Ішкі және сыртқы аграрлық құқықтық қатынастар, олардың түрлері

Жалпы аграрлық құқықтық қатынастар қатынастардың бірыңғай органикалық кешенін құрайды. Бірақ бұл бірліктің ішінде ауыл шаруашылық өнімін өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну барысында пайда болатын, құқық нормаларымен реттелген нақты аграрлық қатынастардың сипатымен және мазмұнымен анықталатын айырмашылықтары болады

Аграрлық құқықтық қатынастар пайда болу саласына байланысты олар екі үлкен топқа бөлінеді: ішкі шаруашылық және сыртқы шаруашылық. Бұл қатьнастар мазмұнына, оларды реттейтін нормативтік актілердің сипатына, реттеудің әдісіне байланысты ажыратылады. Ауыл шаруашылық құрылымдарының сыртқы қатынастары мемлекеттік биліктің құзыретті органдарымен қабылданған нормативтік құқықтық актілермен реттелсе, ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарыиың ішінде пайда болатын қатынастар негізінен шаруашылық ішілік органдардың актілерімен реттеледі.

Ішкі аграрлық құқықтық қатынастар дегеніміз аграрлық құқықтың нормаларымен реттелген және бір ауыл шаруашылық кәсіпорынының ішінде болатын қоғамдық ауыл шаруашылық қатынастары. Бұл қатынастарды басқаша «ішкі шаруашылық құқықтық қатынастар» деп атауға болады.

Ішкі аграрлық қатынастар әр уақытта шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан нақты ауыл шаруашылық ұйымына мүшелікке негізделеді. Ішкі аграрлық қатынастардың тағы бір ерекшелігі олардың еңбек шартының негізінде пайда болатындығында немесе нақты ауыл шаруашылық құрылымының ішінде болатын ұйымдастыру -басқару қызметінің барысында мүлікті, жерді пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатындығында.

Ішкі аграрлық қатынастар төмендегі жағдайларға байланысты туындайды:

-ауыл шаруашылық ұйымының оның еңбек үжымы мүшелерімен қарым-қатынасынан;

-ауыл шаруашылық ұйымының үжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасынан;

-ауыл шаруашылық ұйымының өзінің құрамдас бөліктерімен (фермалар, бригадалар, цехтар) қарым-қатынасынан.

Ауыл шаруашылық құрылымдарының ішкі қатынастары салалық белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді: еңбек, мүліктік, ұйымдастыру-басқарушылық, қаржылық және басқа.

Аграрлық қатынастарды осылайша бөлу заң жағынан алғанда ерекше мәнге ие. Аграрлық қатынастардың ерекше тобьн жер қатынастары алады. Жер аграрлық қатынастардың маңызды объектісі бола тұрып, ауыл шаруашылық өндірісінде ерекше орынға ие. Жер қатынастары аграрлық қатынастардың ерекшелігін және ауыл шаруашылық коммерциялык және коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық мәртебесін айқындайды. Жердің шектеулілігі, қозғал-майтындығы, өнім беретіндігі, аграрлық қатынастардың субъектілерінің құқықтық жағдайына және аграрлық қатьнастардың реттелуіне ықпал етеді.

Жер қатынастары, соның ішінде ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының жер қатынастары жер құқығымен реттеледі. Аграрлық құқықтың нормалары ауыл шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерге байланысты қатынастарды ғана реттейді. Осыған орай жер құқығында жерлердің толығымен алғанда құқықтық жағдайы қаралса, ал аграрлық құқықтың нормалары ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының осы жерлерді ұтымды пайдалану бойынша құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Бұл қатынастар тек аграрлық және жер құқықтарымен ғана емес, сонымен қатар азаматтық құқықтың нормаларымен де реттеледі, дәлірек айтқанда жерге меншік құқығына, жерді сату-сатып алуға, жерді жалға беруге қатысты бөлігінде. Жер қатынастарын осылайша құқықтық реттеу құқық салаларының құқықтық реттеу шектерін анықтауды талап етеді.

Ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының еңбек қатынастары тек аграрлық құқықтың нормаларымен ғана емес, сонымен бірге еңбек заңдарымен де реттеледі. Мысалы, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінің мүшелерінің еңбегі негізінен аграрлық құқықтың нормаларымен реттеледі, яғни кооперативтің жарғысымен, кооператив ішіндегі басқару органдарының актілерімен. Ал еңбек заңдары бұл қатынастарға ол ұйымдардың мүшелерінің еңбекке деген құқықтарын қорғаудың кепілі ретінде әсер етеді. 2-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және еңбек заңынан, нормалары еңбек туралы заңнан төмен емес жекелеген еңбеккерлер санатының еңбек қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерден тұрады. 4-бап еңбек саласындағы кемсітуге тыйым салады. 5-бапқа сәйкес еңбеккердің құқықтарын кемсітетін жағдайларда жасалған еңбек шарты заңсыз болып табылады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ішінде пайда болатын еңбек қатынастары өзінің сипаты мен мазмұнына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

1) еңбекті ұйымдастыру саласьндағы қатынастар;

2) еңбек тәртібін сақтау бойынша қатынастар;

3) еңбекке ақы төлеу саласындағы қатынастар;

4) еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитария бойынша ережелерді сақтау саласындағы қатынастар.

Бұл қатынастардың барлығы еңбек шартына негізделіп, еңбек құқығы нормаларымен реттеледі немесе ауыл шаруашылық кооперативтерінде немесе басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындарында мүшелікке негізделеді. Ауыл шаруашылығындағы еңбек қатынастары аграрлық құқықтың нормаларымен реттеліп, анықталады.

Осыған орай, ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының ішінде пайда болатын жер және еңбек қатынастары аграрлық құқықтың пәнінің арнайы бөлімін құрайды.

Егер жер және еңбек қатынастары ішкі аграрлық қатынастардың ерекшелігін көрсетсе, онда олардың негізін мүліктік қатынастар құрайды.

Мүліктік қатынастар өзінің құқықтық табиғатына және сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) ауыл шаруашылық өндірісінде меншік қатынастарына байланысты туындайтын;

2) ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен және олардың ішкі өндірістік бөлімшелерінің арасында пайда болатын;

3) ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен және өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуші азаматтар арасында туындайтын;

4) деликтілік ішкі мүліктік құқықтық қатынастар.

Мүліктік қатынастардың ішінде маңызды орынға меншікке байланысты туындайтын қатынастар ие.

Бұл қатынастар тек шаруашылық ішілік қатынастар ретінде емес, сонымен бірге сыртқы қатынастарда да өз дамуын тапқан.

Шаруашылық ішіндегі өндірістік бөлімшелердің қызметі бөлімшелер мен ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Ол шарттар жұмыс орындауға, қызмет көрсетуге байланысты болуы мүмкін, мысалы, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты, ауыл шаруашылық өнімдерін таратуға байланысты.

Ішкі аграрлық қатынастардың ішінде ерекше орынға ұйымдастыру-басқару қатынастары ие.

Аграрлық сектордағы ұйымдастыру-басқару қатынастары бірнеше құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Мысалы, аграрлық және әкімшілік. Бірақ әкімшілік құқықтың нормалары ауыл шаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың сыртқы ұйымдастыру-басқару қатынастарын реттейді, ал ішкі ұйымдастыру-басқару қатынастарын аграрлық құқық реттейді.

Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінің басқару органдарының құзыретін және олардың шешім қабылдау тәртібі заңдармен және кооперативтің жарғысымен анықталады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 99-бабына сәйкес өндірістік кооперативтің жоғарғы басқару органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. 1995 жылғы 05 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы» Заңға сәйкес 100-ден артық мүшелері бар кооперативте оның құрылтай құжаттарымен жоғарғы органның қызметін өкілеттілер жиналысына беруге болады.

Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне мыналар жатады:

1) кооператив жарғысын өзгерту;

2) кооператив қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;

3) атқарушы, тексеруші органдарды және қадағалау кеңесін құру мен олардың мүшелерін кері шақырып алу;

4) кооператив қорлары мен резервтерінің түрлері мен мөлшерін және оларды пайдалану бағыттарын бекіту;

5) ішкі еңбек тәртібін қабылдау және өзгерту;

6) кооперативтің лауазымды тұлғаларының оның мүшелерінің және жұмысшыларының еңбегіне ақы төлеу бойынша ережелерді және басқа да актілерді қабылдау және өзгерту;

7) кооперативтің филиалдары мен өкілдіктерін, шаруашылық серіктестіктердің мекемелерін құру және оларға қатысушы ретіндс кіру;

8) қосымша пайлық жарналар енгізу туралы мәселелерді шешу;

9) кооператив мүшелігіне алу және одан шығару;

10) кооперативтің жылдық есебін және бухгалтерлік балансын бекіту, оның кірістері мен шығыстарын бөлу;

11) кооперативті қайта құру және тарату туралы шешу;

12) тексеру комиссиясының есебін бекіту;

13) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебін тыңдау.

Жалпы жиналыстың ерекше құзыретіне заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелерді шешуді де жатқызуы мүмкін. Жалпы жиналыстың немесе кооперативтің қадағалау кеңесінің ерекше құзыретіне жатқызылған мәселелерді олар кооперативтің атқарушы органдарының шешуіне бере алмайды.

Жалпы жиналыс шешімдер қабылдаған кезде кооператив мүшесінің әрқайсысының пайының мөлшеріне қарамастан бір дауысы болады.

Жалпы жиналыс, егер оған кооператив мүшелерінің немесе олардың сеніп тапсырған тұлғаларының жартысынан көбі қатысса ғана заңды болады.

Жалпы жиналыстың шешімі, егер оның мүшелерінің немесе олардың сеніп тапсырған тұлғаларының жартысынан көбі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.

Кооператив жарғысын өзгерту, кооперативтің филиалдары мен өкілдіктерін, шаруашылық серіктестіктердің мекемелерін құру және оларға қатысушы ретінде кіру, қосымша пайлық жарналар енгізу туралы мәселелерді шешу, кооператив мүшелігіне алу және одан шығару, кооперативтің жылдық есебін және бухгалтерлік балансын бекіту, оның кірістері мен шығыстарын бөлу бойынша шешімдер кооперативтің жалпы мүшелерінің үштен екі бөлігінен кем емес дауыс берсе ғана қабылданған болып есептеледі.

Кооперативті шаруашылық серіктестікке өзгерту нысанында қайта құру барлық мүшелерінің шешімімен жүзеге асырылады.

Өндірістік кооперативте кооперативтің атқарушы органдарының қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыратын қадағалау кеңесі құрылуы мүмкін. Қадағалау кеңесі мүшелерінің өндірістік кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ.

Басқарма және оның торағасы кооперативтің атқарушы органдары болып табылады. Олар кооператив қызметіне күнделікті басиылықты жүзеге асырады және кадағалау кеңесі мен кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына есеп береді.

Тек кооператив мүшелері ғана қадағалау кеңесі мен өндірістік кооператив басқармасының мүшесі бола алады. Кооператив мүшесі бір мезгілде қадағалау кеңесінің мүшесі және басқарма мүшесі бола алмайды.

Кооперативте оның атқарушы органының қаржылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын тексеру комиссиясы құрылуы мүмкін. Тексеру комиссиясына тек кооператив мүшелері мүше бола алады. Тексеру комиссиясының мүшелері қадағалау кеңесінің және атқарушы органның мүшесі бола алмайды.

Кооперативтің атқарушы органы басқарма және оның төрағасы болады.

Кооперативтің басқармасын оның төрағасы басқарады, ол басқарма мүшелерінің жалпы жиналысымен сайланады.

20-дан көп емес мүшелері бар кооперативте басқарманың қызметін кооператив төрағасы жүзеге асыра алады.

Ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының ішкі қатынастары өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы қатынастарға бөлінуі мүмкін, ал олар астық шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы деп бөліне алады.

  1. Сыртқы аграрлық құқықтық қатынастар дегеніміз ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының, олардың бірлестіктерімен және ауыл шаруашылық өндірісінің басқа қатысушыларының арасындағы қатынастардың жиынтығы.

Бірақ аграрлық құқықтық қатынастарға ауыл шаруашылық өндірісінің қатысушыларының барлық сыртқы қатынастарын жатқызуға болмайды. Өйткені олар ең алдымен азаматтық құқықтың, әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі.

Сыртқы аграрлық құқықтық қатынастар сипаты мен мазмұны бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

1) ауыл шаруашылық өндірісінің қатысушыларының қозғалатын және қозғалмайтын мүлікке меншік құқығын жүзеге асыру саласындағы қатынастар;

2) шарттық;

3) салықтық;

4) деликтілік қатынастар;

Сыртқы аграрлық құқықтық катынастардың ішінде маңызды орынға меншік құқығына байланысты қатынастар ие.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Осы және басқа да меншік иесінің барлық құқықтарына ауыл шаруашылық өндірісінің барлық қатысушылары ие.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының шаруашылық-өндірістік байланыстары шарт негізінде жүзеге асырылады. Бірақ ауыл шаруашылығына қатысы бар ғана шарттар сыртқы аграрлық қатынастарға негіз болады. Олар жерді жалға беру немесе алу, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылық өнімдерін тапсыру шарттары, агрохимиялық қамтамасыз етуге шарттар және т.б.

Ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының мүліктік қатынастарын құқықтық реттеу.

Бұл қатынастар тек азаматтық құқықтың нормаларымен ғана емес, сонымен қатар олардың құқықтық табиғатын толығымен ашып көрсететін аграрлық заңдармен де реттелуі керек. Сонымен қатар, сыртқы аграрлық қатынастарды тек ауыл шаруашылық өндірісі саласында ғана пайда болды деу дұрыс емес. Оның көпшілік мөлшері ауыл шаруашылық кәсіпорындарының және басқа шаруашылықтардың мемлекетпен, жеке кәсіпкерлермен экономикалық қарым-қатынастары барысында пайда болады.

Сыртқы аграрлық қатынастардың келесі түрі салықтық және оған теңестірілген қатынастар.

Салықтық аграрлық қатынастарға жерді пайдаланған үшін жер салығын төлеу, жалға алу ақысын төлеу жатады. Жер салығы мөлшері, оны төлеу тәртібі мен мерзімі, жерді жалға алу ақысының мөлшерін белгілеу тәртібі мен шектері заңдармен анықталады.

Жерге меншік иелері жыл сайын салық төлеп отырады. Салық мөлшері жердің сапасына, мөлшеріне, ауданына, орналасқан жеріне, құрамына байланысты болады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ауыл шаруашылық өндірісінің басқа да қатысушыларының сыртқы деликтілік қатынастары оларға басқа тұлғалардың зиян келтіруі барысында туындайды және ол азаматтық заңдармен реттеледі.

  1. Аграрлық құқықтық қатынастардың пайда болу және жойылу негіздері заңдық факт болып табылады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:

1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;

2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;

3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;

4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;

5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және санаткерлік қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;

6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;

7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;

8) заң азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

Б. Жетпісбаев заңдық фактілерді түрлерге бөлуге көптеген негіздер әсер етеді деп көрсетеді. Осыған орай заңдық фактілердің мынадай түрлерін көрсетуге болады:

Құқық тудыратын, яғни аграрлық құқықтық қатынастардың пайда болуына әсерін тигізетін. Оған фъючерстік, форвардтық мәмілелер, келісімшарт жасасу шарты, белгілі бір ауыл шаруашылық жұмыстарын орындау кезеңіне еңбек шартын жасау және т.б. жатады.

Құқық өзгертетін, яғни құқықтық қатынастарды өзгеретін фактілер. Оған жұмыстан шығуға өтініш беру, жүргізуші құжатып алу және т.б. жатады, яғни осы сияқты әрекеттер нәтижесіндс құқықтық қатынастар өзгереді.

Құқық тоқтататын фактілер, яғни құқықтық катынастарды толығымен жоятын фактілер. Оған жер учаскесін алып қою, кәсіпорынды тарату, тұлғаның қайтыс болуы және т.б. жатады

Заңдық фактілер пайда болу сипатына қарай әрекет және оқиғаға бөлінеді.

Әрекет дегеніміз адаммың еркіне байланысты пайда болатын заңдық факт. Олар заңды және заңсыз болып бөлінеді. Заңды, яғни заңға сәйкес әрекет. Заңсыз, яғни заңға қайшы келетіп әрекет. Әрекет арқылы пайда болатын заңдық фактілерге шарт жасау, нормативтік-құқықтық актілер шығару жатады. Мысалы, жерді меншік құқығында беру туралы акт; жер пайдалануға акт; жер учаскесін жалға беруге шарт жасасу; жерді мұраға қалдыру, сыйға тарту және т.б.

Оқиға дегеніміз — пайда болуы адамның еркінен тыс болатын заңдық факт. Оған табиғат апаттары жатады, яғни құрғақшылық, су тасқыны, жер сілкінісі, өрт.

Кейбір жағдайларда аграрлық құқықтық қатынастар туындау үшін заңдық фактілердің жиынтығы, яғни заңдық құрам керек. Мысалы, шаруа қожалығын құру үшін тек қана отбасы мүшелерінің келісімі емес, оған қоса жергілікті атқарушы органдардың жер учаскесін меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында беру туралы шешімі керек.

Аграрлық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, жойылуында маңызды орынға меншік құқығын жүзеге асыруда заңдармен белгіленген шектеулер ие. Мысалы, сервитут белгілеу, жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өздеріне берілген қүқьіқтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеліп соқтырмайды.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңдармен корғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.

Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әділ әрекет жасауы көзделеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа жакқа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келстіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді.