Банктердің несиелік қатынастарын құқықтық реттеу

Банктін негізгі функцияларының бірі (қызметінің негізгі бағыттары) төлем айналымы бойынша әрекет ету функцисы болып табылады. Банктің функциялары қаражаттарды құраудан, несие беруден, төлем айналымына әсер етуден, өзге де функциялардан тұрады. Бұл функциялардың әрқайсысы жоғарыда аталған топтарға бөлінуге орай белгілі бір операциялардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Төлем айналымы әсер ету жөніндегі операцияларға банк әр түрлі төлем операцияларын олар бойынша орындауды міндетіне алады; чектерді төлеу, аударымдар жасау, вексельдер және өзге де құжаттар бойынша төлемдер қабылдау және т.б. Осы операциялар арқасында банктер жалпыға ортақ кассирлерге айналады.

Қазіргі кезде әлемде, оның ішінде Қазақстанда банктердің функциясы — төлем айналымына әсер етуі — елеулі, сапалық өзгерістерге ұшырауда, бұл компьютерлік және телекоммуникациялық байланыстардың дамуының салдары деуге болады, мұның өзі төлемдер мен ақша аударымдарының өтуін тездетеді. КСРО тараған кезде және оның үйіндісінде тәуелсіз мемлекеттер құрылған кезеңде ақшалардың төлемдері мен аударымдары айға, тіпті жылға созылды.

Қазақстанның қазіргі банк жүйесінде аударымдардың жасалуы әлемдік талаптарға сәйкес келеді, мысалы «Қазақстанның халық жинактау банкі» заңды тұлғалар арасындағы есеп айырылысуды «күніне күн» есеп айырылысуға мүмкіндік береді. Аталған функциянын маңызын өсіре бағалау қиын, өйткені ол ақшалар мен — «кез келген елдің экономикасының өзегімен» байланысты. Бұл орайда аталған функцияның рөлі Қазакстанның әлемдік экономикаға енуі нәтижесінде ақшалардың төлемдер мен аударымдарын өткізуді тездету және жетілдіру міндетін алға қояды және қолма-қолсыз түрде есеп айырылысудың жүзеге асуы өскен кезде ерекше маңызды.

Төлем айналымына байланысты операциялардың дамуына неғүрлым күшті фактор Қазақстанның саяси жағынан да экономикалык жағынан да егемендік алуы болып табылады, себебі нағыз мемлекеттік егемендік елдің төлем жүйесінің сенімді де берік болуына мүмкіндік беретін әлемдік стандарттар мен талаптарға жауап беретін банк жүйесін құруды ұсынады.

Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы-экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О. А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; бір жолғы төлемдер — клиенттік аударымдар, карточкалық,төлемдер және т.б. — келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративтікті қоса алғанда) әрекет етеді. Төлем айналымының әсеріне орай банктің функциясы ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Банк функциясының ішкі нысаны — төлем айналымы бо­йынша әсері — банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған, функция халықаралық құқық аясында қарастырылады.

Халықаралық банк құқығында төлемдегі қатынастар коммерциялық келісім-шарттар бойынша ақшаны төлеудің есеп айы­рысу міндеттемесі ретінде қарастырылады, оған мына төрт эле­мент қатысты: уақыт, тәсіл, орын және төлем валютасы. Бұл орайда халықаралық есеп айырысу міндеттемелері халықаралық жеке құқықтың дәстүрлі-құқықтық нормаларын, мемлекет ішілік нормаларын және банктер арасында қалыптасқан тәжірибедегі ережелерін есепке алу арқылы реттеледі. Олар бойынша есеп айырысу міндеттемелеріне жататындар: валюталық тәуе-келдердің сақтандыру нысаны, халықаралық қаржы есеп айырылысу нысандары және банктік кепілдік етудің типтері. Есеп айырысу нысаны дегеніміз төлемнің тәртібі, қолданылатын төлем құралдарының түрлері, сондай-ақ құжат айналымын рәсімдеу болып табылады. Әлемдік банктік тәжірибеде банктік аударым, құжаттамалық инкассо және құжаттамалық аккредитивтік кеңінен таралған. Қазақстаңда төлем айналымы бойын­ша қатынастардың және оларды реттеудің өзіне тән ерекшелігі бар.

Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер арқылы жүзеге асырылады, сондықтан бұл қатынастар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банк-корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдасты-рады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінін сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпараттарының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.

Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдері заңнама актілерімен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкі актілерімен белгіленеді. Қазақстан Республикасында ақша төлемдері және аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін заң актісі, пошта байланысы ұйымдарымен ақша аударуды жүзеге асыруға байланысты қаты-настардан басқа, «ақша төлемдері және аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңы болып табылады. Аталған заң бойынша Қазақстан аумағында ақша төлемдері мен аударымын жүзеге асырудың төмендегідей тәсілдері қолданылады:қолма-қол ақшаны табыстау; төлемтап-сырмаларын көрсету; чектер беру; вексельдер беру немесе олар­ды индоссамент бойынша табыстау; төлем карточкаларын (оның ішінде микропроцессорлық төлем карточкаларын) пайдалану; банк шотын тікелей дебеттеу; төлемдік талап-тапсырмаларды көрсету; инкассалық өкімдерді көрсету; Қазақстан Республикасыньщ заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер. Ақша төлем­дері және (немесе) аударымдарын жүзеге асырудың тәсілдерін қолданудың ережесі мен ерекшеліктері және нұсқаулардың мазмұнына негізгі талаптар заңнама актілерімен және Қазақстан Ұлттық Банкімен нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.

Ақша аударымдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 754 және 755-баптарымен және екі тараптың арасындағы (банк пен клиенттің) ақша аударымы туралы шарттармен реттеледі, бұл бойынша банк клиенттің тапсырымы бойын­ша үшінші тұлғаға жеке бірынғайландырылғаи кодыны берусіз аударуға міндеттенеді. Бұл орайда ондай ақша аударымының және шарт жасау сәтінің тәртібін банк қызметін реттейтін заң актілері айқындайды. Банк шотын ашпай-ақ ақшаларды аудару шарты, егер банк ондай банктік қызмет көрсету туралы ұсыныспен клиенттің айтқан сәтінде клиенттің тапсырмасын орындауға кіріссе, жасалған болып есептеледі.

«Ақша төлемі және аударымы туралы» Заңда Қазақстанның банктері, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және шетелдік банктер (қаржылық институттар арасынцағы ақшалардың төлемдері және аударымдары бойынша қатынастар олардың арасындағы шарттар мен банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дәстүрлерімен реттеледі. Төлемдер және аударымдар бойынша мемлекет ішілік қатынастар Қазақстан заңнамасымен реттеледі және шарттар және банк тәжірибесі дәстүрлері алдында оның басымдылығы болады. Осы Заңмен ақша төлемі мен аударымы жөніндегі қатынастарға жататындар: азаматтық-құқықтық мәмілелер бойын­ша төлем жасау шарттарына сәйкес ақша төлемі мен (немесе) аударымын; банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентінің тапсырмасы бойынша, мұндай тапсырмалар азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлем шарттарын орындаумен байланысты болмаса, ақша аударымын және Қазақстан Республикасының заңдарына сөйкес жүргізілетін міндетті ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асырған кезде туындайды.

Банк тәжірибесінде пайдаланылатын бірінші рет заңнама деңгейінде бекітілген үғымдарды келтіре кеткен жөн: бенефи­циар банкі — жөнелтушімен жасалған шарттың талаптарына және (немесе) жөнелтушінің нұсқауына сәйкес бенефициардың пайдасына түскен ақшаны қабылдауға және (немесе) нұсқауда не жөнелтушімен жасалған шартта көзделген өзге де іс-қимыл-дарды орындауға тиісті банк; алушы банк — ақша аудару не ақша төлеу туралы нұсқау жіберілетін банк; делдал банк — ақша жөнелтушінің банкі мен бенефициар банкі болып табылмайтын ақша аударымына қатысушы кез келген банк; бенефициар -ақша аударған кезде, сондай-ақ ақша аудармай-ақ қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде ақша алушы ретінде тапсырмада не талапта көрсетілген тұлға; операция күні — банк ақша ауда­ру туралы нұсқауларды және клиенттерден түскен осындай нұскауларды тоқтата тұру не қайтарып алу туралы өкімдерді қабылдауды жүзеге асыратын және оларға өздерінің пайдасы­на ақша аударуды жүзеге асырумен байланысты хабарларды жіберетін уақыт кезеңі; жөнелтуші — ақша төлеміне және (не­месе) аударымына байланысты нұсқауды жөнелтетін тұлға, сонымен бірге ол ақша жөнелтуші, бастамашы немесе бенефи­циар болуы мүмкін ақша жөнелтуші — ақша төлемі және (не­месе) аударымы соның есебінен жүзеге асырылатын тұлға; ақша аударымы — алушы банктердің төлемді жүзеге асыруға немесе өзге мақсаттарға байланысты жөнелтушінің ақша беру туралы нұсқауларын дәйектілікпен орындауы; төлем — ақша міндеттемесін қолма-қол қкшаны пайдалана отырып не оны пайдаланбай, ақша аудару не ішінде ақша міндеттемесі не ақша төлеу туралы бұйрығы бар төлем құжатын беру арқылы орындау; нұсқау — жөнелтушінің ақша аудару не төлеу туралы шарт не­месе заң бойынша берілетін бұйрығы. Нұсқаулар тапсырма нысанында не талап нысанында жасалады; микропроцессорлық төлем карточкасы — тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қолма-қол ақшасыз ақы толеу, қолма-қол ақша алу, валюта айырбастауды және төлем карточкасының эмитенті айқындаған және оның шарттарымен жүргізілетін басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, сондай-ақ кар-точканы ұстаушыға қажетті ақпараты бар интегралдық микросхемалы төлем карточкасы; төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесі — төлем карточкалары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсету жүйесі, оны басқаруды жүйеге қатысушы банктер арнайы құрған, Қазақстан Респуб-ликасының заң актілерінде айқындалған жалпы ұлттық міндеттерді іске асыру үшін микропроцессорлық карточкалар технологияларын қолдана отырып, электрондық тәсілмен қажетгі ақпаратты сақтауды, өңдеуді және беруді қамтамасыз етуге қабілетті ұйым жүзеге асырады;

Банктер негізінен ақшамен байланысты өзінің қызметін жүзеге асырады. Ақша төлемнің және жинақтау және оның құндылық шамасын көрсететін құрал болып табылады. Төлем құралы ретіндегі ақшаның функциясы мүлікті бір субъектіден екіншісіне беруде заңдық тұрғыдан мәнмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қолданылады. Ақша сомасын (бағасын) төлеу азаматтық-құқықтық және өзге де қаржылық міндетте-мелерді белгілерін елеулі түрде айқындаушы болып табылады.