Мақта кешеніндегі шаруа қожалықтарын ірілендірудің экономикалық жолдары

Нарықтық қатынастарға өту – адамның еңбек ететін ортасының экономикада елеулі, терең болуын талап етеді. Бұл жерде өндірісті күшейтуге бетбұрыс жасау керек; әр кәсіпорынды, ұйымды, фирманы экономикалық өсудің сапалық факторларын толық және бірінші кезекте пайдалануына бағыттау керек. Соның арқасында жан – жақты дамыған өндірістік күші мен өндірістік қарым – қатынасы, жақсы қалыптастырылған шаруашылық механизмі бар, жоғары деңгейде ұйымдастырылған және тиімді экономикаға өту қамтамасыз етілуі керек.

Қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылататын, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды фактор – ғылыми – техникалық процесс болып табылады. Соңғы уақыттарға дейін ғылыми – техникалық процесс эволюциялық түрде өтіп жатты. Бұл жерде жұмыс істеп жатқан технологияға машиналар мен қондырғыларды бөлікті модернизациялауға айрықша көңіл бөлінді. Ал бұл шаралар анықталған, бірақ елеусіз нәтиже беріп отырды.

Жаңа техниканы зерттеу мен енгізу шараларын қолдау да жеткіліксіз болды. Қазіргі нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайларында, саналы, революциялық өзгерістер қажет: ол ғылым мен техниканың жетістіктерінің негізінде халық шаруашылығының барлық салаларында түпкілікті түрде қайта жасақтандыру деген мағынаны білдіреді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұдайы өндіруде оны бағалаудың маңызды компаненттері ретінде келесі негізгі факторлар мен жағдайлар табылады: [1]

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін ұдайы өндірудегі қажетті шығындардың табиғи-шаруашылық әлеуеті;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін ұдайы өндірудегі мүмкін нәтижелердің табиғи-шаруашылық әлеуеті;
  • нормативтік-ренталық қатынастардың бірыңғай тұжырымдамасы.

Қажетті шығындар, мүмкін нәтижелер, нормативтік-ренталық қатынастардың терең байланысты болуы кездейсоқ емес. Өйткені олар тек бір-біріне қатысты ғана ашылады.

Әрине, олардың әрбірінің өзіндік ерекшелігі болады. Бірақ жүйелі бағалануының негізгі базалық белгісі – оның интегралдық тұтастығы немесе интегралдық бірілігі. Ал жүйелі бағаланудың ерекшелікті нысаны – интегралдық қасиеттер және кешеннің заңдылықтары болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұдайы өндіруді бағалау мен интегралдық өлшеу олардың макрожүйелері мен көп жүйелі кешендерінің заңдылықтарымен анықталатын, өздерінің ішкі әрекеттеріне, жеке қасиеттеріне, ерекшеліктеріне, параметрлеріне сәйкес келетін құбылыстырды түмінудің жаңа әдістері мен көру, өлшеу, бағалау тәсілдері үшін өте маңызды.

Нарықты экономика жағдайында экономикалық және әлеуметтік тиімділікті жоғарылатудың мәні өте жоғары. Қоғамдық еңбектің өнімділігі қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде болып отыр.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері – еңбек сыйымдылығын, материал сыйымдылығын, капитал сыйымдылығы ретінде қолданылады.

Шығындардың тиімділігі туралы толық мәлімет алу үшін көрсеткіштердің құндық және натуралдық жалпылама сипаттамасы керек. Осы мақсатта шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігі қолданылады.

Мақта саласындағы өндірістік агроқұрылымдардың тиімділігі негізінен оңтайландырылған (ірілендірілген) шаруашылықтар есебінен қамтамасыз етіледі. Олар өндірісті мамандандыру мен шоғырландыру әлеуетіне ие.

Мақта кешенін дамыту бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту және мақташылардың табысын молайтуға болады.

Қазіргі таңда мақта саласындағы агроқұрылымдардың басым бөлігі жалпы өнім көлемі, егістік жер өлшемдері, өндірісті мамандандыру деңгейлері бойынша ұсақтауарлы бытыраңқы құрылымдарды оңтайлы (іріленген) шаруа қожалықтарына біріктіріді тиімді ұйымдастырудың маңызы зор.

Мақта өсіретін агроқұрылымдардың шаруашылықты интенсивті жолмен және тиімді ұйымдастырудың маңызды шарты -өндірісті шоғырландыру және ресурстарды тиімді пайдалану қажет.

Капиталды шоғырландыру мен өндірісті ірілендіру үдерісі, объективті экономикалық сипатқа ие болып, өндірістік күштерді дамыту және ғылыми-техникалық өркендеудің, шаруашылықтың тиімділігін арттырудың заңдылықтарына негізделеді.

Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендірудің мақсаты – техника қуатымен орындалатын агротехникалық шараларды бірлесіп, қолда бар техниканы және капиталды шоғырландыру, агротехнологиялық операцияларды дер кезінде жоғары сапада орындап, өнімді арттыру және шығындарды азайту, сонымен бірге пайданы арттыру болып табылады. [2 ]

Ұсақталып кеткен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді өз еріктерімен ірілендірудің (бірігудің) маңызы зор. Бәсекеге қабілетті және тиімділігі жоғары өндіріс құру үшін шағын агроқұрылымдарды орта және ірітауарлы өндіріске өткізуді ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.

Ауыл шаруашылық құрылымдарын оңтайлы, өндіргіш күштерінің қазіргі даму талаптарына сәйкес келетін мөлшерге жеткізу белгілі бір уақытты қажет етеді. Бұл процесс эволюциялық жолмен, олардың өздерінің еріктерімен жүруі керек.

Қазіргі кезде Мақтаарал ауданында ірілендірілген 75 агроқұрылым жұмыс істейді, мұның 23-і өндірістік кооперативтер, 10 серіктестіктер бір- бірден акционерлік қоғам және мемлекеттік кәсіпорын. [3]

2009 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша ауданда тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардағы 11359,0 млн. теңгенің орнына ағымдағы бағамен есептегенде 11404,5 млн. теңгені құрады, бұл 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1692,1 млн. теңгеге кем болып отыр. Орта мерзімдік даму жоспары 100,4 пайызға орындалды. Нақты көлемі индексі 2007 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 66,5 пайызды құрады.

Аудан дихандары 136 мың гектар егістік жердің 110180 гектарына шитті мақта, 46643 гектарға дәнді дақылдар, 11733,7 гектарға бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп) 9882,5 гектарға азықтық дақылдар егіліп бапталуда. Бүгінгі таңға 157 гектарға бидай, 43823 гектарға дәндік жүгері, 809,1 гектарға күнбағыс, 8743 гектарға бақша өнімдері және 9882,5 гектарға азықтық дақылдар егіліп, 2009 жылдың 1 қазанға 42505 тонна мақта шикізатын теріп алды.

Мақта шаруашылығының ең қауырт кезеңі сәуір – мамыр және қыркүйек-қазан айларының аралығы. Осы мерзімде кооперативте еңбек, техника және қаржы ресурстарын шоғырландыру, арқылы тиімді пайдалану агротехникалық шараларды дер кезінде, сапалы да аз шығындармен орындауға мүмкіндік береді. Жерді шит себуге әзірлеуде және шит себу кезінде техника түрлері шоғырландырылады.

Ірілендірілген агроқұрылымды ұйымдастырудың өндірістік- экономикалық тиімді болуы өндірістік ооператив тер негізінде айқын дәлелденді. Мақта өсіретін өңірлерде ірілендірілген агроқұрылымдардың сандық үлес салмағы 2,6 % құраған, жер көлемі бойынша 9,3 %, жалпы өнімділігі 5,8 %. [4 ]

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде шаруашылықты тиімді жүргізу үшін ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру керек. Бұл жерде шаруашылық деңгейі жоғарылап, кеңейіп, табыстылығы жылдан жылға жоғарылайды. Сонымен, шаруашылықты ірілендіру (оңтайландыру) арқылы табыстылықты жоғарылатуға, өнім шығару көлемін ұлғайтуға, халықты жұмыспен қамтуға үлкен септігін тигізеді.