Банкілік құқық нормалары және банкілік құқықтық қатынастар

Банктік құқықтық нормалар мен институттардың банктік құқық саласы ішінде орналасу тәртібі объективті сипат алады және өздері реттейтін қоғамдық банктік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Банктік құқықтың жүйесі мақсаттары мен міндеттерінің және функцияларынын бірыңғайлығына орай біріктірілген, сондай-ақ өзара байланыстырылған және белгілі бір тәртіппен орналастырылған кұқықтық нормалардың жүйесінен тұратын ішкі құрылысын (құрылымен) білдіреді.

Банктік құқықтың құқықтық нормалары мен институттарын жүйелеу және топтастыру нәтижесінде онын аса ірі бөлімшелері Жалпы және Ерекше бөлімдері қалыптастырылады.

Құқық саласы ретіндегі банктік құқықтың Жалпы бөлімі:

  1. 1. Банктік кұрылыстын құқықтық негіздері.

2.Банктік кызмет саласындағы мемлекеттік баскару-реттеудің құқықтық негіздері.

  1. Мемлекеттік банктік бақылау-қадағалаудың құқықтық негіздері
  2. Банктік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті құқықтық реттеу сияқты институттардан түрады.

Банктік құқықтың Жалпы бөлімі елдің банк жүйесінің кұрылымының жұмыс істеуі, банктік қызметті жүзеге асыру ауқымын мемлекеттік басқару және реттеу, мемлекеттік банктік бакылау және қадағалау, банктік құқық бұзушылық үшін заңи жауапкершілік шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу бірыңғайлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Банктік құкықтың Жалпы бөлімінін құқықтық нормалары оның Ерекше бөлімінде нақтылы көрініс таба отырып, Ерекше бөлім институттарының жұмыс істеуіне орай туындайтын қатынастарды реттеуге ат салысады.

Құқық саласы ретіндегі Банктік құқықтың Ерекше бөлімін:

  1. 1. Банктердің банктік шот ашу — жүргізу операцияларын құқықтық реттеу.
  2. Банктердің депозиттік операцияларын құқықтық реттеу.
  3. Банктердің кредиттеу операцияларын құқықтық реттеу.
  4. Банктердің төлемдік — есеп айырысу операцияларын құқықтық реттеу.
  5. Банктердің бағалы кағаздармен жасайтын операцияларын құқықтық реттеу
  6. Банктердің валюталық, операцияларын құқықтық реттеу сияқты ірі функционалдық институттар құрайды.