Қазақстан Республикасының Конституциясы аграрлық құқықтың қайнар көзі ретінде

Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық аграрлық заңдардың дамуы үшін құқықтық база болып табылады. Конституцияда Қазақстан Республикасының аграрлық доктринасы бекітілген және мемлекеттің аграрлық саясаты көзделген. Қазақстан Республикасының Конституциясында аграрлық қатынастарды құқықтық реттеудің тәртібін, әдістерін және нысандарын бекітетін бастапқы алғышарттар, қағидалар көзделген.

Конституциялық нормалар тікелей әрекет ететін құқықтық нормалар болып табылады. Кейбір ғалымдар конституциялық нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеу мүмкіндігін жоққа шығарған. Бірақ бұл нормалар заңдық әдебиеттерде өз қолдауын тапқан жоқ және 20 ғасырдың 60-жылдарында сынға тап болған, ал 1977 жылғы КСРО-ның Конституциясы және КСРО-ның 1978 жылғы Конституциясы қабылданған соң конституциялық нормалардың қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизмінде алатын орнытуралы мәселелерді зерттеумен айналысатын мамандардың көпшілігімен жоққа шығарылды

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен азаматтың аграрлық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда негізгі рөлге ие. Себебі, Конституцияда адам мен азаматтың құқықтары мен міндеттері, олардың қорғалуының кепілдіктері бекітіледі, конституциялық құрылымдардың құқықтық негіздері, мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктері мен құрылу тәртібі, шектері анықталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық құрылымның негіздерін анықтайды: экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, рухани, жеке.

Сондықтан мемлекет ғана емес, сонымен қатар оның институттары мен Конститутцияда бекітілген ережелерді негізге алады. Сонымен бірге, қоғам мен оның құрылымдық бөлімшелері өздерінің қызметін Конституцияға негіздеуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясы меншікті экономикалық қатынас жүйесінде жекелеген тұлғалардың еркінен тыс өмір сүретін негізгі өндірістік қатынас ретінде таниды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншіктің субъектілері мен объектілері аграрлық қорғалу нысандары заңдармен анықталады.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты кез келген әрекеттерді, соның ішінде аталған мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беруді, оларға өзінің мүлікті пайдалану құқығын беруді, мүлікті кепілге беруді және оған басқаша ауыртпалық түсіруді, басқа тәсілдермен билік етуді жүзеге асыра алады. Алайда, меншік иесінің өзінің өкілеттіліктерін жүзеге асыруы басқа тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өзінің қызметтері арқылы азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірілмеуін қамтамасыз етуі керек.

Конституцияның жерге және басқа да жер ресурстарына меншік құқығын анықтайтын ережелері ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 3-тармағына сәйкес «Жер және оның қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін». Ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік ауыл шаруашылық өндірістік қатынастарды дамытуда күшті ынталандыру болып табылады. Өндірістің негізгі құралы ретінде жер — ауыл шаруашылық нарығын құруда ажырамас атрибут және осы жағдайда оның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін мәні ерекше.

Бүгінгі таңда жеке меншікті, азаматтық қоғамның негізгі құндылығы ретінде қорғау бірінші орынға ие. Қазақстан Республикасында мепшік құқығы мерзімсіз, шектелмейді және оған қол сұғылмайды. Ешкімді сот шешімінсіз мүлкінен айыруға жол берілмейді.

Ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының қызметі үшін және оларды ұйымдастыру үшін нақты мәнге ие конституциялық нормаларды Н.Н. Веденин төрт негізгі топ бойынша саралайды:

1) кәсіпкерлік қызмст саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері;

2) жер мен басқа да табиғи ресурстарға меншіктің түрлері мен нысандарын анықтаушы;

3) еңбек қатынастарын реттеуші;

4) табиғат пайдалану және қоршаған ортаны корғау саласында мемлекеттік органдар жүйесін, олардың құзыретін бекітетін

Конституциялық нормалардың мұндай саралануын Қазақстан Республикасының Конституциясында да көруге болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген құқықтары бар.

Кәсіпкерлік — меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға, жұмысқа, қызметке сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет. Кәсіпкерлік кызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған кәсіпкерлік кызмет үшін өз қабілеті мен мүлкін еркін пайдалануға құқық аграрлық қатынастарды құқықтық реттеуде негізгі мәнге ие.

Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік бере отырып, оның қорғалуын және қолдануын қамтамасыз етеді, сонымен бірге ауылдағы кәсіпкерлердің орындауы үшін міндетті қосымша нормаларды бекітеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына сәйкес монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. Берілген конституциялық ережелер Қазақстан ауыл шаруашылық экономикасын жүргізудің нарықтық қағидаларын дамыта және тереңдете отырып, ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қатысты қолданылатын коммерциялық ұйымдардың мәртебесін анықтау тәртібінің халықаралық-құқықтық стандарттарына жақындағандығына дәлел болады.

Ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің еріктілігін қамтамасыз ете отырып, мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық қызметі мен нарықтық қатынастарына араласпауы тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбек туралы ережелер жаңадан анықталған. Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар. Ол ауыл шаруашылық өндірісінің, оның салаларының ерекшелігіне байланысты ауыл шаруашылық еңбеккерлері ауру малдармен жұмыс нәтижесінде немесе технологиялық процестер үшін улы химикаттарды пайдалану кезінде ауру қаупі туатындығымен түсіндіріледі.

Осыған орай, ауыл шаруашылық еңбеккерлері ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің денсаулығын қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін міндетті медициналық тексерістен және алдын ала медициналық қаралудан өтулері керек. Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің еңбек қатынастарын реттеуде еңбекті қорғау және өндірістік технологияларды жетілдіру мәселелерімен байланысты нақты белгіленген шаралар ерекше мәнге ие.

Сонымен, ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға арнайы киім берілуі, өндірістік кезеңде денсаулыққа зиянды учаскелеріндегі жұмыс нәтижесінде пайда болатын зиянды әсердің орнын толтыру үшін қосымша демалыстар берілуі керек.

Орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша әр еңбеккер өз еңбегі үшін ешқандай да кемсітусіз сыйақы алуға және әлеуметтік жұмыссыздықтан қорғалуға тиіс. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары және жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес заңмен белгіленген шешу әдістерін пайдалана отырып жеке, ұжымдық, еңбек дауларын, шешуге құқығы мойындалған. Әркімнің демалуға құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уакытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабына сәйкес, мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды, бұдан мемлекеттің ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өндірістік қызметінің қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбеуі және оған қандай да бір шығын келтірмеу бағытында қамқорлық жасалғанын көруге болады. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңдарға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті (ҚР Конституциясының 38-бабы). Қазақстан Республикасының Конституциясымен жерлерді және басқа да табиғи объектілерді пайдалану және қолдану мәселелеріне қатысты сұрақтар бойынша мемлекеттік органдардың құзыреті және қызметі, меншікті басқару, бірыңғай нарықтың құқықтық негіздері анықталған.

Азаматтардың өмірге, денсаулығын қорғауға және қолайлы қоршаған ортаға құқықтары бұзылған кезде азаматтардың заң алдында және сот алдында теңдігіне кепілдік ҚР Конституциясының 14, 15, 29-баптармен беріледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі, Парламентінің өкілеттілігі, Үкіметтің өкілеттілігі және басқа да орталық атқару органдарының ауыл шаруашылық қатынастарын реттеу саласына қатысты бөлігіндегі де өкілеттіліктері көрсетілген.

Конституцияда басқа да мемлекеттің аграрлық саясатының негізін құрайтын нормалар бар.

Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің ішінде локальдық нормативтік актілер деген атқа ие ауыл шаруашылық құрылымдары органдарының актілері ерекше орынға ие. Олармен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, ұйымдарының ішкі шаруашылық қатынастарын реттеу қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік және локальдық құқық шығармашылықтардың сәйкес келуі құқықта аграрлық қатынастарды реттеудегі жалпы заңдылықтар ретінде де және олардың жеке кәсіпорын-дардағы ерекшеліктері ретінде де бекітуге әсерін тигізеді.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының нарықтық аграрлық қатынастарға өтуімен аграрлық құқықта кұқықтың қайнар көзі ретінде локальдық сипаттағы нормативтік актілер ерекшеленді. Ауыл шаруашылық кооперативтерінің, акционерлік қоғамның, серіктестіктің және т.б. ауыл шаруашылық кәсіпорындарының аграрлық кәсіпкерлік еркіндігін, өз мүлкін еркін басқару құқығын нақты жүзеге асыруын қамтамасыз ететін локальдық нормативтік актілердің рөлі артуда. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының локальдық нормаларын құқықтың жергілікті нормаларымен шатастырмау керек. Жергілікті нормалар ауыл шаруашылық кәсіпорындарының орталық та, жергілікті де басқа органдарымен қабылдана береді және белгіленген жерде әрекет етеді.

Локальдық норма шығармашылықтың нормативтік негізі мемлекеттік органдар шығарған құқықтық актілер болып табылады, өйткені құқық шығармашылық мемлекеттің қызметі болып табылады. Мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық бұйрығын нақтылау немесе толықтыру жолымен ауыл шаруашылық кәсіпорыны локальдық тәртіп ережесін шығаруға құқылы немесе міндетті. Осылайша, локальдық норма, егер оның қабылдануына мемлекеттік органдардың жалпы нормасы ықпалын тигізсе, онда ол құқықтық мәнге ие. Локальдық норма шығармашылықтың құқықтық негізі болып мемлекеттік орган тарапынан ауыл шаруашылық кәсіпорынына локальдық нормативтік акт шығаруға берген тапсырмасы немесе нұсқауы табылады. Мемлекеттік органдардың нұсқауы нормативтік тапсырма мәнге ие, ол ауыл шаруашылық кәсіпорынын берілген нұсқау шеңберінде шешім табуға міндеттейді.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының локальдық нормативтік актілерді қабылдауы ішкі шаруашылық қатынастарды реттеу үшін бекітілген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Кейбір локальды актілер ауыл шаруашылық кәсіпорындарының әкімшілігімен бекітіледі, ал маңыздылары ауыл шаруашылық кәсіпорындарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік және шаруашылық органдарында заңдастырылуы тиіс.

Локальдық нормативтік реттелудің пәні ретінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарьның ішкі шаруашылықтың әр түрлі қатынастары еңбектік, мүліктік, ұйымдастырушылық-басқарушылық және т.б. Бір локальдық нормалар бүкіл еңбек ұжымына, ал басқа нормалар еңбеккерлердің басқа санаттарына таралады. Олардың қолдану мерзімі белгісіз, кейбіреулері белгілі бір уақыт өлшемімен шектелген.

Локальдық нормативтік актілер колданыстағы заңдармен бекітілген шеңберде жер мен мүліктік операциялары, оларды сату-сатып алу, басқа пай иелерімен немесе үшінші тұлғалармен ауыстыру операцияларын реттейді.

Аграрлық құқықтың локальдық қайнар көздерімен реттелетін қатынастарының ауқымы кең. Осыдан локальдық нормативтік актілер ауыл шаруашылық кооперативінің, акционерлік қоғамның, серіктестіктің қалыптасу тәртібін, мүліктік қорларын құру, дивиденттерді төлеуге бағытталған табысты болу мен жеке меншікті көбейтуді реттейді.

Аграрлық реформа локальдық нормативтік актілердің маңызы мен рөлін көтеруге жаңа мүмкіндікте туғызды. Еңбек қатынастары аясындағы аграрлық құқықтың локальдық қайнар көз функциясын жүзеге асырушы заңдық нормативтік актілерге ішкі тәртіп ережелері, нұсқаулықтар, еңбек пен ауыл шаруашылығын қорғауды реттейтін ережелер мен ұжым келісімдері жатады.

Осындай заңдық нормативтік актілер ауыл шаруашылық жұмыс-шыларына лауазымды тұлғалар мен акционерлік қоғамдар, серіктестіктер мен ауыл шаруашылық кооперативтерінің ішкі шаруашылығын басқаруды жүзеге асыратын органдарына міндетті болып табылатын аграрлық құқықтың локальды нормаларының нысаны болып табылады. Аграрлық құқықтың локальдық қайнар көздер жүйесінде ерекше орьшды ауыл шаруашылық кооперативі, акционерлік қоғамдар, серіктестіктердің, шаруашылық кәсіпорындардың құқықтық мәртебесін анықтау үшін колданылатын жарғылар иеленеді.

Басты локальды акт ретінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жарғысы аграрлық қатынастарды реттейтін локальдық нормативтік актілер жүйесінің дамуына заңдық база болып табылады. Кәсіпкерлік құқықтың субъектісі ретінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметі туралы мәліметтер жарғыда басым, онда кәсіпорынның атауы, түрғылықты жері, бағыттары мен қызметінің түрлері көрсетіледі. Оған қоса жарғыда жер мен мүліктің құқықтық режиміне жататын нормалар, басқарудың ұйымдастырылуы, өндірістік шаруашылық қызметі, еңбекті ұйымдастыру мен төлеу және ауыл шаруашылық кәсіпорынын қайта құру мен қызметін тоқтату туралы нормалар қарастырылады Жарғыда ауыл шаруашылық кәсіпорынының барлық түріне қатысы бар жалпы нормалар мен бөлек түрлеріне қатысты арнайы нормалар көрсетіледі. Локальдық нормативтік актілер аграрлық құқықтың қайнар көзі құқығын, егер ол мемлекетпен немесе акционерлік қоғаммен, серіктестіктің, ауыл шаруашылық кооперативінің жалпы жиналы-сында, өкілетті жиналыста қабылданғанда ғана иеленеді.

Жалпы тәртіп бойынша локальдық нормативтік актілер мемлекеттің алдын ала қолдауымен қабылданады және олар кейіннен мемлекеттік органдардың заңдастыруын қажет етпейді. Ішкі қатынастар, еңбекті төлеу туралы ережелерді де қабылдау үшін мемлекеттік органдардың рұқсатының қажеті жоқ. Бұл нормативтік актілер мемлекеттің ұсыныстарыпың негізінде дайындалып, акционерлік қоғам, серіктестік пен ауыл шаруашылық кооперативінің жалпы жиналысымен қабылдапғанда аграрлық құқықтың қайнар көздерінің маңызына иеленеді.

Бұрынғы жергілікті мемлекеттік биліктің органдары туралы заңдар колхоздың жалпы жиналысымен қабылданған жарғыны аудандық атқару комитетінде тіркейтіндігін қарастырған.

Локальдық нормативтік актілердің мұндай бекіту нысапдарын жузеге асырудың тәртібі өзгертілген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабына сәйкес, кооперативтің жарғысы емес, оның өзі мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Оның құқық қабілеттілігі әділет органдарында тіркеуден өткен соң пайда болады. Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер оның ішінде коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізіледі.

Локальдық нормалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету ауыл шаруашылық органдарымен, сонымен қатар мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

Локальдық нормаларды бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын бұзғаны үшін көзделетін жауапкершілікті тудырады, ал бұзылған құқық қалпына келтірілуі тиіс.

Мемлекет ауыл шаруашылық кәсіпорындарына локальдық нормаларды қабылдауға құқық бере отырып, олардың құқықтық күшін тани отырып, орындалуын қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының локальдық нормалары құқықтық нормаларға жатқызылады, қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан мәжбүрлі түрде орындаумен қамтамасыз етіледі.