БУХГАЛТЕРЛІК СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕРІ.

Сараптаманың объектілері қаржы-шаруашылық операцияларды көрсететін құжаттар; бухгалтерлік жиынтық құжаттары; Мембанктен үзінді көшілмелер, Бас кітап, ордер журналдары, шарттар, контрактілер, кедендік және салық малұмдамалары және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.

Сот экономикалық сарапта жүргізу үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері.

Сот-экономикалық сараптама құжаттамалық ревизиялар мен салықтар жүргізгеннен кейін тағайындау керек. Бухгалтерлік есеп толық немесе жартылай болмаған жағдайда, ол толық қалпына келтірілгеннен кейін, сот-экономикалық сараптама тағайындалады.

Сот-экономикалық сараптамалар тағайындау туралы қаулымен бірге сарапшылық зерттеуге: құжаттамаларды алу хаттамалары; ревизиялар, аудиториялық және салықтық тексеру актілері; сараптама түріне сәйкес субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі операцияларын көрсететін құжаттар; тиісті нормативтік құқықтық актілер ұсынылауы қажет.

Құжаттарды реттелген, топтастырылған, жүйеленген, тігілген түрде ұсыну керек.