек, дүние жүзіңдегі 10 ның бірі осындай кәріптер сапында екен. Сондай санаттағылар біздің Қазақстан мемлекетімізде де жоқ емес.

Мүгедектердің көпшілігі тұрып жүре алмайтындар, жай карапайым іс-әркететтен тыс қалған: қала ішін ез бетінше серуендей алмайды; аурухана, дәріханаларға, дүкен мен кинотеатрларға, т. б. біреудің көмегінсіз бара алмайды, өзін қоршаған ортадан бейхабар.

Мұндай өмірлік күрделі мәселелермен әр түрлі ғылымдар саласы да айналысады. Атап айтсақ, дәрігерлерді мүгедектердің денсаулық жағдайы, психологтарды психикалық деңгейі, ал педагогтерді олардың арнайы (коррекциялық) оқыту мәселесі қызықтырады. Белгілі психолог Л. Выготский адам дамуы мәселесіне ерекше көңіл аударады. Барлық адамның дамуынын, заңдылығы бірдей, дегенмен тағдыры бір-біріне мүлдем ұксамайды. Олар былай анықталады: адамның туу, жағадай, ата-ана, мемлекет, ғасыр) бір жағы десек, екінші жағы оның өзіндік кабілеттілігіғ мінез-құлық, денсаулық, т. т.).

Айталық, баланы жас кезінде нені қаласа, соған жағдай жасап, ата-ана өсіреді, ал кейбір ата-ана балаларының жағдайын жасамайды, балалар өзінше табиғат берген күйде өседі. Ойлап қараңыз: бұл екі түрлі жағдайда да адам өсіп жетіледі. Ал бір бала аурушаң делік, қашанда ауруханадан шықпайды, ал екіншісі, керісінше, шын мейірімге зәру. Екіншісі — ол да сырқат, бірақ, ата-анасы, оны қоршаған күтімге алып, ауру екенін ұмыттырып жібереді. Салыстырып көрейікші, ертеңі де олар да бір-біріне ұқсамайды. Міне, Выготскийдің айтары — осы.

Ендеше, әрбір балаға жанашырлық көзқарас керек, сонда оның дамуында

тежелу болмайды, ал ол үшін қалыпты жағдай жасау кажет.

Біздің Оңтүстік Қазақстан облыстық Еңбекпен қамту және тұрмысын әлеуметтік қорғау департаментінің мәліметі бойынша аймағымызда тірек ұабілеті нашар 165 мүгедек бала бар екен. Мұндай ауруға шалдығушылар, дәрігерлердің айтуынша, соңғы он жылда тым көбейіп бара жатқан көрінеді.

Олар үйінде жатып оқуға мәжбүр болады. Мәселен, 1999-2000 оку жылында үй жағдайында 118 бала оқытылса, қазір оның саны 181-ге жетті. Әрине, үйде оқытудың бірқатар жаман жақтары да бар. Ауру балалардың өз құрдастарымен қарым-қатынасының жоқтығы оларды бұрынғыдан да тұйық етіп өсіреді. Үй жағдайында математиканы үйрету, зертханалық жұмыстарсыз физика мен химияны игеру мүмкін бе? Мектепте апталык жүктеме орташа 30 сағат болса, үйде бар-жоғы 8 сағат-ақ. Бастауышта — 4 сағат, орта буында — 5, 6 сағат, жоғары сыныптарда — 7 сағат уакыт белінген. Мерзімі біткесін, толық мөлшерде білім алды деп оларға орта білім алғаны жөніндегі аттестат беріледі. Бұл дұрыс емес, алдау! оны айтамыз, толық бағдарламаны өтетін жалпы білім беретін мектептерді бітіргендердің өзі ЖОО-ларға түсіп, жұмыс тауып кете бермейді. Сонда мүгедек баланың мүмкіндігі кандай? Оларды оқытудың оку жоспарында технология, дене шынықтыру және информатика және есептеу техникалары негіздері сияқты пәндер жоқ. 10-11 сыныптарда ғана (онда да аптасына 0,5 сағат) оқытылады. Бірақ, сол науқас баланың үйінде компьютер бар ма? Әрине, жоқ. Сондай-ак оқу жоспарында сурет салудыүйретудің жоқтығыда, олардың ойлау, көру, естуінің дамуына кері әсерін тигізуде. Мүгедек бала өзін қоршаған ортамен карым-қатынасқа түсіп, кажетті өмірлік қорды жинақтай алмайды. Ал ондай әлемнен тыс қалған мүгедек баланың хәлін кім ойлайды?

Сондықтан денсаулығы нашар балаларға арнайы мектептер тек білімі жөніндегі аттестатты колына беруді ғана мақсат етпей, оларға өмірде орын табуға үлкен міндеттер қоюы тиіс.

Мүгедектіктің өсе түсуі жағдайында мүгедек балалардың және олардың отбасыларын әлеуметтік проблемалары өткір сезіліп отыр. Ауру сәби дүниеге келегеннен бастап отбасы оның тауқыметін тартуға мәжбүр болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалармен олардың отбасыларына көмек көрсету үшін халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жігерін біріктіру қажет.

Заңда тиісті түрде жабдықталған кезектен тыс үй алуға жеңілдік қарастырылады. Мүгедек балалары бар отбастарына пәтерақы және коммуналдық қызмет төлеміне, ал орталықтан жылынбайтын үйлерге отынның құнымен жеңілдік көрсетіледі.

Өзінің құрамында мүгедектері бар отбастарына жер учаскелерін алуға, үй салуға, бақ өсіруге кезектен тыс құқық беріледі.

Бұндай жағдайда әлеуметтік қызметкердің атқаратын жұмысы көп. Әлеуметтік қызметкер мүгедек балалары бар отбастарына ерекше қамқорлықжасайды.Баланыесепкекойып қана қоймай, отбасындағы жағдайды талдаудамаңызды.Мүгедек балалар үнемі күтімді және бақылауды қажет етеді, бұл олармен күнделікті қарым-қатынаста, олардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуде (тамақтандыру, киіндіру, шомылдыру және т.б.) ата-анасына біраз қиындық туғызады.

Әлеуметтік қызметкердің міндетіне мүгедектердің үйіне немесе стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру кіреді.

Қоғамда экономикамен, саясатпен және мәдениетпен қатар кепілдік пен әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметі бар, оған бүгінгі күндері көп көңіл бөлінбейді. Сонымен қатар, бұл әлеуметтік институт кепілдік беруде, көмек көрсетуде және қорғауда адамдардың мұқтажын қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

Әлеуметтіккепілдік,жеңілдікжәне төлем жүйесі заң нормаларының жинағын құрайды. Олар:

1) ең төменгі еңбек төлемін және қосымша төлемді;

2) әлеуметтіктөлемді(еңбеккежарамсыздықжәрдемақысы, стипендия, қартайған шағы және мүгедектігі бойынша зейнетақы, демалыс төлемі);

3)жұмыс істейтін аналарға, жеткіншектерге, мүгедектерге
жеңілдіктерді, сондай-ақ,балаларғажәрдемақыны;

4) асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақыны, халықтың басқа категориясына берілетін зейнетақыны;

5) еңбекті қорғау және жағдай саласындағы кепілдікті;

6) жұмысбастылық саласындағы кепілдік;

7) денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениеттің тегін және жалпы қолданылатын қызметінің әң төменгі жиынтығын анықтайды.

Енді біз мүгедектерге мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекке тоқалайық.

Әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік сақтандыру қажеттілік дәрежесімен байланысты емес. Әлеуметтік көмек мекен-жайлық сипатта болуы керек, ол үшін:

— әрбір азаматтың материалдық қамтамасыз етілу дәрежесіне катаң есеп жүргізу;

— отбасының жеке мүшелеріне емес, мекен-жайлық көмек көрсетуге ауысу;

— жердемақы тағайындаудың өтініш жасау принципін сақтау;

— көмек қажеттілігінін себептерін, жұмыс істеу мүмкіндігі бар, бірақ ынтасы жоқ еңбекке жарамды азаматтардың мемлекеттік көмектен бас тартуын айқын бөліп қарау;

— мекенжайлық көмек көрсету жөніндегі ауыртпалық орталығын жергілікті өзін-өзі басқару органдары дәрежесіне ауыстыру қажет.
Бірақ көмек қажет ететіндерге мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетудің адамның базалық мұқтажын қанағаттандыруға мүмкіндік берсе ғана мәні болады. Сондықтан, аумақтық айырмашылықты есептей отырып, ең төменгі еңбек төлемін күнкөріс минимумына ауыстырып, оның әлеуметтік төлем дәрежесін реттеуші ретінде пайдаланудан бас тарту қажет.

Ең бастысы, біз мүгедек балалар да өмірден өз орнын табу керектігін ұмытпауымыз керек.