Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің операциялары

Коммерциялық банктер жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар қоғам мүддесіне сәйкес мемлекеттік ұйымдастырушы ықпалдың бір көрінісі болып табылады. Себебі банктер өз банктік операциялық қызметін осындай операцияларды жүргізудің жалпы шарттылықтарын белгілейтін ережелер мен ішкі ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Банктік операцияларды жүргізудің жалпы шарттылықтары туралы ережелерде: қабылданатын депозиттердің және берілетін несиелердің шекті сомасы мен мерзімі; депозиттер мен кредиттер бойынша сыйакы ставкасының шектік мөлшері; депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттылықтары; банктік операцияларды жүргізу ставкалары және тарифтері; банктердің, олардың клиенттерінің құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; банктер қабылдайтын талаптар; банктік (операцияларды жүргізу шарттылықтарына енгізуге қажетті талаптар мен шектеулер көрініс табуға тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 30-бабына сәйкес коммерциялық банктер:

1) заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдайды, сондай-ақ олардың банктік шоттарын ашады және жүргізеді;

2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдайды, сондай-ақ олардың банктік шоттарын ашады және жүргізеді:

3) банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп-шоттарын ашады және жүргізеді;

4)жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашады және жүргізеді;

5) кассалық операцияларды жүзеге асырады;

6) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындайды;

7) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге де қарыздық міндеттемелерін есепке алады (дисконттайды);

8) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмасымен олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады;

9) сенімгерлік (трасталық) операцияларды жүзеге асырады;

10) банкаралық клиринг жүргізеді;

11) сейфтік операцияларды жүзеге асырады;

12) ломбардтық операцияларды жүзеге асырады;

13) төлемдік карточкалар шығарады;

14) банкноттарды, монеталар мен қазыналарды инкассациялайды;

15) шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асырады;

16) төлем кұжаттарын инкассоға кабылдайды;

17) чек кітапшаларын шығарады;

18) аккредитив ашады, оны растайды және ол бойынша міндеттемелерді орындайды;

19) ақша түрінде орындалуды көздейтін банктік кепілдіктер береді;

20) лизинг қызметін жүзеге асырады;

21) өз меншігіндегі бағалы кағаздарды эмиссиялайды;

22) факторингтік операцияларды жүргізеді;

23) форфейтинггік операцияларды жүргізеді;

24) инвестициялық портфельді басқарады;

25) бағалы қағаздар рыногында делдалдық және дилерлік (кәсіби) қызметті жүзеге асырады;

26) қымбат бағалы тазартылған металдарды сатып алады, кепілге қабылдайды, сақтайды және сатады;

27) вексельдермен жасалатын операцияларды жүзеге асырады.

Осындай және өзге де банктік операцияларды топтастыру коммерциялық банктер орындайтын:

1) ел экономикасының мемлекеттік және жеке меншік секторларын, сондай-ақ тұрғылықты халықты кредиттеу;

2) қазақстандық немесе шетелдік инвесторлардың тапсырмалары бойынша күрделі салымдарды қаржыландыру;

3) қазақстандық не шетелдік заңды және жеке тұлғалардың уақытша басы бос ақша қаражаттарын, жинақталған ақшаларын немесе пайдаланбай жыйған қаражаттарын өз карамағына жұмылдыру;

4) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу;

5) өздеріне тән бағалы кағаздарды шығару;

6) инвестициялық қызметті жүзеге асыру;

7) түрлі қаржылық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және жүргізу сияқты функцияларды кдлыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды орындау аясы осы банктердің қолындағы барлық лицензияларымен қамтылады.

Банктік операциялардың заң жүзінде толығымен көрініс табуы және коммерциялық банктерге осы орайда берілетін лицензиялардың міндетті түрде болуы коммерциялық банктердің арнаулы құқықтарының көлемін айқындай түседі.