Аграрлық құқықтық қатынастары

Заң әдебиеттерінде кез келген құқық саласы бірыңғай қатынастарды реттейтін құқықтық реттеу әдістеріне ие деген ойлар бар. Әкімшілік құқық үшін бұл — алдын ала ескерту, яғни билік және бағыныштылық қатынастары; азаматтық құқық үшін — рұқсат ету әдісі, яғни тараптардың заң алдында теңдігі әдісіне негізделеді; қылмыстық құқық үшін — тыйым салу әдісі; еңбек құқығы үшін — әділетті мадақтау және сыйақы беру әдісі. Аграрлық құқық бірқатар ғалымдардың ойынша кешенді құқық саласы болып саналатындықтан оның бірыңғай құқықтық реттеу әдісі болмайтындығы көрінеді. Бірақ, егер құқық жүйесі 30-ға жуық құқық саласын анықтаған болса, онда осынша реттеу әдісі болады деп есептеу дұрыс бола ма деген ойлар әдебиеттерде көрсетілген. Егер әдіс – құқықтық реттеудің заңдық құралдарының жиынтығы деген түсінікті алатын болсақ, онда құқық саласының құқықтық реттеу әдісінің басқа тұжырымдамасы анықталады. Мемлекет және құқық теориясы бойынша әдебиеттерде құқықтық реттеудің бірнеше негізгі әдістерін бөліп көрсетеді. Профессор С.С. Алексеев мұндай әдістерге мыналар жатады деп санайды: 1) рұқсат ету — тұлғалардың өздеріне белсенді әрекет етуге құқық беру; 2) тыйым салу — тұлғаларды нақты бір әрекеттерді жасаудан бас тартуға міндеттеу; 3) позитивті міндеттеу — тұлғаларды белсенді әрекеттер жасауға міндеттеу (бірдеңе жасауға, беруге, төлеуге және т.б.

Профессор В.В. Лазарев те құқықтық реттеудің осы әдістерін атап көрсетеді, бірақ басқаша кезекте: 1) позитивті міндеттеу; 2) рұқсат ету; 3) тыйым салу.

Сондай жағдайда профессор А.И. Бобылевтің былайша ойы дұрыс, осы әдістердің бір-бірімен қиылысуына байланысты әр құқық саласының қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер етуіне байланысты ерекше әдісі болады. Бұл тек аграрлық, экологиялық, жер құқықтарына ғана емес, сонымен қатар азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек және т.б. құқық салаларына да қатысты. Мысалы, аграрлық құқықта рұқсат ету әдісі ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын ұйымдастыру бойынша қатынастарды реттеуде қолданылады. Әркім өз қабілеті мен мүлкін кәсіпкерлік қызмет үшін және басқа да заңмен тыйым салынбаған ауыл шаруашылығындағы экономикалық қызметтер үшін еркін пайдалануға құқылы. Тұлға қандай ұйымдастыру — құқықтық нысанда ауыл шаруашылық қызметін жүргізетіндігін өзі таңдайды. Аграрлық қатынастарды реттеуде позитивтік міндеттеу әдісі де қолданылады, мысалы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланғанда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметімен байланысты қатынастарды реттеуде. Кейбір жағдайларда аграрлық құқықта тыйым салу әдісі де қолданылады, мысалы, ауыл шаруашылығында қоршаған ортаны қорғау бойынша қатынастарда

Қазақстан Республикасы аграрлық құқығының тек өзіне ғана тиісті ерекше құқықтық реттеу әдісі жоқ. Көптеген салалардың, соның ішінде аграрлық құқықтың да өзінің құқықтық реттеу әдісінің дамуы оның саралау мәнін төмендетеді, бірақ толығымен жоққа шығармайды, өйткені құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігі ондай рөлге сөзсіз ие. Құқықтық реттеу әдісінің мұндай ерекшелігі, әдетте, белгілі бір құқық саласының өз әдісінің болуында емес, бұл әдістердің өзара байланысуында, осы байланыстың тек нақты салаға қатыстылығын көрсететін және осы салаға тән құқықтық реттеуді негіздейтін ондағы белгілі бір элементтердің болуында.

Бірақ қазіргі кезде аграрлық құқыққа императивтік және диспозитивтік реттеу әдістерінен көрінетін үш құқықтық реттеу әдісі тән деп есептеліп жүр: тыйым салу, бұйыру, рұқсат ету.

Императивтік әдіс субъектілердің құқықтарын анықтауда міндетті бұйыру мен тыйым салуды бекітуден көрінеді. Диспозитивтік әдіс субъектілердің құқықтарын анықтауда үш негізгі нысандардан: түсіндіруден (бағыт-бағдар беру), қабылданған шешімдерді заңдастырудан және рұқсат етуден тұрады. Көрсетілген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің біздің тарихымыздың әртүрлі деңгейлеріндегі өзара байланысы мүлдем бірдей емес болған. Әміршілдік-әкімшілдік кезеңдерде тыйым салу және бұйыру әдістері басым болды. Жеке кәсіпкерлік қызмет нысанын тудыратын немесе жеке басқа кіріс әкелетін қызметтің кез келген түріне рұқсат етілмеді. Ауыл шаруашылық ұйымдары — колхоздар мен совхоздардың –тәжірибелік өндірістік-шаруашылық қызметтері қатаң шектеліп отырды. Осы негізгі ауыл шаруашылық қызметін жүргізетін ұйымдастыру-құқықтық нысандарының арасындағы заңды, әсіресе нақты айырмашылық жоқтың қасы болды, ал ол колхоздарды «жалпы халықтық кәсіпорындардың» деңгейіне тарту және оларды совхоздар етіп қайта құру мемлекеттендіруге әкелді.

Тыйым салу және тікелей бұйыру әдістері әскери кезеңге дейін де, одан кейінде негізгі болып табылды. 1955 жылдан бастап ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуге маңызды өзгерістер енгізуге және тікелей орталықтандырылған жоспарлау саласын шектеуге жасалған талпыныстар ешқандай тәжірибелік нәтижелер бермеді және бермейтін де еді, өйткені сол кезде басым болған әміршілдік-әкімшілдік жүйеге сәйкес келмеген еді. Осы бағытта байқалатын алға басулар тек қана 90 жылдардың басында жер және аграрлық реформалардың жүзеге асуына байланысты пайда бола бастады. Реттеудің әкімшілік әдісінен экономикалық әдіске, яғни «заңмен тыйым салынбаса барлығына рұқсат» қағидасына негізделген рұқсат ету әдісіне көше бастады.

Жалпы нарықтық экономика, сонымен қатар аграрлық секторда тек қана міндетті бұйрықтар мен шектеулердің негізінде бекітіліп, дұрыс дами алмайды. Сондықтан біздің экономикада басым болған қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің императивтік әдісі кейбір салаларда ішінара, кейбір салаларда толығымен өз пікірін және ойын жүзеге асыруға толығымен еркіндік беретін диспозитивтік әдіске орын беру керек болды. Ол конституциялық деңгейде де, ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының құқықтық мәртебесін анықтайтын арнайы заңдардың нормаларында да өзінің тікелей көрінісін тапты. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы «Шаруа (фермерлік) қожалықтары» туралы Заңы; 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың ассоциациялары (одақтары)» туралы Заңы.

Нарыктық экономикаға өтуге байланысты жеке құқықты қолдану аясы кеңеюде.

Ауыл шаруашылығындағы жеке құқықтық сала — аграрлық коммерциялық ұйымдарын және шаруа қожалықтарын құрумен және олардың қызметімен, шарттар жасау және орындаумен, сонымен қатар аграрлық өндірістегі азаматтардың еңбектік және мүшелік қатынастарымен байланысты қатынастар. Бұл қатынастарды реттеуде еркіндік әдісі, тараптардың заңдық теңдігі, олардың бір-біріне тәуелсіздігі әдістері қолданылады (бұл қатынастарға мемлекеттің қатысуына қарамастан).

Әдебиеттерде реттеудің экономикалық әдістері бар екендігі туралы негізді ойлар бар. Негізгі экономикалық әдістердің қатарына көрсетілген қызметке ақы төлеу, айып төлеу, салық салу жатады.

Аграрлық құқықтың қағидалары — аграрлық қатынастардың құқықтық реттелу сипатын және бағытын анықтайтын, негізгі басшылыққа алатын идеялар. Олар барлық уақытта бірдей болмайды. Белгілі бір тарихи кезеңде агроөнеркәсіптік кешенде шешілетін міндеттер мен негізгі бағыттардың өзгеруіне сәйкес құқықтық реттеу қағидалары да өзгереді. Аграрлық құқық негізінен алғанда барлық қазақстандық құқық жүйесіне тән қағидаларға сүйенеді.

Аграрлық құкықтың негізгі қағидаларының қатарына Н.Н. Веденин мына кағидаларды жатқызады:

— аграрлық кәсіпкерлік еркіндігі және шаруашылық нысан таңдау еркіндігі;

ауылдағы меншік нысанының және шаруашылық нысанының көптігі;

— аграрлық кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі және агроөнеркәсіптік кешендегі әр түрлі меншік нысандарының тең дәрежеде құқықтық қорғалуы;

  • агроөнеркәсіптік кешен дамуының артықшылығы;
  • агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау;
  • азаматтардың толық тамақтануға құқығы;
  • ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өндірістік-шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдардың араласпауы.

Н.Л. Минина арнайы қағидаға ауыл шаруашылық өндірісінің ерекшеліктерін есепке алу қағидасын жатқызу керектігін айтады. Ерекшелік жердің ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі құралы болып қолданылатындығында. Ол өсімдіктердің, жануарлардың тірі ағзалардың өсімін молайтумен байланысты және маусымдық сипатқа ие.

Аграрлық құқықтағы бірегейлік. Аграрлық қатынастарды құқықтық, реттеу интеграциясы нәтижесінде бірыңғай заңдық мазмұнға ие, салалық норматитвтік актілердің біртектес органикалық жүйесін құру үшін негізгі нормативтік материал болып табылатын бірегейлік нормативтік-құқықтық актілердің мәні артуда.

Аграрлық заңдардың бірегей актілерінің негізінде аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу интеграциясы жатыр. Аграрлық құқықтағы бірегейлік нормативтік материалдардың мөлшерін азайту үшін, құқық қолдану қызметінің ұтымдылығын көтеру үшін жағымды жағдай туғызады.

Аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу интеграциясы процесі 50 жылдардың ортасынан бастап зерттелуде. Осы кезеңдегі аграрлық заңдардың бірегейлік актілері ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару және жоспарлау саласында, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру саласында, колхоздарды және совхоздарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында қоғамдық қатынастардың кең саласын қамтиды. Мемлекет аграрлық заңдардың бірегейлік актілерін еңбек қорғау бойынша, малдардың жаппай қырылуына, ұрлануына, егістіктің бүлінуіне, колхоздар мен совхоздардың ішкі қызметінің басқа да мәселелері бойынша кінәлі тұлғалардың материалдық зиянның орнын толтыру бойынша қатынастарды бірыңғай құқықтық реттеу үшін шығарған.

Бірегей нормативтік-құқықтық актілер ауыл шаруашылық заңдарының ядросы болып табылады.

Аграрлық экономиканың нарықтық басқару моделіне ауысу механизмін құратын маңызды бірегей нормативтік қайнар көздердің қатарына агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеуге және ауылды әлеуметтік қайта құруға бағытталған актілер жатады. Олардың ішіндс мыналарды атап өтуге болады: 2005 жылғы 8 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Агроонеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясы туралы» және «2010 жылға дейінгі Ауыл шаруашылығы стратегиясын тарату бойынша шаралардың айқын жоспары туралы» Үкіметтің Қаулысы.

1993 жылы басталған жер реформасында ауыл шаруашылық жер қатынастарының бірегейлігі ғана емес, дифференцияциялану үрдісі де болды. 1995 жылғы Конституция қабылданумен жер реформасы ауыл шаруашылық жер қатынастарын бірегейлендіру жолымен алға жылжыды.

2003 жылы қабылданған Жер кодексі негізінен аграрлық құқықтың бірегей қайнар көзі болып табылады, оның заңдық мәні жерге билік ету бойынша мемлекеттік биліктің атқару органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін және функциясын арттырумен байланысты бірқатар маңызды сұрақтарды қозғау және шешуден көрінеді. Кодекс ауыл шаруашылық ұйымдарының (кәсіпорындардың), шаруа (фермерлік) қожалықтарының жерге меншік иесі, жер пайдаланушы ретіндегі құқықтарына кепілдікті бекітті. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді өздігінше санатқа боле отырып, олардың айрықшылығын және құқықтық реттеу ерекшелігін анықтады.

Кодекс шаруашылық субъектілерінің барлығына ортақ жерлерді күрделі экожүйе ретіндегі қорғауды ондірістік қызметтің теріс нәтижелерінен қорғауды, топырақтың құнарлылығын орнына келтіру және көтеруді қамтамасыз етудің құқықтық шараларын бекітті. Сонымен қатар Жер кодексінде шаруа (фермерлік) қожалықтарының, жер учаскесіне меншік құқығын реттейтін дифференциациялық нормалар бар.

Аграрлық құқықтың бірегейлік қайнар көзі болып шарттық қатынастарды реттейтін, соның ішінде: сату-сатып алу; кепіл; жалға беру; жер учаскесін мұраға қалдыру, зиянның орнын толтыру және басқа да қатынастарды реттейтін Азаматтық кодекстің нормалары табылады.

Негізінде әкімшілік-жоспарлық актілер жатқан жоспарлы шарттардың орнына тараптары шарттық байланыстардың құрылысын және мазмұнын еркін анықтайтын шарттар келді. Тауар айналымында ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметті реттеу және ұйымдастырудың негізгі құқықтық нысаны ретінде осындай шарттардың әрекет ету саласын кеңейтуге үрдіс 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында өзінің көрінісін тапты.

Тиісінше жоғары болып мал шаруашылығының ұтымды жүйесін құруды қамтамасыз ететін, малдардың асыл тұқымды сапасының өнімділігін жетілдіретін, өнеркәсіптік технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығының осы маңызды саласын қарқынды дамытатын мал шаруашылығы туралы заңдарды бірегейлік дәрежесі табылады. Оның көмегімен аграрлық құқық тек мемлекет пен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің арасындағы қатынастарға ғана емес, сонымен қатар мал басының өсуіне әсер ету, мал шаруашылығының өнімін арттыру арқылы өндірістік шаруашылық қызмет процесіне әсер етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдеде «Асыл тұқымды малдар туралы» Заңы қабылданды. Оның негізгі міндеті ауыл шаруашылық малдарының гендік қорын сақтап қалу және жақсарту болып табылады. Берілген заңның шеңберінде санкция және тұқым ісі саласында мемлекет пен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өзара қарым-қатынастарын материалдық-құқықтық реттеуді ары қарай бірыңғайлау жүзеге асырылады.

Бірегейлеу тәртібімен құрылған материалдық-құқықтық нормалар ҚР-ның 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңында көрсетілген. Оны қабылдаумен селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау және пайдаланумен, құрумен байланысты пайда болатын мүліктік және онымен байланысты мүліктік емес қатынастарды реттеуде үлкен өзгерістер болды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өсімдіктің жаңа сорттарын өсіру бойынша құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, бірегейлік заң олардың қызметін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға бағыттайды. Ол ауыл шаруашылық өнімінін, жұмысының және қызметінің сапасына талапты бекітеді, селекциялық қызметтердің қаржыландыру көздерін анықтайды, сорттық тұқымдарды бағалауды реттейді, селекционерлердің құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы «Астық туралы» Заңында бірегейлік нормалар бар. Ол астықты өндіру және өңдеуді мемлекеттік қолдау шараларын бекітеді, астықтың Республикалық қорын құру және пайдалану тетігін бекітеді. Астық нарығын құруда астықты сақтау бойынша, астықты сату операциялары бойынша, астықты экспорттау және импорттау бойынша қойылатын талаптар нормативіне ерекше көңіл бөлінеді.

Аграрлық құқықтың бірегейлік қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдік карантині туралы» Заңы табылады. Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын өсімдік карантині бойынша мемлекеттік шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін және қағидаларын анықтайды; 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдікті қорғау туралы» заң өсімдікті зиянкестерден, арамшөптерден және өсімдік ауруларынан қорғау саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және астықты, оның сапасын сақтауға және Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитарлық шараларды жүзеге асыру кезінде адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмауға бағытталған.

Аграрлық құқықты бірегейлендірудің ұқсас үрдісі ветеринарлық алдын алу, санитарлық, зоогигиеналық шаралар жүйесін бекітетін актілерде көрсетілген. Осы актілердің ішінде маңызды орынды «Ветеринария туралы» заң алады. Онда ветеринарлық қызметтің негізгі функциялары және ұйымдастырушылық құрамы, ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының және шаруа (фермерлік) қожалықтарының мал ауруларының алдын алу және жою бойынша құқықтары мен міндеттері, карантин белгілеу және оны алу тәртібі, ветеринарлық заңдарды бұзған үшін жауапкершілік шаралары көрсетілген. Құқықтың бірегейлік қайнар көздерінің аграрлық қатынастарды реттеу әсерінде соңғы кезде Үкіметтік актілерде, ауыл шаруашылық қызметінің әр түрлі жақтарын реттеуші ережелер, тәртіптер, бекітілген нормативтік талаптар бірінші орынды алуда. Мысалы, 1998 жылғы 15 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығындағы лизингті ұйымдастыру тәртібі және жағдайлары туралы» ереже; 2004 жылғы 26 ақпандағы «Шығарылатын ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін және сапасын көтеруді қолдауға қаржы бөлу тәртібі»; 2004 жылғы 27 ақпандағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаржы бөлу тәртібі»; 2004 жылғы 27 наурыздағы «Астықты мемлекеттік сатып алу және сақтау және тасымалдауды жүзеге асыру және ұйымдастыру тәртібі».

Ведомстволық та бірегейлік актілер бар, мысалы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2004 жылғы 29 қазандағы «Асыл тұқымды жануарларды мемлекеттік тіркеу туралы ережені бекіту туралы» №614 Бұйрығы; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы бойынша Комитеті Төрағасының 2004 жылғы 14 қазандағы «Селекциялық жетістіктерге патент беруге өтінішті беру және қарау тәртібін бекіту туралы» №72-н Бұйрығы. Мемлекеттің ауыл шаруашылығының экономикалық қарым-қатынасын бірегейлігін реттеуінің негізі инвестициялық, қаржылық, кредиттік, бағалық, валюталық саясат, еңбек ақы, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мақсатты бағдарламаларын бюджеттен қаржыландыру сияқты салаларда.

Бірегейлікпен қоса, аграрлық құқықтың дамуының негізгі үрдісі аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу дифференциациясы болып табылады. Бұл үрдістің тереңдеуі аграрлық құқықтағы дифферециацияның анағұрлым күшеюіне әкеледі.

Аграрлық құқықтағы дифференциация процесі ауылдағы нарықтық аграрлық құрылымдардың шартты құрылуымен, аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу интеграциясымен салыстырғанда қарама қайшы бағытталған.

Аграрлық заңдардың дифференциациялық актілері — негізінде аграрлық қатынастарды құқықтық реттеуді дифференциациялау жатқан, нарықтық жағдайларда меншік және шаруашылық нысанының көптігіне негізделетін өндірістік қатынастардың жаңа жүйесін құрумен шартталған аграрлық құқықтың нормаларының заңдық қайнар көздері және нысанының көрінісі.

Аграрлық заңдардың дифференциациялык актілерінің маңыздыларының бірі — Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы «Шаруа (фермерлік) қожалықтары туралы» Заңы. Осындай дифференциациялануға мысал ретінде мына заңдар танылады: 1999 жылғы 21 шілдедегі «Ауыл шаруашылық тұтыну кооперациясы туралы»; 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың ассоциациялары (одақтары) туралы»; 2003 жылғы 8 сәуірдегі «Су пайдаланушылардың ауыл шаруашылық тұтыну кооперативі туралы» .

Аграрлық құқықтағы дифференциациялық үрдістері ауыл шаруашылық кооперативінің, акционерлік қоғамдардың және серіктестіктердің құрылтай құжаттарын енгізу бойынша Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес ерекше айқын көрінеді.

Аграрлық құқықтық қатынастардың түсінігі, олардың субъектілері және объектілері.Құқық қоғамдық қатынастарды реттейді, оның нәтижесінде ол құқықтық нысанға ие болады, құқықтық қатынасқа айналады. Аграрлық құқықтық қатынастар ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, тарату нәтижесінде пайда болатын, аграрлық құқықтың немесе басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін қатынастар. Аграрлық құқықтың және онымен байланысты басқа құқық салаларының нормаларымен ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын ауыл шаруашылық коммерциялық және коммерциялық, емес ұйымдарын, кәсіпкер-азаматтарды материалдық-техникалык қамтамасыз ету бойынша, оларға өндірістік-техникалык қызмет көрсету және әлеуметтік қамтамсыз ету бойынша қоғамдық қатынастар да реттеледі. Б.Жетпісбаев аграрлық қатынастар деп — аграрлық қызмет нәтижесінде пайда болатын, өзгеретін, жойылатын және аграрлық құқықтың нормаларымен реттелетін, субъектілері субъективтік құқыққа және заңдық міндеттерге ие және жүзеге асырылуына мемлекет кепілдік беретін және заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды түсіндіреді. Бірақ жоғарыда айтылғанды ескере отырып, бұл қатынастардың тек аграрлық құқықтың ғана емес, сонымен қатар басқа да құқық салаларының нормаларымен реттелетінін көруге болады.

Аграрлық құқықтық қатынастардың субъектілері ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, тарату саласында, сонымен қатар оларды өндірістік-техникалық және әлеуметтік камтамасыз ету саласында құқықтар мен міндеттерге ие жеке және заңды тұлғалар.

Аграрлық құқықтық қатынастардың субъектілерінің құрамы және оның ауыл шаруашылық өндірісіндегі рөлі үнемі өзгеріп отырды. Олар аграрлық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар өзгерген сайьш өзгеріп отырды. Әміршілдік-әкімшілік жүйенің басым кезеңінде колхоздардың рөлі басым болды. 50-60 жылдарда тың жерлерді игеру кезінде ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастырудың жаңа нысаны совхоздар пайда болды. Олар тек өздері өндірген өнімге ғана емес, сонымен қатар өздерінің өндірістік-шаруашылық қызметтері үшін кажетті (өздеріне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікке (жерден басқа)) меншік иесі болып есептелді. 70 жылдары АӨК, бірлестіктер, фирмалар, ауылшаруашылық кооперативтері және басқа ауыл шаруашылық және өндірістік бірлестіктер аграрлық қатынастардың субъектілері ретінде пайда бола бастады.

Қазақстанда әлі одақ кезінде 1990 жылдың 21 мамырында азаматтардың шаруашылық еркіндігі үшін ыңғайлы жағдай туғызу мақсатында және олардың аграрлық қатынастардың жаңа субъектілері ретіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдігі ретінде «Қазақ ССР-інің шаруа қожалығы туралы» заңы кабылданды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясының қабылдануымен және елдегі жер және аграрлық реформалардың басталуымен тек қана бұрынғы қызмет ететін ауыл шаруашы-лық кәсіпорындары мен ұйымдардың құрамына ғана өзгерістер еніп қойған жоқ, сонымен қатар аграрлық қатынастардың жаңа субъектілері — шаруа (фермер) қожалыктары, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері, ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың ассоциациялары (одақтары), акционерлік қоғамдар пайда болды.

Аграрлық құқықтық қатынастың субъектілері тек қана заңды тұлғалар емес, сонымен қатар ауыл шаруашылық қызметімен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары да, азаматтығы жоқтар да, шетел азаматтары да болады. Осыған орай агралық құқықтық қатынастың субъектілері өзіндік қосалқы шаруашылықпен, бағбандықпен, мал шаруашылығымен айналысатындар да болады. Олардың құқықтық мәртебесі ауыл шаруашылық өндірудегі олардың рөліне қарамастан дұрыс анықталмаған.

Қазақстан Республикасының заңдарымен аграрлық құқықтық қатынастардың субъектілеріне кұқықтық қатынасқа қатысуға мүмкіндік беретін құқық субъектіліктің ерекше заңды құрамы берілген. Құқық субъектілік екі элементтен тұрады: құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттіліктен.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың өз өрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін, аматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Ол он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.

Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де кұқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды.

Азаматтардың кұқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында белгіленген шарттары мен тәртібінің немесе олардың кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті шектеуді белгілеген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатып жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.

Азаматтың құқық кабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен толық немесе ішінара бас тартуы және құқық қабілеттілігін немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған басқа да мәмілелер жарамсыз болады, бұған мұндай мәмілелерге заң құжаттарында рұқсат берілген реттер қосылмайды.

Аграрлық қатынастардың субъектілері сонымен қатар заңды тұлғалар да болады. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.

Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Азаматтық кодекстің 34-бабына сәйкес, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік косіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана қүрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне карай ғана айналыса алады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғама ұсталатын заңды тұлға тек кана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін.

Заңды тұлғалар бірлестік кұра алады.

Заңды тұлға Азаматтық кодекстің заңды тұлғалар түрлерінің әрқайсысы туралы заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай кұжаттарының негізінде жұмыс істейді.

Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді Азаматтық кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық кұқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай кұжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін. Заң актілерінде көзделген жағдайларда белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшін басқа кызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе шектелуі мүмкін.

Заңды тұлға тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатың кызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның колданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеме) құқық қабілеттілігі осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімеп белгіленеді.

Заңды тұлғаның құқық субъектілігі жеке тұлғалардың құқық субъектілігіне қарағанда арнайы және осы ұйымның жарғысында бекітілген қызметтің мақсаты және міндетімен анықталады, сол себептен әр ұйымның құқық субъектілігі өзіне ғана тән, арнайы болады.

Аграрлық құқықтық қатынастар тек субъектілерінің өзгешелігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар арнайы объектілерімен де ерекшеленеді. Аграрлық құқықтық қатынастардың объектілері аграрлық қатынастардың қатысушыларының әрекеті бағытталған игіліктер.

Аграрлық құқықта құқықтық реттеудің жалпы объектісі ауыл шаруашылық қызметі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Аграрлық секторда пайда болатын құқықтық қатынастардың сипаты мен түріне байланысты объектілер мынадай болады:

— материалдық игіліктер (жер, табиғи ресурстар, мүлік, бағалы заттар және т.б.);

— субъектілердің әрекеті, тәртібі, әр түрлі қызметтер және оның нәтижелері;

— рухани шығармашылық өнімдері;

— бағалы қағаздар, ресми құжаттар.

Аграрлық құқықтық қатынастардың объектісі — пайдалануға және қорғауға аграрлық құқықтың қатынастардың қатысушыларыпың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері бағытталған нақты игіліктер. Мүліктік құқықтық қатынастардың объектісі нақты материалдық құндылықтар болады: ғимараттар, инвентарь, техника және т.б.

Аграрлық құқықтық қатынастардың өзгешелігі аграрлық өндірістің өзгешелігімен байланысты. Бұл өзгешелік жерді, ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі құралы ретінде алуға байланысты, бірақ мұнда ауыл шрауашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша құқықтық қатынастардың объектісі әр уақытта нақты жер учаскесі болады.

Аграрлық құқықтық қатынастардың объектісі сипаты мен пайдалану шектері арнайы заңдармен анықталған орман, су тоғандары, кең таралған пайдалы қазбалар сияқты басқа да табиғи ресурстар бола алады.

Аграрлық құқықтық қатынастардың объектілерінің ішінде маңызды орынға жануарлар ие. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларының бірі, сондықтан жануарларға байланысты қатынастар аграрлық құқықтық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Аграрлық құқықтық қатынастардың объектілері басқа құқық салаларында орын алмайтын ерекшеліктерге де ие. Оларға жаңа ауыл шаруашылық кәсіпорыпдарының мүлкін — жерді, мүліктік үлестерді, пайларды жатқызуға болады.

Аграрлық құқықтық қатынастардың өзінше объектілеріне астық шаруашылығын, омарташылықты және мал шаруашылығыпың селекциялық жетістіктерін жатқызуға болады. Аграрлық кұқыктық қатынастардың аталған объектілері осы қатынастардың ерекшелігін, қайталанбастығын көрсетеді. Бұл объектілер, сонымен қатар аграрлық құқықтық қатынастардың табиғи факторларға тәуелділігін көрсетеді.

Бірақ бұл қатынастар тек аграрлық құқықпен ғана реттелмейді. Ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының қатынастары «көлденеңінен» азаматтық құқықтың нормаларымен реттеледі. «Тігінен» әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі. Ал аграрлық құқық бұл қатынастарды ауыл шаруашылық онімдерін,өндіру, өңдеу, тарату бойынша органикалық синтез ретінде «көлденеңінен» де, «тігінен» де реттейді.