Ауыл шаруашылық коммерциялық кәсіпорындарының шарттық қатынастары

Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің шарттары яғни бағытгары бойынша, шаруа (фермер) қожалығы өз шығындарын алынатын табысының есебінен жабады және өндірістік, коммерциялық және өзгеде қатынастары шарт негізінде жүзеге асырылады сондайақ шаруа (фермер) қожалығының қызметіне, Қазақстан Республикасының зандарында көзделген басқа жағдайларда, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан араласуға тыйым салынады.

Шаруа (фермер) қожалықтарының өндірістік, коммерциялық және басқа да қатынастарын шарттық негізде жүзеге асырады.

Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады, және мүшелерінің меншігінде өкпелер шаруашылыққа арналған өзгеде қора-қопсылар, және ауьшшаруашылығына арналған өзгеде техника мен жабдықтар, керек-жарақтар және қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқада мүлік болады. Сондайақ шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған жемісі, өнім мен табыс сол қожалық мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік мүлкі болып табылады және өзара келісім бойынша пайдаланылады. Осы қожалық мүшелерінің мүліктік қатынастары азаматтық және жер туралы зандардың тиісті нормаларымен реттеледі.

Өнімнің сапасьша Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес келесі талаптар қойылады.

Шаруа (фермер) қожалықтары мүшелерінің мүліктік қатынастары азаматгық және жер зандарының сәйкес нормаларымен реттеледі.

Шаруа (фермер) қожалығы сауда кызметі бойынша, шаруа (фермер) қожалығы өздері өндіретін өнімді, сатылатын тауарларды, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заңдарда тыйым салынбаған кез келген өдістермен және кез келген жерде сатуға құқылы. Шаруа (фермер) қожалығы елді мекендердің (мұндай сауда жасауға жергілікті атқарушы органдар тікелей тыйым салған, белгіленген тәртіппен заңды тұлғаларға бекітіліп берілген, ортақ пайдаланыстағы жерлерін ұсақ бөлшек сауда жүргізу үшін, егер мұндай сауда:1) жүргіншілер жүрісіне кедергі жасамайтьш, 2) маңындағы тұрғьш үйлердің (тұрғын жайлардың) тұрғындарына колайсыздык туғызбайтын, 3) санитариялық талаптарды сактай отырып жүзеге асырылатын, 4) аумақтың ластауына әкеп соқпайтын жағдайларда пайдалануға құқылы болып табылады, жәнеде осы сауданы жүзеге асырғаны үшін алынбайды.

Шаруа (фермер) қожалықтарының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты есеп айырысуы қолма-қол және қолда жоқ тәртібімен жүргізіледі, егер де заң акгілерінде басқаша көзделмесе.

Шаруа (фермер) қожалықтарыта банктік қызмет көрсету жаңа сәйкес жеке кәсіпкердің банкімен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады.

Шаруа (фермер) қожалықтарына банктер — Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген тәртіптің және екі жақтык келісімнің негізінде қызмет көрсетеді.

Қожалық егер заңда қолайлы бір жағдай белгіленбесе заңды тұлғалармен тез дәрежеде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыра алады яғни құқығы бар. Шаруа (фермер) қожалығы ауыл шаруашылық өнімдерін, сонымен қатар өздері дайындаған өнімді экспортқа шығаруы Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі зандарына сәйкес жүргізіледі.

Шаруа (фермер) қожалықтары басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірге бірлескен қызметті жүзеге асыруға құқылы. Олар ерікті түрде кооперативтерге, қоғамдарға және басқа да бірлестіктерге біріге алады және де олардың саны 50 адамнан аспайтын, активтерінің кұны жылына ең төменгі есеп көрсеткішінен 60000 есе мөлшерінен аспайтын кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктердін кызметіне қатыса алады.

Шаруа (фермер) қожалықтарының мүлігі мен жер пайдалану құқығы азаматтық заңдар бойынша заңның және өсиегтің негізінде мұраға қалдырылып отырады. Шаруа (фермер) қожалықтарын жүргізуші мұрагер мұраға қалдырылған мүлік пен жер пайдалану құқыққа иеленген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Шаруа (фермер) қожалықтарынын қызметі тоқтатылған кезде ортақ мүліктерін бөлу Азаматтык Кодекстің 218 және 221 баптарында көрсегілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Онда былай деп көрсетілген: егер ортақ меншік құқығындағы ортақ мүлікті бөлу қажет болғанда, онда ол меншіктің барлық қатысушыларының алдын-ала келісімімен жүзеге асырылады. Бұл қатысушылар бір-бірімен ортақ мүлкі бөлудін төсілдері мен шарттарына келіспеген жағдайда, егер занда өзгеше көзделмесе, барлық қатысушылардың үлестері тең больш табьшады.

Ортақ үлестік меншік құқығының қатысушысы өз үлесін натуралды түрде алуға құқылы, егер ол мүмкін болмаса, онда ақшалай.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының кез келген азаматы өзінің қабілеттіліктері мен мүлігін кәсіпкерлік пен басқа да заңда тиым салынбаған қызмет түрімен айналысуына құқылы, бұл оның еңбегі мен кәсіпкерлік қызметінің экономикалық және құқықтық нысанын белгілеп алуына мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін тұлғалардың енбегі Қазақстан Республикасының «Шаруа (фермер) қожалықлары туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» және Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңдарының нормаларымен реттеледі.