Бағалы қағаздардың банктік құқықтағы маңызы

  1. Кәсіпкерлік құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129 бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

а) бағалы қағаз – түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талап тар және басқа да қажетті талап тар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;

б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде, не бергенде ғана құқық іске асырылады.

Бағалы қағазды құжат демен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез-келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге, кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттың белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы норматив тік құқықтық құжаттарында көрсетілген оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша орындалу орны және талап тар болып табылады. Мұндай талап тар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі, оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әр иеленушісінің талап — мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

Мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі.

Атаулы бағалы қағаз – бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген.

Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді.

  1. Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия ) тәртібін бұзу

Нарықтық эканомикаға көшу жағдайында мемлекеттің шаруашылық қызметінде бағалы қағаздардың айналымының ролі арта түспек. Бағалы қағаздар белгілі құндылыққаие бола отырып, ол ақшақаражатымен бірдей төлем немесе айналым құралы ретінде немесе заңда белгіленген басқа да қызметті атқарады. Осыған байланысты бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу саласындағы әртүрлі қиянаттардың қоғамғақауіптілікдәрежесі ерекше зор. Бұл туралы “Бағалы қағаздар рыногі туралы” ҚР 1997 жылғы 5- наурыздағы заңында ерекше атап көрсетілген.

ҚК 202-бабындакөрсетілген осы қылмыстың обьектісі бағалықағаздарды шығару (эмиссия )тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Бағалы қағаздарды шығару тәртібі ҚР арнаулы заңымен белгіленген.

Қылмыстың заңы — эмиссиялық бағалы қағаздар.

Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздар түрлері — облигация, вексель чек, банксертификаты, коносамент, акция және бағалы қағаздар қатарынажатқызылатын басқа да құжаттардепкөрсетілген.

Осы қылмыстың затына тек қана нарықтық айналымға шығарылатын бағалы қағаздар ғана жатады. Мұндай бағалықағаздардың эмитенті болып ҚР Ұлттық Банкінен бағалықағаздарды шығаруға арнаулы рұқсат-лицензия алған қаржы ұйымдары болады.

Бағалы қағазға қойылатын барлық талаптарды куәландыратын ресми құжат эмиссия проспектісі деп аталады.

Қылмыстың обьективтік жағы мына әрекеттерді естіру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

  1. Көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісінен бекіту. Бұл ресми құжатқа жалғандық жасаудың бір көрінісі болып табылады. Бұл әрекетті эмитент ақпараттыңкөрінеу сенімсіз екендігін және оны белгілі бірзардапқа әкеліп соғатынын біле-тұраэмиссияпроспектісіне енгізіп, бекітеді.
  2. Бағалы қағаздарды шығаружөніндегі көрінеу сенімсіз есепті бекіту. Көрінеу сенімсіз есеп жалған құжаттың бір түрі, онда бағалы қағазшығарудың көлемі, эмиссияланған бағалы қағаздарды шығарудың саны; олардыорналастыру мерзімінің басталуы жәнеаяқталуы; бағалы қағаздардың алынатын табыс; эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуді жүзеге асыратын органның атауы туралы көрінеу сенімсіз мәліметтер әдейібекітіледі.

Құрылысы жағынан бұлқылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс обьективтік жақтыңбелгілерінде көрсетілген балама әрекеттердің біреуін істегеннен соң аяқталады деп танылады.

Субьективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен жасалады, қылмыстың субьектісі – арнаулы, бағалы қағаздар органы туралы заңға сәйкесэмитент болып табылғанлауазымды адамдар немесе бағалы қағаздыңиеленушілері алдында өз атынан міндеткерлік алатындар.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалғанмәліметтер енгізу.

ҚР 203-бабында бағалықағаздар ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтық басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалғанмәліметтер енгізгені үшінжауаптылық белгіленген.

Қылмыстың обьектісі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты бағалы қағаздар ұстауға құқықберетін құжат.

Қылмыс обьективтік жағынан — әрекет арқылы бағалы қағазды ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтыңбасқа адамға ауысуына әкеліп соғатын әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Заң бойынша бағалы қағаз бойынша құқықтарды біреудің тәртібі азаматтық кодекстің 132-бабында көрсетілген. Қылмыс осы баптың талаптарына көреғар түрде заңсыз, әдейі істеледі.

Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субьектісі 16-толған, есі дұрыс адам. Осы баптың 2-тармағында қылмыстың ауырлататын түрі ірі зиян келтірілген әрекеті үшін жауаптылықбелгіленген.

Бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру

ҚК 204-бабында “ Мүліктік пайда алу мақсатында мемлекеттік органдарға бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы ірі зиян келтірген көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін ” жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың обьектісі бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды реткекелтіретін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты бағалы қағаздар. Обьективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы белсенді әрекет күйінде – бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру арқылы яғникөзбояшылық жүзеге асырылатыны заңда көрсетілген. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялық туралы көрінеу жалған мәлімет, бағалықағаздыңшығарылуының жалпы көлемі, оныңайналымдағы түрлері; бағалы қағаздардың бағасы және оларды төлеу тәртібі т.б. мәліметтер беру арқылы жүзеге асырылады.

Яғни бұл жерде осы мәселеге байланысты операцияларға жалған мәліметтер ауызша немесе жазбашаенгізіліп, алдау амалдарықолданылады.

Қылмыс құрамы материалдық іс-әрекеттен ірі зиян келтірілуі қажет. Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субьектісі 16-толған, есі дұрыс, өзіне бағалы қағаздармен операциялар жүргізу міндеттері жүктелген адам.