Коллизиялық нормалар

Халықаралық жеке құқықты реттейтін шетел элементі бар қарым-қатынастарда кейбір кездерде коллизиялық мәселелер туындайды.Бұл мәселеде қақтығыстағы екі заңның қайсыссын қолдану керек екені туралы сұрақты шешу керек. Коллизиялық мәселе – бұл белгілі бір құқықтық қатынастағы қай елдің заңын қолдану керек екені туралы мәселе. Бұл мәселе халықаралық жеке құқыққа тән ерекшелік болып табылады. Халықаралық жеке құқықта коллизиялық мәселе және оны шешу осы құқық саласының негізгі мазмұнын құрайды. Халықаралық жеке құқықтың өзіне тән реттеу тәсілдері мен әдістері бар. Азаматтық қарым-қатынатарға қатысушылар арасында коллизиялық мәселелер туындайды. Мұндай проблемалардың мазмұнында қандай құқық қолдану керек екені туралы мәселе шешіледі.

Бұл мәселелер белгілі бір коллизиялық ережелер қолдану арқылы шешілуі мүмкін. “Коллизия” (латын сөзінен “collisio”) – ол қақтығыс немесе қайшылық деген мағынаны білдіреді. Заңдардың коллизиясы деп айтқанда, әр-түрлі мемлекеттер арасындағы құқықты таңдау қажеттігін айтады. Құқық коллизиясының екі себебі бар:

жеке құқықтық қатынаста шетел элементінің болуы;

қатынасқа байланысты әр түрлі мемлекет құқығының мазмұндарының ерекшелігі.

Коллизиялық ереже белгілі бір мемлекетте немесе белгілі жағдай қай мемлекеттің құқығын қолдану керектігін көрсетеді. Коллизиялық ереженің қажеттілігі, біріншіден мына мәселеге байланысты: мемлекеттердің құқықтық жүйлері бір-біріне ұқсамауы. Бірақ тәжірибе жүзінде қолданылатын құқық мәселесі құқық қолданушыға белгілі бір қиындықтар туғызады, себебі тек қана қандай коллизиялық ереже қолдануды, қай мемлекет құқығына сілтеме жасауды, сонымен қатар, шетел құқығы таңдалған жағдайда, істі шетел мемлекетінің заңдарына сәйкес шешіп алу қажет.

Коллизиялық ереженің мақсаты – бәсекелестікті екі не одан да көп құқықтық жүйе арасындағы коллизияны шешу және шетел элементі бар қатынастарды белгілі бір құқықтық тәртібіне бағындару болып табылады. Бірақ, коллизиялық ереже мәселені мәні бойынша өзі шеше алмайды, ол тек тиісті міндетті қарастыратын материалдық ережеге сілтеме жасайды. Осы тәртіп негізінде мәселе шешіледі. Осыдан коллизиялық ереженің заң әдебиеттерінде “даулы”, “сілтемелік” деген анықтамалармен неге қолданылуын байқауға болады.

Сілтеме жасалған материалдық құқықтық ережемен бірге коллизиялық ереже азаматтық айналым қатысушыларына жүріс-тұрыс ережесін анықтайды. Халықаралық жеке құқық құрамында коллизиялық және материалдық құқықтық ереженің қосылуы, сипаты бойынша біртекті қарым – қатынастарды екі түрлі әдіспен реттеу қажеттілігі негізделеді. Халықаралық келісімдердегі материалдық құқықтық ережемен бірге халықаралық жеке құқық ішіне ішкі заңнамадағы материалдық құқықтық ережелер кіреді. Олар шетел элементі бар азаматтық қатынастарды реттеу үшін арнайы белгіленген. Бұл нормаларға жататындар:

сыртқы экономикалық қызметті реттейтін ереже;

инвестициялар режиміне қатысты ережлер;

ҚР азаматтарының шетелдегі мәртебесін анықтайтын ережелер;

ҚР азаматтық, неке және еңбек пен іс жүргізу құқығы аясында шетел азаматтары мен ұйымдардың құқықтық жағдайын анықтайтын ережелер.

Коллизиялық ережеге заңды – тұрғадан назар аударсақ – бұл халықаралық жеке құқықтағы қолданылатын ең қиын ережелер деп айтуға болады. Бұл мәселе коллизиялық ереженің мазмұнын анықтаудағы белгілі бір ержелерді қарастыруды талап етеді. Бұл ережелер коллизиялық нормаларды тәжірибеде қолдану мәселесін шешуіне көмек көрсетеді.

Коллизиялық ереже халықаралық жеке құқықта қолданылатын күрделі ереже болып табылады. Оның жағдайын түсіну үшін, бірқатар өзіне тән ерекшіліктері бар коллизиялық ереженің құрылымын қарастыру қажет. Коллизиялық ереженің еркше табиғаты олардың құрылымының және оны қолданудың ерекшеліктерін алдын ала айқындайды.