Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау

19 маусымда 1997 жылы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заңға сәйкес шағын кәсіпкерліктің субьектісі ретінде келесі тұлғалар болып табылады, ол занды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын, көсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар.

Бұл заңға сәйкес мемлекеттік қолдау келесі бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

1)Шаруа (фермер) қожалығына мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдық, техникалық ақпараттық ресурстарды сондайақ ғылыми техникалық талдамалар мен технологияларды пайдалануына жеңілдікті жағдайлар жасау.

2) Шаруа (фермер) қожалығын қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды тартумен пайдалану жүйесін жасау олардың сыртқы экономикалық қызметін қолдау.

Қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және орта есеппен алғанда жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны алпыс мың мәрте есеп көрсеткіштен аспайтын шаруа (фермер) қожалығы.

1) Мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш жыл ішінде жыл-жымайтын мүлікке құқығын тіркеу үшін ақы тілеуден босатылады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік тіркеу үшін ақы төлемей, келіп тіркелу сипатында болады:

2) Табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып электр энергаясымен, жылумен, сумен, жабдықтау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарда көзделген тәртіппен жағдайда босатылады.

3) Мемлекет қатысатьш екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай шот ашады.

4) Бухгалтерлік және статистикалық есептерді жеке кәсіпкерлер ретінде оңайлатылған тәртіппен береді.

5) Салық зандарьша сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықтың белгіленген сомасы, не салық базасын анықтаумен салық есебін жүргізудің жүйесі бойынша төлейді.

6) Шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру кезінде басым құқықты пайдаланады.

7) Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте белгіленген шекте жеңілдікті жағдайларда статистикалық және акпараттық кызмет (қаражат), сондайақ ғылыми техникалық талдамалар мен технологиялар.

8) Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау,қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.

Ауыл шаруашылығын дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы зандарда көзделген тәртіп пен жағдайда мынадай жеңілдіктер мен преференциялар қолданылуы мүмкін:

1) мемлекеттік нақты гранттар;

2) келісім-шарт жасалған кезден бастап табыс салығанан, жер салығын және мүлікке салынатын салықтың ставкасын бес жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 процентіне дейін кеміту, сондый-ақ одан кейінгі бес жылғ дейінгі кезеңге табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 процентінен аспайтын шекте кеміту, инвестициялық жобаның іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізат пен материалдар импортына кеден бажын салудан толық немесе ішінара босату.

3) инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетгі материалдар мен құралдарды импорттауды кедендік баждан толық және жартылай босату.

Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшері тікелей инвестициялардың көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне

оның өзін-өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылына және басқа

жағдайларға байланысты айқындалады.Шаруа (фермер) қожалығы ауылшаруашылық қызметі негізгі кәсіпкерлік қызмет ретінде танылады. Сонымен қатар, олар басқа да кесіпкерлік қызметтермен, егер заңда тиым салынбаса, айналысуға құқығы бар. Ауылшаруашылығымен байланысты қызмет міндетті түрде ауылшаруашылығына арналған жерлерінде жүзеге асырылуы тиіс. Біріншіден, ол жергілікгі органдарға жер учаскесін беру туралы қабылданғанда осы талапты негізге алуды міндеттейді, яғни ауылшаруашылық қызметін жүргізуге жарамды жер учаскелерін беру; екіншіден оның орындалуы іс жүзінде ауылшаруашылық мақсатында жерлердің нысаналы пайдалану қағидасын қамтамасыз етеді.