Ауыл шаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы

Коммерциялық ұйымдар фирмалық атауға ие, бұл олардың осы атауды айрықша пайдалану құқығына ие екендігін білдіреді және кез келген басқа тұлға, айрықша құқықты иеленушінің талабы бойынша оны (атауды) пайдалануын тоқтатуға (егер солай жасаған болса) және келтірген зиянның орнын толтыруға міндетті.

Коммерциялық ұйымдар заңды тұлға ретінде азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзінің органдары арқылы иеленеді. Сондықтан заңда коммерциялық ұйымдардың органдарын қалыптастыру мен қызметінің тәртібіне көп назар бөлінеді: осындай қызметпен байланысты бірқатар мәселелерді ұйым мүшелсрінің (құрылтайшылары) өздері шешеді және оның құрылтай құжаттарында белгіленеді. егер ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрылтайшылық құжаттары заңға сәйкес келмесе, оны мемлекеттік тіркеуден бас тартуы мүмкін. Бірақ мақсатқа сәйкес еместігі себебі бойынша тіркеуден бас тартуға болмайды.

Құрылтай құжаттарында тараптар (құрылтайшылары) заңды тұлғаны құру туралы міндетті алады, оны құру бойынша бірлескен қызметтің тәртібін, оның меншігіне (шаруашылықты жүргізуіне, жедел басқаруына) өздерінің мүлкін беру мен оның қызметіне қатысудың шарттарын анықтайды. Келісімшартта сонымен бірге, егер заңды тұлғаларды жекелеген түрлері туралы немесе заңдық актілермен басқаша қарастырылмаған болса, құрылтайшылардың арасында таза табысты болудың, заңды тұлғаның қызметін басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының тәртібі де анықталады және оның жарғысы бекітіледі.

Құрылтайшылық шартқа құрылтайшылардың келісімі арқылы басқа да талаптар ендірілуі мүмкін.

Егер заңды тұлға бір адаммен құрылатын болса, онда оның жарғысында мүлікті құру мен табысты болудың тәртібі де анықталады. Жарғыда заңға қарама-қайшы келметін басқа да ережелер мазмұндалуы мүмкін.

Бір заңды тұлғаның құрылтайшылық келісімшарты мен жарғысының арасында қарама-қайшылықтардың жағдайына мына шарттар қолданылады:

құрылтайшылық шартта, егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына жататын болса;

жарғыда, егер оларды қолданудың заңды тұлғаның үшінші тұлғаларымен қатынасы үшін маңызы болса.

Барлық мүдделі тұлғалар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.Ауыл шаруашылығының коммерциялық ұйымдары пайданы алудың мақсатында өндірістік шаруашылық қызметті жүргізеді, осының базасында олар өздерінің бұдан ары қарайғы дамуы мен өндірістік шаруашылықты кеңейтудің мүмкіндігін иеленеді. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының кәсіпкерлік әрекетінің дәрежесі жоғары болған сайын пайданы алу және даму қарқыны арттырудың мүмкіндіктері соғұрлым жоғары болады.

Аграрлық сектор мен жалпы агроөнеркәсіп кешенінің дамуының жаңа кезеңі шетелдік қатысуы арқылы, сонымен бірге 100 пайыздық шетелдік капитал арқылы, және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары арқылы құрылған коммерциялық және ауыл шаруашылығының ұйымдарын құру болып табылады. Олар заңды тұлға ретінде қаралса да, басқа ауыл шаруашылығыныц ұйымдары мем кәсіпорындарымен салыстырғанда елеулі ерекшеліктерге ие.

Шаруашылық серіктестіктердің құқықтық жағдайы

Коммерциялық ауыл шаруашылығы ұйымдарының жүйесінде Шаруашылық серіктестіктері маңызды орын алады. Республикада ауыл шаруашылығының шаруашылық серіктестіктерінің қызметін реттейтін арнаулы акті жоқ. Олардың қызметіне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-тарауының II бөлімдегі (Шаруашылық серіктестік) 58-84-баптары және 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің (заң күші бар) «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Жарлығы (кейінгі өзгертулерімен және толықтыруларымен) қолданылады.

Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылық құжаты: құрылтай шарты мен жарғы болып табылады.

Бір тұлғамен құрылған шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылық құжаты жарғы болып табылады.

Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжатының мазмұны коммерциялық құпияны білдіреді. Құрылтайшылық келісімшарт тек шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының шешімдері бойынша не заңдық актілермен белгіленген жағдайларда ғана мемлекеттік немесе басқа да ресми органдарға, сонымен бірге үшінші тұлғаларға ұсынылуға тиіс.

Шаруашылық серіктестіктің құрылтай келісімшартына оның барлық қатысушылары қолдарын қояды.

Шаруашылық серіктестіктің жарғысына, егер заңдық актілермен басқадай тәртібі қарастырылмаған болса, құрылтайшы, құрылтайшылық келісімшартқа сәйкес тағайындалған осы серіктестіктің басқарушысы, не шаруашылық серіктестіктің қатысушылары тағайындаған оның бірінші басшысы (жоғарғы лауазымды тұлғасы) қолын қояды.

Құрылтайшысы бір адам болып табылатын шаруашылық серіктестігінің жарғысына осы құрылтайшы қолын қояды.

Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары (жарғы және құрылтайшылық келісімшарт) потариалды куәландырылуы тиіс.

Құрылтайшылық келісімшартта құрылтайшылар шаруашылық серіктестікті құруды, оның құрылуы бойынша қызметін белгілеудің тәртібін және шартын; өзінің мүлкін серіктестіктің меншігіне беруді; оның қызметінің шарттарын; құрылтайшылардың арасында пайда мен шығындарды бөлуді; оның қызметіне басшылық жасауды; оның құрамынан шығуды; құрылтайшылардың әрбірінің үлестерінің көлемі туралы; олардың салымдарды ендіруінің көлемі, құрамы, мерзімдері мен тәртібі туралы; құрылтайшылардың салымдарды ендіру бойынша міндеттерін бұзғаны үшін жауапкершіліктерін; жарғылық капиталдың көлемі мен құрамын анықтауды міндетіне алады.

Құрылтайшылық шартта заңмен не құрылтайшылармен қарас-тырылған басқа да мәліметтер мазмұндалуы мүмкін.

Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, ол құрылтайшылық шартта көрсетіледі.

ІІІаруашылық серіктестігінің жарғысында анықталатындар: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызметінің мерзімі (егер бұл оны құрған кезде белгіленген болса), басшының өкілеттігі, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті қалыптастырудың тәртібі, пайданы белу мен шығындардың орнын толтырудың тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтатудың шарттары (қайта құру немесе тарату), сонымен бірге серіктестік пен құрылтайшылардың (қатысушылардың) арасындағы қарым-қатынасы.

Жарғыда заңмен не құрылтайшылармен қарастырылған басқа да мәліметтер мазмұндалуы мүмкін.

Шаруашылық серіктестігі туралы заңды тұлғалардың Мемлекеттік тізілімінде мазмұндалған деректерді тұрақты түрде заңды тұлғаларды тіркетуді жүзеге асыратын органдар ресми баспасөзде жарияланып отыруы керек.

Шаруашылық серіктестіктерді басқару.

Шаруашылық серіктестігінің жоғарғы органы оның қатысу-шыларының жалпы жиналысы (өкілдердің жиналысы) болып табылады.

Шаруашылық серіктестігінде оның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп беретін атқарушы орган (алқалы немесе (және) жалғыз) құрылады.

Басқарудың жалғыз органы оның қатысушыларының қатарынан сайланбауы мүмкін.

Алқалы органдар ретінде құрылулары мүмкін: басқарма (дирекция); бақылауны кеңес; шаруашылық серіктестігінің қатысушыларының жалпы жиналысының (өкілдердің жиналысы) шешімі бойыпша басқа да органдар.

Атқарушы органның қызметін бақылау үшін қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясын құруға құқылы. Құрылтай құжаттарымен қатысушылардың басқа да міндеттері қарастырылуы мүмкін.

Заңдық актілермен немесе шаруашылық серіктестігінің қатысушыларының жалпы жиналысының (өкілдердің жиналысы) шешімімен қарастырылған жағдайларда басқа да алқалы атқарушы органдар құрылуы мүмкін.

Шаруашылық серіктестіктің органдарының құзыреті, оларды сайлау (тағайындау) тәртібі, сондай-ақ олардың шешім қабылдауларының тәртібі Азаматтық кодексінің, заңдық актілерге және құрылтай құжатына сәйкес анықталады.

Шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының құқықтары мен міндеттері.

Шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының құқығы бар:

құрылтай құжаттарын анықталған тәртіпте серіктестіктің жұмыстарын басқаруға қатысуға;

шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты алуға және құрылтай құжаттарда анықталған тәртіпте оның құжаттамаларымен танысуға;

таза табысты бөлуге қатысуға. Құрылтай құжаттарының бір немесе бірнеше қатысушыны табысты бөлуден шеттетуді қарастыратын шарттары заңсыз болып табылады;

(шаруашылық серіктестігі таратылғап жағдайда) қарыз берушілермен есептескеннен кейін қалған серіктестіктің мүлкіндігі үлестеріне сәйкес, оның мүлкінің бір бөлігін, немесе оның өзіндік құнын алуға;

Құрылтай құжаттарымен және заңдық актілерімен қатысушылардың басқа да құқықтары қарастырылуы мүмкін.

Шаруашылық серіктестігінің қатысушылары міндетті:

құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

құрылтай құжаттарының қарастырылған тәртіпте, мөлшерлерде, тәсілдермен және мерзімдерінде салымдарды салуға;

шаруашылық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жарияламауға;

Құрылтай құжаттармен және заңдық актілермен қатысушылардың басқа да міндеттері қарастырылуы мүмкін.

Серіктестікті қайта кұру және тарату. Шаруашылық серіктестігі оның қатысушыларының шешімі бойынша ерікті түрде қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін.

Серіктестіктің қызметін тоқтату қатысушылардың Жалпы жина-лысының немесе соттың шешімі бойынша қайта құру және тарату жолымен жүргізіледі. Қайта құру және таратудың басқа негіздері ҚР АК, «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Жарлықпен, «ЖШС туралы» Заңмен және басқа да заңдық актілермен анықталады. Шаруашылық серіктестіктер үшіп бұндай негіздер, мысалы, оның мүшелерінің рұқсат берген саннан асып, кредит берушілерді жарғылық капиталдың азайғаны туралы хабардар етпеуі болып табылады.

Бір түрдегі шаруашылық серіктестіктері заңдық актілермен белгіленген жағдайларда және тәртіпте, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша басқа түрдегі шаруашылық серіктестіктерге не акционерлік қоғамға, не өндірістік кооперативтерге қайта құрыла алады.

Шаруашылық серіктестікті тоқтату:

шаруашылық серіктестігінің құрылу мерзімінің аяқталуы бойынша;

өзі сол үшін құрылған мақсатқа жетуі бойынша; қатысушылардың арасындағы келісім бойынша; шаруашылық серіктестігін белгіленген тәртіпте банкрот деп танылған жағдайда;

заңдық актілермен немесе шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылық құжаттарымен қарастырылған басқа жағдайларда.

Шаруашылық серіктестігін тоқтату, қайта құру (бірігу, қосылу, бөліну, қайтадан құрылу) немесе тарату жолымен болады.

Шаруашылық серіктестігін қайта құрған кезде серіктестіктің құрылтайшылық құжаттарына және заңды тұлғалардың Мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгертулер, ал тарату кезінде — Мемлекеттік тізілімге сәйкес жазба енгізіледі.

Ауыл шаруашылығында толық серіктестіктер мен коммандиттік серіктестіктер онша көп емес. Сондықтан олардың қызметі Республикада көбірек таралғандарын ғана қарастырамыз.