Банктік құқықтың дерек көздері

Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығына, жеке меншікті алғандағы меншіктің барлық нысандарының теңдігіне, кәсіпкерліктің еркіндігіне негізделген құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның негізін қалауға бағытталған экономикалық реформа жүргізілуі үстінде.

Қазіргі нарықтық типтегі жүйе ретіндегі Қазақстандық несие- банктік жүйесі қалыптасу кезеңінде: егер сандық көрсеткіштерді ескерсек, бұл кезең айтарлықтай жылдам жүріп жатыр, ал сапалық жағынан бұлардың дамуы өте баяу өтуде. Әсіресе, бұл жағдайды біздің қаржылық нарық пен банктік инфрақұрылымымыздың күйінен байқауға болады. Бұл тек өсудің қиыншылықтары емес. Несие- банктік жүйені қалыптастырудың нашар басқарылып отырған үрдісі жүріп жатыр, ал бұл өз кезегінде, қазақстандық экономикаға кері әсерін тигізеді.

Қазақстанның банк жүйесінің жеке банк заңнамасының дамуы барысында туындаған проблелемалар бірқатар себептермен шарттандырылған, оның ішінде елдегі саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құрулардың қарама — қайшы үрдісі, отандық банк жүйесі мен оның құқықтық қамтамасыз етілуінің жеткілікті негізделген, қисынды тексерілген, жалпымен танылған тұжырымдамасының жоқтығы, білікті банк кадрларының күрт жетіспеушілігі және әрине, нарықтық экономикаға бара- бар несиелік- банктік жүйені құрудың және құқықтық реттеудің осы заманғы отандық тәжірибенің жоқтығы бар.

Аталмыш мүшкіл жағдай, сонымен қатар, қазақстандық банк жүйесі мен банкілік заңнаманың қалыптасу үрдісіне — оның онсыз да тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзімдерде қалыптасып жатқанына қарамастан, үнемі өзгеретін, нарық талабына сәйкестендіріп отыру қажеттілігімен күрделене ушығып отыр десек те, бұл ұстаным — басым қажеттілік, өйткені басқа жолмен елді дағдарыстан шығару мүмкін емес.

Батыстағы банк жүйелері мен олардың құқытық негіздері ғасырлар бойы қалыптасса, Қазақстанда және «Ресейде бұл үрдіс тым жылдам, біздің көзімізше жүріп жатыр»6. Алайда, банк ісінің дәстүрлері жоғалған, өзіндік тәжірибе ұмытылған, ал еліміз үшін бүгінгі таңда қандай банктік жүйе және қандай банк заңнамасы қажет екендігін ортақ (бірдей) түсіну жоқ болған жағдайдағы қарқынды өсіп жатқан иновациялар ағымын басқару аса қиын. Нәтижесінде банк жүйесінің құрылымы да, банк қызметін реттейтін заңнама да қалыптасып үлгермей-ақ, ескіріп кетеді және өз кезегінде экономикалық реформа барысын тежей түседі.

Қалыптасқан жағдайда бірінші кезекте, басым міндет болып, бір жағынан, нарықтық типтегі банк жүйелері мен банк заңнамасының түпкі сипаттамасын анықтау мақсатында, нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжирбесін талдай, екінші жағынан, — осы тәжірибені ескере отырып, отандық банк жүйесін және оның құқықтық негіздерін құру қағидаларын жасау және оны жетілдіру табылады.

Әрине басқа елдердің тіпті ең мықты, оң сипатты және ғасырлармен тексерілген банктік тәжірибесінің өзі ұлттық- мемлекеттік ерекшеліктерді жан- жақты ескермей, жай ғана көшіре салудың еш пайдасы жоқ екенін ұмытпағанымыз жөн, өйткені еліміздің КСРО құрамындағы жетпіс жылдың өмірі елдегі экономикалық, әлеуметтік- саяси және әлеуметтік- психологиялық қатынастардың қалыптасуына әкеліп соқты (бұл қатынастар батыста қалыптасқан қатынастардан айтарлықтай ерекшеленеді).

Аталған жағдай отандық банк заңнамасын жетілдіруді талап етіп отыр. Оны жетілдіру жолдарына:

Банк заңнамасының тікелей әрекет ету сипатын күшейту;

Банк заңнамасы нормаларын қазақстандық заңнаманың басқа салаларының нормаларымен сәйкестендіру;

Банкілік тәжірибеде қалыптасқан халықаралық нормалар мен әдеттерді ескере отырып, банкілік қызметті реттейтін жаңа заңдардың ауқымды базасын жасау;

Мемлекеттің коммерциялық банктердің жеке мүдделері аясынан араласуын заңмен орнатылған шеңберде шектеу;

Несие — банктік жүйенің құрылымы мен функцияларын, оның элементтерін нақты құқықтық бекіту, негізгі ұғымдарды анықтау жатады.Банктік құқықтың қайнар көздері елдің банк жүйесінің құрылуына және жұмыс істеуіне, оны мемлекеттік реттеуге және қадағалауға, сондай-ақ банктік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін тиісті нормалары бар заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер ретінде көрініс табады. Демек банктік құқықтың қайнар көздері онын сыртқы (нақтылы) нысандарының жүйесін көрсетеді.

Банктік құқықтың қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, арнайы және жалпы банктік және өзге де заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік банктік-құқықтық актілер. Халықаралық банктік құқық нормалары және халықаралық банктік келісімдер, Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Сот Пленумының шешімдері, қаулылары жатады.

Уәкілетті мемлекеттік органдар шығарған, кұрамында банктік құқықтың нормалары бар нормативтік құқықтық актілер банктік құқықтың қайнар көздері болып табылады.

Жаңа нормативтік актіде Ұлттық Банктің бақылау жәңе қадағалау функциялары нақты көрсетілген, банкілік бақылауды жүзеге асыратын қызметшілерге қойылатын талаптар заңды түрде бекітілген. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заң күші бар президент жарлығына «Қазақстанның Ұлттық Банкісінің операциялары» атты IX жаңа бөлім енгізілген, оны есеп шоттарының иелерімен қарым- қатынастарды реттейтін 52 бап. Ұлттық Банкте есеп шоттар ашуға құқығы бар екінші деңгейдегі банктермен басқа да заңды тұлғалар жататын есеп шот иесіне түсінік береді.

Ұлттық есеп шот иелерімен келесідей операциялар жүргізуге құқылы:

Жоғарғы деңгейде таратылатын активтердің қамтамасыз етуімен 6 айдан көп емес мерзімге несиелер береді.

Мемлекеттік құнды қағаздарды облигацияларды, депозиттік сертификаттарды 1 жылдан көп емес мерзімде өтеу арқылы сатып алады, сатады.

Несилерді қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк кепіл ретінде алтын және басқа құнды металдарды, шетел валютасын алғашқы класстық векселдерді қабылдауға алады. Ұлттық банк жүргізетін операциялар тобы. Ұлттық банктің азаматтық –құқықтық мәселелердің қатысушысы бола алатынын мәлімдейді. Сондай- ақ келісім- шарттың негізінде Ұлттық Банк Үкіметке несиелер береді. Осы нормативтік актінің жаңаруында оған 1995-1996 жылдардағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін белгілеп өту өте қажет. Арнайы айтқанда, Ұлттық Банктің өкілеттеріне құнды қағаздарды шығару құқығы толықтырылды, мұнда көрестілген құнды қағаздар мемлекеттік болып табылады және олар бойынша жауаптылыққа Ұлттық Банк тартылады. Егер бұрын жарлықтың 3 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Президентке де, Парламентке де есеп беретін болса, онда 05.12.1995 жылғы өзгерістерге сәйкес Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп берді. Қазақстан Рсепубликасының Ұлттық Банкімен оның бөлімшелері салықтардың салымдары мен баждардың барлығынан босатылған. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» жаңа жарлықтық жеке ержелеріне жеңілдіп жасаған талдау, біздің республиканың орталық банкісінің негізгі функцияларымен құзыреті екінші деңгейдегі банктердің өкілеттіктерінен күрт ерекшеленетіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Негізінен алғанда, Орталық банк арнайы құзыреті бар арнайы мемлекеттік басқару органы және шаруашылық қызметі іске асырушы заңды тұлға болып табылады.