Банктік шот шарттарын реттеу

Банктік шот тиісті заңнамалық актілер, лицензия және шарт түрінде өздері қызметтер көрсететін клиенттерімен, басқа банкктермен өзара қарым-қатынастар механизмі, сондай-ақ, клиенттің барлық қаржылық операцияларын жүргізуіне айтарлықтай мүмкіндік беретін, банктің әрбір клиентінің атына (пайдасына) тиіс және олар жұмсайтын (пайдаланатын) ақша қаражаттарын есепке алатын тәсіл болып табылады.

Банктік шот тиісті банк пен оның клиенті арасындағы клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдау және клиентке банктік қызметтер көрсету жөніндегі қаржылық-құқықтық сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипатты шарттық қатынас арқылы білдіретін тәсілге жатады.

Банктік шот банк пен клиент арасында жасалған банктік шот негізінде ашылады.

Банктік шотты ашуға байланысты қалыптасатын қаржылық-құқықтық және азаматтық-құқықтық қатынастарда банк пен оның дербестігі әрі бастамашылдығы, банктік шоттың түрлі мемлекеттің, клиенттің, сондай-ақ банктің экономика-қаржылық және өзге мүдделерінің балансы міндетті орын алуға тиіс.

Банктік шоттардың түрлерін және құқықтық тәртібін, банктік шоттарды ашу, жүргізу (пайдалану) және жабу тәртібі бойынша жайларын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді, банктер өз клиенті салық төлеушіге банктік шоттар ашу тиісті салық органдарын салық, төлеуші заңды тұлғаға, кәсіпкерге банктік шоттардың ашылғандығы туралы жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Бұл орайда коммерциялық банк пен Қазақстан Ұлттық банкі арасында және коммерциялық банк пен салық органдары арасында банктік шотқа байланысты әкімшілік құқықтық қатынастар туындайды.

Коммерциялық банк клиенті мен салық органдары арасында кдржылық құқықтық қатынастар қалыптасады.

Ал банк пен оның клиенті арасында шарттық үлгідегі (типтегі) қаржылық-құқықтық және азаматтық-құқықтық қатынастар құрылады.

Банктік шот банк пен клиенттің өзара шарты ретінде консенсуалды әрі ақылы (көбінесе немесе мүлдем акысыз) сипатта, өзара құқықтар мен міндеттер арқылы көрініс табады.

Банктік шот өзінің жүзеге асыру нормативі мен ережесі бар кәсіпкерлік қызметтің нысаны ретінде де қарастырылады.

Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелеріне:

1) ағымдағы банктік шот;

2) жинақ банктік шот;

3) банктік карт-шот;

4) корреспонденттік банктік шот ашылады.

Қазақстаннан тыс елдердегі банктік шоттар:

1) есеп айырысу шоты;

2) ағымдағы шоттар;

3) бюджеттік шоттар;

4) контокорренттік шот;

5) валюталық шот;

6) заңды тұлғалардың уақытша жинақ есеп айырысу шоты;

7) корреспонденттік шот;

8) корреспонденттік субшот;

9) филиаларалық есеп айырысу шоты;

10) «ЛОРО» корреспонденттік шоты;

11) «НОСТРО» корреспонденттік шоты;

12) нәмірлі банктік шот;

13) инвестициялық және конверсиялық шоттар;

14) мақсатты банктік шот;

15) арнаулы брокерлік банктік шот болып бөлінеді.

Банктік шот ашу банктер жүзеге асыратын пассивті банктік операциялардың бір түріне жатады.

Банктік шот ашу және жүргізу құқықтық негіздерін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабының д- 1)-тармақшасының және 49-бының ережелері, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 30-бабының 2-тармағы а), б), в) және в 1)-тармақшаларының ережелері, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6-бабының ережелері, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12, 25 және 26-бабының ережелері қалыптастырады.

Банктік шот шарты банк пен оның клиентінің арасында жазбаша түрде жасасылған, банктің клиенті талап еткен кезде оған қажетті мөлшерде ақша қаражатын беру, клиенттің пайдасына түскен ақша қаражатын қабылдап отыру, клиенттің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару, клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдап алу, клиентке қажет кезінде қолма-қол ақша беру, клиентке оның банктік шоты бойынша жүргізілген операциялар және оның банктік шотындағы ақша қаражатының сомасы туралы ақпарат беру жөнінде міндеттеме жүктейтін консенсуалды, қос тарапты міндеттеуші әрі ақылы сипаттағы құжат болып табылады.

Банктің тиісті банктік шотты ашу және жүргізу жөніндегі пассивті операциясы оның заңнамалық актілерде кәзделген әрі лицензиялау режимінде, сондай-ақ банктік шот шарты негізінде жүзеге асырылатын, клиенттің және банктің экономикалық ерекшеліктерін, мемлекеттің фискальдық мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекетіне жатады.

Банктік шот шарты бойынша банкке мынадай міндеттіліктер:

1) клиенттің ақшалай қаражаттарын оның банктік шотына қабылдау міндеттілігі;

2) клиенттің банктік шотын ашу және жүргізу міндеттілігі;

3) клиенттің тапсырмасы бойынша есеп айырысу-кассалық операцияларын уақтылы әрі дұрыс жүргізу жөніндегі міндеттілігі;

4) клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатын пайдаланғаны үшін клиентке процент төлеу міндеттілігі;

5) клиенттің банктік шоттары жөніндегі банктік құпияның міндеттілігі;

6) клиенттің банктік шотын кредиттеу міндеттілігі жүктеледі.

Бұл ретте банктің өз клиентінің банктік шотындағы ақша қаражаттарын пайдалану жөніндегі құқығы бар екенін білген жөн.

Банктің клиентіне:

  1. Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде көзделген банктік шотты ашу және жүргізу тәртібін сақтау міндеттілігі;
  2. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу және есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу тәртібіне қатысты банктік және өзге де заңдардың талаптарын, сондай-ақ банктік ережелерді сақтау міндеттілігі жүктеледі.

Қазақстандағы банктік шот шартының түрлері ағымдағы (банктік) шот шарты, корреспондеттік (банктік) шот шарты және карт(банктік) шот шарты жазбаша нысанда көрініс табады.

Банктердің болашақ клиенттері заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар өздеріне банктік қызметтер көрсететін банктерді өз бетінше таңдайды және олар түрлі банктік шот шартын өзі тандаған банкпен де, сондай-ақ басқа да банктермен де жасаса алады.

Банктік шот шарты бойынша клиенттің банктегі ақша қаражатын есепке алу мақсатында клиентке немесе ол нұсқаған тұлғаға тараптар келісімдеген жай-жағдайларға қарай біріздендірілген жекеше код беріледі.

Клиенттің банктегі ақшасын есепке алу үшін клиентке біріздендірілген жекеше код беру және оны жою тәртібі банктік заңнамамен айқындалады.

Банктік шот шартының қос тарапты сипаты оны жасасуға қатысатын банкке, оның клиенттері заңды тұлғаға не жеке кәсіпкерге, орталық және жергілікті мемлекеттік органда байланысты көрініс табады.

Банктің банктік шотты жүргізуге қатысты құқығы оған банктік операцияларды жүзеге асыру үшін берілген лицензияда бекітіледі.

Банк пен онын клиентінің тиісті банктік шотты ашу және жүргізу кезіндегі өзара іс-әрекеттері императивтік-диспозитивтік сипат алады.

Банктік шоттар, әдетте, шектеусіз (егер банктік заңнама немесе банктік шот шартында нақтылы мән-жайлар көзделмесе) әрі мерзімсіз ашылады.

Банктік заңнамада және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде банктік шот шартын жасасу тәртібі мұкият реттелінбеген. Дегенмен, банктік практикада тараптарды бірыңғай құжат ретіндегі банктік шартты әзірлеуі және оған қол қоюы, сондай-ақ клиенттің банкке берген, оған банктік шот ашу жөніндегі өтінішін қабылдау жолымен банктік шот шарт жасасу тәсілдері қолданылады.